Үкітай атты композитор бар екенін "Жарқ етейінші найзағай боп.."деген әнін тыңдау арқылы білдім. Сөздері терең, мағыналы әніңіз үшін сізге көп рахмет! Өнеріңіз өрге жүзіп, аман-сау боп, елдің құрметіне бөлене беріңіз!
@Нагима-ы5ы3 күн бұрын
Теледидар көрмейтін заман болды ғой, ютубта осы бағдарлама шыға берген соң көрсем керемет екен. Үкітай деген сазгерді осы бағдарламадан танып, біліп отырмын. Осындай елден жырақта жүрген азаматтарды халыққа таныта берсеңіздер
@sausar50142 күн бұрын
"Жарық етейінші найзағай болып". Мағнасы соншалықты дариядай терең, сөздері өткір, тіліп түседі. Аль Фараби, жарайсың ❤❤❤❤
@ШарбануНуржанова-о7ж4 күн бұрын
Керемет, кеш болды.Көптен бері Дана Нұржігіттің "Дара жолынан " кейінгі көңілімнен шыққан хабар болды. Кеш өте әсерлі шыққан, хабардың қатысушыларының шешендігі мені тәнті етті. Қазақ дәстүрінің, тілінің қаймағы бұзылмаған Сыр елінің перзенттері екенін дәлелдеп шықты. Не деген сырлы әндер, не деген орындау. Ұйымдастырушыларға мың алғыс. Талаптарың оң болсын, осындай биік деңгейлі қойылымдарыңыз көп болсын.
@КунбибиЖалмаханова3 күн бұрын
Өте керемет! Әсерлі хабар болды. Найзағай көңіл - тамаша ән! Осындай әндеріңіз көп болсын!
@Сара-ж8сКүн бұрын
😊
@АйнагулЖакаева-и4л3 күн бұрын
Жақсы адамдардың бас қосуына арналған керемет шығармашылық кеш болды Үкітай Аллатағаланың берген сыйы өнерің өрлей берсін сәттілік
@sandageto64514 күн бұрын
Айналайын, Үкітай, кіндік қаным тамған Сырдың сырбаз баласы, Сырдың сұлу ағысының жыршысы, сұлу Сырдың сырындай сырлы ән жырың азаймасын, Алла дауысыңа, қолыңа, жаныңа қуат берсін! Фараби, Ақжолдай жаныңның жартысыңдай шауып жүрген жанашыр дос-бауырың көп болмас, сол аз болған адал досың аман болсын! Тыңдасаң көңіл тояды, жаның жадырайды.Алла тіл көзден сақтасын!
@ТендикМырзалиев4 күн бұрын
Нағыз талант өте қарапайым болып келеді Жұрттың алдына түсіп асып тасып кетпейді Тектілігі көрініп тұр
@РайханТакишева2 күн бұрын
Әл- Фарабидің ; ата- анам қайтыс болғаннан кейін, панасыз қалған төрт қызға төркін болайын ,- деп оқуымды аяқтағаннан кейін, қара шаңыраққа кері оралдым, деген сөздері жүрегімді ауыртты ғой, көп рахмет, өте әсерлі кеш болды.Жігіттерге шығармашылық табыс тілеймін!❤❤❤
@ФатимаИзбасарова-ц1й4 күн бұрын
Үкітай, Фараби бауырларыммен бір заманда өмір сүріп, әндерін өз ауыздарынан есітіп жүргенімді мақтан тұтамын!! Диназаврлар сияқты жоғалып бара жатқан қазақтың нағыз текті жігіттерінің бар болғанына қуанып төбем көкке жетіп көрдім бағдарламаны. Тамаша! Өнерлерің шыңдала берсін, әндерің көбейе берсін және сол әндеріңді шын жүрегімен қабылдай алатын, бағалай алатын тыңдаушыларың көөөөөп болсын!!! Аман болыңдар, бар болыңдар!!!❤
@БактыгулТокмаганбетоваКүн бұрын
Сыр елінде осындай талантты сазгердің болуы үлкен мақтаныш! Әндерінің сөзі де сазы да мағыналы жүрекке жетеді Шығармашылық табыстар тілеймін! Сазгерлерге де әншілерге де үлгі болатын өнер иесі
@ГазизаКабылова-э5р14 сағат бұрын
😢Керемеет!!! Жүректі ерітіп жіберді мына ән! Үкітай атың да,затың да,әнің де ,сөз саптауың да ерекше жан екенсің!!! Тіл-көзден,бәле-жаладан сақтасын Алла!!! Халықтың сүйікті де сыйлы ұлы болып жүре бер! Өнеріңмен шыңға шық!!!
