25 жастамын, екі ұлдың әкесімін. Кітап оқи бермейтін адаммын. Осы Кітапханның 3 шығарылымында басынан аяғына дейін көрдім. Бүгінгі повест өте пайдалы болды. Көзіме жаста алып алдым. Өмірге және отбасыма деген қатынасыма бұл кітап өз әсерін тигізді. Сіздерге үлкен рахмет! Осындай пайдалы кітаптарды көбірек мазмұндауларыңызды сұраймын.
@AybekGinayatovich5 ай бұрын
Бөліскеніңіз үшін рахмет!
@sanzharyerkhan47677 ай бұрын
Басында Еркебұланға жыным келетін, қазір түсіндім әркімнің өз миссиясы бар екенін, керемет! Үзбей көремін!
@zhan_arr5 ай бұрын
Басында Еркебұланда ондай миссия болмаған шығар😂 көрерменнің айтуымен өз миссиясына айналдырды-ау…😂😂
@yernur05 ай бұрын
@@zhan_arrөзі сондай адам ғой, басқа проектілерде де осылай тичкамен тығып отырады
@Nuraika20135 ай бұрын
Мен де бірінші бағдарламаны тыңдағанымда неге жырқылдап отыр деп соңына дейін көрмей шығып кеткенмін. Кейіннен 9- бағдарлама маған келіп тұрды, соны ашып тыңдап едім, барлығын түсіндім👍👍👍
@ЖансерикАльжанов-ь6э7 ай бұрын
Осы жоба жалғасын тауып тоқтамаса, еліміз сол бір кезеңдердегідей рухани байыса, сонда қазіргі біраз келеңсіз жағдайлар дұрысталар еді ау!
@raiynbek7 ай бұрын
Дурс брат. Соғо 🔥🔥
@Beknurkunisbaev7 ай бұрын
👍👍👍
@ЖанеркеЖумабекова-и1г5 ай бұрын
❤
@kamashormakova72797 ай бұрын
Оқу керек деген 3 ші кітап қатарына қосылды.Хамекеңге үлкен рахмет ,кітапты осылай қызықтыра ,әдемі жеткізетін адамдар өте аз .Адамды әңгімеге еліктіре білесіз ,жобаны жасаған ұжымға алғысым шексіз ❤️жаңа шығарылымды асыға күтемін 🎉
@Kaynbek076 ай бұрын
Мынау чбд- нын денгейндеги багдарламагой👍👍👍 казакша форматта. Просмотр кеми 3-4 млн болу керек 👏👏👏
@KosKosa-d1x6 ай бұрын
Кой жок бұндай бағдарламаға аналог жоқ сияқты мынау өзгеше )
@АселМырзағали-б2ъ6 ай бұрын
ЧБД дан әлде қайда жоғары
@erulanashim83015 ай бұрын
Чбд басқа бұл мүлдем өзгеше және мәдениеті жоғары бағдарлама чбд лас ғой
@adilet.zhumakulov5 ай бұрын
@@KosKosa-d1xформат ұқсас, деңгей басқа дер ем
@aliimanmadiev54044 ай бұрын
Чбд да еш мағына жоқ, тек жай әзіл, мысқыл, черный юмор оған қоса боғауыз айтумен шектеледі Ал кітапханда бірінші мақсат кітап оқуға ынталандыру, өмірге азық болар ой қалдыру, көрерменнің санасын оятып, сауатты қоғам болуға шақыруды жай емес әзілмен жеткізу Чбд мен кітапханның арасы жер мен көктей ғой айтпағым
@aben_assel7 ай бұрын
Керемет шығарма .Оның дәм тұзын келтіріп жеткізіп отқан Хамит ағамызда өте шебер баяндаушы. Түйгенім шыныменде кейде өзің сүйген жан бақытты болуы үшін өз өміріңді де қиуға тура келеді екен.Бұлда анау мынау адамның қолынан келе бермитін ерлік.Ал мұндай ерлікке барған жан таза,пәк махаббаттың биігіне жеткендей жеңіспен марапатталады.
@АлимжанОтемуратов-ы6м7 ай бұрын
Мына жобаға қаражат бөлу керек. Және көбірек шығалырым керек.
