КӨЛІК ҮШІН ҚЫРЫЛЫП - МИНИСТР БӘРІН БЫЛЫҚТЫРДЫ!

  Рет қаралды 189,845

BILGEN DURYS

BILGEN DURYS

Жыл бұрын

Бәріңізге ассалаумағаликум. 4 пайызбен тезірек автокөлік аламын дегендер неге қатты қапалы? Сау адамды жынды қылатын бағдарламаны кім, қай жерімен ойлап тапқан? Атағы жер жарғанымен тағы да халықты әуре-сарсаңға салып қойған жобаның артында қандай сұмдықтар жатыр? Көлік салондары қандай қитұрқылыққа барып жатыр? Автонесие былықтарын сізге білген дұрыс.
Үкімет 4 пайызбен несиеге машина береміз дегенде бөрікін алақайлап аспанға атқан мына жұрт қазір салон аралап қаны басына шауып жүр. Қаны қараймағанда қайтсын?! Бұл бағдарлама нағыз сау адамды есалаң қылады. Оның үстіне біздің үкімет өзі қызық. 30 жылға арналған автонесиеге 100 млрд теңге бөледі де, ал бір ақ күнде өте шығатын референдумға 16 млрд теңге бөледі. Миға симайтын математика. Сонымен ел неге ашулы, жұртқа бағдарлама неге жақпай жатыр? Көзбен көргендердің тілімен баяндайық. Мәселен журналист Әмірболат Құсайыұлы былай деп жазды. Еуроазия банк ауылдың почтасы сияқты. 4% пайыздың әлегімен адамдар банктен одобрение алу үшін күні бойы кезекке тұруға мәжбүр. Халықтың уақытын ұрлаған банк менеджерлері ұйқылы-ояу, алдына келген адамды сағаттап қабылдайды. Клавиатураны пенсионерлердей ежіктеп басады. Автосалоннан алған жолдама бір күнге ғана жарамды. Ол қағаз банктің басқа бөлімшелеріне жарамсыз, тек автосалондағы банк қызметкерлері арқылы ғана онсызда айлап күтетін машинаны алу-алмауыңды анықтай аласың. Жүздеген жанға Eurasian Bank үш компьютер ғана қойған, қайтсін енді, кедей ғой жарымаған. Алдына қонжиған үш қызметкер қалғып-шұлғып отыр. "Таңғы жетіден бері шаршадық, ұнамаса кете беріңдер" деп қояды. Қысқасы қызмет көрсету нөл. Мемлекеттен миллиард алып жатқан банк тым болмағанда оншақты менеджерді уақытша қоюға болар еді. Мына үш жігіттің алдына бару үшін үш сағаттай кезек күткенде алдымдағы 20-дан астам адам жылжымады. Кезегін күткен бір әйелдің салондағы машинада ұйықтап қалғанына қарадымда қайқайдым дейді журналист.
Иә, бағдарлама шалажансар. Халық ұзақ күтіп еді...Армандап еді. Тап халыққа тегін көлік тарататындай үкіметтегілер жыр ғып, ауыздарын толтырып айтып еді. Әне іске қосылады, міне қосылады деп жүріп қосқандағы түрі мынау. Енді бағдарламаны ерекше зерттеп, автосалондардың бірін қоймай аралап шыққан, әлеуметтік желі арқылы билікте отырғандарға көздеріне шұқып көрсетіп жүрген журналист Диас Нұрақынның жазғанын тыңдаңыз. Сонымен не керек бүгінде біраз салонды сүзіп шықтым. #НұрланСмағұловпен алыса бермейінші деп KIA Kazakhstan компаниясына да бас сұқтым. Өткенде барлығы жаппай мақтаған (ішінде өзімде бар) #СарыарқаАвтоПромның да оңып тұрғаны шамалы екен. Серато, КИА К5, РИО деген көліктер атауымен жоқ. Қашан болатыны да белгісіз. Тек KIA SOUL деген оймақтай көлік сатылып жатыр. Ыстық пирожкиге таласқандай жұрт жапатармағай соған жармасып жатыр. Өзіне ыңғайлы ма, жанұясына жайлы ма деген сұраққа бас қатырып жатқан ешкімді көрмедім. Не де болса 4 пайызбен алып қалайық деген бақай есеппен есі кетіп жүр көбінің. Ең қызығы сол SOUL-ға VIN код беріліп жатқан жоқ. Менеджерлер алдына келгеннің бәріне біржапырақ қағаз ұстатып, банкке бағыт сілтеуде. Кеше ғана Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі айтқан тәртіп, заң дегенді КИА орталығы қыстырып жатқан жоқ.