@ЖумагуловаКульбазар3 күн бұрын
Үкітай баламыздың өнері өрге жүзе берсін өмірі ұзаақ болсын
@dcvmnКүн бұрын
Өте керемет кеш!! Мына кешті жүргізіп отырған екі сұлу қарындасыма көп-көп рахмет!! Мына кешке,өте жақсы адамдар жиналған екен. Жүздері жылы, жүректері таза адамдар екен. Әрдайымда аман-есен болыңыздар.
@ШарбануНуржанова-о7ж4 күн бұрын
Бүгін теледидарды ашсам, Еларнадан осы хабар беріліп жатқан екен, соңғы кезде теледидардан не көретінімізді білмей жауып тастайтын болғанмын. Осы хабарды бастап көріп, орнымнан тұра алмай қалдым, әндерді тыңдап көзіме жас алып алдым. Жүректен шыққан ән жүрекке жетеді дейді ғой, Үкітай айналайын, осындай жүрек тебірентер әндерің көп болсын. Бүгін біліп жатырмын, сенің Жаңақұрылыстың баласы екеніңді, менің ата-бабамның ,яғни татрандардың түпкі қонысынан шыққаныңды, мақтанып жатырмыз
@КульпарьяСолтанова3 күн бұрын
Найзағай көңіл әнін кім жазған деуші едім. Бүгін біліп, тыңдап қуанышта болдым. Мән мағынасы жоқ әндер қаптап кеткен мына заманда шыққан жарық жұлдыз деп санаймын.Ғұмырлы бол Үкітай!
@ZhaksygulD3 күн бұрын
Қандай қарапайым жан өнері өрге жүзсін "менмін"деп жүрген әншілерден он есе артық алға балам талабына нұр жаусын
@ГулайымЕрмагамбетовв3 күн бұрын
Жарайсың бауырым!
@ТурсынайИмангалиева2 күн бұрын
Аман болғайсың азамат. Ғұмырлы бол
@aizhantokpaeva65612 күн бұрын
Үкітай баламызды естігенмен,білмеген екенбіз.Бағдарламаға алғыс қуаныштымыз!Үкітай атыңа затың сай әкеңнің ғана емес халқыңның еркесі болатын осы заманның сал серісі екенсің!Ат Алладан дейді ғой.Аллахым өзі Үкі деп үкілеп бізге дарынды ғып сыйлаған екен,бір өзі қорғасын!Өнерің өсе берсін,ғұмырлы бол!❤❤❤❤❤
@sausar50142 күн бұрын
Осылайша ұдайы жарық етіңдерші найзағай болып. Бәріңіз . Бәріміз. Керемет. Көзге жас келеді. Өте жылы кеш болды. Ризамыз. Ақын, жыршы азаматтар шабытына шабыт қосылсын ❤❤❤
@AigulZhumabaeva-zg6wc3 күн бұрын
Нагыз Азамат жарайсындар өнерде жүрген арқайссың бір тұлғасыңдар 👍👍👍
@МарзияАбубакирова-й6жКүн бұрын
Керемет кездесу болыпты, Аман болыңдар Сыр елінің асыл жігіттері
@ГулмарашГул4 күн бұрын
Өте керемет , Үкітай жарайсың! Тұнып тұрған талант! Тыңдай бергің келеді Алла өзіңе берерін тоқтатпасын! Өнер әлемінде самғай бер!
@Guljahan-j1f3 күн бұрын
Керемет кездесу болды Үкітай Айжігіт керемет әнші сазгер . Бәрі әндері жүрекке жетеді . Алла қолдап жүрсін әндері қазақтың тұнық мөлдір жүрегін білдіреді. Денсаулығы мықты болсын ! Сазгерлік жүрегі талмасын!❤❤❤
@СадетханБидайбекова3 күн бұрын
Керемет кеш болды.Үкітай інім бүгін өзің туралы әндеріңді тереңірек білдік, өнерің өрге жүрсін,талантың таусылмасын қазақтың еліңнің мақтанышы бол
@ZhaksygulD3 күн бұрын
Міне нағыз қазақтың НАЙЗАҒАЙ Жігіттері. Фараб и балам дұрыс айтты әпке қарындастары ма төркін болайын деп қара шаңыраққа ие болайын деп ауылда қалдым деген сөзінің өзі қандай АЗАМАТТЫҚ ЖАСАЙ БЕР ,ЖАНЫМ
@ЖоламанМырзабек3 күн бұрын
Керемет! Үкітай - таза талант! Сыр еліне сөз жоқ...
