«Кәмелет жасына толғанша әр балаға мемлекеттен 70 мың теңгеден тағайындалуы керек»

  Рет қаралды 9,818

Информбюро 31

Информбюро 31

7 ай бұрын

Еліміздегі әрбір балаға кәмелет жасына толғанша мемлекеттен 70 мың теңгеден тағайындалуы тиіс. Осылай деген ата-аналар қазіргі жәрдемақының ештеңеге жетпейтініне наразы. Сонымен бірге атаулы әлеуметтік көмек те тиісті азаматтарға берілмеген деп отыр. Ел демографиясына үлес қосып, алтын мен күміс алқа алдық деп қуанған аналар, қазір жағдайларының тым қиын екенін айтады.
Мемлекеттің алтын, күміс алқасын алған көп балалы аналар қазір күнкөрістің қиындағанын айтады. Қымбатшылық қысқан заманда балаға киім мен тамақ алып беріп, мектепке жіберу үшін қыруар қаражат қажет дейді. Ал шығындарды толық жабуға Үкіметтен берілетін ақша жетпейді. Сондықтан петиция жазып, мемлекеттен әр балаға берілетін ақыны көтеруді талап етіп отыр.
АЛМАГҮЛ АБДУЛЛАЕВА, Алматы қаласының тұрғыны:
- Әр балаға 70 мың теңге петиция жаздық. Енді соны хотя бы 40 мың жете ме, 50 мың жете ме үкіметтің шамасы 06:50 13 000 теңгеден болады. 13000 теңге дымға да жетпейді ғой былай қарасаң, айлықтың өзі күйеуім 250 мың алады. Оны қайда жеткіземіз. Баланы оқуына жеткізе ме, тамағына жеткізе ме жетпейді ғой мысалы.
Бұдан бөлек аналар төрт баласы бар отбасының үлкені кәмелет жасына толған жағдайда қалған үшеуінен автоматты түрде төлем алынып тасталады деп күйінеді. Демографияны көбейтеміз деп жүргенде тұрмысымыз төмендеп қиын жағдайда қалдық деген әйелдер атаулы әлеуметтік көмектің қажеті шамалы деп отыр. Себебі, мамандар зейнетақы қорынан бастап, мүлікке дейін тексеріп бермеудің амалын жасайды дейді.
КӘМШАТ КАБУЛОВА, Алматы қаласының тұрғыны:
- Көп отбасылар мысалы атаулы әлеуметтік көмек алады ғой. Сол атаулы әлеуметтік көмекті нағыз мұқтаж жандар ала алмай отыр. Себептерін, салдарын тауып, өздерінің қолдарынан келгенше іс-әрекет жасап алғандар алып жатыр да, оның жолын, себептерін білмейтін адамдар мүлдем ала алмай отыр. Даже, атаулы әлеуметтік көмектің не екенін білмейтін аналар бар.
Ал Еңбек министрлігінің өкілдері аналар сөзімен келіспейді. Ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін атаулы әлеуметтік көмек 106 мыңнан астам отбасына яғни, 559 мыңнан астам адамға берілген дейді. Сонымен бірге жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға 273 миллиард теңге жәрдемақы берілді деп отыр.
СӘКЕН ДІЛДАХМЕТ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы:
- Бұл бекітілген өзінің әдістемесі бар. Әдістеме негізінде осы жәрдемақы тағайындалады. Осы жерде түсіне кету керек. Жәрдемақы деп отырғанымыз бұл мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларға берілетін көмек. Бұл жалақы емес, бұл кәдімгі үлкен көлемде үлкен премиялар емес. Яғни мемлекеттік осы отбасыны қолдау мақсатында берілетін жәрдемақы.
Көңілдері күпті болған ата-аналар бұл істі соңына дейін апарамыз деп отыр. Өйткені, көпшілігі жалғызбасты, әрі жұмыссыз үйде отырғандықтан отбасын асырауға табыстары жетпейтінін айтады.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Пікірлер: 131
@user-vx9qy2vu4f
@user-vx9qy2vu4f 7 ай бұрын
Өте дұрыс халық қиналып бітті жетпейді 13 мың ұят
@user-cn5xd8uk3s
@user-cn5xd8uk3s 7 ай бұрын
Барлық балаға бірдей төленсін. 4 бала 5 бала демей. Баяғыда ата аналарымыз алушы еді я.