Одан кейін Шевролетке де кіріп сәлемдесіп шықтым. Сабит Рысбаев айтпақшы сіңірлердің бәрі сонда жүр. Әсіресе COBALT деген көлікке сұраныс көп екен. Кеше бір күннің ішінде жүздегенін жүгендеп жаңа иелеріне беріпті. Алдағы 2-3 аптада тағы 8 мың көлік келеді, беймарал тізімге тұра беріңіздер деді менеджер.
Сүйінбай көшесінің бойындағы салондарды шарлап жүріп Hyundai Kazakhstan ның дилерлік орталығына кірмей кетуге ұялдым. Бұл компания менің жүйкемді жұқартудың айла-шарғысын әбден меңгерген екен. Кеше көлік кезегіне 416 болып тіркелгенімді айтып едім ғой. Бүгін ерінбей тағы бір тексертсем 531 орынға сырғып кетіппін. Бір күнде менің алдыма 115 адамды безочередь тығып жіберген бе? Түсінбедім. Қаным қарайып, шашым ағарып, көзім аларып бір боқтап алдым(іштей). Ортақ база, кезек прозрачный болады дегенге осыдан кейін сеніп көр енді?!. Кезегімнің не себепті кө...інен кері кетіп бара жатқанын сұрап компания өкілдеріне сауал жолдадым. Жауабын ертең береміз деп уәде етті. Оны да күтейік.
Көлік салондарының құйтырқылығын бір атанға жүк болардай қылып жазып жатырмын. Осы бағдарламаға жауапты министрлік тарапынан неге реакция жоқ? 100 млрд бөліп отырып, оның игерілуін талап етуге құқық-құзіреттеріңіз бар шығар. Жаныма жауапты 1-2 адам қосып берсеңіздер біраз былықтың бетін ашып беремін. Жаһанға жар салмай жасырын "тайный покупатель" ретінде тексеріп көруге болады. еститін мемлекет деген қағиданы естімеген не қылған министрлік мынау?
Журналист бағдарламаға қатысты тағы бір қитұрқылықты байқап қалған. Былай дейді. Жазбайын десем де жазғызасыңдар ғой өстіп. Жарнамасы жер жарған, басы дардай басталғанымен аяғы қылдай болған 4 пайыздық автонесиенің тағы бір құйтырқылығы шығып жатыр.
Ол КАСКО сақтандыру деген сылтау. Яғни, көлік алсаң міндетті түрде осы сақтандыру қатар жүреді екен.

Пікірлер: 689
@user-tl1iq3hc1z
@user-tl1iq3hc1z Жыл бұрын
Скляр бұл министр қазақтың арасына арандатушы ретінде әдейі биліктің қойған орыс тілді маймылы.
@user-cl3lc7yi2d
@user-cl3lc7yi2d Жыл бұрын
Қор болған қазағым-ай!!!
@user-yr9gu3rb4z
@user-yr9gu3rb4z Жыл бұрын
Склярды қылмыстық жазаға тартып өмір брйына соттап жіберу кепек, барлық ұрлаған бацлығын тәркілеу арқылы
@user-bq8nq3ir8u
@user-bq8nq3ir8u Жыл бұрын
Бұл халықты алдау референдумға қарсы , халық сонымен миы ашып жүре берсін деген уақытша істеп жатқан сұрқия тірлік сияақты. Халықта ақымақ жаяау жүрседе барудың қажетті жоқ еді.Бұл билік әлі алдауды қояатын түрі жоқ.
@naimanmarat6291
@naimanmarat6291 Жыл бұрын
Рас айтасыз👏👏👏👍
@user-eo7og6di2i
@user-eo7og6di2i Жыл бұрын
Лахатронгой ,журеберсін ослай акмак халык .
@user-lz7iq4nv6i
@user-lz7iq4nv6i Жыл бұрын
Ассалаумагалеикум Казак ели тек Алга Алла жарболсын сизге Силин созинизди толык колдаймын каймана казакты койша маныратудан шаршамацды екен укимет кызметкерлери
@yyyyy8222
@yyyyy8222 Жыл бұрын
🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿ЖОҒАРЫДА ОТЫРҒАН САТҚЫНДАР КЕТСІН БІЗДІҢ ЕЛІМІЗДЕН ☝☝☝☝☝ЖӘНЕ ОРЫСТАР БІЗГЕ КЕРЕГЕМЕС ҚҰРЫП КЕТСІН СКЛЯР БОЖКО ЖӘНЕ БАСҚАЛАРЫ ☝☝☝☝☝
@user-es6jp8fy9s
@user-es6jp8fy9s Жыл бұрын
Министр орнан алып тастап артын тексеру керек себебі ақша жеуде отыр тола ))))
@user-ye6by3yk3g
@user-ye6by3yk3g Жыл бұрын
Көтінен тебу керек қой бұндай министрдің.