@adilet.zhumakulov5 ай бұрын
Қаражат бөлінсе дәмі бұзылады-ау…
@Saku-y4b7 ай бұрын
Мінездің қырсықтықтың,бір беткейліктің, бәсекелесүдің, кесірі, арты не болатынын түсіндім. Маған мінезімді түзеу керек, Ілиастың өмірін мінезін елестетіп өзімді көрдім, Рахмет жігіттер, 😢
@Baby042037 ай бұрын
👍👍👍
@Aman-g5l6 ай бұрын
ия соғо асығыс тез шешім қабылдамау керек екен
@ЖомартОралбай7 ай бұрын
Хамекең Еркебұланның ауызынан қашан тебетінін күтіп отқандар болса лайк басыңдар
@ЕрмаханЕркинбек-й6п7 ай бұрын
😂😂😂😂😂
@standup27 ай бұрын
Тепседе қоймайды-ау😂😂😂
@AQ-ek1pv7 ай бұрын
Құлақ шекеден бір ұратын екен я!
@АлтынбекДузелбаев-д8т7 ай бұрын
@@standup2😂😂😂😂😂
@НұрсұлтанКөшербай7 ай бұрын
Бұл далбанғада үйрендік.
@zerealemi47636 ай бұрын
Әселдің нәзік жүрегі сатқындықты көтере алмай жас баласымен амалсыз үйден кетіп қалды, бағына жарай Байтемірдей нағыз ер азаматқа жолқты. Ал Ілияс басындағы бақты теуіп жалғыз қалып өз жазасын алды, өте әділ шешім болды. Керемет шығарма👍
@Айзере-щ7ш6 ай бұрын
Иә шынымен көбі Әселді даттап,басқаға күйеуге шығып кетті деуі мүмкін алайда меніңше Әсел еш дау шығармай кеттіп қалғаны бәлкім өзін кінәлі санап Ілияс пен Хадишаның бірге бола бергенін қалағанында шығар.Байтемір оған көп жақсылық жасады бәлкім сондықтан Ілияспен кеттіп қалмаған болар.Егер сол кезде Ілиясты әлі сүйіп онымен бірге кеттіп қалғанда Байтемірге үлкен сатқындық болар еді.Шығарма ұнады Әсел ерекше кейіпкер
@sunshinelady19955 ай бұрын
👍👍👍
@Symbat_ss7 ай бұрын
Хадишаның образы ашылған жоқ. Ол өз махаббаты үшін күрескен қайсар әйел еді. Ілиясқа өзінен гөрі әлсіз әрі нәзіктеу Әсел ұнады. Ал Хадиша өзі түгіл Ілиясты да талай қиындықтан алып шыққан мықты, ақылды, іскер қатты әйел баласы болды. Әсел негізі Ілиясты айыптайды. Сен неге прицепті сұрамай аласың, неге достарыңды тыңдамайсың, өз қатеңді мойындай алмайтын ынжықсың деп Ілиястың бетін қайтарады. Ал Хадиша Ілиясты қандай болса да қабылдайтын, басын сүйеп, жанынан табылатын. Хадишаға бармас бұрын ол өз әйеліне келген еді, қорыққан, есі шыққан қалпы Әселіне мән жайды айтқанда ол оны кінәлады, қолдау берген жоқ. Мен бұл шығарманы 100 рет оқып, қойылымға 40 рет барғанмын. Айтматов шығармаларымен өскенмін. Шығармадағы тағдыры ең аянышты кейіпкер ол Хадиша. Өз махаббатын адалдықпен де, жанкештілікпен де, арамдықпен де сақтай алмаған әйел. Ал Ілиястың жан досының аты Әліби Жантурин
@БекмұхаммедЕргеш7 ай бұрын
Кітап айту және оқу ол екі түрлі жағдай бұл жерде енді барынша қысқа әрі әзілмен айтуға тырысты сондықтанда барлық кейіпкерлерді аша алмады
@lauraimanbek12376 ай бұрын
Екі қолдап қосыламын. Бірақ өзімде қыз болған соң, жақын тартып сол кейіпкерге жаның қаттырақ ашитыны бар енді. Қыз кейіпкерді аяп, сол образдан өзіңді көргендей сезім болады.) Хамит ағай ер болған соң, өзіне образ іздеп жігіттерге басымдық беріп, соларды ақтап алатыны бар секілді. Сол үшін ешкім айыпты емес. Хадишаны жаман деп атап кетпесе де, Әселді сол сөзге тиек етті. Сондықтан аа жақсы екен деп қабылдауға болады айтқандарын🤗
@ruslanshymshyq54506 ай бұрын
100% мықты герой!!!
