Өте керемет жоба. Хамит ағаға респект. Еркебұланды хейт жасау орынсыз. Ол құйтырқыламаса жобаның ерекшелігі болмайды. Тыныш отыр неге күледі дегендер тып тыныш отырса аудио кітап тыңдаса болады
@dindondon44204 ай бұрын
Жүргізуші мен резиденттердің артындағы фонның өзі әрқайсының табиғаты мен болмысын ашып тұрғанының өзі қандай керемет дүние. Осы уақытқа дейін қазақ әдебиетіне деген қызығушылығым төмен болып, қызық емес деген таяз ойда келіппін. Кітапхан арқылы қазақ әдебиетінің жаңа қырын өзіме ашқандай болдым. Идеяның авторына, әр шығарылым сайын бір-біріне ұқсамайтын шығармаларды тауып келіп отыратын Хамит ағаға, көңілді шығарылым жасауға септігін тигізіп жүрген резиденттерге үлкен рақмет! Дами беріңіздер❤
@nurgisazhumashev12754 ай бұрын
Келісемін
@kushti_kanal4 ай бұрын
Қуаныштымыз 🎉
@Usermeb14 ай бұрын
Келісемін 👍👍👍👍
@Beknurkunisbaev4 ай бұрын
Дөп айттыңыщ🙌🏻🙌🏻🙌🏻🔥🔥🔥👍👍👍✊
@КуралбекСерикулы-б6ъ4 ай бұрын
Дәл айттың
@ЛяззатАсанова-и6п3 ай бұрын
Жалпы бағдарламаның мақсаты жастардың кітап оқуға деген махаббатын ашу. Егерде бұл жерде тек қана кітап туралы айтылған болса жастарды қызықтыру қиынға соғар еді. Менің осы бағдарламаның арқасында кітап оқуға тек қана оқып қоймай түсініп оқуға деген сүйіспеншілігімді ашты. Шынымды айтсам мен Хамит аға секілді кітапқа кіріп оқып көрмеппін. Еркебұлан ағағада Хамит ағағада рахметімді айтамын. Екі жүргізуші бір-бірін толықтырып тұр👏🏻👏🏻👏🏻 Енді мен осы бағдарламаны бітіріп кітап оқуға көштім😊 Сіздердің мақсаттарыңыздың орындалып жатырғанына қуаныштымын👏🏻
@МакпалШайхистамова4 ай бұрын
Шай әңгімеге ойда жоқта өтіп кеттім де, Кітапханның идеясы сол шайда келіпті ғой деп ойладым. Қазақ ютубындағы соңғы шығып жатқан контенттің алды әрі озығы деп айтар ем Кітапханды. Жігіттер, жарайсыңдар, тек алға!
@Pro100_Areke4 ай бұрын
Хамеке аңыз адам ғо... Баса беріңіз зёма..... Жүргізуші жігіттер де керемет.... Алла берекесін берсін істеріңіздің
@ЭлдарКеримбеков4 ай бұрын
Ассаламу аллейкум Казак баурлар , Бул багдарлама аркылуу Казак жазуучуларын ,чыгарма повесттерин таанып билип жатавыз сиздерге Рахмат 🤝👍
@kuanyshbekibragimov67124 ай бұрын
Ооо, Қырғыз ағайындар көреді екен, керемет. Аман болыңыз ✊🔥🇰🇬🇰🇿
@KZ_SILA3322 ай бұрын
Қырғызстаннан осындай бағдарлама болса көреміз❤
@kamilasultanova2 ай бұрын
❤
@СалтаАмантай4 ай бұрын
Ауырып жатыр едім ем болды мына шығарылым, басымды көтеруге себеп болды. Рақмет Күшті каналға
@lirakonys84094 ай бұрын
Еркектер Шолпанды ұнатпаушы еді ғой негізі. Бірақ, Хамиттің “ердің көзіне шөп салу” деп жұрт айта беретін Шолпанның “күнәсін” әйелдің осалдығы демей, әйел, еркек деп бөлместен, осы эмоцияның барлығын адам жанына ортақ деп талдағаны қатты ұнады.