@jumagalijalmurat8049
@jumagalijalmurat8049 Жыл бұрын
Егер министрлікті, соттап жіберсе, бәрі дұрыс болады ,қандай шындықтың беті ашылады
@user-lh7yx2vr9t
@user-lh7yx2vr9t Жыл бұрын
Халық қараңғылықта тегін алатын сияқты көреді. Итшілеп төлей алмай жүреді сосын.
@user-ml9gl6fv2l
@user-ml9gl6fv2l Жыл бұрын
Дурыс айтасыз
@user-xh8xx4pr4v
@user-xh8xx4pr4v Жыл бұрын
Қазақстан халқы ақша жоқ деп жылайды, салон толған халық!!!
@user-tg3px8pi4p
@user-tg3px8pi4p Жыл бұрын
АЛТЫНДАРЫМ СЕНДЕРДИН БАСТАРЫН ИСТЕ1ДИ ГОЙ. АНАУ. МИНИСТРЛЕР. МЕН , ДЕПУТАТТАРДЫН. СОНДАЙ. ОЙ. МИЛАРЫНА. ДА. КИРМЕЙДИ. ГОЙ,,,,ОНШЕН. АРАМ ТАМАК. ЖАТЫП. ИШЕР. КАРАКШЫЛАР
@user-fw9mg8oj9v
@user-fw9mg8oj9v Жыл бұрын
Шевралет У.З.Б.Респуьликасінікі Кембағал Узбекистан гада жетелмай журміз
@hsjxjfbxjcnd748
@hsjxjfbxjcnd748 Жыл бұрын
Барь бьзде отьрьк
@esbolseitenov528
@esbolseitenov528 Жыл бұрын
Таксис жігіт дұрыс айтып отыр индрайвер яндекс солардан басқа өзімізге праграммистер дұрыс бағдарлама ойлап тапсаңыздар ақша елімізде қаладығой
@user-il8hb4rd9l
@user-il8hb4rd9l Жыл бұрын
Жемқор жуйенің балдай тәтті суын ішкен бұл қызметкерлер халыққа жаны ашымас несін ренжиміз.демократиясы жоқ елміз , әлі де ескі жүйе артқа тартуда
@user-hi5rs2jg2j
@user-hi5rs2jg2j Жыл бұрын
Мойны сорайған көзі терең журегі зулымдыққа толы Скляр деген путлердің оң көзі оң кулағы токаевты туқыртып отырған осы зулымның жамандығы таусылар емес. Шіркін Аллам олардың шекелеріне бір оқты нәсіп ете гор амин
@user-ni6mg3tq8m
@user-ni6mg3tq8m Жыл бұрын
ӨТЕ ДҰРЫС АЙТТЫ ІНІМ ,МОЛОДИЦ ,
@user-ml2wf5jk2g
@user-ml2wf5jk2g Жыл бұрын
Әумин.
@user-ni6mg3tq8m
@user-ni6mg3tq8m Жыл бұрын
СОЛ СКЛЯР ДЕГЕН ҚАҚ БАС ОРЫСТЫ КУЫП ШЫГЫНДАР ,СОЛ АДАМ КОРУПЦИОНЕР СИЯҚТЫ ,
@user-bj2nm8dk8z
@user-bj2nm8dk8z Жыл бұрын
Орыстың аты орыс қой.
@MiraMira-ee7vo
@MiraMira-ee7vo Жыл бұрын
Әмин 🤲
@maiktaison1817
@maiktaison1817 Жыл бұрын
Құлақтан теуіп қойды мына жынды халық алдана тұрсын біз ақырындап ұрлықты жалғастыра берейік деп.
@user-hb4et9rc1y
@user-hb4et9rc1y Жыл бұрын
Жараисың Балам әр азамат сендеи болсын ел жағдаиын Оилаитын Аман бол әумин
@miraszhazbai6966
@miraszhazbai6966 Жыл бұрын
Ол машина жақсылық алып келмейді. Алмаңдар бір жыл өзіжалынады.
@user-re6wh5nt5n
@user-re6wh5nt5n Жыл бұрын
Керемет Жаңа Қазақстан. Тіпті айтарға сөзім жоқ.
@user-hl9bx9kp8u
@user-hl9bx9kp8u Жыл бұрын
Жарайсың журналйст мырза Аллаһ разы болсын ...
@jenyaabiltaevs8472
@jenyaabiltaevs8472 Жыл бұрын
Дурыс айтады азамат.шет елге откенше,озымызге отсын.
