Қоғамның наразылығын туғызған завуч жумыстан босатылады.

  Рет қаралды 9,745

Астарлы ақиқат ақпарат агенттігі

Астарлы ақиқат ақпарат агенттігі

2 жыл бұрын

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, А.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына қатысты Facebook әлеуметтік желісінде бейнежазба резонанс тудырған болатын.
Алдымен, әлеуметтік желіде көтерілген мәселені зерделеу үшін 18 маусым күні А. Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектепте Түркістан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы, Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі және А. Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебінің әдеп кеңесі мүшелерінің біріккен кезектен тыс көшпелі кеңес өткізілді.
Кеңес қорытындысы бойынша өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше атқармағаны және өрескел заң бұзушылық жасағаны үшін А. Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебінің директорын қызметтен босату туралы ұсыныс жасалып, Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің 18.06.2021 ж. №144 бұйрығымен мектеп директоры өз қызметінен босатылды. Сондай-ақ оқу-тәрбие ісіне жауапты қызметкер моральға қайшы іс-әрекеттер жасағаны үшін кезекті еңбек демалысы аяқталған соң директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінен босатылатын болды.
Ал, енді Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «А. Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ақбөпе Өмірзақтың қандай себептерге байланысты қызметінен босатылғанына толығырақ тоқталып өтсем.
Ақбөпе Өмірзақ Жақсыбайұлы А. Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебінің директоры болып 2020 жылдың 24 ақпанында тағайындалған. Бұған дейін осы мектепте мұғалім, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
Ө. Ақбөпеге қатысты Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексіне» сәйкес 10.02.2021 ж. Kundelik.kz платформасын толтыруда жіберген кемшіліктері үшін «ескерту», 01.06.2021 ж. мемлекеттік емтихан өткізу кезінде жіберген кемшілігі үшін «сөгіс» түрінде тәртіптік шаралар қолданылған.
Әлеуметтік желіде жарияланған бейне жазбаға қатысты Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің 17.06.2021 ж. №367 бұйрығымен Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маман-заңгері М. Молдабаев және кадр жөніндегі бас маман А. Каюпова зерделеу жұмыстарын жүргізді. Бейне жазба сонымен бірге кезектен тыс көшпелі кеңес барысында да жіті қаралды. Кеңестің қорытындысы бойынша мектеп директоры Ө.Ақбөпе бұған дейін оның екі рет тәртіптік шараға тартылғаны ескеріле отырып, Ұ. Елмұратованы директордың тәрбие жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындау барысында жіберген өрескел қателіктері үшін Қазақстан Республикасы «Еңбек кодексінің» 52-бабы 1-тармағы 16-тармақшасына сәйкес мектеп директоры қызметінен босатылды.
Мектеп директоры Ө. Ақбөпені қызметтен босатудың басты себептері:
1. Ұ. Елмұратованы мамандығы “Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі” бола тұра бұйрықта “өз мамандығы бойынша” деп көрсетіп, 0,5 ставка көлемінде дене тәрбиесінен үйірмені негізгі қызметіне қоса берген.
2. Ұ. Елмұратованы 10.11.2020 ж. директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстыру кезінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» № 338 бұйрығының талаптарын бұзған. Аталған бұйрықта директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына қойылатын біліктілік талабында оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде қосымша "педагог-сарапшы" немесе "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-мастер" санатының болуы қажет. Ал, Ұ. Елмұратовада мүлдем біліктілік санаты болмаған. Бұл ретте де мектеп директоры тарапынан бұзушылыққа жол берілген.
3. Ұ. Елмұратова директордың тәрбие жөніндегі орынбасары лауазымына ауыстыру кезінде өтініш жазбаған, қосымша еңбекшарты жасалынбаған. Яғни, Қазақстан Республикасы «Еңбек кодексінің» талаптары өрескел бұзылған. Сонымен қатар Ұ. Елмұратоваға қатысты қабылданған бұйрықтармен Ұ. Елмұратова таныстырылмаған.
4. Осы зерделеу жұмыстарынан кейін қызметкерлердің еңбек шарттарын тіркеу журналына түзетулер енгізген.
Мектеп директоры Ө. Ақбөпе тарапынан Ұ. Елмұратоваға қатысты шешімдер қабылдау кезінде жоғарыда аталған өрескел кемшіліктерге жол берілген.
