Әкім мен тұрғынның төбелесі елді алаңдатты

  Рет қаралды 12,463

Информбюро 31

Информбюро 31

Күн бұрын

БІЗДІҢ KZbin АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
Бүгінгі шығарылымда:
Алматы облысында ауыл әкімдігіне барған азамат әкімнен оңбай таяқ жеп қайтқанын айтып шағымдануда. Оның сөзіне сенсек, мемлекеттік қызметкер мәселесін айтып келген кісіні балағаттап, артынан қуалап жүріп соққыға жыққан. Ал басы дауға қалған ауыл әкімі бұл оқиғада жәбірленуші тарап өзі екенін айтып, барлық кінәні шағымданған адамға сілтеп отыр. Соңы төбелеске әкелген жанжал неден басталған? Болған жайтқа қатысты құзырлы органдар не дейді? Тараптарды әріптесім Оразай Нұртайұлы тыңдап келді.
Әңгіменің әлқиссасы Талғар ауданындағы осы бір 5 соттық жерге қатысты мәселеден басталған. Учаскенің иесі Асхат Қарақұлдың айтуынша, 2 жыл бұрын сатып алған аумағының бір бөлігі биыл ғана жасалған басжоспарға сәйкес қызыл сызықта қалып қойып, ол анығын білу үшін әкімдікке жүгініпті. Шағымымен Тұздыбастау ауылдық округінің басшысына кірген. Асхаттың айтуынша, әкім әңгіме барысында ашуға булығып, оны көк ала қойдай етіп сабап тастаған.
АСХАТ ҚАРАҚҰЛ, Алматы қаласының тұрғыны:
- Маған саудаласуға өзінің қызметкері келді деп айтқан едім. Сол кезде маған ашулана бастады. Шапшып, дөрекі сөздер айтты. "Пошел н" деп айтты. "Кет жоғал, құры!" деді. Содан мына жағымнан ұрды баспалдақтан түсіп бара жатқанда. Одан кейін кеудеден ұрды. Аяқпен тепті. Сосын осы жерден ұрды, міне, синяк тұр.
Ал округ әкімі бұл айтылғанның бәрін жоққа шығарды. Оның нұсқасы бойынша, жер мәселесін айтып келген кісі жанжалды бірінші бастаған. Мемлекеттік қызметкер "тек өзімді қорғадым, саусағымның ұшы да тимеді" деп ақталды.
ШЫҢҒЫС ТОЛЫМБЕКОВ, Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі:
- Сол жақ қабырғамнан удар алдым бұл кісіден. Тек қана итеріп тұрдым. Көкірегінен итеріп тұрдым. Мойнынан итеріп жіберген шығармын, бірақ қылқындыру деген болған жоқ. Ол өзі агрессивный жігіт екен. Соққы беріп те үлгермедім расын айтқанда.
Әкімдіктегі төбелестен кейін мемлекеттік қызметкер бірден полицияға арыз жазған. Округ басшысының осы ісінен кейін "әкімнен таяқ жедім" деген азамат та құзырлы органға жүгінген. Екеуінің ісін бүгінде Талғар ауданының тәртіп сақшылары қарап жатыр.
ЕРНАР СӘЙДІЛДИН, Алматы облыстық полиция департаментінің бөлім басшысы:
- Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайларын зерттеуде толықтылығын, жан-жақтылығын, объективтілігін қамтамасыз ету үшін екі тараптың дәлелдеріне барлық тексеру жүргізілуде. Айта кету керек, екі азамат бір-біріне қатысты полицияға арыз берген.
Әкімдіктегі төбелес қай баптар бойынша қаралып жатқанын полицейлер ашық айтпады. Мемлекеттік қызметкердің үстінен арыз жазған азамат әкімге тиісті шара қабылдауды талап етті. Оқиғаға қатысы Талғар ауданы мен Алматы облысының әкімдігі әзірге мәлімдеме жасамады.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/c...
TikTok - www.tiktok.com...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Пікірлер: 90
Информбюро 15.10.2024 ТОЛЫҚ ШЫҒАРЫЛЫМ!
26:50
Информбюро 31
Рет қаралды 21 М.
ОРАМАЛДЫ КЕЛІНШЕК ПЕН ТАКСИСТІҢ ДАУЫ
2:51
Главные новости Казахстана / Басты жаңалықтар
Рет қаралды 224 М.
啊?就这么水灵灵的穿上了?
00:18
一航1
Рет қаралды 51 МЛН
А что бы ты сделал? @LimbLossBoss
00:17
История одного вокалиста
Рет қаралды 8 МЛН
Кәсіпқой бокс | Жәнібек Әлімханұлы - Андрей Михайлович
48:57
ШЕТЕЛГЕ ЗАҢСЫЗ АСҚАН АҚШАЛАР ҚАЙТАРЫЛА БАСТАДЫ
4:44
Басты жаңалықтар / Новости Казахстана
Рет қаралды 193 М.
НЫСАНА КОНЦЕРТ 2024
2:26:34
Нысана театры
Рет қаралды 2,2 МЛН
Қосағыңмен қоса ағар | Алдараспан 2024 | Жаңа бағдарлама | 🔥🔥🔥
27:07
Алдараспан театры-Нуржан Толендиев
Рет қаралды 806 М.
Студенты Обманули казино на $10 000 000
41:12
Владимир Логинов
Рет қаралды 1,1 МЛН
Қайсысы қылмыс - Алдараспан 2024
20:07
Алдараспан театры-Нуржан Толендиев
Рет қаралды 666 М.
Түркістан.Полиция қорғаушы ма, жоқ қорлаушы ма ?
24:12
啊?就这么水灵灵的穿上了?
00:18
一航1
Рет қаралды 51 МЛН