@user-hd3pe2lc4x
@user-hd3pe2lc4x Жыл бұрын
Яндекс сияқты программа ашу үшін ми керек. Біздің қазақтың программистері де, өкімет басында отырғандардың да миы жетпейді. Қазақ аттан салып, жалоб жасап, дивпнда отырып алып айтқаннан басқа білмейді. Осы өкімет басындағы топастарға арқа сүйемей ақ, неге балаларыңды компьютер оқытып, прграммист қылып, осындай программалар ашуға ықпал етпейсіңдер
@user-ws3to5cq4e
@user-ws3to5cq4e Жыл бұрын
Ақымақ болмайық 2.5 мл.нан артық тұрмайтын көлікті 6.5га алып олардын құлы бломандар
@user-oc4hw2jp5k
@user-oc4hw2jp5k Жыл бұрын
Министрлер сіздердің жағдайларында ойлайды деген қайдан шығарып жүрсіндер,түгелі орнын босату керек,
@user-cp7pc8ll2c
@user-cp7pc8ll2c Жыл бұрын
Өте орынды қолдаймын әрқайсымыз осылай жасау кернк
@qazaqstan9127
@qazaqstan9127 Жыл бұрын
Жаңа Қазақстан деген заман туды,енді жаңа машина аламыз кредит төлеп,біреуге ақша төлеп ит болатын заман туды ағайын.Ойланыңдар қазағым.?!
@user-bi5ny2qo6j
@user-bi5ny2qo6j Жыл бұрын
Таксист өте дұрыс айтады. Біздің қарапайым жұмысшымыздай ойлай білсе ғой биліктегілер. Әттең олай ойлауға милары істемейді ау.
@user-hd3pe2lc4x
@user-hd3pe2lc4x Жыл бұрын
Яндекс сияқты программа ашу үшін ми керек. Біздің қазақтың программистері де, өкімет басында отырғандардың да миы жетпейді. Қазақ аттан салып, жалоб жасап, дивпнда отырып алып айтқаннан басқа білмейді. Осы өкімет басындағы топастарға арқа сүйемей ақ, неге балаларыңды компьютер оқытып, прграммист қылып, осындай программалар ашуға ықпал етпейсіңдер
@KeneSary-Dake
@KeneSary-Dake Жыл бұрын
@@user-hd3pe2lc4x қателесесіз, әлемдік деңгейдегі айти мамандары жеткілікті. Ютубта арнайы репортаждар бар осы жайлы. Мәселен каспи кз, егов сияқты қосымшалар жасалған. Тіпті апару, айтакси деген таксиге арналғандары да бар.
@user-lo4cp9gz4j
@user-lo4cp9gz4j Жыл бұрын
Ассалаумағалайкум қазақ елі бауырым дұрыс айтады өз елімізде де программистер жетеді бауырымыз айтқандай өз ақшамыз өз елімізде қалар еді .Қазағым бағындырар білесіз көп болсын
@user-ml2wf5jk2g
@user-ml2wf5jk2g Жыл бұрын
Дұрыс айтты Қазақстанның акшасын шетел асырмау керек, биліктегілер мына жігіттің сөзіне құлақ асыңдар.
@user-vx5nw7di4l
@user-vx5nw7di4l Жыл бұрын
Такси інім айтып отырғаның өте орынды. Бірақ біздің атқамінерлер Елбасының салып берген дара жолымен жүреді.
@user-lm4zq3ud2m
@user-lm4zq3ud2m Жыл бұрын
Дұрыс айтады мына жігіт☝✊
@user-xt1bz8yp2j
@user-xt1bz8yp2j Жыл бұрын
Керісінше Алматыда шектеу жасау керек көліктерге. Қоғамдык көлікке, велосипед уйретудын орнына. Өлдіндерма 7млн туратын автоны 9га береди еще процентын тоилеисындер 7 жыл боиы
@user-qd6cq9di9k
@user-qd6cq9di9k Жыл бұрын
ҚАЗАҚ БИЛІГІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МОИНЫНА МІНГЕН МАСЫЛ БОЛЫП ТҰР
@erkinserikbol9055
@erkinserikbol9055 Жыл бұрын
ех, қазағым ай... мүмкіндік барды жаттыңдар үйде. енді жүріңдер осылай...
@user-yu7zw7pi9k
@user-yu7zw7pi9k Жыл бұрын
Такси жыгытке разы болдым Жарайсын баурым
@dumanmyn
@dumanmyn Жыл бұрын
Осындай былықтарды қашан қояды екен жоғарыдағылар?
@user-hx3cn2lm9i
@user-hx3cn2lm9i Жыл бұрын
Бұлар бірдеңкені бүлдіретін нің алдында халықты осылай бірдеңкеге алаңдатады
@user-jk9wn5sn1c
@user-jk9wn5sn1c Жыл бұрын
Пока в правительстве будут такие как Роман Скляр , обман народа не прекратится Не имеют право салон продажи автомобилей навязывать свою страховую компанию. Где застраховать машину владелец автомобиля сам решит.