@erke_Estemisova.
@erke_Estemisova. 7 ай бұрын
Басқа мемлекттерде бір балаң болсада ешқандай доходқа қарамастан пособия төленеді.Бізде 3 балаға ештеңе төленбейді.Осылай жазсаң баланы мемлекет үшін тудың ба асыра деп жағымпаздар шығады жан жақтан.Көп бала, аз бала деп бөліп жармаса деген әңгіме ғой.Көп балалыларға төлейді ғой,оғанда Шүкір,қанағат..
@user-nm6me1in4j
@user-nm6me1in4j 7 ай бұрын
Бос әңгіме, шаршап кеттік. Жылдан жылға жағдаи төмен. Жоғардағылар соқыр, мылқау ештеңе білмеитін
@ardakalimbekova3934
@ardakalimbekova3934 7 ай бұрын
70000 берилсин!!!
@I_am.Kazakh707
@I_am.Kazakh707 7 ай бұрын
Баяғыдан солай болу керек қой!Біз Араб мемлекеттерінен де қатты жақсы тұратын байлық бар!Жемқорлар,құдайдан қорқыңдар!Бар әйел бала туып үйде отырғанда жақсы бір айлық алып отыруы керек,ақша болмай қалады-ау деп алаңдап,төстегі баласын тастайтын жер таппай ,айлығы аз жұмысқа жүгірмей!!!!
@user-bb3in5fc1p
@user-bb3in5fc1p 7 ай бұрын
Дурыс колдаймын жетпейди жетсин десек жумыска шыксак балаларымыз кишкентайларымызды тастай алмаймыз берилсин арыз талапта жаздык каралып жатыр әлі шешімін берсін укімет ✍️
@user-qd5vu7hj9l
@user-qd5vu7hj9l 7 ай бұрын
Баға алмаса неге Туады деп жазбандар не Қазақтар көп болса жаман ба, Қытайлар коббиз деп мақтанады баяғы қазақ бирин бири жамандап жүрген. Баяғы заманда да солай болған бир бир мен қырылып берсин ешким қалтасынан шығарып жатқан жоқ. Басшылар бизде жақсы омири суреди бир зарплатын киса да кедей болып қалмайды
@user-es1cg4tu2r
@user-es1cg4tu2r 6 ай бұрын
Соны айтамда
@user-qi4uk4ts8p
@user-qi4uk4ts8p 7 ай бұрын
Берилсе барлыгына бирдеи берсин не болсада бир баласы баргада еки баласы баргада 10 баласы баргада
@user-sh9tf6qc3g
@user-sh9tf6qc3g 7 ай бұрын
Дурыс айтады! 18 жаска толганда беремиз дегени бос соз!!! Бала 18 жаска оскенше дурыс тамактанып,дурыс киину керек!
@user-vb7xg9og6i
@user-vb7xg9og6i 7 ай бұрын
Иа өкіметтің шамасы былаида былаи жетед деп оилаим. Берілсін 70мыңнан
@user-ec4uj8ee9v
@user-ec4uj8ee9v 6 ай бұрын
Әр балаға берілсін 70-мың 5-балам бар. Адамның өмірі ойыншық емес, қазақ жерінде байлық жетіп артады, санасыз жоғарыда отырғандар қарны тоқ, аш баланы ойлаушы меді, өзімізге тиесілді дуниені сурап жатырмыз,тіленіп жатқан жоқпыз, дуана емеспіз, қара қалықты шырылдата бермесе, обязательно халық көшеге шығып жылап айтпаса өздері білмеймей, ещё как біледі, сен тимесең мен тимейм деп отыраберсе, халықтың көзі ашық, қырылып аштан өліп жатсада ойланбайсыңдарау.еңсемізді көтеріп журетін кун боламекен өз жерімізде.
@user-iu9qo3rk3v
@user-iu9qo3rk3v 7 ай бұрын
Осы Əкімнің Министрдің Депутаттардың Əйиелдері келіндері Неге 70 мың берсін -- деп арызданбайды
@erke_Estemisova.
