Қобыланды батыр жыры 1 бөлім (Кобыланды батыр жыры)

  Рет қаралды 20,215

Abа Kaз

Abа Kaз

Күн бұрын

Қобыланды Батыр жыры-қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны-шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған шығарма.«Қобыланды батыр»жырының ең көне түрі бізге жетпеген,өйткені жырды жырлаған ақын,жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып,өңдеп отырған. Сондықтан «Қобыланды батыр» жыры көп вариантты жыр болып саналады. «Қобыланды батыр» жырын жинау тек 19 ғасырда ғана қолға алынды. Жырдың бізге 29 түпнұсқасы жеткен.Осы 29 нұсқасының 26-сы Қобыланды батырдың ерлігі жайында,ал 3 нұсқасы Қобыландының балалары Бөкенбай мен Киікбай батырлар туралы жазылған.«Қобыланды батыр» жырының заңды жалғасы болып есептелетін Қарлыға қыздың достығы,махаббаты,ерлік істері жайында тағы бір жыр бар. Бұл нұсқалардың көбісі кейінгі кезде жинақталған. Осы нұсқалардың барлығы да оларды алғаш хатқа түсіріп,оны жырлаған ақын-жыраулардың аттарымен аталған.Бұл нұсқалардың көпшілігі бұрыннан белгілі,халық арасына кең тараған,ғалымдар азды-көпті зерттеген жырлар.Кейінгі кезге дейін белгісіз болған-Дәулетше нұсқасы. Жыр Марабай нұсқасына ұқсас. Бұл жырдың 1884 жылы араб әрпімен жазылған түпнұсқасы Қазан мемлекеттік университетінің кітапханасында сақтаулы.1860 жылы қазақтың белгілі ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің Марабай жыраудан халықтың көптеген ауыз әдебиеті үлгілерімен қатар «Қобыланды батыр» жырын жазып алған.Оның ең көркем,ең қызық бір тарауын Қобыландының Тайбурылмен Қазан ханға қарсы шауып бара жатқан сәтін 1879 жылы басылып шыққан „Қырғыз хрестоматиясына“ енгізді. 1870-1890 жылдарының аралығында «Қобыланды батыр» жырының кейбір үзінділерін В.В. Радлов пен Г.Н. Потанин жариялаған. Осы жырды 1932 жылы С.Сейфуллин, 1939 жылы С.Мұқанов „Батырлар жыры“,„Батырлар“ деген жинақтарға енгізген. С.Сейфуллин,М.Әуезов,С.Мұқанов,Ә.Марғұлан,М.Ғабдуллин,О.Нұмағанбетова. т,б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінде «Қобыланды батыр» жырының мазмұндық,көркемдік қасиеті жан-жақты қарастырылған. Жеті буынды өлшеммен жырланған эпостың тілі айырықша көркем,эпитет,теңеу,салыстыру,әсерлеу молынан кездеседі.Қазіргі кезде бұл жырдың нұсқалары Мәскеу,Алматы,Орынбор,Қазан,Ташкент,Нөкіс қалаларының мұрағаттарында ,Орталық ғылым кітапхана қоры мен Әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.
Reference:
kk.wikipedia.o...)

