Күрделі ахуал! Топан су Солтүстік Қазақстандағы бөгеттерді бұзып, жолдарды шайып жатыр

  Рет қаралды 7,403

Информбюро 31

Информбюро 31

2 ай бұрын

БІЗДІҢ KZbin АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Еліміздің солтүстігінде екі жүзге жуық үй қызыл судың астында қалды. Аймақта жағдай күннен күнге ушығып барады. Қазір Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында ахуал күрделі. Өйткені топан су облыс орталығына жақын ауылдардағы бөгеттерді бұзып, жолдарды шайып жатыр. Ал облыс орталығында тасқын су тарату станциясының электр бағаналарын бұзып, қала таңертеңнен тіршілік нәрінсіз тарығып отыр. Соған байланысты қала дүкендерінде суға кезекке тұрған қарашаның қарасы көбейді.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Бүгінгі шығарылымда:
РУСЛАН ЖАСҰЛАНҰЛЫ, тілші:
- Бұл Боголюбово ауылындағы қазіргі жағдай. Көріп тұрсаңыз судың деңгейі бір метрден асып кетті. Кейбір үйлердің терезесі де көрінбейді. Тұрғындардың айтуы бойынша ағын су оң жағымдағы бөгетті бұзып өтіп, ауылға кірген.
ПАВЕЛ ТОКАРЕВ, Боголюбово ауылының тұрғыны:
- Халық үреймен отыр. Өйткені мұндай тасқын бұрын-соңды болмаған. Соңғы рет 1950-ші жылдары Есіл өзені осылай тасыпты. Содан бері өзеннің соншалықты жайылуын бірінші көруім.
Сағат сайын көтеріліп жатқан өзен суы ауылдағы 29 үйге кірген. Баспаналарын тастай қашқан тұрғындардың кейбірі жиһаз бен техникасын да шығарып үлгермегенін айтады. Енді бірі ауласында ілулі тұрған киімдерін де ала алмаған. Азаматтардың дүние-мүлкі шылқыған судың бетінде қалқып жүр. Ал жан-жаққа жайылып жатқан судың кететін түрі жоқ. Сондықтан жалғыз баспанасының жағдайына алаңдаған қараша, бір апта судың ортасында тұрған үйіміз құлап, қирандыға айнала ма деп көздеріне жас алды.
Ал ауыл әкімі осыдан 4 жыл бұрын тұрғызылған бөгет қатты ағынмен келген суды ұстап тұра алмады дейді. Яғни, судың деңгейі үш метрден асып, ауылға жайылған. Жақын маңдағы Надежка, Приишим, Семиполатный ауылдарында да осындай жағдай. Барлығы үш ауданда екі жүзге жуық үйді су басқан.
ЛАРИСА БОРИСЕВИЧ, Куйбышев ауылдық округінің әкімі:
- Бөгет суды біраз ұстап қалды. Ол болмаса одан да көп үй суға кетер еді. Су қатты келіп жатыр. Деңгейі әлі көтерілуде.
Қазір Есіл өзені тасып, Бескөл, Тепличный ауылдарындағы саяжайларға кірген. Прибрежный елдімекенін де жан-жағынан су қоршап аралда қалды. Ол аздай Петропавлды сумен қамтитын станцияның электр бағаналары қирап, қала таңертеңнен бері тіршілік нәрінсіз отыр. Дүрліккен жұрт дүкендерден суды жапа-тармағай талап алып жатыр. Жергілікті билік ертеңге дейін жағдайды реттейміз деп сендіреді.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Пікірлер: 11
@user-ns4wx7nj2w
@user-ns4wx7nj2w 2 ай бұрын
Алла яр болсын Қазақ елине. Қазақ туысқанларымыз аман есен қыйналмағай.
@user-pc6wc4tv2n
@user-pc6wc4tv2n 2 ай бұрын
Обал ай Алла жазаларынды берсин осындай куйге тусирген бакытты болмандар
@user-xg8uf2ic5u
@user-xg8uf2ic5u 2 ай бұрын
Алла жар бола гөр
@user-uv7yd3sw2u
@user-uv7yd3sw2u 2 ай бұрын
Аллох понохида асрасин
@IrisdavlatAbdullaev
@IrisdavlatAbdullaev 2 ай бұрын
30 жылда тек Астана салынды. Ауылдар сол баяғы СССР кезінде құрылған. Қазақстан урылар қолында қалды. Келешекте балдар өзге елде қул болып істемесе болды
@user-or4vq7lt6d
@user-or4vq7lt6d 2 ай бұрын
Казак туугандарга Алла кечирим берсин Бул апаат Алланын каары гой кечирим дугасы кооп окунунуздар Алла кечиримин берсен суу бир сааттаа да Жок БОЛУП кетет гой
@Galym-zh8wx
@Galym-zh8wx 2 ай бұрын
Дұрыс
@user-ye3hh9db4c
@user-ye3hh9db4c 2 ай бұрын
Жендер акша жендер
@user-pc6wc4tv2n
@user-pc6wc4tv2n 2 ай бұрын
Болмайтын суды баяагыда орын дайындаса боладыго
@user-pc6wc4tv2n
@user-pc6wc4tv2n 2 ай бұрын
Дурыс бопты осылай оз оздеринмен арпалысып акшаны жендер сосын дамисындар
Информбюро 13.06.2024 Толық шығарылым!
24:48
Информбюро 31
Рет қаралды 25 М.
Советский мультфильм про нашу жизнь !
13:49
Дедушка Аргентинца
Рет қаралды 2,6 МЛН
100😭🎉 #thankyou
00:28
はじめしゃちょー(hajime)
Рет қаралды 57 МЛН
I Built a Shelter House For myself and Сat🐱📦🏠
00:35
TooTool
Рет қаралды 29 МЛН
35 Случаев, Когда Природа Сошла с Ума
25:03
Мастерская Настроения
Рет қаралды 7 МЛН
Жаңалықтар | 13.06.2024 | 19:00
22:27
Khabar NEWS
Рет қаралды 893
Арал қайтсе толады?
4:58
Телеканал 24kz
Рет қаралды 370 М.
Тасқын су қиратқан Құлсары
9:05
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 190 М.
Салаға жүйелі өзгеріс керек - су саласы бойынша сарапшы
10:29
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 165 М.
Бүгінгі Орал. Тасқынмен күрес
16:27
ARA MEDIA
Рет қаралды 194 М.