@ГуляРахметова-е8оКүн бұрын
Үкітай қазақтың маңдайына біткен ерекше дарын! Бар өзінің табиғи көркем болмысымен шығармашылығын ұштастыра білген өнер иесі, танымалдығы артып, құрметке бөлене берсін
@КулжанСалимбетова2 күн бұрын
Қазақтың Асқар таудай талантты жігіттері жарқырай берсін.Керемет.
@КулжанСалимбетова2 күн бұрын
Енді үлкен сахнада кеш өткізіңіз Үкітай інім,сосын бір көңілді бір екі әніңіз болса,...
@СафураМусаева-м1с2 күн бұрын
Жарайсың Сыр елінің өнерлі азаматы ,жерлестерің мақтанышпен сенің барлық сазгерлік, әншілік, күйшілік өнеріңе тәнті міз бас иеміз ,тыңдармандарың ,көрермендерің көп болсын!
@Lyro-epic4 күн бұрын
Кім Танымас Жақсыны Көңілі күміс ойы алтын Жүрегі жұмсақ жүзі гүл Сөйлесе сөзі ұнайтын Біржақсы туса дүниеге Үкітай қайтып тумайтын Хәкім Ұлықпандай мың жасаңыз❤
@АсылгулНогаева4 күн бұрын
Қандай керемет,Үкітай балам,өнерің өрге жүзсін,жаңа бағдарлама барысында айтып өтті,ұлы композитор Шәмшімен салыстырғаы өте дұрыс болды әндері ,сөздері есті өнері бар үлкен жүректі сөздер,ақын өмірің ғұмырлы болсын!!!
@tursinbubyotkelbaeva77782 күн бұрын
Өте керемет жан екенсіз шығармашылығыңыз биіктен көріне берсін
@GaishaZhumakhanova4 күн бұрын
Қандай керемет сұхбат болдыАсыл тас су түбінде жатпайды дегенді айтқан қазақтан шыққан өнер иесі деген осы шығар әпкесі қандай әнші Алла өнерін асқақтатып бармақтай бағын жақсын❤
Паххххх шіркін бар екего біздің сал-серінің сарқыттары.Аман бол,жолың ашық болсын бауырым,тілекшіміз!!
@t.j.22.937 сағат бұрын
Керемет! Сазгер.
@СаулеСарсембаева-у6ф3 күн бұрын
Үкітай інім Алла жарылқасын өзіңді, өнердің бұданда биік шыңдарын бағындыра бер. Қандай таоантты едің. Көз тимесін. Құлақтың құрышын қандыратын есті әндерің көбейе берсін❤❤
@lizasmanova88274 күн бұрын
Талант Үкітай бауырымыз. Жасай бер. "Найзағай көңілдің" авторы Фараби Бекарыс, өз балаңа, яғни өлеңіңе ие бол. Керемет азаматсың. Өз шапаныңды өзің ки.Авторлығың сахнада айқайлап айтылсын.
@guldarigaosantaeva43922 күн бұрын
Керемет! Өнерің өрге жүзсін!
@Анна-ц6й3хКүн бұрын
Вот они мои , дорогие моему сердцу певцы Казахстана, Укитай и Эл-Фараби. Слушаю несколько лет этих талантливых , красивых, благородных певцов.Восторгаюсь их пением и игрой на муз.инструментах. Спасибо, Рахмет итим мальчикам.Казахстан должен гордится такими талантами. А им я желаю еще большего творчества, крепкого здоровья и личного счастья.❤❤❤🌹🌹🌹💐👍👍👍💥💥💥🙋♀️🤝🤝🤝Видео на высшем уровне. Шедеврально. Слушательница из России.Русская душа Анна. Спасибо , кто дал возможность посмотреть этот ролик.
