Күні ертең Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммиті өткелі отыр

  Рет қаралды 637

Информбюро 31

Информбюро 31

Күн бұрын

БІЗДІҢ KZbin АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
Бүгінгі шығарылымда:
Күні ертең Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммиті өткелі отыр. Ауқымды жиынға ұйымның тұрақты мүшелерінен бөлек, 6 мемлекеттің басшылары мен үкімет мүшелері қатысуға тиіс. Яғни, Астана саммитінде 16 мемлекеттің президенттері мен Біріккен ұлттар ұйымының Бас хатшысы, ірі халықаралық ұйымдардың жетекшілері бас қосады. Демек, көтерілген мәселелер осы ұйымның ішінде ғана емес, бүкіл әлемге таралады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның төрағалығы аяқталғалы отырған Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті жиынына «Көпжақты диалогті нығайту - орнықты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу» тақырыбы арқау болады деп мәлімдеді. Яғни, күн тәртібінде лаңкестік, экстремизм мен сепаратизмге қарсы тұру мәселесі талқыланады. Нәтижесінде 2027 жылға дейінгі жоспар бекітіліп, қол қойылуға тиіс. Сондай-ақ, Қазақстанның бастамасымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2027 жылға дейінгі «Есірткі айналымына қарсы стратегиясы» қабылдануы ықтимал. Сарапшылардың пікірінше, саммит Еуразиядағы тұрақтылық пен өзара келісімге бағытталған ашық диалог алаңына айналады. Бастысы, Астана саммиті аясында ұйымды реформалап, тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар қаралады. Себебі, Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылғалы демек, 2001 жылдан бері не жүйесі, не қаулысы өзгермеген.
БАУЫРЖАН АУКЕН, аға сарапшы:
- Ұйымның трансформациясына алып келеді. Яғни, ұйым тарихының жаңа дәуірі басталады. Жалпы, саммит аясында энергетиканың даму стратегиясына қол қойылады. 20-ға жуық құжаттар бекітіледі. Оның маңыздысы Астана декларациясы болады. Ол ұйымның болашақта даму стратегиясы мемлекеттердің біріккен бірлескен нәтижелерге алып келетін қадамдарын айқындайды.
Қазір ұйымға мүше 9 елдің тұрғын саны 3 миллиардтан асады. Сәйкесінше, әлемде өмір сүріп жатқан халықтың 45 пайызы үшін маңызды шешімдер қабылданғалы отыр. Сондай-ақ, әлемдік жалпы ішкі өнімнің төрттен бірі және жаһандық сауда-саттықтың 15 пайызы осы мемлекеттердің еншісінде. Әрі мұндай ауқымды шараға қызу дайындық жүргізілетіні де анық жайт. Мәселен, саммит кезінде Астанада кейбір жолдарда қозғалыс уақытша шектеледі. Бұдан бөлек, террористік қауіптің «сары» деңгейі енгізіледі. Соған сәйкес, 2 шілдеден бастап 5 шілге дейін саммит өткізілетін объектілер аумағында және күзетілетін тұлғалардың жүру бағыттарында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Ал, күзетілетін тұлғалар Ақмола, Қарағанды облысы мен Алматы қаласына бара қалса, олар келген кезеңге және болатын орындарына терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі жарияланады.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/c...
TikTok - www.tiktok.com...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Пікірлер: 1
@QAZAQ.957
@QAZAQ.957 3 ай бұрын
👍👍👍👍👍
Don't look down on anyone#devil  #lilith  #funny  #shorts
00:12
Devil Lilith
Рет қаралды 6 МЛН
规则,在门里生存,出来~死亡
00:33
落魄的王子
Рет қаралды 27 МЛН
From Small To Giant Pop Corn #katebrush #funny #shorts
00:17
Kate Brush
Рет қаралды 72 МЛН
31 арнада жаңа сериал
1:39
Информбюро 31
Рет қаралды 209
Басты жаңалықтар 04.10.2024 | Жаңа уақыт | Кешкі шығарылым
15:54
JIBEK JOLY NEWS / Жібек жолы жаңалықтары
Рет қаралды 196
Don't look down on anyone#devil  #lilith  #funny  #shorts
00:12
Devil Lilith
Рет қаралды 6 МЛН