Көктемгі мал төлдету жұмыстары жалғауда. Шу ауданы.

  Рет қаралды 54,809

Жумахан Чекаев

Жумахан Чекаев

6 жыл бұрын

Шу ауданында мал төлдету науқаны жалғасуда. Қой төлдету - малшы үшін ең қиын да жауапты кезең. Не дегенімен қыстың аты қыс. Саулықтардың қоңы жұқарып шығады. Бабын тапса, барын беретін қойдың өнімділігі мен өсімталдығы жөнінде халқымыз «Мал өсірсе қой өсір, табысы оның көл-көсір» деп бекер айтпаған. Балуан Шолақ ауылының тұрғыны Марат Сағындықов осыдан он екі жыл бұрын мал шаруашылығын небәрі 23 ешкіден бастағанын айтады. Ата кәсіпті санаулы мал басынан бастаған «Ержан» шаруа қожалық жетекшісінің қоражайында қазір 700 қой мен 500 қозы және одан бөлек жүзге жуық ірі қарасы бар. Қаны таза қошқарларды сонау Әзірбайжан елінен әкелуді әдетке айналдырған шаруа иесінің өрістегі қазақы қойлары ірілігімен ерекшеленіп тұрады. Осылайша мал басын асылдандырудың тиімді әдісін меңгерген.
Науқанды кезеңдерде мая-мая шөп жинап, қыстық азықты артығымен алып, қыстың қаттылығынан қысылмай шыққан. Мал төлдету науқанында ауылдың тоғыз адамын жұмыспен қамтып, қажетінше қаражат беріп отыр. Қазіргі уақыт әсіресе сақманшылар үшін жауапты болмақ. Сондықтан олардың да бар жағдайын қажетінше жасап отыр. Марат Сағындықов өзі 40 жылдан бері мал дәрігерлік қызметті тізгіндеп келеді. Балаларын да осы кәсіппен айналысуға машықтап, бар жұмысты соларға сеніп тапсырады. Алласын аузынан тастамайтын Марат Сағындықов адамгершілікті алдаңғы орынға қойып, тапқан табысынан жағдайы төмен отбасыларға қол ұшын созудан аянып қалған емес. Атап өтерлігі, Найман Сұлтанбаев басқаратын бұл ауылдың тұрғындары жаппай мал өсірумен айналысады. Себебі мұндағы жердің шөбі шүйгін, малдың семіруіне қолайлы.
Жалпы «Ержан» шаруа қожалығында болған сапарымызда біз төл алу науқанының ойдағыдай жүріп жатқандығына куә болдық. Сөйтіп, ауыл байлығы болып саналатын төрт түлік мал басының көбейіп жатқандығына көңіліміз бір марқайып қалды.