@erke_Estemisova. 7 ай бұрын
Олар келіндеріне толық мүмкіндікті жасап тастаған ғой.Министрдің,депутаттың көршісі де жақсы тұратын болар
@user-nj8gt2fr2t
@user-nj8gt2fr2t 7 ай бұрын
Асп жоиылсын 70мыңның берілсін😢
@user-es1cg4tu2r
@user-es1cg4tu2r 6 ай бұрын
Елімізде фабрика завод жұмыс орындары ашылсын аналарға жұмыс тауып беріңдер сонда өкіметке шағым жасамайтын еді ғой ,істиін десе жұмыс жоқ баяғыда өсіргенбіз диді ол кеңес одағының кезінде жұмыс адамды іздитін еді есімде аналарымызды уйден кеп ап кететін жұмысқа ал қазір жұмыс жоқ жалданып біреудің қолына қарайсың 2,3мың береді күніне ол қай тесігіңе жамау болады ,есесіне балалар қараусыз аш кір боп бетімен кетеді,содан қандай саналы ұрпақ шығады,өкімет жан жақты ойланыңдар "Ана мен Бала елдің болашағы "жоғарыдағы ұйқылы ояу мес қарындар емес
@botakozbotakoz8421
@botakozbotakoz8421 7 ай бұрын
Берсин 70,000 калтасынан шыкпайды,халыктын акшасыгой
@user-ui7fw1fn6l
@user-ui7fw1fn6l 2 күн бұрын
Берилсин барлық зат кымббат
@user-nj8gt2fr2t
@user-nj8gt2fr2t 7 ай бұрын
Бала басына берилсин
@user-kx6bs5rb1g
@user-kx6bs5rb1g 7 ай бұрын
Берілсін
@user-vb8ue7jx5u
@user-vb8ue7jx5u 2 ай бұрын
Дурыс аитасыз
@user-nj8gt2fr2t
@user-nj8gt2fr2t 6 ай бұрын
Асп жоиылсын 70мынна берилсин ар балаға
@aika0894
@aika0894 7 ай бұрын
Маа пособия озин отказ берип отырнанда 1 2 балага. Коп баланы айта алмайм. Жардем акы не екенин шынында билмеймиз Жалакы алмаймыз. Баламен уйде Квартира еще. Пасобия га барганда сизде анау мынау жетед деп тексерип жеткиликти гой деп. Алматы ещё кымбат кала. Сенбейм мен.
@usenkalimbetov5994
@usenkalimbetov5994 2 ай бұрын
Берсин әр балаға 70 мың теңге берсин
@user-pr7ln9tr6e
@user-pr7ln9tr6e 7 ай бұрын
Министрлер ұйқтапотырып милиондап алады
@user-ui6bh2rf2w
@user-ui6bh2rf2w 6 күн бұрын
оте дурыс айттыныз❤
@user-md6ru6re8u
@user-md6ru6re8u 7 ай бұрын
Бір баладан бастап берілсің қолдаймыз
@user-cb8nz4ot4j
@user-cb8nz4ot4j 7 ай бұрын
Дурыс 1 баладан бастап берылсн ..бяры балаго😊
@abuovzhuparbek8191
@abuovzhuparbek8191 7 ай бұрын
Берілсін тезірек
@user-xw7mo5si3q
@user-xw7mo5si3q 7 ай бұрын
Осы чиновниктерге 13 мың зарплата берип жіберу керек кай тесігін бітер екен
@meruertzhakipova9071
@meruertzhakipova9071 Ай бұрын
Әр балаға 70000-т берілсін
@user-mc3ot9zi4l
@user-mc3ot9zi4l 7 ай бұрын
Баланы асырау мұнкын болмай жатыр неге биздин байлыкты бир адамдар жеп рахатанып отыр
@I_am.Kazakh707
@I_am.Kazakh707 7 ай бұрын
Өйткені Алладан қорықпайды және біз терпиламыз!Әрі қарай терпила бола берсек,күніміз құлданда төмен болады
@user-ne9mm4zf1x
@user-ne9mm4zf1x 2 ай бұрын
Өте дұрыс айтасыз
@user-xh4cg4cn7i
@user-xh4cg4cn7i 2 ай бұрын
Ия дұрыс айтады төленсін әр бір балаға мысалға мен өзім жалғыз басты анамн екі балам бар ешқандай көмек ақша алмаймын документерді қабылдайтын жерге құжат тапсырғанымда әрдеңкені сылтаулатып шығармай қойған өзі басым қолдаймын төленсін көмек ақша
@UljalgasJaksibai
@UljalgasJaksibai 7 ай бұрын
Берлсин ар балага. 70мын
@user-wq2ox2ve9o
@user-wq2ox2ve9o 6 ай бұрын
Ар балаға берсын
@AlimaBakit-kc6wx
@AlimaBakit-kc6wx 7 ай бұрын
Жалғыз басты ( күйеуі баласы жоқ жұмыссыз ) адамғада берсін 150 мың теңге 1 айда үкімет Қазақстанда
@sevgifarishtasi1924
@sevgifarishtasi1924 3 күн бұрын
Берилсин
@user-ns9uv6bu9d
@user-ns9uv6bu9d 2 ай бұрын
Тукеде жетпиды балалармызга тамакта даж быр наски алалмацмыз пасобяда алламацмыз бырдей берыльсын
@user-ip6gq2do3w
@user-ip6gq2do3w 2 ай бұрын
Төленсін 70-мың әр балаға
@user-hx5is1sq4f
@user-hx5is1sq4f 7 ай бұрын
Я, өкінішті, ақиқаты солай.