@NaziraZhilkibayeva4 ай бұрын
Иә, күшті пікір, мен де толық келісемін👍👍👍
@abdullakz88563 ай бұрын
Тіл шіркін құдіреттіғо. Любой күнәңді ақтап береді)
@КереметМайлыбаева3 ай бұрын
Киносын көруге кеңес беремін
@TheDd9144 ай бұрын
Мықты жігіттер, барлығын үзбей көріп келемін, 1-ші выпуск көргенде дұрыс түсінбеп едім, кейін Ерекеннің құйтырқылылығын және Хамекеннің даналығын түсініп, тәнті болды👍
@nukan134 ай бұрын
Әрбір әңгіме, повесть, роман тыңдаушыларға ой салады. Хамит керемет жеткізеді. Бүгінгі бағдарлама соңындағы Шахановтың "Кета" балығы туралы өлеңі "Шолпанның күнәсіна" керемет жауап болды. Жалпы "KUSHTI" бағдарламасын енді шығарылым қашан болады екен деп күтетіндей бағдарлама болғанына қуанамын.
@abzal.zh.934 ай бұрын
Кітапхан жобасы жасай берсін,әр түрлі бағытта,әр түрлі шығарма...дами беріңдер!
@merumerk46744 ай бұрын
Кітапхан жобасына Марвин,Флип,Қасым,Кітапал сияқты баспахана/кітап дүкендерімен жұмыс жасау қажетқой.Шығармадан соң олардың да саудасы жүреді,сіздерге де көмек.Win win ✨✨✨✨
@muratcodm4 ай бұрын
Әсіресе кітапалмен
@DausTime4 ай бұрын
Әсіресе Қасыммен❤
@ЖанарНесипбекова-г2ч4 ай бұрын
Мына бағдарлама өте керемет! Хамит мырзаға көп рахмет! Бірақ, мына жас буын өкілдері(әсіресе Еркебұлан) жөні жоқ ыржақтап, көріп болғанша өзім кіріп барып, ұрсқым келді! Жігіттер, мүмкін болса, әзілді де орнымен қолдансаңдар! Абай айтпақшы “ … мен тыңдаушы көбі надан. Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы…”
@Narymova164 ай бұрын
Бұл шығарама мен оқыған ең ұятсыз шығармам болған шығар. Бірақ ұнады😆. Хамит ағаның нұсқасында тыңдауда бұйырыпты🔥🔥🔥
@Ai_Uanai4 ай бұрын
Әйелмен Ер адам сөйлесу қатты маңызды екені Әйелінің жан дүниесін аша біліп сөйлесе алу қажет екендігі де көрсетілген
@erzatalakshyn68584 ай бұрын
Кез келген жерде қосып қойып көріп тыңдап отыратын бағдарлама ғой, шаршама Хамеке, шаршамаңдар жігіттер, алға
@inkarzhamalova15714 ай бұрын
Кітап оқу едәуір кенжелеп кеткен уақытта өте қажетті және қызықты бағдарлама! Жарайсыздар, жігіттер! Алғаш көргенімде жүргізушінің әңгімені бөле бергеніне, қысыр, қыңыр сөздері мен сұрақтарына жыным келуші еді, сөйтсем бұл бағдарламаның стилі, форматы екенін түсіндім. Мүмкін жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру үшін олардың “ тілінде” сөйлеу керек шығар🥰 Хамит, сізге шығармашылық өрлеу, шабыт тілеймін! Өлеңдерді керемет оқисыз! Еңбектеріңіз еселене берсін!
@zhannattutbayeva92112 ай бұрын
Еркебұланның амплуасы осы болып отыр ғой, әртүлі тыңдармандардан сондай реакция болуы мүмкін деп те көрсететін сияқты. Еш форматка ұқсамайтын формат. 14.15.16шы кітапхандардан бастап көріп Еркебұланды түсінгендей болдым❤
@АЛАШ-183 ай бұрын
Ассалаумағалейкум жігіттер!Еркебұлан осы жолы өте көп бөліп,әңгімені дәмсіз қылып тастадың
@АйданаМедетбекқызы-с4ю3 ай бұрын
Әлі тұрмысқа шықпағанмын. Тұрмыс құрып жатсам балалы болмай біраз жүремін деп ойлап жүретінмін өзім. Мына әңгіме өте орынды болды. Бала да бір бөлек бақыт, жауапкершілік, махаббаттың жемісі болу керек екенін әдемі суреттедіңіздер! Керемет! 👏🏻
@omirornekteriАй бұрын
Олай ойлауға да қорқу керек,меніңше.Баланың арасын 3 жыл салып туу керек деген дұрыс шығар,бірақ біраз қоя тұру керек деген болмайды
@kznurda20054 ай бұрын
Хамит аға шын кулып откан едык сонгы жагы натури удар болды кулгендерыме ойланып калдым баскаша болып калдым аман болыныздар жаксы сойлеп журейык ағайын❤
@dossatybaldiev1174 ай бұрын
Жігіттер арзан күлкіні кішкене тыйса жақсы болар еді. Хамит аға тек алға өте керемет
@M1u2r3a44 ай бұрын
Айтатын адам шықтау
@DiasMarkabayev3 ай бұрын
келәсем қайта қайта бөле береді болмайтын әңгіме айтып
@ДулатТлеш-в5ж3 ай бұрын
Өте орынды, қасындағы бала тентек па Еркебұлан деген сөз түсінбейтін, әдемі шығарманы талдап беруге мүмкіндік берген жоқ арзан күлкімен
@azizsmailov54333 ай бұрын
Бағдарлама өзі сондай. Керек болса кітаптан оқып алыңдар деп өздері айтып жүр емес пе.