Ө. Ақбөпе А. Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебінің директоры лауазымынан босатылғанымен, мұғалімдік қызметінен босатылған жоқ. Яғни, Өмірзақ Жақсыбайұлы аталған мектепте әрі қарай педагогикалық қызметін өз мамандығы бойынша тарих пәнінің мұғалімі болып немесе мектеп директорының орынбасары қызметінде жалғастыруға құқылы екенін жеткіземін.
Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер: 108
@user-ds9vy9ge6f
@user-ds9vy9ge6f 2 жыл бұрын
Директорды емес тапсырма берген акимди алу керек,букил былык ашылады Казахстанга.
@user-wc3qi3no1j
@user-wc3qi3no1j 2 жыл бұрын
Дурыс аитасыз АкимдI сатканы ушин директорлыктан алып тастады
@user-sy7mi8hz7t
@user-sy7mi8hz7t 2 жыл бұрын
Неге буирык бергендер шыкпаиды жумыстан жемкорлар
@armanalpysov3218
@armanalpysov3218 2 жыл бұрын
Позорники! Прекратите брать взятки! Вот так должен быть выставлен позыв
@user-km5ps3sk2j
@user-km5ps3sk2j 2 жыл бұрын
Директор еш өтірік сөйлеп тұрған жоқ, арттарың ашылғасын көт ашып директорды лақтыра салу оңайғой😅😅😅😅🤣🤣🤣🤣
@user-vy2cs9pc6u
@user-vy2cs9pc6u 2 жыл бұрын
Директор жумыстан кетеди. Баскалары жемкорлар жумыста калады керемет, бул биздин жуйе.
@user-jd3ex2ey9h
@user-jd3ex2ey9h 2 жыл бұрын
Директорга буирык берген кым. Жумыска ал деп соны жазалау керек
@user-xi5py5pz3q
@user-xi5py5pz3q Жыл бұрын
жуып шаюға жақсы адам екен, жетіскен екенбіз
@user-co9yp8kg9d
@user-co9yp8kg9d 2 жыл бұрын
Акимди тексеру керек
@user-yi3hw6jx4u
@user-yi3hw6jx4u 2 жыл бұрын
Рахымбек мырзаның айтып отырғаны өте орынды. Қайта жемқорлықтың алдын алып, адал жасаған қызметі жақпады ма халыққа?... Рахымбек мырза келгелі білім саласы жақсы жақтарға өзгеріп, қарапайым мұғалім үніне құлақ асып, етене араласып жасаған жұмыстарыңызға алғысым шексіз
@user-nk7lb4ej2o
@user-nk7lb4ej2o 2 жыл бұрын
Түсінікті айттыңыз.Директорға жаза ауыр тиген деп ойлаймын
@user-yp9ud7pz6f
@user-yp9ud7pz6f 2 жыл бұрын
Сол былыкты кадагалай алмаганыныз ушин сизди де жумыстан босату керек
@kanatnoserov2773
@kanatnoserov2773 2 жыл бұрын
Тек алға өте орынды
@user-hd8ij3tb1x
@user-hd8ij3tb1x 2 жыл бұрын
Осы уақытқа дейін ай қарап отырған ғой ауданның білім бөлімі
@cake4513
@cake4513 2 жыл бұрын
Бәрің біліпотырсыңдарғой, балық басынан шіріиді
@user-bf6fz5ri9m
@user-bf6fz5ri9m 2 жыл бұрын
Ой ұят жоқ , былқ етпей, қалай директорга жала жауа салдыңдар ей?
@aikanurgalievna6848
@aikanurgalievna6848 2 жыл бұрын
Тобедеги Аким, билим басшысы Улжанды жумыска киргизуге тапсырыс берген байлары ше жазаға тартылсын
@armanalpysov3218
@armanalpysov3218 2 жыл бұрын
Сейчас учитель получает хорушую зарплату от часов в среднем 250-300тыс тг. и соответственно цена взятки выросла. Толку от АНТИКОР АДГС МВД как с козла молока! Частные обрашения как правило не находит подтверждения т.к. все связаны и глушат звук еще на стадии обращения. Дерьмо все это а не борьба с коррупцией
@user-cn5ok8by9l
@user-cn5ok8by9l 2 жыл бұрын
Йемайоо катты кателестын. Директорды ауыл быледы жаксы адам екенын
@user-jx6kg8cy1o
@user-jx6kg8cy1o Жыл бұрын
Директор тәрбиезавучына жұмысқа алып жатқанда білім бөлімдегі кадрға жауапты басшылар неге отказ жасамаған, завучтыққа сай болмаса тәжірбиесі заңға сәйкес келмесе. Қызық екен...