@АлишерТоктар-с7з6 ай бұрын
Жасыңыз нешеде?)
@lauraimanbek12376 ай бұрын
@@АлишерТоктар-с7зНе үшін сұрадыңыз?
@Кумисжан-п9б5 ай бұрын
Бағдарлама өте әдімі! Жастарға нағыз мотивация болатындай екен!Бірақ бағдарлама барысында қанша рет күліп бос арзан күлкіге қарық қылып алтын уақытты алатындарыңыз өкінішті…. Әсіресе Еркебұланды киноның бір жағымсыз кейіпкері сияқты қабылдадым! Осы бағдарламаға олда таладанатын әңгімені оқып келіп жөнді сұрақтар қойып әдемі жүргізулеріңізді сұраймын! Подкасты тыңда деп сылкасын балаларыма жіберейін десем олар айтқанымды алып айтарымды байқамай қалама деп қорқамын осындай жөнсіз күлкілердің арасынан.
@sapolek5 ай бұрын
Міне ғой, мужская солидарность на лицо! Осы Айтматовтын Жамилясын окыганда, махаббатсыз алып кашкан куйеуине опасыздык жасады деп айыптаган Еркебулан, Ілияска кешириммен карап тур, шын суйсе кеширу керек еді дейді. Бағдарлама өте керемет, улкен рахмет❤
@Favourite-video3 ай бұрын
Мен де соны ойладым! Неге бәр жерде еркектерді ақтап алып шығады екен, Жәмилада ол кінәлі болса, бұл жерде Әселді кінәлап. Содан, әйел адамның образын толық ашқаны дұрыс болар еды, жоғарыда айтылғандай, Хадиша өте қайсар, адал әйел еді (кітапта өте күшті сипаттаған) мына жерде жүргіш, алқаш әйел ретінде көрсетті. Обидно 🥲
@ЕрсултанТилеулес7 ай бұрын
Жобаларыңыз өте керемет! Жастарды кітап оқуға баулыйтын, әдебиетке жақындататын тәрбиелік мәні бар танымдық жоба деп атауға болады. Өзім әдебиетке жақын адам болған соң маған қатты ұнайды. Бірақ сәл әзілдеріңізді азайтсаңыздар, оқиға талан-тараж болып кетіп жатыр. Рахмет✊
@aiymserikbai1085 ай бұрын
Осы программаның үзіндісін көргенде түсінбейтін едім. Бірақ тыңдап отырып кітаптың ішінде жүргендей, кейіпкерлермен бірге өмір сүргендей боласың. Әркімнің өз миссиясы бар екен. Әзілдеп отырып керемет жеткізген 👍👍👍
@eralife56187 ай бұрын
🇰🇬Кыргызстандан көрермен бар , керемет 👏🏽 , ар бир шығарылым 500 мың просмотрға лайық 🎉
@@ЕРИКБаянов-ф1н 9 жыл мектепте оқығанмын , Шымкентте
@assemoraz15467 ай бұрын
Қырғызстаннан деген соң түсінікті ғой. Қырғыз екені. Автор Ш. Айтматов қырғыз болған соң әрбір қырғыз сүйіп оқитын жазушылардың бірі
@Ina_abdesh77 ай бұрын
Өте керемет 👏 Қазіргі жастардын әдебиетімізге, кітапқа деген қалауын ашып жатқандарыңызға көп рахмет ❤ Жоба авторларына, Хамит ағаға көп рахмет🎉
@jadoasyl56524 ай бұрын
Тиктоктан көретінмін үзіндісін, кітапты әдемі айтып беретін Хамитқа рахмет, керемет. Мына жігіттер әңгімені қызықтырып, жастарды кітапқа деген қызығушылықтарын арттырады деп ойлаймын, Хамит керемет оқиғаларды сипаттайды екен.