Пікірлер: 27
@user-ds8kb3tm4k
@user-ds8kb3tm4k 4 жыл бұрын
Молодцы,люблю казахов и киргизов,сам я казах
@maikljordon6275
@maikljordon6275 5 жыл бұрын
Еңбектеріңіз жансын аумин
@user-xe6md9sl3w
@user-xe6md9sl3w 5 жыл бұрын
Керемет. Жұмыс алға бассын
@user-ny1hq3oy9o
@user-ny1hq3oy9o 3 жыл бұрын
Жетістіктеріңіз көп болсын
@nuraktoreamanzholov7743
@nuraktoreamanzholov7743 5 жыл бұрын
Ассалаумағалейкүм қазағым. Аллаһ еңбегіңіздің берекесін берсін, Аллаһ сізге қуат берсін Ержан аға. Мал-жан аман, дендеріңіз сау болсын.
@user-bh7gz8lm7x
@user-bh7gz8lm7x 5 жыл бұрын
Ассалаумагалейкум аға казаки козыларды сатасызба? 8-747-328-40-14 звандай аласызба? 100 бас козы алайын деген ойым бар.
@user-wj4ld2ii6f
@user-wj4ld2ii6f 5 жыл бұрын
Ты Красавица и умница!
@user-zh6qx2np6z
@user-zh6qx2np6z 5 жыл бұрын
Ассалаумағалейкум Аға Алла Тағала берекесін берсін.
@talgat-303_Mercedes
@talgat-303_Mercedes 6 жыл бұрын
Енбектерин жана берсин
@tursinbekseitbekov6860
@tursinbekseitbekov6860 4 жыл бұрын
Апам аман болсын сондай бала тарбйелегеныңызге
@zhanbolattukeev3812
@zhanbolattukeev3812 4 жыл бұрын
Красавчик дурус. Молодцы
@user-cx1qb1xh1t
@user-cx1qb1xh1t 4 жыл бұрын
Берекесін берсін аға.
@kcellkrivenko6116
@kcellkrivenko6116 3 жыл бұрын
Әдемі қарындасым
@asemaimarat9035
@asemaimarat9035 6 жыл бұрын
Рахмет
@Agent-zp7wz
@Agent-zp7wz 5 жыл бұрын
таза енбек.
@dastanomarov7668
@dastanomarov7668 3 жыл бұрын
Балнур адеми екен
@Ұлыжүзортажүзкішіжүз
@Ұлыжүзортажүзкішіжүз 9 ай бұрын
Үкімет тормоз ғой
@sayazhan5633
@sayazhan5633 4 жыл бұрын
Сəлеметсізбе. Қозыны анасысыз қалай сут беруге болады. Алдын ала рахмет
@user-er1of5kb4e
@user-er1of5kb4e 4 жыл бұрын
Аптекада соскамен бересз NAN Деген балаға беретін құрғақ сүтте болады, Немесе сиырдың сүті. Дүкендікәде болады но, шығын
@user-xq9oo5hu4h
@user-xq9oo5hu4h 4 жыл бұрын
Қозы сатылады ага 100 қозы алам бар болса
@user-ov2gr5vv9b
@user-ov2gr5vv9b 5 жыл бұрын
телефоны барма аганын кой сатып алганга?
@user-xd1kr7ly5e
@user-xd1kr7ly5e 5 жыл бұрын
87784900976. Сол ауылдың әкімінің телефоны. Хабарласуға болады.
@user-ov2gr5vv9b
@user-ov2gr5vv9b 5 жыл бұрын
@@user-xd1kr7ly5e рахмет!
@user-jz5hx7rh8o
@user-jz5hx7rh8o Жыл бұрын
Мухаметжан Тазабековтын нагашысы Мухаметжан комектескен Мухаметжаннын шешесинин туган инисинин шаруа кожалыгы жай адам кайдан алады бундай малды
Жаңаөзен Айдос Садықов туралы сұмдық айтты! Жауыздықты тоқтат! Бәрін айтты!
2:32
Демократиялы Қазақстан / Демократический Казахстан
Рет қаралды 13 М.
Плывем на КАМАЗе - Lixiang против Афганистана
23:57
Таймлаб Хрониклс | Андрей Ефимов
Рет қаралды 490 М.
UFC Vegas 93 : Алмабаев VS Джонсон
02:01
Setanta Sports UFC
Рет қаралды 210 М.
I’m just a kid 🥹🥰 LeoNata family #shorts
00:12
LeoNata Family
Рет қаралды 7 МЛН
Военная приемка. СВО. Трофеи
38:51
ЗвездаLive15
Рет қаралды 482 М.
Шаруадағы жаңалықтар. Қошқар🐏.  Науа, ақыр.
2:17
Ауылымызда АТА-АНАМЫЗҒА құран оқытып,ас бердік
20:48
Украина соғысы не боп жатыр?
10:59
Ойтүрткі
Рет қаралды 38 М.
Жыңғылды ауылы. Жыңғылдым-жыр мекенім. Жынгылды
2:44
Назгул Абдуллаева
Рет қаралды 11 М.
100 бас козылы кой сатылады
2:13
Торт тулик базар.
Рет қаралды 7 М.