@user-yr8rv5ts8t
@user-yr8rv5ts8t 2 жыл бұрын
Азат Оралбаевтын аты шыкты бiлiм басшысыда осы жагдай да шетте калып кете береме БАЛЫК БАСЫНАН ШIРИДI
@user-tg5sr2qr1v
@user-tg5sr2qr1v 2 жыл бұрын
Өзінді де айтпадынғой әкім тапсырма берді, мен директорға айттым ана әкімнің тоқалын жұмысқа ал айтпесе әтәт болады деп
@user-ob5gz8uy8l
@user-ob5gz8uy8l 2 жыл бұрын
Ұят болыпты, бір ауылда тұрып бір бірімен дұшпан секілді. Жемқорлық толып жатыр.... Ұлжанның былығы көп сияқты. Тікелей эфирді бүгін көріп таң қалдым. Ұлжан емхананы да басқарады екен ғой.... Бишара қыз жылап тұрып, барлық шындықты айтты...!
@user-eq7ye4pl1x
@user-eq7ye4pl1x 2 жыл бұрын
Енді ол айтты ғой жоғары жақ бұйрық берді, амал жоқ жұмысқа алдым деп, вот и алып тастады
@user-yi3hw6jx4u
@user-yi3hw6jx4u 2 жыл бұрын
Рахымбек мырзамен алты алас,бес берісім жоқ.Ол кісі өте қарапайым, ісіне адал, халқы үшін жанын беріп қызмет атқаратын жан деп ойлаймын, текке сөгіп, қара жағуды доғару керек.
@armanalpysov3218
@armanalpysov3218 2 жыл бұрын
Много поступают сообщения о фактах поборах и увольнения из за отказа подчиняться установленным незаконным правилам
@user-pu1wg8yj7i
@user-pu1wg8yj7i 2 жыл бұрын
Зам Әкімді босатпайсыңдар ма алдымен. Тапсырма берген сол ғой. Сен өзің Әкімннің тапсырмасын Заңға қайшы деп орындамайсың ба.
@user-qg9tr7zc5h
@user-qg9tr7zc5h 2 жыл бұрын
Билим саласын айтпай ақ қой. Бари белгили ғой. Пара алу бари жемқор. Балаларға дұрыс билим дұрыс тәрбие бериндер.
@user-dp6su1mh6t
@user-dp6su1mh6t 2 жыл бұрын
Коллцентрдин же ватсабынын телефон номери кандай ,ким биледи
@user-np5iz6wh8g
@user-np5iz6wh8g 3 ай бұрын
Мынау нағыз жемқордың өзі ғой, беті былыш етпей соғып отыр. Директор таза адам, осының өзін тексеру керек.
@user-zb8lp9yc4z
@user-zb8lp9yc4z 2 жыл бұрын
Қайдағы без диплом завуч🤔
@user-dp6su1mh6t
@user-dp6su1mh6t 2 жыл бұрын
Причём здесь директор ,другие нарушают ,берут взятки другие ,поставит на должность другие ,а страдает вообще другие ,пошёл ты
@akzhonassakupova4114
@akzhonassakupova4114 2 жыл бұрын
Бакылауымда деу керек
@user-sx4wc1bh7h
@user-sx4wc1bh7h Жыл бұрын
Бари батып калыпты гой былыкка.
@user-nq5vn2vn9g
@user-nq5vn2vn9g 2 жыл бұрын
директорды не үшін алады.завучты алмай ма?
@user-zg9wy6yb4o
@user-zg9wy6yb4o 2 жыл бұрын
Оте дурыс шешим,колдамыз.
@user-yr5wp9lv4q
@user-yr5wp9lv4q Жыл бұрын
Ия енді директор кінәлі оган аиты ал деп жүмыска ол алды не істеи алады. Үлкен кісінін аброин токпендер. Түсінікті бүлар директорді кінәлі гылып коиды.