@mukagaliganiev7 ай бұрын
Тоқтамаңдар жігіттер бұндай жоба керек. Еркебұлан шәй әңгімеде шайатын еді Хамекеңнің жанында өз орнын тапты. Спонсорлар болса қолдайық жоба жасау да оңай емес
@БабырОтызбай-ю9н7 ай бұрын
Керемет айтып берген Хамит Ердеханға да, керемет жазған автор Шыңғыс Айтматовқа да үлкен рахмет
@БабахановМубаширхан7 ай бұрын
Тамаша, осы жобаны қолдаңыздар халайық, Хамит сияқты азаматтарымыз көп болсын, негізі бұл ерекше жоба, қазақ әдебиетін осыншама деңгейде халыққа ешкім жеткізбеген осы күнге дейін
@НазеркеСейт-ц5б5 ай бұрын
*Ақылы араласпай тек қана мінез,эмоциямен шешілген жерде -қай кездеде қасірет ,өкініш мұң жатады* деген Хамит ағаның сөзі терең мағынаны алып жатыр
@ДинаКенжалиева7 ай бұрын
Керемет әңгімелер. Кітап оқымайтын дар скора кітап оқып кететін шығармыз.. қасындағылар әңгімені бұзып күлкіге айналдырып отыр. Соған шыдамай әрі қарай не болды деп кітапханаға баратын сияқтымыз. Керемет бағдарлама. Мына қазіргі заманаули топастану заманынан құтқаратын бағдарлама сияқты. Мың алғыс. Бағдарламаларыңыз жандана берсін❤
@АйданаБатырбекова3 ай бұрын
Мақсаттары да осы шығар, өзіңдерің оқып алыңдар деп көп айтады😅
@SAKENOV247 ай бұрын
Керекмет Хамеке Қостанай сенімен бірге бір топ адам болып көреміз 👍🏻👍🏻👍🏻
@AigerimRaibek7 ай бұрын
Отбасында және махаббатта сатқындық болмайды! Жантастың айтқанын қолдаймын, еркек хайуан емес өзін ұстай алмайтын еРкек ол АДАМ. Ал Әсел өз бақытымен өз жайлылығы болатын адамды тапты деп ойлаймын. Жоба керемет👍🏻
@saniyaernazar29406 ай бұрын
Келісемін. Жантай позитивті персонаж. Әселдің көзін ашты. Әселдің бойында мықтылық бар. Барар жер, басар тауы болмаса да, баласын алып, өз абыройын таптатпай, кеткені, Ілияс «жүр, кетейік» дегенде, жоқ деп бетін қайтаруы-батылдық.
@Айзере-щ7ш6 ай бұрын
Иә мәселе Жантастың айтқанында емес Ілиястың баласы,әйелі бола тұра Хадишамен болуы.Бірінші рет жарайды мастықтық кесірінен бірақ баласы еңбектеп Әсельмен арасы қайта дұрысталсада барып жүргені енді еркекке тән емес
@ЖақсылықЕртай7 ай бұрын
Өте жақсы ойлап табылған жоба екен. Терең мағыналы жастарға әр шығармамен керемет таныстырып жатыр. Хамит ағамыз ғана оқымай отырған жігіттер де, шығармамен таныс болып келіп ой жалеап қосып отырса екен.
@БексултанРзаев6 ай бұрын
Өте әсерлі повесть екен. Күлдіре отырып жүрекке жеткізе білген Хамит ағама рақмет. Бағдарлама ұзағынан болғай.