Пікірлер: 40
@user-ti7vx8pw8w
@user-ti7vx8pw8w 6 ай бұрын
Өте керемет әсерлі аңыз мен бұл термені 1985жылы тындаған едім ол кезде мен 13-14 жаста едім міне тағы тындадым керемет ❤❤❤❤❤
@gazagnomadjaugawrnomad7799
@gazagnomadjaugawrnomad7799 Ай бұрын
Керемет! Бала күнімде Әкем жаттататын!
@qobyzsaryn9561
@qobyzsaryn9561 9 ай бұрын
❤❤❤❤ Ғажап ғой ғажап . Қазақтың болымысын жеткізген жыршыға, каналға рахмет!
@nurdadadaii_38_0
@nurdadadaii_38_0 Жыл бұрын
Керемет маған оте көмектесті 👍🏻👍🏻👍🏻
@ГульнаршаШарибжанова
@ГульнаршаШарибжанова Жыл бұрын
Рақмет! Тамаша канал! Осындай контент жүктелсін!
@ЗУБАЙРА-ц4и
@ЗУБАЙРА-ц4и Жыл бұрын
Тамаша жырау.
@ТулкинЯхёев-м2е
@ТулкинЯхёев-м2е Жыл бұрын
Кобланди ботир бизди Узбек кипчаклардиям бовоси булади деп уйлайман.Узбеклардаям Каракипчак, Сарикипчак,Торайгиркипчак ва яна бощка куплаб Кипчак уруклари бор.Самаркандан купдан-куп салом болсин!
@qobyzsaryn9561
@qobyzsaryn9561 9 ай бұрын
Қазақ пен Өзбек бір хандық болған ғой, Абілқайыр хан кезінде.
@janiyaniazbek8725
@janiyaniazbek8725 Жыл бұрын
Жақсы
@Кульманбет
@Кульманбет Жыл бұрын
Бек арув йырлайды Эпосты Йырав Молодцы КАЗАХЛАР С УДОЛЬСТВИЕМ послушал Сау болынъыз Салам из Питера
@qobyzsaryn9561
@qobyzsaryn9561 9 ай бұрын
Татарсыз ба?
@Кульманбет
@Кульманбет 9 ай бұрын
@@qobyzsaryn9561 Биз Ногайлар
@ДауренбекМанашов-ъ2т
@ДауренбекМанашов-ъ2т 11 ай бұрын
Маған ұнады ❤❤❤❤❤❤
@АлсерАлсер-з7з
@АлсерАлсер-з7з Жыл бұрын
Бәрекелді !!!
@ЖалгасСмайлов-п1с
@ЖалгасСмайлов-п1с Жыл бұрын
Ер кісінің орындауы күшті
@ТулкинЯхёев-м2е
@ТулкинЯхёев-м2е Жыл бұрын
Мени Узбек Эна тилимда айтаяпти. БАРАКАЛЛА, Куп Жаша.
@Алиби-е2у
@Алиби-е2у 11 ай бұрын
Өзбек шейбанид кыпшак тилинде сөйлеген.
@КайратКарашбаев
@КайратКарашбаев 10 ай бұрын
Керемет ❤
@ЖенисКаршыгаулы-о9г
@ЖенисКаршыгаулы-о9г 5 ай бұрын
Неге осындай жырлар насихатталмайды екен көбірек. Не мықты жыр.
@МақсатСейілхан
@МақсатСейілхан Жыл бұрын
80 жылдарда табақты болды осы жыр, соны қайдан тыңдауға болады?
@user-zh6pm1fs8l
@user-zh6pm1fs8l Жыл бұрын
Жаксы
@samatabdrakhman1185
@samatabdrakhman1185 9 ай бұрын
от❤
@Алтай-ц8д
@Алтай-ц8д 4 ай бұрын
❤🇰🇿
@Abilqair2016
@Abilqair2016 11 ай бұрын
Орындаушылардың аты-жөндерін минутынан бастап жазып қойсаңыздар жақсы болар еді
@SardarToltaev-uj6nr
@SardarToltaev-uj6nr 2 ай бұрын
🇰🇿✊🏻
@ИдаятоллаМухити-к9щ
@ИдаятоллаМухити-к9щ 11 ай бұрын
Баса айтатын нәрсе: жыр Ноғайлы заманында туған деп есептеледі; Кіші Жүз қазақтары мен ноғайлар жырлаған; басқа ортаға Кеңес үкіметі тұсында балгілі болған. - Тынышпаев солай дейді (М.Тынышпаев. Материалы к истории киргиз-казакского народа. Ташкент, 1925).
@nurahmetj2123
@nurahmetj2123 8 күн бұрын
Пластинкадан жырлаған кезінде, Мухтар Утебаев деген жыршы, сол кісі керемет жырлап еді, екінші жырлаған адамдікі келінкіреиді сол кісінің жырына
@abka8326
@abka8326 Жыл бұрын
Құрметті ағайын. Бұл аккаунтқа қазақша аудиокітаптарды салып отырамын. Сондықтан "Подписаться" деген батырманы баса отырып таныстарыңызға таратып отырыңыздар. Абай жолы романының бірінші кітабын салып жатырмын. Басқа жырлар да бар бөлісетін.
@bagdatsuvaliev837
@bagdatsuvaliev837 Жыл бұрын
Күшті
@bagdatsuvaliev837
@bagdatsuvaliev837 Жыл бұрын
Күшті емес
@tynysbekkongyratbay6191
@tynysbekkongyratbay6191 6 ай бұрын
Жырдың мақамы келіспейді, кейін жырланған
@dilshatmoldakhmet5165
@dilshatmoldakhmet5165 Жыл бұрын
👍🙏
@Нур-в5ф
@Нур-в5ф Жыл бұрын
Тексты болса сілтемемен..
@taimovjolasbai1455
@taimovjolasbai1455 Жыл бұрын
махаын дұрыс аитпады
@ДауренбекМанашов-ъ2т
@ДауренбекМанашов-ъ2т 11 ай бұрын
Маған ұнады ❤❤❤❤❤❤❤❤❤
@ЛайықКулов
@ЛайықКулов Жыл бұрын
Бәрекелді !!!
@КалдарханЕмбаев-э5я
@КалдарханЕмбаев-э5я Жыл бұрын
Баре келди жарайсындар
Ер Таргын жыры
1:24:38
Abа Kaз
Рет қаралды 54 М.
Or is Harriet Quinn good? #cosplay#joker #Harriet Quinn
00:20
佐助与鸣人
Рет қаралды 59 МЛН
Apple peeling hack @scottsreality
00:37
_vector_
Рет қаралды 127 МЛН
ТАБЫН АСАУ-БАРАҚ БАТЫР ДАСТАНЫ
43:03
NURBOL SARSENBAYULI
Рет қаралды 266 М.
20 июля 2024 г.
2:39
Куланда Ерпаизова
Рет қаралды 2,5 М.
Бұхараны уысында ұстаған қазақ.
1:44:04
Nurmakhanov Nurkhan
Рет қаралды 1,4 МЛН
Алпамыс батыр жыры
3:34:36
Abа Kaз
Рет қаралды 49 М.
Алпамыс батыр
18:45
Dead Nikto
Рет қаралды 203 М.
Қыз Жібек пен Төлеген 4 бөлім
54:41
Білесіңбе⁉️
Рет қаралды 15 М.
Ер Едіге Жыры
1:15:22
Abа Kaз
Рет қаралды 20 М.
Or is Harriet Quinn good? #cosplay#joker #Harriet Quinn
00:20
佐助与鸣人
Рет қаралды 59 МЛН