@abdullakz88563 ай бұрын
Еркебұлан болмаса кітапханның просмотры 10 мыңнан асуы екі талай еді..
@Назым-п4к3 ай бұрын
Осы бағдарламаны көріп өзім оқыған кітаптарды басқаша түсініп, басқаша қабылдай бастадым. Кітапты оқып, оны жете талдып, оқырманға әсіресе бұл шығарманы оқымаған адамға қарапайым тілде жеткізген Хамит мырзаға алғыс айтамын. Жасында байқары жоқтың, қартаййғанда айтары жоқ деген. Сіздей азаматтар аз- ау. Айтарыңыз көп, тыңдарманыңыз зерделі болсын.
@Jakenzidesign4 ай бұрын
Қазақ болып туылғаныма қуанам. Қазақ жастары осы әңгімені көрсе екен. Хамеке мен быр табақтас болғым келеді, әңгімелерін есіту буйырсын🤲
@saniyaernazar29404 ай бұрын
Дәл осы шағарманы Хамит аға өте жақсы жеткізіп, талдады. Резиденттер, әдеттегідей, бір жақты қарастырып, шығарманың бетін сипап өткен секілді. Сонымен қатар, Әзімбайды әлі бала деу қателік, 17-18дегі жігітті ол заманда ересек жауға шабар деп есептеген. Шығармада ол жайлы айтылмайды, бірақ, оны да қатаң түрде жазалаған шығар деген үміттеміз. Сәрсенбай да әйелінің жан дүниесіне үңілмей жүре беруі қателік. Шығарма соңында оның бедеу екендігі нақты айтылады, оны өзі біледі. Сол жайлы Шолпанға ескертуі керек еді. Жалпы, Хамит ағаның осы шығарылымдағы талдауы-шедевр.
@Ereke25094 ай бұрын
👍
@БекзатСайлаубеков4 ай бұрын
Сонда ол оны Шолпанға айтпай әйелдікке алады ма?
@SamsungA-mw6ij4 ай бұрын
Әй, Хамит, сүйсіндім!)) Форматқа өкпелемендер, жүргізуші жігіттер Хамит арқылы зиялылықтың қадірің ашып отыр. Хамит мықты, оны ашып отырған формат пен жігіттер де - мықты!!!
@togzhankairat91274 ай бұрын
Өте қызық шығарылым болды😅👍🏻 Кітапхан ұжымына, Хамекеңе үлкен рахмет😘 10-шығарылым🎉🥳 100-шығарылымға жете берейік
@Камила9234 ай бұрын
Ассалаумағалейкум ия өте керемет шығарылым болды осыны жазған Мағжан ағамыз Алла разы болсын Алла рахымына алсын. Осыны бізге жеткізе білген КітапХан бағдарламаға Алғысым шексіз өте күшті арты жағы қыйын. Шолпанды кейде аяйсың кейде даттайсың
@ЛаззатКошкенбаева4 ай бұрын
Өте жақсы жігіттер, мен өз түйгенім әйелі еріне адал болуы керек, кез келген проблемада болсын бөлісуі керек деп ойлаймын. Тіпті шешілмейтін проблема болса шариғатпен шешілетін еді деп ойлаймын. Білуімше Исламда егер еркек бедеу болса ажырасуға рұқсат бар, егер әйелден болса тоқал алыппа бір жолы табылар еді, менің ойым
@БайкенКаналкул-ш4г4 ай бұрын
Я сіздің ойыңызбен толықтай келісемін, ең дұрыс шешімі осы болар меді
@АрманКусинов-щ6и4 ай бұрын
Асыға күтіп, шыққанда бір демде көріп тастаймын! Расыменде алдын ала бірнеше түсірілім жасап аптасына 2 рет шықса деген тілек! Жарайсыңдар! Хамекеңнің қазақша сөйлеу мәнеріне тәнтімін!