@user-ng4ml3tk5b
@user-ng4ml3tk5b Жыл бұрын
Скляр тек орындаушы ғой.оның кінәсі жоқау
@user-jk9wn5sn1c
@user-jk9wn5sn1c Жыл бұрын
@@user-ng4ml3tk5b Роман Скляр лоббирует утильсбор и фиктивный завод по типа производству машин. Скляр работает не на экономику Казахстана. Санжар Бокаев доказал это.
@user-fx6ni1cz6t
@user-fx6ni1cz6t Жыл бұрын
Скляр Романды т.б жоқ қылу керек
@user-fw5ir3js4s
@user-fw5ir3js4s Жыл бұрын
Бул билік қазақты бай қуатты болсын десе төрт пайызбен несиені темірге емес ауыл шаруашылықғын дамытуға беру керек қой машина алып қазақ байыйды деген сандырақ қазақ қазырға батып шаңарақғы ортасына түсіп ажырасу жол апатты жағдайда соңында байу емес сорлайтын қазақ.
@user-gv1ui1gj1b
@user-gv1ui1gj1b Жыл бұрын
Ауыл шаруашылыкка паленше миллион болинди деп жылда айтып жатырго 🤭 дамып аткан ауыл кормедим али, по пути жоқ боп кетип жатыр 4% да сол ангиме боп тур
@muslims5337
@muslims5337 Жыл бұрын
Банкте 4 процентпен автосалонда багасын котерып тастаган сумдык лохотрон. Жане сапасы дурыс емес колыктердын сборка бызде.
@user-sy7ow1is8l
@user-sy7ow1is8l Жыл бұрын
Аллаһ харам еткен нәрседе береке болмайды!
@Aktobecity04
@Aktobecity04 Жыл бұрын
Сіз үшін білген дұрыс дейсіздерде, қабай білмейақ қоюым керекпеді деген ойда қалдырасыздар, рахмет сондада еңбектеріңізге, болып жатқан былықтарды біліп жүреміз ең құрығанда, қарсы бірдеме істей алмасақта.
@user-ov3zi4lf5z
@user-ov3zi4lf5z Жыл бұрын
Дұрыс айтасың інім, осы тема меніңде миыма симай жүр еді Таксиге мінген сайын ішім күйетін .
@user-gz4ff2ws2z
@user-gz4ff2ws2z Жыл бұрын
Адамдар осылай кезекте тұрса көлік екі есе хымбаттайды
@user-kd7lw2tx4s
@user-kd7lw2tx4s Жыл бұрын
Осындай былықтар мен шикіліктер елімізде ешқашан шешілмей, жабулы қазан күйінде жабулы қала беретін сияқты.
@user-yq7sk4kl4s
@user-yq7sk4kl4s Жыл бұрын
Ески көликпенак жүре беремиз немистердин коликтери керемет мынау жаңа колигиннен артык
@user-xy7nj8uh2k
@user-xy7nj8uh2k Жыл бұрын
Надан халықты, тағыда билік халықты осы несиеге əдейі референдумға дейін балдарды ойыншықпен алдандырғандай, референдумды өткізіп алудың құйтырқы амалы емес пе😊
@user-um5rk9cc9g
@user-um5rk9cc9g Жыл бұрын
Ойпырмай осындай қарапайым оқымаған жігітті алып барып министр етсе сөз жоқ басқарар еді мына мемлекетті, біздегі шөпке тышарлардың көзін құрту керекқой, масқара ғой мына еліміз не болады алда
@maks3484
@maks3484 Жыл бұрын
Ел Басқара Алмайтын топастар жиналып алған Халықтың әл ауқатын 30 жыл бойы жақсарталмаған Шірік Шенеуніктер 7 Атаңанәлеттер
@user-ko9nw7ne8c
@user-ko9nw7ne8c Жыл бұрын
Кутты болсын жана казахстан
@user-ce5zv2dg7v
@user-ce5zv2dg7v Жыл бұрын
Піс қазаным 5 ай, отырайын 10 ай. Ай, қазағым-ай. Шық бермес Шығайбай болдыңдар ғой.
@user-cn2yy5gg5c
@user-cn2yy5gg5c Жыл бұрын
Жарайсын бауырым ✊👍
@user-lm8zc3cb1q
@user-lm8zc3cb1q Жыл бұрын
Қазақ, таза аңғал Қазақ болдық, ақылды Үкімет өтірігіңді қоймасаң өзге елге құл болып кететін шығармыз. Қайтсекте дәл қазір оңбай отырмыз.