@Scalmat2067 ай бұрын
Әсельге қиянат сияқты көрінді. Ауыр кітап екен жүрекке жетті, Хамит аға рахмет айтқаныңызға
@Ахмад-Дакаев7 ай бұрын
Мен өзі кітап көп оқымағанмын бірақ мен оқыған кітаптың ішіндегі ең қызығы өзіне тартып алған осы шығарма 2018 де оқып едім казір есіме түсті рахмет керемет жоба
@Ахмад-Дакаев7 ай бұрын
Еще оқығанымды ұмытып қалғам ғой қандай шығарма екенін
@Sarsenbai-om3pf7 ай бұрын
Керемет шығарма жалпы Шыңғыс айтматовтың кез келген кітабы үлкен ой тастайтын сөзбен сурет салатын жазушы кішкентай иірімдеріне дейін әдемі жеткізеді
@БахыткулАсанова-в7е7 ай бұрын
Өте қызықтыда пайдалы, жастарымызға тәрбие болатын жоба жігіттер! Осы жобаларың бір отбасын сақтап қалса сендерге мәңгі сауап болып жазылады. Алла разы болсын! Хамит жүрегімен, бар ынтасымен айтқаны бір кино көргендей боп қаласың, жарайсың Хамит 👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍🫰🫰🫰🫰🫰🫰🫰🫰
@leocoach62367 ай бұрын
Осыған дейін әрине бұндай формат болды Бірақ состав өте мықты, әзіл деңгейі бәрі жоғары👍 Хамит аға кітапты айтып беруі, кітапты оқығанда сол кейіпкер болып оқыса, біз Хамекең арқасында әр кейіпкердің рөлін,сезімін бізге керемет жеткізіп жатыр👍
@aruka.malataeva7 ай бұрын
Оте керемет, казакша аудиокитаптардан да артык болды. Хамит агамыздын әдебиетке деген махаббаты ерекше екені қатты сезіледі😍🤍
@ФатимаМылтыкбай7 ай бұрын
Үлкен бір кітапты керемет қылып жеткізген Хамит аға👍🏻👏🏻👏🏻👏🏻 Қасында отырып күлдіріп отырған ағаларға мың алғыс✨✨🙌🏻
@akmaralboss87027 ай бұрын
Неге Әселдіңкін қате дейді?! Ілиястың опасыздығына шыдап жүргенде, сол бір алқаш, демалғыш еркектің үйдегі күңі болушы еді. Керісінше Әселдің өзін таңдағанның арқасында өзі де, Бектемір де бақытты, Ілияс та өзіне сабақ алғандай. Көнгіштік, өлместің күнін кешу, жуас мінез (безхарактерный) өзіңнің басыңа таяқ болып тиюі анық! Қартайғанда артыңа қарап істегеніңе емес істемегеніңе өкінесің деуші еді…
@СембаевМаксат5 ай бұрын
Меніңше Әселдің қателігі Ілиястың өзімен сөйлеспеуі.
Үлкен рахмет сендерге! Жұмыстан шаршап отырып сендердің бағдарламаларыңды қарап, күліп, біраз ойланып та, демалып та қаламын. Шынымен керемет, Шыңғыс Айтматов мықты екен, оқығым кеп кетті.👍
@akerkealtaikyzy6 ай бұрын
Хамекеңнің өзі де терең адам екен😊 Соңында Әсель кінәлі деп бітіреді ма деп елеңдеп едім, оны да ақылмен шешті. Керемет шығарма, театрдан барып көріңіздер. Қырғыздың “Балаң маған ұқсаған” деген әнін әндетіп тұрып ойнайтын керемет спектакль ❤
@Meri152267 ай бұрын
Өте керемет шығарма екен. Бул жоба маған катты унайды. Бираз шығармады окымасамда окыгандай болып журмин. Арасында азилмен шымшып отыруда казирги шыдамсыз адамдардың конилин аулау максатында деп ойлаймын. Дами бериндер каралымдарыныз көп болсын👏👏👏👏
@БотагөзКарибаева6 ай бұрын
Сәтті жобалардың бірі болыпты. Кітап оқымайтын адамдардың өзін қызықтыратындай екен. Хамиттің баяндауы, сөздік қоры, тыңдаушыны үйіріп алатындай қасиеті бар. Бірақ бұл жобаның бір онша ұнамайтын жері әзілдейміз деп тым артық кетіп қалып жатыр жігіттер.
@User_tai-n4n4 ай бұрын
Kitap al-дан келген едім бұл жоба ерекше екен👏күшті шығарылым үлкен алғыс!Сәттілік серіктеріңіз болсын.