@danaerbolatkyzy99614 ай бұрын
Құдай - ау құмарым күшеіп барады бұл бағдарламаға❤ Жаңа эпизодтарын аңдып жүріп күтетін болдым)))
@dildabekovoralhan324 ай бұрын
Браво шықты асыға күткендер біз біргеміз тоқтамаңдар тек алға баса беріңдер 1000 шығарылымнан көп болсын Хамеке бөлексің ғой Ереке болмаса қызық болмайды 😂😂😂👍👍👍✊✊✊🔥🔥🔥🎉🎉
@АнарМаннапова4 ай бұрын
Хамит аға ұятсыыыз шығармадан да бір әдебиеттің биік шыңын көре алады. Рахмет сізге. Каналыңызды қолдаймыз👏🏻
@omirornekteriАй бұрын
Шолпанның күнәсі ұятсыз шығарма емес
@mussayev.14 ай бұрын
Мен шығарған түйінде дұрыс тілек тілеу емес еді. Жұмабайдың Мағжаны жазған Шолпанның күнәсіна себеп болған басты кінәсі іштей тыну. Адам өте әлсіз жаратылыс, азғырушы шайтан бар, қанбайтын нәпсі бар. Өте ауыр сынақтамыз. Бұл маңызды сынақ өміріміздегі оқиғаны шариғатпен қарамай, ақылмен тежемей, өзгелермен санаспасақ анық шайтан азғыруындамыз. Шолпан әр ісінде өзінікін дұрыс деп білді. Шайтанның тұзағына түсті деп білем. Қазіргі біздің қоғамда да бар, бой бермейтін жас қыздар мен ұлдар, өзінікін дұрыс деп, не шариғатты қыстырмай, не ақылды қыстырмай. Кішкентай, мелочный темаларда болсадағын барлығында да азғындыққа мойынсұну. Аллаһ сақтасын. Әьузу билЛәһи минәшшәйтонир роджим.
@zhalgasserikbai29384 ай бұрын
Менің ойымша қазақ ютубындағы ең пайдалы канал осы канал деп ойлаймын ❤
@dauren_tleuzhanov4 ай бұрын
Керемет бағдарлама екен! Оқығамаған кітаптарды оқығандай болып. Арасында әзілдерімен жақсы кетіп жатыр.
@ОрынбаевНурбол4 ай бұрын
Мына багдарламаны токтатпау керек, беретин тарбиеси оте коп, тек кана алга жигиттер
@АйгеримИльясовна-ь6б4 ай бұрын
Мен осы шығарманы мектеп кезінде оқыған едім. Кейіннен шығарманың атын, авторын есіме түсіре алмай жүрнен болатынмын. Рахмет Хамит мырза. Сол бала күнімде маған қатты әсер ертіп еді, осы шығарма .
@АрысАсылбек4 ай бұрын
Мына шығарма қандай керемет еді😓 (Мағжан Жұмабаев) Құлақтан кіріп бойды алар болды🤝 Сезімнің шыңына шығам деп жетпей құлаған Шолпаным ай)) Хамит ағама рахмет шығарманы шыңына жеткізген👍 Ереке тоқтамай баса беріңіздер барлық ұжымға алғыс👏🙌🏻 Қашан шақырасыздар қалаға барып көрейікта күтіп жүрм😂
@aset.244 ай бұрын
Хамит мырза керемет дауыс Жеке бір шығарманы жақсылап табиғаттың әсерін қосып өткізсе Голливуд киносы жайында қалар еді Керемет Шаханов Мұхтар атамыздың өлеңі тамаша үтір нүктесін қойды Берекесін берсін жігіттер Еркебұлан баур жақсы сәттерді үзіп жібересің Хамит мырза кесі бағдарламаға боти әкелші ерке бұғы мазаны алдау
@qazaqfreefire14264 ай бұрын
Үзбей толықтай көріп келеміз Өте керемет ,жанға дауа миға тыныштық , жан дүниеге рухани күш
@shrinurzhigitova17563 ай бұрын
Кандай кушти создер айтты Хамит! “ Жалпы адам баласының табиғатқа үйлесуінде ешқашан жақсылық болмағанғой! 😢! Керемет айтты !