Үкітай,Әл Фараби нағыз талант иелері,жарайсыңдар,бір деммен отырып тыңдадым,осы екі жастың есімі аталса елең етіп қарап ,әндерін тыңдаймын,нағыз қазақ сахнасында жүретін таланттар,өнерде өрге жүзе беріңіздер!!!
@Роза-о5я6ы4 күн бұрын
Керемет . Бір жасап қалдық. Алла разы болсын. Үлкен сахнада көруге Алла нәсіп етсін. 👍👍👍👏👏👏🤲🤲
@КалигизЕсмуханова4 күн бұрын
Нағыз талантты азамат!Шығармашылық табыс тілеймін.
@АйшагульКазиева2 күн бұрын
укітай айналайын өнерің өрге жузсін.өмір жасың узак болсын.тіл көзден .аман бол.жулдыз болып жаркырай бер.
@jumabekenova86284 күн бұрын
Керемет сұхбат болды , Үкітай бауырым жарайсың ! Әндері де , дауысы да тамаша ! Ақын жігіттерге рахмет ! Аман болыңдар !
@Орынша-б2щ3 күн бұрын
Келіншегі,балалары барма?
@АйнурЕрниязова-ч2з15 сағат бұрын
@@Орынша-б2щ келіншігі бар әрине, 4 баласы бар Аллаға шүкір
@ИмяФамилия-ж3г1ь12 сағат бұрын
Үкүтай балам атыңа затың сай азамат екенсің ,жаныңда тәніңде таза ерекше саф алтындай🎉Аллам деніңе саулық басыңа байлық бергей,тілден көзден сақтасын ,зор денсаулық ұзақ өмір берсін!..Қостанай қарт ана.👍🤲@@Орынша-б2щ
@КамажайЕрмаханова2 күн бұрын
Керемет шығармашылық кеш , Сыр елімнің сырбаз жігіттері жарайсыздар .Үкітай , Фараби , Ақжол ,Олжас .❤❤❤❤
@СаулеОсмаханова-ц2д3 күн бұрын
Керемет кеш болды,рахмет!
@РайханМамбеталиева-в4д4 күн бұрын
Өте керемет деңгейдегі кеш өткен екен.Үкітай әндеріңнің де,өзіңнің де өмірің ұзақ болсын!Жаңақұрылыстан шыққан жұлдыз.
@aisulutazhibayeva45544 күн бұрын
Үкітайдің әндерінің мәні мен мағынасы өте зор .
@ELARNATV4 күн бұрын
💐💐💐
@kolsai6584 күн бұрын
недеген қарапайым бала!!!
@KyzyrAnuarbekКүн бұрын
Үкітай бауырым аман бол, саған сарқылмас шығармашылық табыс тілеймін, таланытың тасқындай берсін ...
Өте жаксы,тамаша ,акындарга да сазгерлерге де осындай туындыларына , онерлерине үлкен үлкен, кооп кооп рахмет. Барлықтарыңызға шыгармашылыктарыныз дами берсин, онерлериниз өрлей берсин.
@gulyatattibaeva3394 күн бұрын
Керемет. Сүйіп тыңдаймын. Қаламыңыз ұштала берсін. Жаңа әндеріңіз жүректерге жете берсін. Әрдайым сәттілік❤
@ТалғатБұрхан2 күн бұрын
Әніңді естіп ерекше сезімде отырмын бауырым Үкітай жан, Шығармашылыға тәнті болып қуанып жатырмын. Керемет екен, мен 70 жастағы ақсақалмын, ақ жол болсын, ерекше арман мақсаттарға жете бер.
@НуржауганНургалиева-к8в2 күн бұрын
Қазақтың, сұлу сыр елінің сегіз қырлы өнерлі ұлы Үкітай Ерниязовтың кеші жүректі тебіреніспен тамаша бағдарлама болды. Ұйымдастырушыларға мың алғыс!
@Нагима-ы5ы3 күн бұрын
Үкітай бауырыма тек шығармашылық табыс тілеймін
@GaukhartasGaukhartas3 күн бұрын
Әндері керемет екен
@БатмаДосабаеваКүн бұрын
Үкітай мырзаның әпкесі Айнур ханымды дауысы керемет, қоңыр дауыс екен,Аллахым жар болсын.
Керемет кеш, сұхбат болды, Үкі мырзаға шығармашылық табыс тілейміз!