@user-vl5hl3ud3t
@user-vl5hl3ud3t Жыл бұрын
Жаңа Қазақстан халықты тентек қылды
@user-bg3fl1ek7q
@user-bg3fl1ek7q Жыл бұрын
Қазақтың обалы жоқ,кілең жынды. Көлікті қәитесің.
@user-ev3jc1lu8q
@user-ev3jc1lu8q Жыл бұрын
Өздеріне өздері жасайдығои біздің қазақ машина таусылып қалатындай бәрі шауып ппц ұйятай бұйырса үйңде жатып алып тұрлайсыңдар күлкі болмай қайтыңдар
@Rahimjan-1982dw8xo
@Rahimjan-1982dw8xo Жыл бұрын
Біз ел болуымыз қиынау үкімет басында жайын ауыздар отырғанда
@user-qs9xp5bn2r
@user-qs9xp5bn2r Жыл бұрын
Осы минстрліктегі жауаптылардың барлығын жұмыстан шығарып, орнына жаңадан жастарды қойыңдар,құрметті президент мырза.
@user-fm4nx8km8m
@user-fm4nx8km8m Жыл бұрын
Как всегда обман народа, до каких пор можно это терпеть, и почему народ должен ходить мучиться? Кто ответит? Вот первая дорога в новый Казахстан.
@daznwbc2358
@daznwbc2358 Жыл бұрын
Жарайсың бауырым зор айттың
@user-vz8uw9wx9u
@user-vz8uw9wx9u Жыл бұрын
Қазақстанда башылар жоқ 0 деген сөз занға келгенде қарапаиым халықты қорлау бізге жана башылар керек әитпесе өмірбақи куніміз жылаумен өтеді
@baurganbaurgan7948
@baurganbaurgan7948 Жыл бұрын
Білген дұрыс жарайсың бауырым бүге шігесіне айтып бердің рахмет
@SamsungSamsung-hi1cw
@SamsungSamsung-hi1cw Жыл бұрын
Жетеді болды қалықты алдамандар ертен артарын ашылады қалықтын ашуына тимендер булкүненде өтеді қалық артарынды оиландар.
@mirlankapalbaev3924
@mirlankapalbaev3924 Жыл бұрын
Такси всегда прав.Оте орынды айтты.Индраверде Кымбат.АЗС Продукция Сумашетшая цены.
@user-wh9qp5hv7y
@user-wh9qp5hv7y Жыл бұрын
Осындай адамдар қалай отырғызылады жауапты орындарға бұлар қазақ халқына адал қызмет істейді дегенге өзім сенбеймін
@user-tr6vo4ng5q
@user-tr6vo4ng5q Жыл бұрын
Обалдары жоқ жүрсі солвй сабылып.Бұл не деген жеңілдік деп неге ойламайды екен
@user-lz3pm3fk1o
@user-lz3pm3fk1o Жыл бұрын
Қазақстан бәрін шет елге беріп қойды. Яндекс такси ресей федерациясың фирмасы.
@user-zu9mr1vv9b
@user-zu9mr1vv9b Жыл бұрын
Осы такырбасты орнына коятын биликте бир Казак жокпа
@user-ev3op4ur2z
@user-ev3op4ur2z Жыл бұрын
Шаршатып жіберді Халықты .Жақсы ұйымдастырылмайды ылғида осылай
@Max_1988
@Max_1988 Жыл бұрын
Қазақ елімай әттең әттең
@user-wn3bi1yx8q
@user-wn3bi1yx8q Жыл бұрын
Этого Скляра в отставку!!! Он во благо Қазақстана ни когда работат не будет!!!
@user-ee8ic6dw1e
@user-ee8ic6dw1e Жыл бұрын
Неге қазақтың бәрін алдап отыр неге бәрін өзгерту керек халық бұларға сенбеиды енді
@aimanomirbekova6059
@aimanomirbekova6059 Жыл бұрын
Біреу тегін беріп жатқандай неге сонша жүгіресіңдер, Склярдың істеген ісі тағыда қазақты алдап жеудің жолы керек емес несие ертең бастарыңа пәле 35 жылға дейін төлеу сор ғой одан ескі көлікпен жүрген жақсы ,бұзылса сайман сатып алып жүре берсің.Жаңа көлік алғанша,ескі көлік тамаша.
@user-fk1oc6jc3c
@user-fk1oc6jc3c Жыл бұрын
Кемпирди канша бояндырсанда кыз болмады деген бар емеспе. Сол сиякты ески жуиемен ненин жана Казакстанын кутип журмиз!
