Көне Отырар 2023

  Рет қаралды 13,533

Malik Oskenbay

Malik Oskenbay

10 ай бұрын

Сәлеметсіз бе! Бұл шығарылымда біз Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі көне Отрармен танысамыз.
Араб жазбаларында бұл қаланы Фараб деп атаған. Отырар жеріндегі алғашқы қоныстар VIII ғасырда пайда болған. Жібек жолының бас тармақтарының бірінде орналасқандықтан қала дамып, тез арада көркейе бастады. ХІІ жылға қарай Отырар қаласы шеберлер мен өнерпаздар шоғырланған үлкен сауда орталығына айналды. Бұл жерде сарайлар, керуен сарайлары мен қала көшелері пайда болды.
Шығыстан Батысқа жол жүрген барлық ортағасырлық саяхаттанушылар міндетті түрде Отырар қаласына ат басын бұрған. Осы себепті, қаланың орнында қираған үйінділер қалса да, ортағасырлық Отырар қаласының бұрынғы мәртебесіне куә бола аламыз.
Саяхаттанушылар Отырарды үлкен сарайлар, мешіттер мен өзге де алып ғимараттар орналасқан, керуен жолдары қиылысқан үлкен сауда орталығы ретінде сипаттаған.
Сондай-ақ, бұл қала Шығыстың ең танымал әрі ұлы ғұламаларының бірі Әбу-Насыр әл-Фарабидің атымен тығыз байланысты. Себебі, ұлы философ Отырар қаласында туып-өскен. Оның танымал шығармаларының ішінде Аристотель туындыларының аудармалары мен мінсіз қала туралы трактат бар.
Отырар қаласы 2 мыңға жуық жыл болған. ХІХ ғасырда құрғақшылықтың кесірінен адамдар қаланы тастап кетеді. Осылайша қала біртіндеп босап, кейін бұзылады. Қаланың қираған үйінділері ұзақ уақыт ешкімге белгісіз болады.
Кейін 1969 жылы бұл жерде археологиялық зерттеулер басталады. Көптеген құрылыстар мәңгілікке құм астында көміліп, жоқ болып кетсе де, археологтар кейбір мешіттердің, сарайлар мен моншалардың кескінін келтіре алды.
Осылайша археологиялық зерттеулердің арқасында Отырар қаласының мықты қамалы мен үш қақпасы болғаны анықталған. Аталмыш қақпалар аспалы көпірлермен жабдықталған. Бұл қақпалар арқылы өзге жақтан жол жүріп келген кісілер қаланың орталығына кіре алған. Сондай-ақ, қолөнер, ағаш шеберлері мен ұсталардың болуы, қаланың ішінде су құбырлары мен канализация жүйесінің орналасуы Отырар қаласының жоғары маңызға ие қалалардың бірі болғанын көрсетеді.
Отырарда суландыру жүйесі белсенді пайдаланылған. Бізге дейін жеткен жазба деректеріне сүйенсек, Отырар қаласының тұрғындары күріш, тары, бидай секілді азықтық дақылдарды еккен, сонымен қатар, мақта, жүзіммен қатар, өзге де жеміс-жидектерді өсірген. Осылайша өздерінің ауқымды бау-бақшалары болған.
Отырар ІХ-Х ғасырларда гүлденген ірі қала және ғылымның орталығына айналды. Бұл қалада сәулетті сарайлар, ірі медреселер, мешіттер болған.
Қазіргі уақытта Отырар - бесбұрыш тәріздес төбе. Өлшемдері: оңт. жағы - 380 м, оңт.-батысы - 145 м, батысы - 400 м, солт.-шығысы - 380 м және шығысы - 350 м. Төбенің ең биік жері іргесінен 18 м. Жалпы аумағы 200 га. Қала дуалмен қоршалған. Оның солт.-шығыс және шығыс жақтағы құрылыстары жақсы сақталған. Негізгі төбені айналдыра қазған орлардың орны бар. Қаланың үш қақпасы болған. Орт. қақпа оңт. жағына орналасқан. Археологиялық қазба жұмыстары қала орнындағы мәдени қабаттарды анықтап, олардың қай уақытта болғанын, құрылыс орындарын кезеңге бөліп, талдау жасауға мүмкіндік берді. Қаланың мәдени қабаты 16 м. Ол 7 мәдени қабаттан тұрады.