@nurmukhammed.assanuly7 ай бұрын
Дархан Оспанов жай ма дедім ғой Хамекеңнің ой өрісіне таң қалам енді😂
@muratcodm7 ай бұрын
Хамекеңде 4 Дарханның ой өрісі барғой
@nurmukhammed.assanuly7 ай бұрын
@@muratcodm😂😅
@ДанаУбайдулина7 ай бұрын
сен ак тангала береди екенсин))) рофл
@vdi6676 ай бұрын
Дарханың мұндағы бала ғой
@kz163595 ай бұрын
Өте жақсы жоба ұнап жатыр істерің 👍. Жыртыңдап күлгенді азайтып ангімені бөле бермей орнымен қалжыңдасаңдар . Көп жерде 3ің шайып кетіп жатсыңдар көрермен содан аз осыны ескерсеңдер.
@ainazhanab21 күн бұрын
Әсел, өзің ұнатып қалған жанның қолынан ұстап, ата-ана қарсылығына қарамастан соған сеніп, үміт артып жаңа өмірге аттандың. Сол адаммен өткізетін бақытты күндеріңнің көп болатынына сендің. Ол талай рет мас болып келседе, үндемедің. Оны түсінуге тырысып қойған сұрақтарыңа жекіп жауап берседе көңіліңе алмадың. “Бәрі де болады. Бәрі де орнына келеді..” деп жанына медеу болуға тырыстың. Ал ол болса жұмыстың жайын сылтауратып, қашумен болды. Қолымен жасағанын мойнымен көтере алмайтын адамға, батылдандыру үшін “қорқақ екенсің” дегенің үшін жұдырық ала жөнелсе де, оны түсінуге тырыстың. Тұрмыс құрғалы үй бетін көрмеген сені, әне барамыз, міне барамыз деп алдарқатса да, оған деген сеніміңді сөндірмедің. Тыныштықты өзгенің жанынан тапқан адамды, шыр айналып іздеумен болдың. Жаныңа жара, тәніңе қиянат жасаса да, жол жиегіне шығып, оны күттің. Одан кетерін кетсең де, көңілің сол жақта болды. Сол жаққа кетуге талай рет тас-түйін бекіндің. Оған деген сеніміңнің адалдығы соншалық, үйленгеніне де сенбедің. Өтірік дедің. Әсел, таза пейіліңмен, кіршіксіз жүрегіңмен сүйген, жалған намысын сезімінен, жар көңілінен биік қойған Ілиястан, сенің таңдауыңды құрметтейтін, сенің бақытыңды өз бақытынан жоғары қойған қойған Байтемірге жолыққаныңа, жар болғаныңа, мен қатты қуандым❤ 🖇️Еркебұлан мырза, шығармамен оқып таныспай жатып, кейіпкерге баға бермеңіз!
@assemoraz15467 ай бұрын
Идея жаксы! Жүргізушіге көп рахмет! Жалғыз өзін, артық тырқыл-жырқылсыз тыңдайтын-ақ екен... Бұл кітапты оқымағандарға кеңесім - оқып көріңіздер! Тамаша, жеңіл. Әдемі сипатталған.
@bt_crew7 ай бұрын
Қанабектің сөз саптауы керемет 👍🏻
@ZhanadilMamraimov3 ай бұрын
Өте керемет талдадыңыздар, Рахмет барлықтарыңызға🙌 Негізі шын махаббат болса,расында да өз кісің екенін нақты біліп таңдаған соң,сол кісі үшін соңына дейін күресіп,бірін-бірі үшін алып ұшып тұру керек,Ілияс артынан іздеп қалмай қойғанында қосылар еді ғой.Әсел де бірден кетіп қалмай,ашығымен сөйлесіп көргенде ғой. Шыңғыс Айтматов-ұлы кісі ғой,қаламынан шыққан әрбір туындысы өте құнды.
@СырымКанибек7 ай бұрын
Керемет, жалғасын таба берсін!👍👍👍
@ZaiTour-c8rСағат бұрын
Наоборт, мен Еркебұланға ғашықпын ше🥹❤️ Үйленген екен, әттең😅 Бақытты болсын🥹❤️
@Ali71327 ай бұрын
Мына проектіні көзбен көру бұйырсын ✊🏻 өтте керемет
@МерекеӨміртаева-б9т6 ай бұрын
👍👍👍керемет, Хамекеңнің сөз таптауы, кез келген әңгімені,романды әдемілеп,майлап жеткізуі ғажап. Передача жалғасын тапсын👍👍күтеміз
@AQ-ek1pv7 ай бұрын
Осындай керемет жобаның көрермені көп болса екен шіркін
@Serik_Olzhas.046 ай бұрын
Жалпы Шығарылымдардың ішінде өзіме ереңше ұнаған повесть рахмет 👏👏👏
@darkhanuly_7 ай бұрын
Хамеке, өте керемет!!! Келесіде М. Мағауинның шығармаларын талдасаңыздар… Тәлпіш молодец! Топчик!