@user-es5dd3hq9z
@user-es5dd3hq9z Жыл бұрын
Ай даусыннан айналайын 👌👌
@user-xr3lt6gi7k
@user-xr3lt6gi7k Жыл бұрын
Халыкты алдап , ойыншыкка айналдырдыгой , кай есикке барсанда, ймансыздарга айтар соз таусылды...
@user-be8wb2xn6d
@user-be8wb2xn6d Жыл бұрын
Сендерге сол керек, алмаймыз деп уйде жатқанда олардың оздері арттарыгнан жугіреді
@user-bn5tn5yw4k
@user-bn5tn5yw4k Жыл бұрын
Елімізде қалса жақсы болар еді.Бағдарлама жасап шығарса жақсыыыы болар еді ғой.Елеміз экономика көтерілер еді.
@user-ww2dg8ix7p
@user-ww2dg8ix7p Жыл бұрын
Орнына қоиятын сауатты жігітер қаида
@user-tt9mr7zz3n
@user-tt9mr7zz3n Жыл бұрын
Өте орынды айттың бауырым алла берекетін берсін ешкім ойламаған ой болды әрине тамса өз елімізге тамсын өз елімізге пайдасын тйгіссек деп жүрміз осы бәріміз отанды сүйген иманнан жарайсың бауырым
@token9595
@token9595 Жыл бұрын
,,озимимиздин жыртыгымызды жабаик,, - 👍👍👍
@Superkont1k
@Superkont1k Жыл бұрын
*АЛЛА РАЗЫЛЫҒЫ ҮШІН* Әр мұсылман аға әпкелерім бір лайктан басса үлкен көмек болар еді *Есімім Айша* *Осыдан екі жыл бұрын ата-анамыз жол апатынан дүниеден өтті* Төрт бауырыммен қалдым. Бауырларымды жетімдер үйіне бермес үшін тұрмыс құрдым. Бірақ ол кісімен тұрмаймын. Қазір квартира жалдап тұрып жатырмыз. Берілген пособие барлығы қарыз жабумен кетеді, тамағымызға інімнін дәрі дәрмектеріне ақшамыз қалмайды. Қатты қиналып кеттік көмек қол ұшын созам деуші жандарға АЛЛА РАЗЫ болсын Каспий голд те халық банк те осы нөмерде АЙША 7️⃣жеті4️⃣төрт7️⃣жеті3️⃣үш0️⃣нөл3️⃣үш0️⃣нөл9️⃣тоғыз2️⃣екі5️⃣бес
@user-dp2md5mb2r
@user-dp2md5mb2r Жыл бұрын
Афера гой система барибир дилер озиникин алады айналып келгенде лохотрон конкретно
@user-hi8vg4pk4j
@user-hi8vg4pk4j Жыл бұрын
Канша алдансандарда тусынбейтын не деген саяси сокырсындар...30 жыл стажымыз бар гой алданудан...отырыктен...
@user-gr7ie7gq9u
@user-gr7ie7gq9u Жыл бұрын
Несиени халыкты карызга батыру ушин берилип жатыр , кайтара алмасаныз , ЕЛДИН ЖЕРИН АЛЫП КОЯДЫ , ОЛ САЯСАТ.
@user-tx1qu7jb4j
@user-tx1qu7jb4j Жыл бұрын
Аталарыннын басы барма бок кумарлар. Машинага таласканша ертенгы рефоромга дайындалсаншы кайран казагым.
@user-qi8pw1pf8s
@user-qi8pw1pf8s Жыл бұрын
Аи қазағымаи ертен төлеу оңаиемес оданда жаяу жкругерек оданда ескі көлікпен журген артық
@user-qc8wg2qy2n
@user-qc8wg2qy2n Жыл бұрын
өте қымбат жоламаңдар
@user-vz7pk5xr9d
@user-vz7pk5xr9d Жыл бұрын
Дұрыс айтады👍
@user-wo2ux1sz8w
@user-wo2ux1sz8w Жыл бұрын
Дурыс айтасыз осы банктер 30 или 35 процет болса 10 менежер кояар еди 4 процет деп оздеринше жаналык жасадык деп баска елге корину ушин шыгар
@user-zh8vp4ji1q
@user-zh8vp4ji1q Жыл бұрын
Қазақтарда дым көрмегендеи
@user-mc9sx6gj5u
@user-mc9sx6gj5u Жыл бұрын
Халқым конституцияны өзгертілген алдын ала оқып шығыңдар,әсіресе 46-шы статияны, сосын ғана дауыс берсеңіздер .
@ffkdeezy3341
@ffkdeezy3341 Жыл бұрын
Ондай страховка каско калай жылына 20000 шыгар 200000 деген не пале ана скляр дегенды курту керек атейлеп казакка истеп отырган шыгар каско кимдыки укуметтык емес шыгар бир козын кан баскан шеновниктыкы шыгар аныктау керек.