@user-bh9wo7rj9j
@user-bh9wo7rj9j 3 ай бұрын
Колдаймыз берылсын
@ardakalimbekova3934
@ardakalimbekova3934 7 ай бұрын
Ар балага 70000 берилсин!!!
@user-pw9dv8ty6i
@user-pw9dv8ty6i Ай бұрын
Үш боласы бор адамдарға берсін
@user-zt2hz1ej1k
@user-zt2hz1ej1k 2 ай бұрын
Дурыс
@user-wm5ij3qr1r
@user-wm5ij3qr1r 2 ай бұрын
Тек халыктан жи бергиси келет
@user-kz8bc6pg3x
@user-kz8bc6pg3x Ай бұрын
70000тенге берылсын талап етесын
@user-lt2hw3hd9c
@user-lt2hw3hd9c 2 ай бұрын
Берілген дұрыс
@user-nj8gt2fr2t
@user-nj8gt2fr2t 6 ай бұрын
Қолдаймыз
@user-ml5ti7bd9v
@user-ml5ti7bd9v Ай бұрын
70мың берілсін
@aynyra4136
@aynyra4136 7 ай бұрын
Әр балаға толесын болмей
@user-qq2lf4oc7b
@user-qq2lf4oc7b 7 ай бұрын
Аспыны таныс тамыры барлар алып жатыр мышығын тусада есептейды
@user-nj8gt2fr2t
@user-nj8gt2fr2t 6 ай бұрын
Асп жоиылсыншы, бала басын 70мын берилсин
@user-cn5xd8uk3s
@user-cn5xd8uk3s 3 ай бұрын
Ия дұрыс айтады. Барлық балаға төленсін. Бір баласы, екі баласы барларға да төленсін бөліп жармай. Министрліктің құлағына алтын сырға. Елу мың төлеседе жетер еді. Ең болмаса ұн майын алады.. Төленсін менде қол қояр 😅😅едім.
@user-tj3re9hm3e
@user-tj3re9hm3e 2 ай бұрын
Рас барлығы қымбат, айлық ааааааааз
@user-wm5ij3qr1r
@user-wm5ij3qr1r 2 ай бұрын
Көп балалы мың квартира да турамын 60000₸ газ 20000₸ свет 10000₸ балаларымыз аптасына 10000₸ 20000₸ пурадукта акелем кордим демит көзге де корин бит акша деген кредитимиз бар айсайын жеткизе алмаймыз кийми бар,сезон сайын осип келе жаткан балаға апемин,мектеп курал дары бар, осының барин есептеп шығарса,екен океимет.
@user-rh9op3re2h
@user-rh9op3re2h 4 ай бұрын
Шамасы 100000теңге берседе жетеді.жоғарыда отырған шенділер айлығын халыққа беретін ең төменгі 85000т айлық алсын сосын халыққа сайрасын
@qazaq4035
@qazaq4035 7 ай бұрын
Ой ондай арман ғой. Брақ әр балаға он сегіз жасқа деин он мың он бес мың берседе бәрекелді.
