Көкшетаудағы зауыт ауыл шаруашылығы техникасын шығаруды арттырды

  Рет қаралды 5,781

Khabar NEWS

Khabar NEWS

6 жыл бұрын

Көкшетаудағы ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт өнім түрлерін еселемек. Ол үшін өндіріс ошағы - Қазақ ауылшаруашылығын механикаландыру мен электрлендіру ғылыми-зерттеу институтымен әріптестік байланыс орнатқан. Институт зауытқа сынақтан өткен техниканың ресми құжаттарын береді. Ал кәсіпорын оларды өндіріске қосады.
Көкшетау қаласының іргесінен былтыр ғана пайда болған бұл зауыттың жұмысы қазір қарқын алып келеді. Бүгінде мұнда шөп шапқыш, шөп жинағыш және тіркеме секілді бас-аяғы 8 түрлі техника шығарылып жатыр. Оған енді топырақ өңдейтін және мал азығын дайындайтын тағы 6 техника қосылады.
Олег Балыбин, зауыттың бас директоры:
-Қазір біз техниканың қосалқы бөлшектерін де өзімізде шығаруға тырысып жатырмыз. Ал жаңағы 6 техника келесі жылдан бастап өндіріліп, сатылымға шыға бастайды. Бізге мемлекет субсидия беріп отыр. Сол себепті алдағы уақытта техникамызды үстемесі 5 пайыздық лизингке береміз.
Аз ғана уақыт ішінде кәсіпорын еліміздің түкпір-түкпірінен өкілдіктерін ашып үлгіріпті. Яғни кез келген қазақстандық шаруаға Көкшетаудың техникасы қолжетімді болмақ. Зауыт қазір жылына 250 бірлік техника шығарып отырса, келесі жылдан бастап, 600 бірлікке дейін жеткізу жоспарланған. Ал жүйелі жұмыс істей алатын осындай өндіріс ошақтарына мемлекет те көмегін аямайды.
Бақыт Ілиясов, ҚР АШМ басқарма басшысы:
-Осы зауытқа жеңілдетілген кредит берілейін деп жатыр. Ол кредитке бұл зауыт, жаңа станоктар алады, жұмыс орны кеңейтіледі. Жалпы өндірісті көбейтіп, техника шығарады.
Жалпы зауыттың жоспарында 30 түрлі техника құрастыру межесі тұр. Ал бұл жұмыстарға әзірге 30 адам жұмылдырылған.
Дамир Берікұлы, тілші:
-Келесі жылдан бастап, кәсіпорын өндіріс аумағын одан әрі кеңейтуді көздеп отыр. Ол үшін осы зауыттың жанынан тағы бірнеше өндіріс алаңдары салынады. Ал бұл жобалар жүзеге асқан кезде жұмысшылардың қатары 200-ден асады деген жоспар бар.
Авторлары: Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко

Пікірлер: 3
@vhnnn1141
@vhnnn1141 5 жыл бұрын
əкімқараларға джип бергенше осы ауылшарушылығы техникаларын дамытсын
@user-xs3xx8ue5x
@user-xs3xx8ue5x 3 жыл бұрын
Бари Белорустикиго ай кулактан тебу
@user-lt7ez8xt6g
@user-lt7ez8xt6g 2 жыл бұрын
Қазақстаннан алмаңдар техника бәрі өте нашар жарамайды қытайдың темірінен қурастырған гарантиа жоқ
Мал өсірсең - қой өсір.
11:03
Жеңіс шаруашылығы
Рет қаралды 40 М.
The indigenous art of making screw conveyor
9:06
Evidz
Рет қаралды 2,5 МЛН
Would you like a delicious big mooncake? #shorts#Mooncake #China #Chinesefood
00:30
Китайка и Пчелка 4 серия😂😆
00:19
KITAYKA
Рет қаралды 894 М.
Sprinting with More and More Money
00:29
MrBeast
Рет қаралды 95 МЛН
Мопед мінген осы деп… «Талқы»
32:12
Khabar NEWS
Рет қаралды 156
Онлайн-ақпарат  - «Бұлбұл  домбыра» Дина Нұрпейсованың 160 жылдығына
4:20
Павлодар облыстық арнайы кітапханасы
Рет қаралды 10 М.
ПУТИН МЕН ТОҚАЕВ ШЫН ДОС ПА? / Әлем тынысы
40:07
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 104 М.
Would you like a delicious big mooncake? #shorts#Mooncake #China #Chinesefood
00:30