Құран тәпсірі. 7. «Әл бақара» сүресінің 21 аятының тәпсірі - Ерсін Әміре

  Рет қаралды 8,391

Azan_ru – Иман, Ислам, Ихсан

Azan_ru – Иман, Ислам, Ихсан

Күн бұрын

Жаратушы Иеміз Алла Тағаланың адамзатқа басшылық етіп жіберген Қасиетті Құранның әр-бір мұсылман адамның өмірінде ерекше орын алатындығы айдан анық. Теңдесі жоқ ұйқастығымен бойды баурап алатын Сөздерді оқыған кездегі сезім неткен ғажап болса, сол Сөздерге салынған терең мағынаны ұғына отыру - күмәнсіз, Аллаға жақындауды қалағандар үшін иманының артып, шыңдалуына бірден бір себеп болмақ.
Ұстаз Ерсін Әміре Әбу Юсуф Ливандағы Ислам университетінің шариғат факультетінің түлегі. Жоғары білімінен өзге Ерсін Әміре Қасиетті Құранды жатқа білетін хафиз, сондай- ақ Құран оқудың он түрлі қырағатының бес түрін: шейх Асим, Әбу Амр әл- Басри, Халафул Әшир, Әбу Жағфар әл- Мәдәни және Яқұб қырағаттарын жетік меңгерген.
Сонымен қатар, белгілі мухаддис Абдул- Фаттах Әбу Ғудданың шәкірті шейх Мәжид Дәруиштен хадис ілімі бойынша ижәзәсі бар. Бүгінгі заманның үлкен ғалымы Уахба әз-Зухайлидің шәкірті болып табылатын Ислам экономикасы ілімдерінің докторы Алауддин Заттаридің шәкірті. Хадис ілімі саласында Ерсін ұстаз шариғат ілімдерінің докторы Әли Букоъидан дәріс алған. Өз кезегінде Әли Букоъи белгілі мухаддис Нуриддин Итрдің шәкірті. Сондай- ақ ұстаз Ерсін Әміре көптеген атақты әрі құрметті ғалымдардан ілім алған.
Ұсынылып отырған жоба еліміздің баршама мұсылман қауымы үшін маңызды білім қайнары болатынын сезіне отырып, оны іске асыру мақсатында көптеген іс-шаралар өткізіліп, ойымыз еліміздегі және шет мемлекеттегі мұсылман бауырларымыздан қолдау тапты.
Атап айтқанда, сабақтарды бейнетаспаға түсіру, өңдеу, аудармаларын жасау жұмыстарын жергілікті бауырларымыз атқарған болса, бейнесюжеттерді өңдеп, кіріспе роликтерімен әрлендіру жұмыстарына «Garib Media» порталының қол үшін берген еңбегі өте зор. Жобаның ұзақ және ауқымды болуына байланысты, сіздерден ұстазымыз Әміре Ерсін Абу Юсуф үшін, ат салысып еңбек жасап, қаражаттай жәрдем беріп жатқан бауырларымызға Алла Тағаладан дұға тілеп қоюларыңызды сұраймыз.

Пікірлер: 16
@ГульжанБайгожаева
@ГульжанБайгожаева Жыл бұрын
Алла разы болсын,сізге Алла екі дүниенің бақытын нәсіп етсін😊
@ТимурДузжасаров-г2п
@ТимурДузжасаров-г2п 10 ай бұрын
УАГАЛЕЙКУМАССАЛАМ УА РАХМАТУЛАХИ УА БАРАКАТУХ
@kiwi_02
@kiwi_02 8 жыл бұрын
Аллаһ разы болсын сізге!!!
@АзатАнсабек
@АзатАнсабек 2 ай бұрын
Керемет 👍
@Сапалыерлеракадемиясы
@Сапалыерлеракадемиясы 2 жыл бұрын
Алла разы болсын)))))
@АмиржанМанап
@АмиржанМанап 2 жыл бұрын
Ерсин Амире устаз аман болсын
@eltayniyazbekova2298
@eltayniyazbekova2298 5 жыл бұрын
Алланың разылығы болсын сізге
@Suinbay
@Suinbay Жыл бұрын
👍🤲🤲🤲
@БибарысТурсынов
@БибарысТурсынов 4 жыл бұрын
Сізге коп рахмет Алла разы жаксы тусіндіредіекен👍👍👍🌷🌷🌷
@user-uq3bo2yk4b
@user-uq3bo2yk4b 5 жыл бұрын
Алла разы болсын сізге
@nurbolahmetbekov9631
@nurbolahmetbekov9631 3 жыл бұрын
Рахымет брат жақсы жеткіздің
@ГабиденБимагзумов-ю4щ
@ГабиденБимагзумов-ю4щ Жыл бұрын
Пайдалы білім
@film9440
@film9440 4 жыл бұрын
Ерсін Əміре əбу юсуф ...нəпсіні тəрбиелеу ...
@uagyzKZ2011
@uagyzKZ2011 9 жыл бұрын
осы уағызды осылай видео түрінді қалай скачать етсек болады?
@MrBeckball
@MrBeckball 9 жыл бұрын
ClipGrab деген программаны жүктеп алыңыз, сонда барлығы түсінікті, ИншаАллаһ!
@uagyzKZ2011
@uagyzKZ2011 9 жыл бұрын
MrBeckball жазака Аллаху хайран!!
Running With Bigger And Bigger Lunchlys
00:18
MrBeast
Рет қаралды 25 МЛН
Win This Dodgeball Game or DIE…
00:36
Alan Chikin Chow
Рет қаралды 15 МЛН
Жұмада сақ бол
7:04
Шалқар ҚМДБ
Рет қаралды 421