@user-gm3dr7sl7l
@user-gm3dr7sl7l 2 ай бұрын
70000 әр балаға берілсе дұрыс болатын еді
@user-lj9uh3sr6y
@user-lj9uh3sr6y 4 ай бұрын
Қолдаймын дұрыс
@user-iz4hq7lq4s
@user-iz4hq7lq4s 20 күн бұрын
Ар балага беруын талап етемыз бары кымбат казыргы уакытта
@user-wo7ez6ei1f
@user-wo7ez6ei1f 7 ай бұрын
70000алатындарга.да50000толеу.керек
@usenkalimbetov5994
@usenkalimbetov5994 2 ай бұрын
Берсин әр 70 мың теңге
@user-jp5tu5ue3f
@user-jp5tu5ue3f 3 ай бұрын
Мен 5 балам бар мен жұмысызбын күиеум таксис Атаулы алыметке барсам Сізде Ипы болу керек болмаса берылмиды деп шығарып салды Арине Ипы болу керек
@user-tj3re9hm3e
@user-tj3re9hm3e 2 ай бұрын
Бір шенеуніктің ұрлағанын бөліп төлесендерші бүкіл балаларға😅😅😅😅
@user-nj8gt2fr2t
@user-nj8gt2fr2t 6 ай бұрын
70мын берилсин
@user-kz8bc6pg3x
@user-kz8bc6pg3x Ай бұрын
Отырык айта береды. Берылды деп. Кым не демейды
@user-ip6gq2do3w
@user-ip6gq2do3w 2 ай бұрын
Түркістан обылысы сайрам ауданында тек ақшасы көптер алады малы мыңғырық солар алады бізге жоқ
@user-fb8bz4iw5p
@user-fb8bz4iw5p 7 ай бұрын
Ол ақшаны бір АЛЛА және өздері біледі. Бул жерде тағы жемқорлық болған шығар. Біздің адамдарға тоқтау жоқ сияқты.
@user-nj8gt2fr2t
@user-nj8gt2fr2t 6 ай бұрын
Жетпиді квартира турамыз ар балаға 70мыннан берілсін
@user-nj8gt2fr2t
@user-nj8gt2fr2t 7 ай бұрын
Асп жоиылсын 70мыннан берилсин жетпиді
@user-eu9ii2wp9y
@user-eu9ii2wp9y 7 ай бұрын
Күлкімді келтірмеңдерші. 21 мыңды қарық қылып бере алмады ғой, 70 мыңды армандамай ақ қойсақ та болады🤦🏻‍♀️
@user-ez3zt5hc3h
@user-ez3zt5hc3h 7 ай бұрын
Онда.15..баладан.табады.казир.5.6.дан.квартирада.турады.уялмай.автобуста.айтып.отырады.Пособие.косады.дейдигой.тагыда.табу.керекекен.
@user-pr7ln9tr6e
@user-pr7ln9tr6e 7 ай бұрын
Атаулы көмек дегенді тек атынғана естідік алыпкөрмеппіз
@user-cl4si5yz8z
@user-cl4si5yz8z 7 ай бұрын
4 балалы киси тугел салыктан босатылсын
@user-zd3qx4zm7i
@user-zd3qx4zm7i 3 ай бұрын
Менің жеті балам бар осы уакытқа дейін алған емеспин өзім кватирада тұрам тек кірісти есептейші ол ақша шықпайма тамак кейім кв ақшасы оқудын ақшасы дәріге соны ойламайды жоғарыдағылар
@user-og9sy6wq1k
@user-og9sy6wq1k Ай бұрын
Әркім туса өзі үшін туады ұят сұрауға 😮мен ешқашан сұрамапын кв. жалдап түрсамда
@gulmiraomarova1541
@gulmiraomarova1541 7 ай бұрын
Әр балаға 70мыңда жетпейді
@user-qb4sk2bh6j
@user-qb4sk2bh6j 7 ай бұрын
Берсеңдерші
@user-jg5yp9we2s
@user-jg5yp9we2s 7 ай бұрын
Әлеуметтік көмек берілген деген қате шығар Желінген деген дұрыс шығар шенділер дұрыстап айтыңдар
@user-jz1fp6gp5q
@user-jz1fp6gp5q 7 ай бұрын
Армандапсын 70 000 Үкімет 21000бермегенде
@user-oh4yd9if2p
@user-oh4yd9if2p 7 ай бұрын
Ия берер мә деп.