@maksatwamwat1273
@maksatwamwat1273 2 жыл бұрын
арттарын жабар кезде өйстіп мүләйімсей қалады да
@user-kg8lm2cd3j
@user-kg8lm2cd3j 2 жыл бұрын
Сәкен орта мектеттинде директорын тексерсин мумкін одада бир былыгы шыгар
@maksatwamwat1273
@maksatwamwat1273 2 жыл бұрын
кім еді ол сәкенің? дұрыстап жазсайшы басы жоқ аяғы жоқ қате қате қылып, сауат қайда? сауат покунул чат па әлде?
@nursultanmombekov7668
@nursultanmombekov7668 2 жыл бұрын
Акимди орнына алу керек
@nursultanmombekov7668
@nursultanmombekov7668 2 жыл бұрын
Ол директор босату дурыс емес аким кинали
@nursultanmombekov7668
@nursultanmombekov7668 2 жыл бұрын
Жаксы соилеп отрик аитпандарш созден кашпаныз созди баска Жака бурмаи меирам деп Улжан деген келиншекти Директордын орын басары кылып Ким тагаиындады онын артында кимдер тур Сол суракка жауап берсениз халык Соны шешимин кутип отыр кинали биру болу керекои Туркестан каласынын акимимен Улжанды не баиланыстрат соган жауап
@user-oy8rw4ot5v
@user-oy8rw4ot5v 2 жыл бұрын
Осындайлардың кесірінен құрдымға кетемііз Директорда нелерің бар аудан әкімімен завучты жауапқа тарпайсыңдарма. Бір бәлеқор жалақор қатынды бәрің қолпаштағанша осы уақытқа дейін
@user-dr7ww3mj7p
@user-dr7ww3mj7p 2 жыл бұрын
Сол Бадамда мектептерде жумыска туру ушин 1-2мил акша беру керек екен ,сиздер билмеисиздерма сонда
@user-kg8lm2cd3j
@user-kg8lm2cd3j 2 жыл бұрын
Сеніде жумыстан шыгару керек жемкорлар
@user-ur9br4wj4d
@user-ur9br4wj4d 2 жыл бұрын
Не деген мылжың едің. Аз сөзбен жеткізуге болатын әңгіме ғой. Директор әкімдер туралы шындықты айтып қойғаны үшін шығарылды ғой не керек маймөңкелеп..
@maksatwamwat1273
@maksatwamwat1273 2 жыл бұрын
бұл да педагог, мұғалім деген сондай мамандық қой мылжитын ))))
@user-mc3vg6yl9p
@user-mc3vg6yl9p 2 жыл бұрын
Не ұшын деректірді ол жоғарыдан келген бүирықты жасады
@user-vw6vx3ew5o
@user-vw6vx3ew5o 2 жыл бұрын
Ол бэдик катын калай устаз болады.Директордын кинасы не??!!сендердин айткандарынды орындаганы ушин бе?!
@user-eh7ye1oh5m
@user-eh7ye1oh5m 2 жыл бұрын
Халыққа қызмет көрсету орнында бір білімді адам таппадым компютер білмитін қызметшіні көріп таң қалдым артында бұлардың кімі тіреп тұр Оңтүстікке Президентскый проверка керек
@user-le7tu1up2u
@user-le7tu1up2u 2 жыл бұрын
Қатырдым деп отырсыңдар ма? Одан халықтың айызы қанбайды Ол келіншек 200 000 тг пара бергенін өзі айтты оның орны-- түрме Орынды сендер босатуларың керек обылыстық басқармасына дейін...
@user-mc3vg6yl9p
@user-mc3vg6yl9p 2 жыл бұрын
Білімді адамдар көпғой не ұшын соларды игзаменен өткізіб қызметке қоймайсыңдар ал тоқал деген сөзге келсек қазағым өздеріңізге кінані көтермеңдер
@aliyaassaubayeva1062
@aliyaassaubayeva1062 2 жыл бұрын
Масқара не болып бара жатыр білім ордасы өздері жаман уйретет ақша беріп жумысқа тұрат
@user-gh1ls9zn4q
@user-gh1ls9zn4q 2 жыл бұрын
Сен коя салшы Улжанды коргаштамай
@user-yr8rv5ts8t
@user-yr8rv5ts8t 2 жыл бұрын
Акимнен бастамайсызба ДИРЕКТОРДЫН треуi жок приказ орындады. СОРЛЫ КАЗАК ОСЫЛАЙ ПОРАмен шешеди. Окига суицидпен аякталды
@user-yr8rv5ts8t
@user-yr8rv5ts8t 2 жыл бұрын
Аким бiлiм басшысы туралы ештене айтпады
@user-kk9xe9km2g
@user-kk9xe9km2g 2 жыл бұрын
Тірі бəрі.
