Рет қаралды 197
Қазақ халқының ұшан-теңіз мәдени мұрасының бір бөлігі - күй тартыс.
Күй тартыс дүбірлі той, астарда бірнеше шебер күйшінің басы қосылған жағдайда өткізілген. Екі домбырашы кезекпен күй орындайды. Күй орындап отырған өнер иесі кез келген жерден тоқтатады, ал қарсыласы мүдірмей сол жерден іліп әкетуі керек.
Тартыстың тағы бір түрі - бір күйшінің орындаған күйін айна-қатесіз қайталап беру.
Күй тартыстың қай түрі болса да, бұған өзіне сенімді, нағыз майталман шеберлер қатысқан.
Абдулхамит Райымбергеновтің шығармашылық кешінде жас күйші Әсел Алина мен дәулескер күйші арасында тартымды тартыс өтті. Нәтижесінде өнер жеңді десе болады. Әсел ағаға құрмет ретінде домбырасына үкі қадаса, Абдулхамит Ысқақұлы қарындасына шапан жапты. Күй тартыс та, үкі тағу мен шапан жабу да халқымыздың мәдени мұрасы мен салт-дәстүріміздің көрінісі болды.