@user-ml5sw5mc9x
@user-ml5sw5mc9x Жыл бұрын
Ай бұлардан үміт үзілгені қашааан
@hopeforever1118
@hopeforever1118 Жыл бұрын
Ойлап таппайтындары жок, арзан кредит аламын деп, бала шагасын асырай алмай журеды жастар☹
@user-gk8nd4yp9e
@user-gk8nd4yp9e Жыл бұрын
Аиналаиын қазағым ау су жаңа көлікті не істеисіңдер алмаи ақ коию керек еді,
@KZ-br8jr
@KZ-br8jr Жыл бұрын
Жаңа Қазақстан деген сөзді айта бермендерші, ешнарсе жаңа емес, түсіне білсең ескінің түбіне күн өткен сайын тұншығып демің тоқтаудың алдындасың
@user-nl4yz5kz4x
@user-nl4yz5kz4x Жыл бұрын
Қазақтар Аталарымыз айтқанына неге назар аудармайсыңдар айтамыз батпан құйрық батпан құйрық тегіннен тегін жатқан құйрық дегендей сендерге тегін беретіндей жүгіріп неге алдана бересіңдер бейбіт шеруге шықсаңдарғой ақыларыңды жегізбей.
@NAMYS_QAZAQ
@NAMYS_QAZAQ Жыл бұрын
Баилар өз паидасын оилап қырқысып жүрме қарапаиым халық нан табалмаи жүр шшс
@asharkalimanai3458
@asharkalimanai3458 Жыл бұрын
Евроазя банкке алдамшы секілді ,бір жылға 0% беріп 387 мың теңге строхопка деп машина алып болғаннан кейін есептеп береді ,сіздерше қанша пайызбен берген ??🙄
@user-gy2uk5bm4o
@user-gy2uk5bm4o Жыл бұрын
Халыққа қызметті дұрыс жасамаса онда олар ол жерде . Әкелерінің басына отырма 😤🤦‍♂️
@sekaasembay3086
@sekaasembay3086 Жыл бұрын
Ассаламу алейкум!мигрантарды көрмесін талап етик Қазақстанға өзім жұмыс таппаймыз өзге елден келіп бізге жұмыс береді онда да аз делдал соған қарным аш қашан қазақ статусы қашан көтеріледі Алматы құрылшының бәрін алып істеп жатыр істесін налок төлесін 50%50
@user-ox7tl7pz4y
@user-ox7tl7pz4y Жыл бұрын
Қазақстанды қайта құру үшін бәрін түгел Мемл.Президентінен бастап ауыл Әкімдеріне дейін қайта сайлау керек.
@user-ox7tl7pz4y
@user-ox7tl7pz4y Жыл бұрын
Қайта сайлау керек біз Тоқаевты сайлаған жоқпыз , Қосановты сайлап едік ол бізді лақтырып кетті Казёл хренов.
@qwertyqwerty0922
@qwertyqwerty0922 Жыл бұрын
Кредит десе тегіе алатындай жгіреді сосын кредитімді үкімет жауып берсін деп жыланады ашкөздер
@user-vf1ji7dg7e
@user-vf1ji7dg7e Жыл бұрын
АЛЛА ЖАР БОСЫН
@zibakul_torgankyzy
@zibakul_torgankyzy Жыл бұрын
Орыспен жолдас болсаң Айбалтаң қасыңда болсын-деп бекер айтпаған шығар атам-қазақ
@user-hb4lb8xt1r
@user-hb4lb8xt1r Жыл бұрын
Осы біздің халық ты сол өтіріке сенеберетін қандай батпан құйрық қашан кездеріңіз ашылады
@jusipsarbasov6923
@jusipsarbasov6923 Жыл бұрын
Маладес 👍 👍 👍 👍 👍
@alibekmutanov1545
@alibekmutanov1545 Жыл бұрын
Создин кыскасы Казакстанда ешкашан ештене адил жане акикат болмайды,сырткы куштер Казактын билигин акымак етуде ал биздин Казак билиги билип турып-суга сийп тур- Алла сабыр берсин елимизге!
БРАВЛЕРЫ ОТОМСТИЛИ МАТЕРИ😬#shorts
00:26
INNA SERG
Рет қаралды 4,4 МЛН
How to Sneak Make Up Into Class 💄 #shorts
00:30
BubbleBee
Рет қаралды 14 МЛН
ВИРУСНЫЕ ВИДЕО / Мусорка 😂
0:34
Светлый Voiceover
Рет қаралды 4,1 МЛН
He ruined the bathroom and his marriage
1:00
Justin Flom
Рет қаралды 56 МЛН