@ShakiDuisemanova3 күн бұрын
Керемет шығармашылық кеш ,от басыңа,амандық әке-шешеңе ұзақ ғұмыр берсін шығармашылық табыс болсын балам.
@oneid58173 күн бұрын
Үкілеген үміттер ақталсын! Қазақтың ұлттық өнерін алғАпаратын Азаматтың шығармалары ұрпаққа мұра болуына тілекшімін
@УрзияЕрниязова4 күн бұрын
Керемет кеш Үкі тайдың даусы күшті екен жазған олеңд де оте мағыналы әсерлі.Онерің орлей берсін омір жасың узақ болғай.🤲
@СайранкульРсалиева-к7н3 күн бұрын
Не деген талантты жан әндері жүректерді қозғайды қаламың мен ойың ұштана берсін
@МаржанМунсызбаева4 күн бұрын
Керемет,адамның көңілін көкке көтеретін,салмақты,деңгейі жоғары кеш болды👍🌹Рахмет! Қайнар Алагөзовті көремізбе деп едім осы кеште қатардағы ақындар арасынан
@marzhanmarzhan10514 күн бұрын
Тамаша! Әсерлі, әдемі ән кеші! Үкітай мырзаға шығармашылық табыс тілейміз!👏🏻👏🏻👏🏻
@umittatimbekova4464 күн бұрын
Үкітай айналайын, саған ризамын, қай әніңде жүрекке жетеді, керемет. Әулетіңде бар екен әншілік өнер. Шарықтай бер шырағым, Әл фарабидің де өнерін жоғары бағалаймын, достықтарың мәңгілік болсын. Тағдырлы жігіт қой ол да, әзілдерін, өмірі туралы жазғандарын оқып тұрамын, қуанам сендер үшін.
@АмангелдіҚиясов-м3м3 күн бұрын
Ән иесін дәл тапқан екен.Саят,Үкітай алла өмір берсн сендерге.
@БотагульАлтаевна3 күн бұрын
Керемет кеш. Үкітай мағыналы, сұлу сазды әндерің көп болсын, айналайын. Шәмші, Нұрғиса әкелеріңнің жалғасы болып, халқыңды жүректен шыққан, тыңдаушысын тебірентетін, жүректерді нұрға бөлейтің туындыларыңмен қуанта бер. Өнердегі жолың ақ, ұзақ болсын.
@ЖаннатХайрлина4 күн бұрын
Керемет демалып калдым рахмет
@АйнаАнапияева-б5с3 күн бұрын
Атақты осыларға беру керек қой, нағыз талант қой
@ЗакүнАпа3 күн бұрын
Кеш әдемі өтті❤
@ГулсараИсаева-о7ь3 күн бұрын
Керемпт кеш болды рахмет .
@mamaazi60514 күн бұрын
Керемет!Жасай берші, айналайын! Тек осы қарапайым қалпыңнан айныма.Әндерің шынайы жүректен шығып, жүрекке жетті.Алла басыңа бақ дарытсын
@Нагима-ы5ы3 күн бұрын
Ең танымал, хит әндердің авторы екн, Қазақстан телеарнасында берілсе екен
@ГульмираМырзахметова-ю9ь4 күн бұрын
Шығармашылығыңыз шындалып, керемет әндер дүниеге келе берсін.
@i94112 күн бұрын
СЫР ЕЛІНІҢ ӨНЕРЛІ ТАРЛАНДАРЫ БИІКТЕН КӨРІНЕ БЕРІҢДЕР АЙНАЛАЙЫНДАР. КЕРЕМЕТСІҢДЕР, АЛЛА ЖАР БОЛСЫН ҮКІТАЙ БАЛАМ.
@Azamat_sagat4 күн бұрын
Шығармашылық шабыт тілеймін👍
@ELARNATV4 күн бұрын
💐💐💐
@Саулет-ж6ч4 күн бұрын
Үкітай Фараби ағаларымның орныдауын жанынан тыңдап көрсең мүлдем әсерлі керемет.Биыл сол сәттің куәсі болдым.Ағам мен жеңгемнің құдалық тойында сүйсіне тыңдадым.Респект керемет жандар.