@lacosta-krg4 ай бұрын
Кітапқа деген қызығушылығым артып рухани байып керемет әсер алдым!Рахмет Хамеке өте әсерлі жеткізесіз !Жалпы жігіттер проект тоқтамай көрермендеріңіз көп болсын !
@Symbat_ss7 ай бұрын
Айтматовтың ең таңдаулы шығармасы❤ Хамит аға, ғажапсыз
@ЛяззатЕргазиева-х9уАй бұрын
Керемет! Бүгін көріп бастадым, бір деммен көріп отырмын🥹 мына подкасттардан соң кітап оқыдым деп айтуға ұялатын болдым👍🏻👍🏻
@AQ-ek1pv7 ай бұрын
"Қоңырауша жазылу бәрі өз қолдарыңызда" деп менің бәрібір жазылатынымды біліп айтып тұрсыз ау дим!))) Осындай жобаларымыз көбейе берсін. Торт жеп отқандай көрдім!
@DarynAshubaev7 ай бұрын
Жарайсыңдар, ақылмен мінезді ұштастыру деген жер жүректе қалып қойды, кейде керек кезде мінез көрсете алмай кейде мінезіміз бірінші кетіп өкініп қалып жататын сәттер болады өмірде, әсіресе отбасыда. Керемет!
@НұржанЖұмабай-щ2я7 ай бұрын
Көзбен көру бұйырсын бағдарламаны🙌🤝
@devtaubayev7 ай бұрын
Керемет бағдарлама, жастарды оқуға деген құштарлығын арттыратын, пайдасы тиетін және әзілді. Екі дүниені ұштастырған авторларға рахмет, идея керемет. Еркебұлан мен Хамеке дәл орнымен табылған жұп жүргізуші )))
@akniyetbirzhanqyzy28137 ай бұрын
Хамит ағаны бекерден-бекер “аңыз адам” деп айтпайды екен🔥 жоба үшін рақмет❤
@Gorohovyisup7 ай бұрын
Өте күшті жоба!!! Жалғаса берсінші тоқтамай. Еркебұлан мен Хамит ағайдың тандемі керемет. Жалықтырмайды, қызықты, пайдалы әңгімелер. Расыменде, әр шығарылым соңында, осындай ситуацияда қазіргі адамдар қандай шешім шығарар еді? деген секілді сұрақтар болса екен
@ZhasulanOtemissov7 ай бұрын
Кітаптан алыс адамдарға бізге мына шығарылым өте жақсы екен ұнады жалғасын тапса екен Атыраудан✊🏻
@МирамгульЕсенгельдинова5 ай бұрын
Өте керемет қызықты бағдарлама. Барлық шығарылымы. Тек, тыңдап отырған адамдар кейбір оқиғаларды баяндау кезінде, эмоцияларын дұрыстаса, әзілде күліп, қайғылы оқиға айтылғанда әзілге айналдырмаңыздаршы. Шығарманы жазған адамға кейіпкерлерге сыйластық танытып
@abdirovmaksat76 ай бұрын
Мен дәл осылай күлгенімдей күліп көрмеппін осы уақытқа дейін керемет👍🏻бір жағынан ой түйдім
@ЖулдызСаясатова6 ай бұрын
Тағылымды шығарым!!! Бұл жоба тоқтамасын деушілердің қатарындамын! Әр шығарылымды үзбей қараймын, көрерменнің назарын өзінде ұстап отырудың өзі қазіргі заманда өнер іспетті! Сәттілік тек👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻
@NurlyAlemm7 ай бұрын
Хамиттің кітап пен әзілді байланыстырып өте қызықты жеткізуі топ осы бағдарлама арқылы екінші кітабымды оқығандай болдым
@mxkl7 ай бұрын
Жарайсыңдар жігіттер! Тоқтамай алға басыңдар! Хамекеңнің арқасында кітап оқуға құлшыныс оянып жатыр ))
@dastishfantastish36647 ай бұрын
Кананың добивкалары шыңдалып жатыр👏
@Robert-sg6je7 ай бұрын
Бұрыннан айырадығо просто осы проектте көрініватр бізге
@specialqyz5 ай бұрын
Приятное с полезным деген осы ғой. Керемет жоба үшін рахмет. ❤Хамит ағаның сөздік қорынан мәнеріне тәнтімін.