@yerbolat.shalataev4 ай бұрын
Бұл шығарманы оқығанмын. Бірақ бұлай түсіне алмаған едім. Хамекең әдемі талдап берді. Шынымен, Аңыз адам ғой 👏👏👏👏
@zhuldyzegizgaraeva69903 ай бұрын
Қазіргі мотивациялық, психологиялық, бизнеске бағытталған кітаптардан көркем әдебиеттің орыны бөлек 👍
@AkbotaTuzel4 ай бұрын
Осы керемет проекттің көзіме шалынғалы жарты айдай уақыт болыпты. Және әр ютубқа кірген сайын іздейтінім осы канал осы проект. Өте керемет, тағылымы мен түсінігі терең, өзінен соң көрерменді ойландырып, айтылған шығармаларды іздеп, түгел оқып шықпайынша жанын тыныштандырмайтын тың туынды. Тоқтамаңыздар ағалар! Сіздерге әрқашан тілекшіміз. Осындай керемет шығарылымдарды қызық әрі ұғынықты түрде қазіргі ұрпаққа жеткізіп, кейінгі ұрпаққа қалдырып жатқандарыңызға алғыс! Алла разы болсын✨
@НургулМанабаева-э4н4 ай бұрын
Мен үшін ең керемет шығармалардың бірі болды. Не тілесекте Алладан шын ниетпен тілейік. Қандай іс әрекет жасасақта, кімге не тілесекте бәрі өзімізге қайтары анық. Осы жобаға ұзақ ғұмыр тілеймін. Әрбір шығарылымды асыға күтемін!
@Antigeroi_014 ай бұрын
Керемет шығарма 😢 Бұл шығарманы жалғыз тыныш отырып оқысам немесе арасында сіздер сияқты әзіл қосып тындамасам ауыр болатын еді. Сіздердің нұсқамен басы тәтті аяғы қатты болып бітті 👏
@АлтынгулКожакелди4 ай бұрын
Еркебұлан аға кешіріңізші, сіздің орынсыз сұрақтарыныз Хамит ағаның ойын бөле берді. Негізгі шығарманы талқылап отырған, 4 адамда оқу керек пе еді. Әлде бұл подкаста 4 адамның біреуі ғана сөйлеу керек пе, түсінбедім. Негізгі оқысаңыз, керемет шығарма, мағынасы өте зор. Көп жерде күле ьеріп, әзілге айналдырғаны ұнамады😢
@ayazhan.aibekqyzy2 ай бұрын
Егер бұлай құйтырқыламаса жалығып кетер едік😅
@dulatkhassenov95602 ай бұрын
Форматы сондай деп ойлаймын, бірақ Еркебұлан тым олай рөлге еніп кететіндей көрінді
@AzatImanbaev4 ай бұрын
Сөздің пәтуәсін түсінбейтіндерге бекер сұқбат бердің ау Хамитжан
@omirornekteriАй бұрын
👏
@assetturganbaev49243 ай бұрын
Жарайсыңдар жігіттер. Сен тұрған ауыл, ел-жұртың неткен бақытты. Тілдесіп сенімен, жүретін көріп көзбенен. Керемет .Өткізген жақсыменен жарты сағат , жаманның өтіп кеткен ғұмырындай. Хамит бауырым жан-дүниең жақсылыққа толы, білімің терең, ойың ұшқыр азаматсың. Жасай бер, тілегің қабыл болсын.
@hhhhh-o2p4 ай бұрын
Кітапты қызығып тындаймын деп ойламайтын едм сіздер арқылы кітап оқуға құштарлығым ашылды❤❤
@orkazhan88044 ай бұрын
Ассалямуалейкум. Казактын нар жигиттери, бар жигиттери! Аман журиндер, багдарлама дами берсин, токтамандар. Алла сендерге жар болсын!