@samalamanzhan44
@samalamanzhan44 3 ай бұрын
Неше баладан бастап беріледі тек көпбалалыларға ма ?
@user-df9ip4fl5n
@user-df9ip4fl5n 7 ай бұрын
Неге туады асырай алмаса Міндетпа туғандары.
@user-qd5vu7hj9l
@user-qd5vu7hj9l 7 ай бұрын
Неге осы солай айтасындар, бари бир жеп жатыр Қазақтар копп болса саған жаман болама
@I_am.Kazakh707
@I_am.Kazakh707 7 ай бұрын
Неге туады деп депутаттпр мен министрлердің,туыстары жазады
@user-zs7mr9wg8j
@user-zs7mr9wg8j 7 ай бұрын
Аисп алып тастасын куиеулеринен ажырасу токтамаи тур баланың акшасын алып уиде жатады тексеру келсе сыртта журеди ортага адам коиыу керек тексергенде
@user-bo7uo2el2h
@user-bo7uo2el2h 7 ай бұрын
Биликтин шамасы жетеди төлеуге ,бирак бергиси келмей отыр
@user-mw5jq5gm1d
@user-mw5jq5gm1d 7 ай бұрын
Оян казакты кору керек минстрлерге ( Базарбай болмай)
@MahiraUsenova
@MahiraUsenova 7 ай бұрын
Мен алмаймын АСП сонда кімдерге беріп жатыр ол жәрдем ақыны. Тапсырсам 1000 т асты сізге берілмейді деді. Оданда әр балаға 70 мыңнан берсін
@user-cb8nz4ot4j
@user-cb8nz4ot4j 7 ай бұрын
1000 тенге дейснбе..11 тенге артык деп бермей тур бызге😮
@user-es1cg4tu2r
@user-es1cg4tu2r 6 ай бұрын
Менде де 28теңге асып кетті деп бермеді
@abuovzhuparbek8191
@abuovzhuparbek8191 7 ай бұрын
Қанекей осылай істесе
@user-qy2mb4kb1t
@user-qy2mb4kb1t 7 ай бұрын
Ашык калаи кім алатынын толык жазсын.Окымаған катындар не істерін білмеи барып аламаи каитады.Кала алады сенікі ондаи сенкі мұндаи тура келмеиді деп бермеиді кварирада тұрып квартира акшасын аламаи жүрген канша ана бар неге бәріне заң бір емеспа.Тек таныстпр алады
@user-ns9uv6bu9d
@user-ns9uv6bu9d 2 ай бұрын
Жетпейди кридить 5 бала окиды
@user-eq4mv1lh6o
@user-eq4mv1lh6o 2 ай бұрын
Дұрыс бөліп жармай барлығына берілсін
@aymanbolatbekkizi
@aymanbolatbekkizi 7 ай бұрын
Бала босангансон пособия 1 жас 5 айга дейн толенеди ал баланы садикке 2 жастан алуга руксат берилген сонда 5 ай ана калай кун коруи керек
@user-fl4xl6pi2h
@user-fl4xl6pi2h 7 ай бұрын
ЕЛ ТОНАҒАН ҰРЫЛАРҒА 70 МЫҢ ТЕНГЕ АУЫР ТИЕДІ ҒОИ
@user-dg4eb1bu5l
@user-dg4eb1bu5l 3 ай бұрын
Ар балага 70 мын тенге берилсе екен кыйналып кеттик. 3 балам бар общагада турамыз АСП-ныда ала алмадык тамагы,памперсы, киімі ауырып калса дарилери бар бари кымбат.Ел басшысы кол койса екен занга
@zhanartadzhiyeva1770
@zhanartadzhiyeva1770 7 ай бұрын
Қимылдар 70мың аз емес Бызде көп балалы өсырдык Шукыр. Бырақ қимылдадық
@user-es1cg4tu2r
@user-es1cg4tu2r 6 ай бұрын
Негн осындайсыңдар ол кез бен қазіргі кезді салыстырмаңдар😠 ол кезде жұмыс адамды іздитін қазір адам жұмыс іздеп таппайды жалданып күндікке жұмыс жасаймыз 2,3мың табамыз күніне, есесіне балдар қараусыз аш кір қожалақ боп жүреді,пол жууға тұрсаң 300,400мың сұрайды айлығы 70мың берген ақшаңа 1жыл тегін істисің неге соларды ойламай жағымпазданып істеңдер деп шығасыңдар