@user-tq3nx4qn3v
@user-tq3nx4qn3v 2 жыл бұрын
Дәл тигіздің қышыған жеріне.
@user-iz2ed2my8k
@user-iz2ed2my8k 2 жыл бұрын
Казакстан емес кағазстан болдыгой кағаз жүзінде шешесіздер барлығын курту кереккой
@user-oo4by7xe3s
@user-oo4by7xe3s 2 жыл бұрын
Ол Ұлжан деген сұр жыланның жаны өте тәтті. Ол өзіне қол сала алмайды ау.
@Kurban_isa
@Kurban_isa 2 жыл бұрын
Мемлекетімізде калыптасқан бүкіл жүйеге Директор кінәлі болып кетпесін, жалпы дұрыс сіздікі тоқтатыңыз! 👊👎👎👇👇👇
@user-wr3pv7cv4b
@user-wr3pv7cv4b 2 жыл бұрын
Онбаған улжанды сотта ын,ақша алған адамдардың қайтарып оны түрмеге отыргызындар
@armanalpysov3218
@armanalpysov3218 2 жыл бұрын
Попробуйте только удалить мои коменты! Я сделал скрин и выставлю видео на своем канале
@user-ho7lk5ch3c
@user-ho7lk5ch3c 2 жыл бұрын
РАЙОНАНЫН БАСШЫСЫ ( ШУГА ) ДЕЙ МЕ СОНЫ ШЫГАРУ КЕРЕК .
@user-ho7lk5ch3c
@user-ho7lk5ch3c 2 жыл бұрын
ОЗБЕКСТАНГА КАЛАЙ БАРДЫ. СОНЫ ТЕКСЕРУ КЕРЕК
@user-nw5ug5gh2i
@user-nw5ug5gh2i 2 жыл бұрын
Кемшиликтер емес зансыздыктар дениз.Директор емес онын устине карап отырган кимди билим баскармасын жумыстан шыгарсын.
@user-nw5ug5gh2i
@user-nw5ug5gh2i 2 жыл бұрын
Акимди
@user-vw6vx3ew5o
@user-vw6vx3ew5o 2 жыл бұрын
НЕНИ АЛЫП КАШЫП ОТЫРМЫЗ.НЕГЕ КУАНА АЛМАЙ ОТЫРМЫЗ??!!ЭКИМ ЗАМЫНА,ЗАМЫ ДИРЕКТОРГА ЕЛМУРАТОВАНЫ ЖУМЫСКА АЛ ДЕЙДИ.СОЛ АДАМДАР ЖАУАПКА ТАРТЫЛСЫН.ЕДИМИЗДЕГИ ПОЗИТИВТИ КОРМЕЙТИН ХАЛЫК МАЛ ЕМЕС.
@user-sk2pu4uj5j
@user-sk2pu4uj5j Жыл бұрын
Өтірік, өзі директорға Ұлтжанды жұмысқа алу жөнінде бұйрық берген, директордың кінәсі жоқ.
@user-qw5ys3fv4n
@user-qw5ys3fv4n 2 жыл бұрын
Сены осылай айтуга орындауга буйрык берылгенын былемыз, кым бергенын де былемыз, ол кыз баланын жазыгы жок соны былып койындар ☝🏽
@egemberdievbakyt
@egemberdievbakyt Жыл бұрын
Бір сендердеғана емес күллі барлығың жемқорсыңдар тек ақша көмекеилеріңнен қалай өтеді блльяя
@user-gh8bz5cw5k
@user-gh8bz5cw5k 2 жыл бұрын
Ээйй ...
@user-yr8rv5ts8t
@user-yr8rv5ts8t 2 жыл бұрын
Аким бiлiм басшысы кайда олар туралы тiс жармады
@user-tq7fk6gu5x
@user-tq7fk6gu5x 2 жыл бұрын
вот неге сойтесындер а???