@Zhanerke.ys14 ай бұрын
Кітап оқып жүрмін деген бос сөз, (бай болсаң да , кедей болсаң да)Хамекеңдей түсініп, салмақты ой саралап, ішіне кіре алмаған соң🫱🏽🫲🏻 Ой өрісіңіз, есті ақылыңызға респект Хамит ағай. Бүгінгінің краштары сіздей ақ болсын😁
@РинатПакитджан-г7ш4 ай бұрын
Артық сөз жоқ!!! Жарайсыздар!!! ✊ Хамеке өзіңізге жеке ризамын. Мына жердегі көп көрерменге кітап оқуға деген ынтасын ашып отырсыз, кітап оқымасада, Қазақ жазушыларының кемі 1 роман, поэзияларын біліп жүруге септігіңізді тигізіп жатырсыз. 👍
@jonyalikhan95384 ай бұрын
Смартфонга тәуелді заманда жаксы дүниемен бөлсіп, жастарға жақсы контент ұсынып жатканына Кушті арнасына рахмет❤ 18 демін ғой негізі. Біз тикток көргенді, кино көргенді жаксы көретін покалениеміз ғой. Кітап оқуға ерніп жүргенде, түсіндіріп беріп жаткандарына, Еркебұлан Армандардын жағаласып кызык кылып отыруы көрермендерді жалыктырмайды👍
@Baycity084 ай бұрын
Соны журегиме жетти. Мен шыгармадан емес туйиндегеннен быраз нарсе алдым. Алла сизге разы болсын Хамит ага. Оте керемет шыгарылым. Ана туралы урпак туралы кушти айтыныз
@dianka.19994 ай бұрын
Өте жақсы жеткізілді,кино сияқты көріп жүріп үй тірліктерімді жасап аламын👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻
@ДамирДулатович-и7е3 ай бұрын
Дурыс кой жигиттер бул багдарлама,бирак арзан кулки деп жазып жаткандарга карсымын,казирги жастардын суранысы осы,осындай формат,бул жигиттер жаксы тауып отыр корерменин!!!
@gabbasova_d4 ай бұрын
«Шолпан жүрегіндегі жараны ешкімге ашқан жоқ. Ашқанмен олар ұғар ма еді? Тегінде адамның жүрек сырын шеттің ұғуы мүмкін нәрсе емес қой. Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Ой түбінде жатқан зат шер толқытса да шықпақ емес» -, дейді Мағжан шығарманың өзінде. Расында аяйсың. Әйел тағдырын, жанын ешқашан толық ұғынып та, түсініп те үлгермейсің… «Мен сенен бала сұрадым ба?!» деп тұрып, Шолпанды фильмде көк-ала қылып сабалаған жері әлі көз алдымда. Аянышты. Ешкімді де жазғыра алмаймыз.Кінәләй да алмаймыз. Басыңа түссе баспақшыл деген. Алдымызда не боларын, басымызға не түсерін, қадамды қандай қылып басарымыз белгісіз.
@Arailymm19954 ай бұрын
Тұрақты көремендеріңізбін! Тек алға! Маған қатты ұнайды тек жаңара беріңіздер!!!
@БайкенКаналкул-ш4г4 ай бұрын
Өте керемет выпуск болды негізі, қысқа болса да Күліпте, ойланыпта, жылауға дейін апарып үлгерді!Хамекеңе көп рахмет соны бізге сөзбен жеткізіп отқанына!!@
@aytkulkobeisinova6073 ай бұрын
IT EASY SCHOOL-ға үлкен алғыс, осындай жобаға қолдау білдіріп оьқан👍👏👏
@zhamal_madiyar4 ай бұрын
Кета балықтың ерлігі деген өлеңді мектеп кезінде жаттаған едім, әдебиет сабағында, мағынасын енді түсінгенімді ай😅😅😅
@danasarsenova42893 ай бұрын
Хамит ағаның сөз байлығына, ой өрісіне, тұжырымдап жеткізуінде мін жоқ, керемет. Әдемі тыңдап келе жатқанда жүргізушілердің санасыз(тупой) сұрақтары әңгіменің құтын қашырып жібереді! Желең күлкі жігітке жараспас!
@честный-т6ц4 ай бұрын
Кезінде бұл шығармаға арнап толықметражды фильм түсірілген. Соны көріп тіпті өмірден түңіліп кеткенмін. Фильмде біраз жерлері көрсетілмеген екен, бірақ сондада өте аянышты оқиға болып тұр. Енді кім не деседе Шолпанды кіналаудан қарағанда көбіне аядым өз басым, себебі “влюбленных не судят”,-дейдіғой жалпы. Ол сол махаббаттың буына мастанып, сезімі шарықтау шегіне жетіп тұрып “бұндай махаббатқа басқа ештеңе керек емес”,- деген оймен тілеп тұрғой Құдайдан. Білмедім енді Шолпанды өз басым қатты аядым. Фильмінде Сәрсен жерде жатқан Шолпанды тепкілеп жатқанда аузынан “мен сенен бала сұрадымба?”,- деген сөзде шығады екен. Керемет шығарма, осы қазақ жазушыларының бірдеңе жаза қойса қайғы-қасіретсіз аяқтамайтынына таңқалам..