Пікірлер: 27
@fedyakolyayev9641
@fedyakolyayev9641 8 ай бұрын
Esingizdan chiqarmang o'zbek, qozoq, qirg'iz, turkman va boshqa turkiylar biz bir xalqmiz! Tarixdayam birlashmaganimiz uchun bizni 3-tomon bosib olgan va bo'lib tashlab boshqargan! Hozir ham 3-tomon har xil o'yinlar bilan bir birimizga qarshi qo'yishga harakat qilmoqda, ularga turkiylar birlashmasligi kerak, shunda ularning yo'rig'iga yurishadi! Hamma millatdayam ahmoqlar bor, 3-4 ahmoqlar deb butun boshli davlat yoki millat haqida yomon gap aytmanglar! Biz har doim provakatsiyalarga aldanmaylik va bir bo'laylik! Yashasin Turon! Turkiylar! Biz sportdayam, sa'natdayam, ilmu fandayam, biznesdayam bir- birimizni qo'llaylik! Tarixdan xulosa chiqaraylik turkiylar juda ko'p aldangan! Bir bo'lishimizga qarshi fikr bildiradigan oramizdagi ahmoqlar va sotqinlar bilan kurashaylik!
@user-dx1kg5dl9u
@user-dx1kg5dl9u 10 ай бұрын
Utror Qadimiy Shahar Hamma Manbalarda uchraydi, Video uchun Rahmat,
@user-sk4uf8fh6b
@user-sk4uf8fh6b 8 ай бұрын
Қандай керемет, Отырар ҚАЗАҚ Халқының байлығымыз !
@nurkenjakup2983
@nurkenjakup2983 10 ай бұрын
Өте дұрыс тарих Аллаһ разы болсын
@user-cn2me4ci1d
@user-cn2me4ci1d 9 ай бұрын
Кыргызстан🇰🇬🇰🇿👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍
@kudabaiembergenov8811
@kudabaiembergenov8811 9 ай бұрын
Рахмет
@user-ck6rt4tq5q
@user-ck6rt4tq5q 8 ай бұрын
Дұрыс айтасың, көп деректерде кездеседі Шыңғысхан Отырарды қиратпаған, бұл орыстардың тарихты бұрмалауы, тіпті Шыңғысхан Отырар қаласына шабуыл жасаған жоқ дегенде бар
@user-gz6my4jw1w
@user-gz6my4jw1w 10 ай бұрын
Каи жери керемет Рахмет
@user-fc9sj8it9y
@user-fc9sj8it9y 9 ай бұрын
Туркыстан обл отырар ауданы талапты ауылы бул жер
@SamsungA52-hm7pe
@SamsungA52-hm7pe 10 ай бұрын
Hozir qaysi shahar
@kkfinancekek7319
@kkfinancekek7319 9 ай бұрын
Қазақ астанасы Отырар
@user-qv6pl1un5j
@user-qv6pl1un5j 8 ай бұрын
Жоқ, Сарайшық Қазақ астанасы
@rickhan4492
@rickhan4492 8 ай бұрын
Отрар каласы жонундо Библияда жазылган, Библейский город Бабыл,бул Отрар Нарын кала Цитадель ушулар, Эмнеге талкаланганы Библи,да жазылган,
@rickhan4492
@rickhan4492 8 ай бұрын
Хорезим Шахтын шаары болгон, Хазарейцы булар Узбекистанда жашап атыр,Олар Кангюй дейт оздорун,
@user-id9os7pt3u
@user-id9os7pt3u 9 ай бұрын
Неге Туркестан Туркестан облысы деймиз менин жеке пикирим ойым Туркестан облысын ОТРАР ДЕП АТАМАСКА ал Туркистан каласын ШЕЖИРЕКАЛА деп
@user-rq4xz8ss6x
@user-rq4xz8ss6x 8 ай бұрын
Воиска Чингисхана пришол сюда и осадил востане
@user-eu4vj7bp9d
@user-eu4vj7bp9d 10 ай бұрын
Как жаль и досадно, что мои Казахи говоря об древнем городе Отраре\Алма-атинская область\ не говорят о мужестве его жителей особенно о Казахском герое и всех мусульман об Иланчике-Каирхане. Дело в том что мои земляки поверили рассказам кяфирских историков и продажных мусульман, которые специально очерняют его имя. а еще больно что мои Казахи, не зная историю расхваливают проклятого неверного кяфира Чингисхана убийцу мусульман и людей других вероисповедании.О зверстве кяфиров Монголов над мусульманами отдельная история.Я конечно мог бы и закончить на этом, тут опять люди не зная историю скажут, типа какой герой этот Каир-хан он же спровоцировал войну, зарезав Монгольский караван.Но ведь исторический доказано что этот караван был ненастоящий а купцы оказались лазутчиками Кагана.