Құпия Ақпарат Шықты - Сағынтаевты Өлтірмекші болды!

  Рет қаралды 438,696

BILGEN DURYS

BILGEN DURYS

4 ай бұрын

Бәріңізге ассалаумағаликум. Елде дүрбелең басталғанда халыққа сөзі өтпеген, жұртты сабырға шақыра алмаған әкімдер қайсы? Қай шенеунік таяқ жеп қалды? Қай әкім тығылып сөйледі, қай әкімнің аузынан жаман сөз шықты? Алматыда әкімдікке шабуыл жасалып, қалада тәртіпсіздіктер басталғанда шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев қайда болды, жұртпен неге кездеспеді? Лаңкестер оны қуып жүріп өлірмек болғаны рас па? Мұны сізге білген дұрыс.

Қайырымдылық

Сонымен бұл жолғы толқу біраз әкімдердің бетпердесін ашып берді. Ел алдындағы абыройының қай деңгейде екенін көрсетті. Қақтығыстар басталғанда ел арқа сүйер әкімдер ортамызда болса екен деген. Дегенімен халықпен бірге болғандар да, көрінбей бой тасалағандар да болды. Ulysmedia.kz порталы қиын-қыстау шақтағы әкімдердің әдебі туралы шолу әзірледі. Соған зер салыңыз!

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев. 2 қаңтар Жаңаөзеннен басталған ереуіл кезінде жиналған мыңдаған халық келесі күні де тарқамады. Халық қарасынан сескенді ме, тек 3 қаңтарда ғана алаңға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев келді. Ол баға өсуінің себебін түсіндірмек болғанымен, қалың қауым сөзін тыңдамай тұрып алды. Шарасыз әкім басын изеп, бүрісіп қана тұрды.

Ал жұртшылықты сабырға шақыруға шыққан Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қаумалаған жұрттың ішінде қалып қойды. Халық оны көпке дейін жібермей, «елмен бірге болуын» талап етіп, босатқысы келмеді. Денсаулығы сыр берген әкімді күзетшілері әлде көмекшілері қолтығынан демеп әкеле жатқаны байқалады. Оларды бөгемек болған жігіттерді бұзып өтіп, қызметтік көлікке отырып сытылып шығады.

БҚО облысы әкімі Ғали Есқалиев өзін күзеткен арнайы жасақтың арқасына жасырынып шеруде тұрағандармен сөйлеспек болды. Десе де жұрт оны тыңдамайтынын ашық айтып, әкім сөзін өткізе алмады.

Қызылорда қаласындағы шеруге жиналғандар алдына облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова келді. Алайда көпшілік ұлардай шулап оны сөйлетпеді. Дегенімен көп ер әкімдерден қарағанда батылдық танытып халықпен жүздескені үшін ол әлеуметтік желідегілерден мақтау естіді.

Ал Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев ентелеген қауымға сөзін өткізе алмай әлекке түскенде аузынан балағат сөз шығып кеткенін өзі де аңдамай қалды.

Ал Таразда әнұран шырқап алаңға жиналғандар басу айтып, тәртіпке шақыруға шыққан Бердібек Сапарбаевтың дауысын естіртпей тастады.

Ресми террорлық шабуыл деп баға берілген наразылық кезінде таяқ жеп қалған әкім-қаралар да бар. Мәселен, 5 қаңтар күнгі митинг кезінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Ләззат Тұрлашов жарақат алған. 61 жастағы шенеунік ауруханаға жеткізілген. Қалалардағы толқу кезінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов та соққыға жығылған. Ауруханаға барғанда оған миы шайқалған деген диагноз қойған.

Жаппай наразылық Қарағанды облысының Жаңарқа, Осакаров аудандарын мен Жезқазған, Сәтбаев қалаларында жалғасты. митингілер өтті. «Қазақмыс» корпорациясының жұмысшылары жалақы көтеруін сұрап ереуілге шықты. Сол сияқты бейбіт митингілер Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында да ішінара көтерілген халық арасында әкімдікке шабуылдаушылар көрінбеген соң, басшылар тарапынан аса белсенділік байқалмады,- деп жазды ұлысмедиа,кз ақпараттық порталы.

Ал Алматыда тәртіпсіздіктер басталған шақта қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұрт алдына неге шықпады? Елге неге басу айтпады? Бұл сұрақты 31 арна тілшісі оған қойды. Сағынтаев былай деді. "Бәріміз жұмыс орнында, штабта болдық. Алғашқы түні таңға жуық мәлімдеме жасадым. Келесі күндерде штабта болдық».

Сағынтаевқа қастандық қалай жасалды? Лаңкестер оны қуып жүріп өлірмек болғаны шын ба? Бұл туралы ол RT агенттігі тілшісіне егжей-тегжейлі айтып берді.

СНХ:

Иә, бір ажалдан қалған немесе елге сөзін өткізе алмаған әкімдер үшін бұл бүлік үлкен сабақ болды. Халықпен санасу, кекіреймей кішіпейіл болу енді олардың әрдайым көкейінде жүрсе игі еді. Сөзс оңы ел дегенде елеңдейтін әкімдеріміз көп болсын. Сіз үшін білген дұрыс!

Пікірлер
Chotyryyevanheliya. Luke (Bible - New Testament)
3:33:09
Аудіокнига.UA
Рет қаралды 423 М.
Oybek & Nigora - Sog’inganman (Official Music Video)
4:47
Oybek & Nigora
Рет қаралды 2,4 МЛН
PSY - 'That That (prod. & feat. SUGA of BTS)' MV
3:37
officialpsy
Рет қаралды 169 МЛН
Әкімнің Былығы Ашылды!
9:05
BILGEN DURYS
Рет қаралды 397 М.
Мұны Айтуға Болмайды!
13:03
BILGEN DURYS
Рет қаралды 295 М.
Ортақ күйеу - от күйеу - 3 бөлім / Даудың нүктесі! / KOREMIZ
46:09
«KOREMIZ» ток-шоуы / Көреміз
Рет қаралды 285 М.
#рекомендации #тренды #фильмы
1:00
Твой Контент
Рет қаралды 1,8 МЛН