@MiyagiAndy-ni2yz4 ай бұрын
влюбленных не судят деп қай ақымақтар айтып жүр?
@Berdan___2 ай бұрын
Өте қатты әсерлі🥺 біраз уақыт көзімнен жас кетпеді Осылай жүрекке жеткізіп айтқан шеберліктеріңізге рахмет👏 Намазды оқудың алдында да ниетті дұрыстау керегі өз алдына бір төбе әңгіме болды
@elvirazholaman4 ай бұрын
Кітапхан кітапсүйер халыққа жаңа дем алып келді👏🏻 Хамит аға топ топ падам падам🫶🏻🤩
@assemoraz15464 ай бұрын
Керемет әңгімесі керемет болды. Сол заманда психология, психосоматика, іштен тыну, депрессия бәрін қамтып кетуен әңгіме! Екі адамның арасындағы махаббаттың болуы, бірақ ойымен бөлісу, диалогтың жоқтығы да туралы айтылғандай...
@arysbekqyzy4 ай бұрын
Хамит ағаның арқасында қазақ әдебиетіне ғана емес, Мұхтар Шаханов көкемізге деген таңдану мен тамсануым артуда😍
@СалтанатАушенова-с7ы4 ай бұрын
Керемет багдарлама! Осы багдарламамен таныстык осы шыгармадан басталганы ушин болек ризамын!!!
@guljan_rakhieva4 ай бұрын
Хамит мырзаға менің ойымша бір салмақты жаққа бұрылу керек сияқты. Әрине осы бағдарламамен қатар. Сіздің ішіңізде біраз ой саларлық елге пайда беретін дүниелер бар сияқты. Өзіме сондай ой келді. Кітабыңыз шықса бірінші болып алар едім. Өзіңізді жайдарманмен ойын күлкімен шектегеніңізді қаламаймын. Сізден ауқымды нәрселер күтем. Кітапхан ұжымына көп рахмет😊
@Калдыгулуйендик4 ай бұрын
Кандай керемет жигиттер Хамит тамаша жеткизеди жаним Тил байлыгы керемет
@alpasheva4 ай бұрын
Алғаш рет мен оқыған шығармаға арналды Кітапханның бір выпускісі👍 Оқығаныңды тыңдағанда басқаша екен. Ойлау тереңдігі басқа деңгейдегі Хамит ағаның аузынан есту, оның ойын түйу, оның қортындысын тыңдау кітапты басқа қырынан ашқандай болды. Түсінгенім, кей жерде өзім бір ауқымды ой түйе алмай қалады екенмін😂 Көп оқу керек шығар)
@Aviai-t6c2 ай бұрын
Ойын түю*
@aqtolqun004 ай бұрын
Керемет баяндайды😍 Хамит аға мықтысыз👍🏻👍🏻 Шолпанға келсек, сәбиді соңғы сатыға қоя салды өзінің уақытша тәтті шақтары үшін. Шайтани ойларына өзін ұрлатты💔
@Medet.014 ай бұрын
Шаршамандар Баса беріндер . Агайын қолдап демеу беріп отыраиык Тамаша 👍👍👍👍
@НУРЖан-е3п13 күн бұрын
Хамитті бұрын дұрыс танымаған екенмін. Үлкен рахмет👏👏👏👏👏
Ассалаумагалейкум! Оте жаксы дуние жалгасын таба берсе екен! Куйбен тиршиликтен китаптын не екенин умыткан едик ойга салып кайтадан китапка деген куштарлыгымызды оятып жатсыздар! Рахмет!
@НурдаулетБуркитбаев-к1ь4 ай бұрын
Хамекең бір өзі том том энциклопедия ғо шіркін, қызық сәттері көп ұзаақ кино сияқты! Алыс жолда қасыңнан тастамайты кісі ше, баратын жерге қалай жеткеніңді білми қалатын шығарсың шііркін!😂👍
@abiollabalnar65573 ай бұрын
Соңғы шумақтар қандай керемет, осы жылы Хамит ағаның жұлдызы жанған жыл болғай! Өте керемет. Оқып кеткен шығарма болсада көріңіздер ^~^❤
@arujanbaigonurova35184 ай бұрын
Әр шығарманы асыға күтеміз❤ Өте керемет Хамит Ердехан
@Janseyit.19954 ай бұрын
Ассалаумагалейкум Хамеке жигиттер кушти керемет кандай шыгарма айтсада тубинде бир ой салатын ойландыратын жаманы да бар жаксысы да бар брак жаксы нарселерин алатындай шыгармалар оте коп екен енбектерин береке берсин токтамандар асыга кутип журем шыкканын 👌🏼👌🏼
@АбайҚұнанбаев-с1о4 ай бұрын
Мынаны үлкен аудиторияда айту керек.Стендап сияқты шоу болады мынау халыққа.
