Күрішті үстеп қоректендіру жұмыстары жүргізілуде

  Рет қаралды 181

QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы

QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы

4 күн бұрын

Биыл облыс бойынша 190 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде күріштің көлемі - 81,2 мың гектар. Су тапшылығына байланысты негізгі дақыл 7,8 мың гектарға аз егілді. Қазіргі уақытта өңірде егу, суға бастыру жұмыстары толық аяқталған. Диқандар күріштің шығымы жаман емес,- дейді.
Дәл қазіргі сәтте егіс басында мүлгіген тыныштық. Алқап түгел суға бастырылған. Диқандардың сөзімен айтсақ, түптеу және буаздану уақыты жүріп жатыр.
РАЙЫМБЕК ТӨРЕБЕКОВ - АГРОНОМ \ Қазіргі таңда үстеп қоректендіру, су алмастыру жұмыстарын жасап жатырмыз. Күрішке су жарамды. Барлық жағдайы жасалып жатыр. Күріштің шығымы жақсы. Янтарь, лидер сорты бар және біз өзіміз элиталық сорттар шығарумен айналысамыз\
«Мағжан и К» шаруашылығы өткен жылы күріштің Патриот, Яхынт деген жаңа сорттарын өндіріске енгізген. Шетелдік тұқымдардың шығымы жаман болмапты. Биыл да мол өнім алуды жоспарлап отыр.
РАЙЫМБЕК ТӨРЕБЕКОВ - АГРОНОМ \ Шығымы және күтімі біздің климатқа сай. Қазіргі таңда жақсы. Құдай қаласа өнімін күздің күні көреміз. Былтыр біз патриот тұқымын гектарына 84 центнерден алдық, Яхынт сортын 86 цн алдық гектарына. Биыл маршал сортын ектік\
Күрішке күтім жасап, баптамасаң жаз бойғы еңбегің еш кетуі мүмкін. Сондықтан шаруалар егіс алқабына тыңайтқыш сеуіп, өскінді қосымша қоректендіреді.
ЕРКЕБҰЛАН ЕРӘЛИЕВ, ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ \осы кезде корбомит тыңайтқышы себіліп жатыр. Сүттену уақытында күрішке витамин, азық ретінде беріледі. Ол өнімділікті арттыруға септігін тигізеді...\
Шаруашылық су тапшылығына байланысты биыл күріш алқабын 500 гектарға азайтқан. Есесіне мал азығына арналған дақылдарды молынан егіп, қазір екінші орымына кірісіп кетті. Жоңышқа шаруашылықтың жұмысшыларына тегін таратылады.
Сайт - qyzylordatv.kz/ru/live
Facebook - / qyzylordatv
Instagram - / qyzylordatv
Telegram - t.me/qyzylords_tv
Tiktok - / qyzylorda_tv

Пікірлер
Көне мал бағу тәсілі
16:56
дробилки 4 sala kz
Рет қаралды 71 М.
ИРИНА КАЙРАТОВНА - АЙДАХАР (БЕКА) [MV]
02:51
ГОСТ ENTERTAINMENT
Рет қаралды 6 МЛН
Пробую самое сладкое вещество во Вселенной
00:41
Хищники Которые Явно Ошиблись с Жертвой
41:33
ЭКОСИСТЕМА
Рет қаралды 3,4 МЛН
How a former airborne trooper was welcomed in prison (with English subtitles)
10:40
Зона в кинематографе
Рет қаралды 11 МЛН
МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ШАРУАЛАР ҚАРАШӨКЕЕВКЕ ШҮЙЛІКТІ
2:39
Басты жаңалықтар / Новости Казахстана
Рет қаралды 21 М.