ҚР Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев туралы тарихи дерек мойындалды

  Рет қаралды 839

Khabar NEWS

Khabar NEWS

3 жыл бұрын

Биыл Ұлы Жеңіске 76 жыл. Осынша уақыт өтсе де соғыс кітабының ашылмаған ақтаңдақ беттері мен айтылмаған ақиқаттары аз емес.
Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың өмірі - осының дәлелі.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі оның қайтпас ерлігін, тарихтан мүлде сызып тастауға тырысқандар болды. Кеңес Одағы кезінде жазылған тарихта да, ресми деректерде де оның аты қасақана аталмай келді. Тиісті наградасы да берілмеді.
Бірақ таяуда Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми парақшасында Рейхстагқа бірінші боп жеткен Қошқарбаев пен Булатов екені жарияланды. Онда қос сарбаздың қолдан тігілген қызыл жалауды ғимараттың бас кіреберісіне ілгені туралы жазылған. Бұл тарихи шындыққа бір табан болса да, жақындауды білдірсе керек.
Шынар Асанқызы, тілші:
- Бұл - елордадан 15-20 шақырымдай жердегі Тайтөбе ауылы. Біз қазір Рақымжан Қошқарбаевтың өмірінде тарихи маңызы бар нысандардың бірінде тұрмыз. Ауыл шетіндегі мына үй бір ғасырдай уақыт бұрын салынған. Сыртына жөндеу жұмыстары жүргізілгені болмаса, қабырғасы сол күйінде сақталған. Кезінде мұнда жетім балалар тәрбиеленген интернат болған. Ата-анасынан ерте айырылған Рақымжан Қошқарбаев 1932-1939 жылдары дәл осы үйде дәріс алып, тәрбиеленген.
Рақымжан Қошқарбаев майдан даласына 1944 жылдың күзінде келіп кіреді. 150-атқыштар дивизиясында взвод командирі болып, Беларусь, Польша шайқастарында болады. Ал 1945 жылдың сәуір айында Берлин түбіндегі соғыстың ең сұрапыл шайқасына қатысады. Батальон командирі Рейхстагқа ту тігуге аттанатын алғашқы топты басқаруды Қошқарбаевқа жүктейді. Бұл өліммен тең тапсырма еді.
Қарша борап тұрған оқ пен оттың ортасынан еңбектеп өткен екеу 300 метр жерде тұрған Рейхстагқа 7 сағат бойы жүріп барады. Ғимараттың қабырғасына Қызыл жалауды тігеді. Екеудің ерлігін сол күннің ертеңіне-ақ майдан газеттері жарыса жазып жатты. Бірақ пендешілікпен әділдіктен аттап кеткендер де болды. Сол кездегі солақай саясатқа байланысты «Жеңіс туын» тігу мәртебесі тек орыс және грузин ұлтына тиесілі болу керек еді. Сондықтан соғыстың қанды қырғыны бәсеңдеген сәтте Егоров пен Кантария Жеңіс туын ресми түрде Рейхстагтың төбесіне апарып қадады делінген.
Амангелді қашқынбаев, мемлекет тарихы институты директорының орынбасары:
- Сол уақытта Булатов аздап наразылық білдірген екен. «Жеткен бейнеқор біз ғой, оның үстіне командир бізге кім бірінші жетіп жалауды қадаса, «Кеңес Одағының батыры» атағын береміз деп айтқан. Неге біз алмай жатырмыз?», - деген Булатов. Сталин шақырып алып: «Сәл шыда, Кеңес Одағының батыры атағын береміз. Бірақ әзірге кезегіңді бере тұр. Өзіңнің ерлігің туралы 20 жыл үндемей тұра тұр», - дейді. Бірақ сол 20 жылға шыдамай Булатов түрмеге де отырды.
КАНАЛҒА ТІРКЕЛ / ПОДПИШИСЬ НА КАНАЛ: kzbin.info?...
АРНАМЫЗДЫҢ ҮЗДІК ЖОБАЛАРЫ / ТОПОВЫЕ ПРОЕКТЫ КАНАЛА:
Отдел журналистских расследований
• Отдел журналистских ра...
«Бүгін» ток-шоуы
• «Бүгін» ток-шоуы
«Khabarlas»
• «Khabarlas»
#МәдениетХабар #ХабарЖаңалықтар #ХабарNEWS

Пікірлер: 3
@nuri4kz950
@nuri4kz950 2 жыл бұрын
Мыкты мыкты
@user-zd4tb5vm9b
@user-zd4tb5vm9b 11 ай бұрын
Ресхстагқа 1-ші болып Рақымжан Қошқарбаев пен Булатов тікен бұл шындық.
@user-iy8sz2zs2y
@user-iy8sz2zs2y 3 жыл бұрын
мен мектепте оқып жүрген кезімде рейхстагқа ту тіккен кошкарбаев пен булатов деп оқытып еді
«Өмір жолы». Рақымжан Қошқарбаев
30:17
«РАХЫМЖАН  ҚОШҚАРБАЕВ». Деректі фильм
24:55
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 3,3 М.
Não sabe tomar Coca Cola 🥤
00:29
DUDU e CAROL
Рет қаралды 14 МЛН
What Happens If You Trap Smoke In a Ball?
00:58
A4
Рет қаралды 15 МЛН
Duck sushi
00:54
Alina Saito / 斎藤アリーナ
Рет қаралды 24 МЛН
Казахстанцы Герои Советского Союза: Рахимжан Кошкарбаев
10:32
Телеканал Алматы / Almaty TV
Рет қаралды 33 М.
Parasat maidany (Парасат майданы) - Галилео: Дегенмен ол айналады...
35:19
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 80 М.
«Рақымжан Қошқарбаевтың жақсылығын ұмытпаймын» І Шаңырақ
1:57
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 848
Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында!
2:20
Hitler in Colour (4K WW2 Documentary)
1:10:44
Best Documentary
Рет қаралды 3,3 МЛН
Não sabe tomar Coca Cola 🥤
00:29
DUDU e CAROL
Рет қаралды 14 МЛН