@user-eh7ye1oh5m
@user-eh7ye1oh5m 2 жыл бұрын
Бұл Шымкент бауырым таң қалмаймын туған елім болсада сыртта жүріп байқадым барып ісің түссе болнитца заң орындары пысқырыпта қарамайды аузым ашылып қалды Обласной болнитца адамды таңдайды екен он врач шығып менің адамым емес деді сонда оның адамы кім 🙄
@uldanadzhabagiyeva715
@uldanadzhabagiyeva715 2 жыл бұрын
Дұрыс осы ағайдың айтқаны..Одан артық не керек..Аяқтан шалуды тоқтатыңдар қазақтар мəдениетті болыңдар педагогтар.
@user-mg9pz3mv4v
@user-mg9pz3mv4v 2 жыл бұрын
Плок
@user-ub4ns5mm6h
@user-ub4ns5mm6h 2 жыл бұрын
Жұмыстан сен кетуің керек
@user-qs4fd1to4w
@user-qs4fd1to4w Жыл бұрын
Пазорсындаргой Сен акталмашы.Сондай балекор катынды мектеп директоры орынбасары етип койган.
@user-wi1st8xn1r
@user-wi1st8xn1r 2 жыл бұрын
Уакытша мугалим жай мугалим болады.одан Кейн кайтадан орнына койып коямын деи берсеи мигула
@aikanurgalievna6848
@aikanurgalievna6848 2 жыл бұрын
Озимде ақша аламын десейш
@user-yv3gz1qw1s
@user-yv3gz1qw1s 2 жыл бұрын
Не
@user-pp7dh5tn9g
@user-pp7dh5tn9g 2 жыл бұрын
Букул проблеманы акшамен шешуди койындар ! Арандарын ашылып , уяттан журдайсындар ! Казакстанды алга дамытпай , етектен тартып откан оздерин ! Устаз - деген атка лайык кылык кормедик сендерден ! Паракор , жалакор , арсыздык !
@user-vh4pf7ds5q
@user-vh4pf7ds5q 2 ай бұрын
Туркестан облысы білім бөлімінің боғы ағып жатырғои жемқор білім бөлімі туркестанда
@user-te7sx2jn4r
@user-te7sx2jn4r 2 жыл бұрын
Сіз өзіңіз ше
@user-dr7ww3mj7p
@user-dr7ww3mj7p 2 жыл бұрын
Вот окыымысты зиялы,КИСИ деп осыны аит,кайдагы топас завучты емес,жаксы тусындирди негизи
@user-uh5uk3ej9k
@user-uh5uk3ej9k 2 жыл бұрын
Сарнатып қойған сияқтығой
@mikofire5720
@mikofire5720 2 жыл бұрын
Е
@ZhanarSartbaeva
@ZhanarSartbaeva 2 жыл бұрын
Маумекеленип не деп далбасалап отырсың сены курту керек, директор ды емес
@mariyashkadralina5876
@mariyashkadralina5876 Жыл бұрын
Неге өтірік былшылдап отырсың? Директор бұйрықтапыңды орындады, сені да азамат дейді-ау? Ұлжан қатын бәрін тіреп тұрған болды ғо? Ұлжаның сотталсын, қалған бұйрық бергендерді соттау керек! Ақщасы барлар, сөйлейді, ақшасы жоқтар ештеңе демейді солай ма? Әділ болсаң бұлай сөйлемес едің ғо! Оттапсың сендейлер отырғанда , алда әліде әділеттілік жоқ деген сөз!
@sulpak2301
@sulpak2301 Жыл бұрын
лапша...
ПУТИН МЕН ТОҚАЕВ ШЫН ДОС ПА? / Әлем тынысы
40:07
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 53 М.
Туған күн. Тұрсынбек Қабатов / Әзіл Әлемі / Ázil álemi
15:46
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 2,1 МЛН
О, сосисочки! (Или корейская уличная еда?)
00:32
Кушать Хочу
Рет қаралды 8 МЛН
100😭🎉 #thankyou
00:28
はじめしゃちょー(hajime)
Рет қаралды 31 МЛН
Ұлжан еді, Бегім болды. Есімін өзгерткен әйелдің хикаясы
3:44
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 4,9 М.
«Демалмай ұра береді, ыңқылдаған дауысы бар, балалардан ұят!»
3:15
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 826 М.
Зал персональной конференции Еркебұлан
1:14:41
Қорытынды жаңалықтар (01.06.2024) 18:30
29:26
Телеканал ТДК-42
Рет қаралды 3,2 М.
О, сосисочки! (Или корейская уличная еда?)
00:32
Кушать Хочу
Рет қаралды 8 МЛН