@zhanartadzhiyeva1770
@zhanartadzhiyeva1770 6 ай бұрын
@@user-es1cg4tu2r даладан өзбек қырғыздар келып жұмыс тауып ыстеп жағдайын керемет жасап отыр.жағымпаздық қанымдаоқ жоқ.сандалама Бұл жерде мен кымге жағымпазданам
@user-ru3bs2jl5x
@user-ru3bs2jl5x 5 күн бұрын
Сендердің әдістемелеріңді өздеріңе қолданыңдар,білдіңбе билік сымақ,остан әр балаға 70000 мың бермеңдер бүкіл аналар алаңға шығамыз құтырайын деген екенсіңдер бүкіл жердің байлығын жанбастарыңа басып
@user-vr8zr7uq6y
@user-vr8zr7uq6y 7 ай бұрын
Кәмелетке тола салысымен жұмыс істеп ақша табатындай,олар оқу оқымайма сонда ,киімі тамағы жолы бәрі қанша ақша,бір студентті оқытудың өзі оңай емес
@user-cb8nz4ot4j
@user-cb8nz4ot4j 7 ай бұрын
Ай сайын ба.70мын?
@user-wq1uk3my2p
@user-wq1uk3my2p 7 ай бұрын
Сбир адамдарды корыкпаи аттарын атандар сонда ол корыкканына акшасын береди дДарига кыздары балалары бурынгы пиизидент
@user-bd1fx7iw7v
@user-bd1fx7iw7v 5 ай бұрын
Қашан болады 70мың тенге айта бересіңдер бәрі өтірік
@user-hf5sm8bg2s
@user-hf5sm8bg2s 7 ай бұрын
Неге коп балалы аналарга гана бериледи. Берсин 1 немесе 2 баласы барларга. Чуть что коп балалы отбасы деп кеудесеин урады. Биреу ушин емес оздери ушин туды гой балаларды. Окиметке тумады гой.
@Yusuf...gafurov
@Yusuf...gafurov 7 ай бұрын
Менің 5 балам бар кв отырамыз атаулы алуметик алалмай журмын былмейм неге пастаяна дакументым кайтараты неге десем 100 мынг крытынг бар оты түлеб журсын значит табыстың бар дийды😂😂😂😂я жларымды я күлуымды билмеймин
@user-uz9rt6yn3q
@user-uz9rt6yn3q 7 ай бұрын
Бир тиын алмай ак уш бала осирдик.Жумыс истедик отагасы екеумиз.Уй де коликте аркайсысына компьютерин болмелерин дайындадык.Оку окыттык.Бир жерден комек сурамадык.Кейбир аналар осы баланы озин ушин табатынын умытып кетеме.Ашсан битти балаларын котерип алып Астанага дейин шауып журеди.Енемиз маркум 12 бала тапкан алтын курсак Ана.Еш жерге миндетсинип кормеген.
ӘР ОТБАСЫ МҮШЕСІНЕ - 277 МЫҢ ТЕҢГЕ
5:03
Главные новости Казахстана / Басты жаңалықтар
Рет қаралды 131 М.
Mini Jelly Cake 🎂
00:50
Mr. Clabik
Рет қаралды 16 МЛН
skibidi toilet 73 (part 2)
04:15
DaFuq!?Boom!
Рет қаралды 31 МЛН
Інілерінен күдіктенген Айнұр!
28:30
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 43 М.
2024 жылы әлеуметтік саланы қандай өзгерістер күтіп тұр?
4:37
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 5 М.
Нағыз еркек гүл бермейді! | «Түпсана және жасыл нәски» | 1 серия
25:29
Седьмой канал - 7 канал Казахстан
Рет қаралды 489 М.
Жәрдемақы шын мұқтажға. «Талқы»
31:06
Khabar NEWS
Рет қаралды 4,1 М.
Айбектің бітпейтін былығы!
20:47
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 31 М.