@zhansegan4 ай бұрын
әр қалаға концертпен шықса біраз зал жинайтын проектқой
@uzakmamyt54012 ай бұрын
Жігіттерге рахмет, жақсы талдау керемет ой түйін болды. Өте ауыр шығармалардың бірі.«Шолпанның күнәсі» мен Толстойдың «Сергий әкей» шығармасы адамды тентек қылып жібере жаздайды. Бұл бағдарлама жалғасын таба берсін 👍🏻
@Ғиззат4 ай бұрын
Тек алға бауырлар!✊👍
@akoabdrakhman53082 ай бұрын
Әп-әдемі әңгімені бөле берген өте арзан күлкі бұл бағдарламаны қызықсыз жасап жібереді екен.Хамит мырза сізге ризамыз🎉
@reproductionk4 ай бұрын
Көп күтіп сұрап едім, Рахмет Хамеке
@СаятБуркитбаев-г1и4 ай бұрын
Істеріңізге сәттілік тілеймін,еркебұлан аға сізді жақсы көрем тычкаларыңыз өтет кейін осындай әңгімелер көп болсыншы романдарға қарағандааа,романдарды сәл қиындау болып қап жатыр түсіну,КІТАПХАН ДАМИ БЕРСІН😘
@НуркасымСуюшбеков4 ай бұрын
Алла разы болсын, ужнға әдемі келіп келді ✊✊✊
@АнарАсемжанова-ж5к4 ай бұрын
Тамаша баяндап берген азаматқа мың алғыс! М.Шахановтың өлеңімен тамаша қорытындылады.
@aluakarzhaubayeva4 ай бұрын
Өтек кермет шығарылым болды, Хамит Ердеханға мың да бір алғыс. Кета балықтың ерлігі өлеңін естіп , бір жылап алдым. Осы сәтте көптеген аналардың жағдайына келістіруге болады екен. Мың алғыс 👍
@Nurly_Zhalyn4 ай бұрын
Бағдарлама тоқтап қалмаса екен. Бәріңе күш-қуат, денсаулық берсін. Хамекең аман жүрсін. Денсаулығын күтсін. Ауырмасын. Аман болыңыздар!
@ЖансаяКалиякперова3 ай бұрын
Құдай үшін Еркебұланды алып тастаса осы бағдарламадан, өте керемет болар еді.
@ЕлдарАкимжан-т9ш3 ай бұрын
Уаууу керемет! Жігіттер мен сондай қуаныштымын осындай контент көргеніме😍 көбіне қыздар кітап талдап отырушы еді😅 жігіттерді көру қуантарлық нәрсе 🎉 сәттілік тілеймін! Алға баса беріңдер👏✨
@Ali-pl6dv4 ай бұрын
Керемет дами беріңіздер. Берекелі жемісті бағдарлама болсын. Сәттілік тілеймін алдағы уақытта
@КамшатКабул4 ай бұрын
Хамит ағаға рахмет улкен ❤ кітап оқыған ұнамайтын еді осы бағдарлама арқылы біраз кітап оқығандай болып отырмын 😢😊 Бағдарлама керемет өркендеңіздер өсіңіздер !👍🙏🏻
@talgat.asselia4 ай бұрын
Осы жобаны қолдап жатқан Құлсарыдағы жалғыз және үздік айти мектепке алғыс білдіреміз
@АминаАбуевна-ж8ш4 ай бұрын
Күшті шығарылым. Әзірге Ұлпан шыңы. Өлеңдерді жаттап дайындалған күшті ой салар шығармалар алып келетін ақ көкеге Алла разы болсын. Болашақтың өрісі кеңейе берсін осындай аға буындардың қызықтыра шығарған еңбегі жана берсін. Тоқтамаңыздар тек❤
@qazcartoon29914 ай бұрын
Шолпанның күнәсі.. Еркебұланның бас кейіпкерге тағы қаны қараятын болды 😂😂