Тем более один из купцов грубо назвал по имени Каир-хана на его приветствие. Шах Мухаммад правитель \Хорезма\ велел немедленно казнить лже купцов а товары отправить ему. Отрар держался около 5-6 месяцев, жители не прося пощады держали оборону города. Каир-хан со своими воинами был в гуще событии, умело руководил, помощи так и не дождались. Шах один раз послал несколько тысяч воинов, но это капля в море против полчища Монголов. Раненого Каир-хана монголы взяли в плен. Его казнили перед смертью он сказал Чингисхану такие слова\ Ты Монгольский каган много горя и слез принес людям, твою кровожадную душу не примет земля и небо а кости будут съедены червями\ он страшную смерть испытал, его рот, уши , и глаза залили расплавленный серебро, он не просил пощады у кяфиров. Его тело кяфиры выкинули на свалку на съедение хищникам, на удивления хищники не тронули его тело. Все же его тело забрали похоронили то ли оставшихся чудом в живых воины то ли местные жители после уходов Монголов. Где похоронен Каир-хан никто не знает, его похоронили в укромном месте чтобы Монголы не нашли и не осквернили.Позор что сегодня в большом современном Казахстане нет памятника, улицы, аллей в честь Каир-хана. Он с захватчиками и оккупантами сражался до конца, до последнего вздоха. Пусть Аллах в судный день его обрадует раем Амин.
@aminklb
@aminklb 9 ай бұрын
Амин Қайыр хан бабамыздың моласын тапсақ қой❤
@user-tm1ut6nc7z
@user-tm1ut6nc7z 8 ай бұрын
Дұрыс айтасыз, Қайырхан Отырады арын салып қорғаған қайратты хан болған.
@user-le5ov4gb8v
@user-le5ov4gb8v 8 ай бұрын
​@@user-tm1ut6nc7zмамбет каирхан хан болмади ол комендант гарнизона болган и казакларга димда катиси жок
@user-bp1sc7cs9p
@user-bp1sc7cs9p 8 ай бұрын
Какие казахи, ты о чём? Казахское ханство, да и народ именно под названием казахи появились спустя 200 лет после этих событий. Я тебе больше скажу, появились казахи именно благодаря Шыгыс хану и его потомкам. Предки казахов были по обоим сторонам. Часть в войске Шыгыс хана, др часть кипчаки. Сам Шыгыс хан, его родные, близкие люди, да и в целом все мугулы были тюрками. Немного поизучай историю и не пиши бред.
@user-eu4vj7bp9d
@user-eu4vj7bp9d 8 ай бұрын
@@user-bp1sc7cs9p Бред пишешь ты, в то время Казахи были но их называли \Кипчаки\ так же под Кипчаками называли другие народы, это было очень большое племя. Это как Татары в Татарстане, раньше их называли \Булгарами\ многие не зная историю говорят что именно они пришли из Средней азий и обосновались в этом регионе, хотя нынешние Татары ни кого отношения не имеют тем Татарам скажем так из Средней азий если можно так назвать их.Они тоже как и Кипчаки наши предки воевали с Монголами, хотя и говорят не было Монголов и не было Татар а были Тюрки, ну это не объяснишь нынешним Монголов бесполезно они на своей волне. А кяфир Чингисхан наоборот расколол мусульман, раньше государство \Хорезм\ был, нынешняя территория Казахстана и Средней азий относилась к Хорезму большинство мусульман были едины. А позже на этих расколах образовались, наций которых сейчас мы знаем. Поэтому это вам надо хорошенько изучить историю, чтобы делать какие то выводы.
@aminklb
@aminklb 9 ай бұрын
Аға осы Шыңғыс зан маңғол болмады деген дерек рас па? МЕН РАС деп ойлаймын
@malikoskenbay4811
@malikoskenbay4811 9 ай бұрын
Шыңғыс ханның атамекені қазақ даласы Жетісу! Бүкіл дүние жүзінде Шыңғыс ханға қатысты жерлер тек қана Қазақстанда сақталған! Қытайдағы қазақтар отырған жерде Тарбағатайда "Шыңғыс хан тауы" - деген тау бар. Қазақстанда "Шыңғыс тау" - деген тау бар! Жетісуда "Шыңғыс хан сайы" - деген сай бар! Осы топографиялардың бәрі Жетісуға қатысты! Ал сол рулар күні бүгінге дейін сол айтылған жерде отыр! Бұл нені аңғартады?! Тайға таңба басқандай дәлел деген осы емес па!
Қазба қазыналары. Отырар қалашығы
21:06
Abai TV / Абай TV
Рет қаралды 23 М.
Туркестан | Мавзолей Ходжи Ахмета Ясауи | Сауран | Отрар
34:40
Жемчужина Великой Степи
Рет қаралды 62 М.
1❤️#thankyou #shorts
00:21
あみか部
Рет қаралды 87 МЛН
Just try to use a cool gadget 😍
00:33
123 GO! SHORTS
Рет қаралды 73 МЛН
Watermelon Cat?! 🙀 #cat #cute #kitten
00:56
Stocat
Рет қаралды 30 МЛН
Climbed onto the pyramid. How to do it?
33:55
Temirlan Mukashev
Рет қаралды 474 М.
Көне қала - Отырар
2:20
OTYRAR
Рет қаралды 12 М.
Туған өлке. Отырар қаласы
11:52
УЧТВ-КЫЗЫЛОРДА
Рет қаралды 2 М.