@БахтыгулЖубанова4 күн бұрын
СЫР ЕЛІ ... БӨЛЕК ПЛАНЕТА ! КИЕЛІ ҚАЗАҚТАР ... КӨБЕЙСІН ! ШАБЫТЫҢ ШАРЫҚТАЙ БЕРСІН , ҮКІТАЙ 🤲❤️
@ELARNATV4 күн бұрын
💐💐💐
@НуршаЖубатврова4 күн бұрын
Керемет,неше сағат өтседе,тыңдай бергің келеді.!Қаламынан жыр шумағы жазылып,қөмейіңнен ән болып төгіле берсін!!!🙏👍👍
@МарзияАбубакирова-й6жКүн бұрын
ӘльФараби керемет ақын әнші, өнерің өрге жүзе берсін.
@Сания-д8п4 күн бұрын
Әндері керемет👏👏👏
@СветаКалтаева-м9н3 күн бұрын
Тамаша әндер.Бакытты болыңдар!
@ТасбикеСатыбаева-э8т4 күн бұрын
Айналайын Укітай балам рахмет осы әндерін ушін.Биіктерден көріне бер.Бунданда көп әндер шыгаруыңа тілектеспін.АЛЛА өзіңді колдай берсін.
@ОразбекГалымов-э6т4 күн бұрын
Сыртыңнан білуші едім бауырым Үкітаи Үкі десе Үкідеи екенсің Жәрәисыңдар бауырым Керемет қарапаиымдылық Азамат екенсің бауырым Мен Қостанаидан Оразбек деген ағаң
@ГульнарГалимова-е7о4 күн бұрын
Керемет ғажапбір рахаттаныпқалдым жарқ еткен ғажап жансын, жұлдызың жана берсін өзіңе де өнеріңе де ұзақ өмір берсін
@Janaıgul4 күн бұрын
Керемет күйде болдым, Үкітай мырза, Ақжол мырза, Фараби мырзалар ға Алла разы болсын
@AlibekAman2 күн бұрын
Ееей Жарайсың бауырым!!!
@АйнагулМаханова3 күн бұрын
Өнерлерің өрге жүзсін Менде немеремді Укітай деп атаймын Аман болыңдар Сыр елімнің серілері
@amankeldiyessey83954 күн бұрын
Үкітайдың бойынан отбасылық тәрбие, қазақтың тектілігі мен қасиеті, ұлттық әдеп пен мәдениет төгіліп тұр
@АйнамкөзАлихан3 күн бұрын
Укітайдың әндерінің бәрі керемет қой👍
@СаулеКеримбаева-д3д4 күн бұрын
Шыгармашылыгынызга ар кезде саттиликтер серик болсын ! Улкен табыстарга жете бериниз !
@laramus49472 сағат бұрын
Үкітай балам рахмет сенің әнің халықты қуантып жүргеніңе Мен сені Найзағай әніңмен таныдым. Аман есен бол Өс өн, әніңмен халқыңды ән күйіңмен қуанышқа бөлеп жүр
@gulnarshoraeva53563 күн бұрын
Үкітай інім,жерлесім өнерің өрге жузсін.Әндеріңнің бәрі мағыналы.Журекке жетеді.
@shtsht49824 күн бұрын
Шығармашылық табыстар тілейміз.Әндерін тыңдап жүреміз.Жарайсыздар керемет👏👏👏🌹🌹🌹
@ДаметкенРсалиева4 күн бұрын
Керемет,өнерің өрге жүзсін! Рахаттанып отырып көріп,қатты риза болдым.
@ГулсараИсаева-о7ь3 күн бұрын
Керемет Сыр елінің саңлағы.Биік шыңдарды бағындыра бер.
@ЗакүнАпа3 күн бұрын
Керемет!❤
@AdilgaliTemenov2 күн бұрын
Керемет кездесу болды , Үкітай ініммен Фараби інімнің орындауындағы әндерді үзбей тыңдаймын сендерге шығармашылық табыс тілеймін Алматыда қашан концерт бересіздер соны көргіміз келеді.Әділғали ағаларың
@turgankultastybaieva66164 күн бұрын
Менің суиікті әнші м Әл Фараби екеуіде керемет нағыз тума таланттар Бақытты болыңдар
@ТілеулесовТойбазар4 күн бұрын
Керемет 👏👏👏👏
@АлагаШукир4 күн бұрын
Андеры кушты тындай бергын келеды не деген кушты дауыс❤❤