Кітап - сарқылмас қазына

  Рет қаралды 70

QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы

QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы

14 күн бұрын

Қызылордада тәулік бойы жұмыс істейтін оқырмандар залы ашылмақ. Ол үшін Әбілда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы әзірлік жұмыстарын бастап та кетті. Ал бүгін облыс орталығында кітап фестивалі өтті.
Бүгін әлем әдебиеті үшін айтулы дата - дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні. 1995 жылы Парижде өткен ЮНЕСКО-ның бас конференциясында бұл күн кітаптар мен авторларға құрмет білдіру мақсатында қабылданды. Қазіргі таңда облысымызда 205 кітапхана бар. Онда 4,5 млнға жуық кітап сақталған.
МИРА ҚАЗБЕКОВА - ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
//250 мыңнан астам оқырман бар. Әрине, бұл әлі де аз. Осыған байланысты облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облысымыздағы 171 мәдениет үйінің жанынан оқырмандар клубын арнайы құру жөнінде тапсырма берілді. Қазір барлық аудан-ауылдардағы клубтарда осы «Адал адам» концепциясының аясында оқырмандардың санын арттыруға байланысты бірқатар алғышарттар қабылданып жатыр. Біз бұл жұмыстарды әлі де жыл соңына дейін жалғастыратын боламыз.//
Дәстүрге айналған фестивальде сұқбат алаңы, жас ақындар айтысы, поэзия кеші, сурет салу мен түрлі өнер сайыстары ұйымдастырылып, оқырмандар арасында өзара рухани байланыс орнады.
НҰРЛЫБЕК МЫҢЖАС - Ә.ТӘЖІБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ӘМБЕБАП КІТАПХАНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«бұл фестивальдың маңызы - оқырман тарту. Әсіресе, кітап оқу мәдениетін жастардың бойына сіңіру. Міне осындай мақсатпен дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді».
Іс-шара барысында кітап дүкендері жәрмеңке ұйымдастырды.
ЖҰЛДЫЗ БОЗҒҰЛАН - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Бүгінгі жәрмеңкеде «Тәкаппар ғашықтар» кітабын алып жатырмын. Бұл кітапты біраздан бері оқығым келіп жүрген. Осы көрмеден табам деп ойламаппын. Мұнда кітаптар көп. Кітап оқығанды жақсы көремін. Әсіресе шетел жазушыларының кітаптарын оқыған ұнайды».
СӘКЕН НҰРГЕНОВ - «ОТБАСЫ ХРЕСТОМАТИЯСЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ӨКІЛІ
«Кітап оқу белсенділігі жайлап-жайлап келе жатыр. Әзір енді онша таныла қойған жоқ. Бірақ әлеуметтік желіден соңғы уақыттарда жақсы-жақсы байланыстар бар. Сол арқылы бізде осы облыс төңірегінде кітаптарды насихаттап, осындай кітап көрмелері мен жәрмеңкелерге қатысып, оқырмандар клубын ашып жатырмыз. Жалпы кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Сыр алқасы» деген клуб құрып жатырмыз».
Және бір жаңалық. Президенттің құрылтайдағы бастамасына мәдениет қызметкерлері қолдау білдіріп, облыстық кітапхана ішінен тәулік бойы жұмыс істейтін оқырмандар залын ашуға жұмыс істеп жатыр.
Сайт - qyzylordatv.kz/ru/live
Facebook - / qyzylordatv
Instagram - / qyzylordatv
Telegram - t.me/qyzylords_tv
Tiktok - / qyzylorda_tv

Пікірлер
"Қайырлы күн, Қызылорда!" 1 мамыр. Мерекелік шығарылым
54:27
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 9
The World's Fastest Cleaners
00:35
MrBeast
Рет қаралды 104 МЛН
Teenagers Show Kindness by Repairing Grandmother's Old Fence #shorts
00:37
Fabiosa Best Lifehacks
Рет қаралды 11 МЛН
🔴💞Бір болайық! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР! 7 МАУСЫМ 230 БӨЛІМ! 06.05.24
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 32 М.
Подтвержден 1 случай ККГЛ
1:25
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 26
Қызылорда қаласы /Туған қала
2:41
Білім және Мәдениет арнасы
Рет қаралды 15 М.
Р.Алиев: Картинг - это Формула-1 в миниатюре
4:25
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 25
Рухани Қазына «Облыстық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» Алматы облысы
3:27
Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасы
Рет қаралды 33
Ауа райы. Ел бойынша ескерту жарияланды
8:45
Телеканал 24kz
Рет қаралды 17 М.
The World's Fastest Cleaners
00:35
MrBeast
Рет қаралды 104 МЛН