@ЗабираБаубекова7 ай бұрын
Илияс Шаршап калмауы керек еди Адал болу керек уиленгесин Хамит агасы Ереке Керемет кирип кеттим мен киiпкерлерге
@МерекеАбдулинқызы7 ай бұрын
Тамаша бастама🔥 Хамекеңнің цитаталары, “.. деген кім?” деп бір тексеріп алып, артын әзілмен әдемі жабатыны😍😍 Еркебұланға сабыр берсін, бар хейтті жинап, өзі пікірдің бәрін оқып, шыдап отырған. Хамеке ас болса, Еркебұлан артынан сорпасы боп, әдемі толықтырып отыр❤
@aiduksa7 ай бұрын
Барлық кейіпкердікі де дұрыс. Байтемірге риза болдым👍. Әсел өзінің таңдауын жасады. Илияс та өмірден сабақ алды. Жантас та дұрыс жасады.
@dianabegzhanova10403 ай бұрын
Кітапханға рахмет👍🏻. Сіздермен бірнеше кітапты оқып алғандай болдық. Хамит ағамыздың кітап оқығанын көріп, өзім кітапты тек для галочки оқып жүрген жоқпын ба деп қалдым ғой☺️
@hap1ck7 ай бұрын
Күшті проект, неге қаралымы аз екенін түсінбедім. Легенда болайын деп тұр бұл шығарылымдар
Кітап оқымайтыр адамдардың немесе осындай керемет әңгімедердің бар екенінін білмейтіндердің кітапқа деген зейінін ашып қызықты жоба түсіргендеріңізге рақмет жалғаса берсін 🔥🔥
@MobileLegends-sm7yi7 ай бұрын
Қанеке үлкен рахмет сізге, керемет проект.
@Aitysmasa_saiash_akyn7 ай бұрын
💪💪 өте жақсы жоба! Дами беріңіздер!
@QntOFF7 ай бұрын
Жарнамалық интеграция жігіттер: кітап талдап болған соң “осы кітапты осы жерден 20% жеңілдікпен алуыңызға болады” деп кітап сататын дүкенді жарнамалауға болады. Жобаның декорация шығыны бар дегендей. Күндердің күнінде жоба тоқтап қалмаса екен деген ниет. Немесе донат жасайық.
@АкжолСарсенов-у6х4 ай бұрын
Бағдарлама өте керемет Хамит бауырым алла разы болсын сізге Еркебуланға шынымен бірінші шығарылым да Еркебуланға жыным келетін неге мазактайды деп келе келе барін жақсы көріп кеттім керемет біз білмеген көзіміз бен көрсекте оқымай жүрген повестарды көркем түрде күлдіріп әдемі жеткізіп жатсыңдар жігіттер жарайсыңдар алла разы болсын сіздерге
@muratcodm7 ай бұрын
Өлгендей қайтып келмейді деген кітапты шығарыңызшы Хамеке
@Kadyr_Akzhol7 ай бұрын
Керемет жоба жалғасын таба берсін! ❤
@Гулим-й8ь7 ай бұрын
Күлкіге де шығармаға да қарық болдық😂
@НұржанБижанов-у3о6 ай бұрын
Мына бағдарлама мен туылғалы бері,өзіме өткен ең мықты бағдарлама болды.басқа кісілерге қалай ...рахмет жігіттер
@АйбекКопжасаров7 ай бұрын
Хамит братанга рахмет Алла разы болсын ✋
@Abosh-qn3zkАй бұрын
Өте керемет жоба! Жарайсындар жігіттер ✊️🤝
@aluakarzhaubayeva7 ай бұрын
Ең керемет және пайдалы подкасттардың бірі
@ЕкпінЕсімжанов7 ай бұрын
Керемет! Бір деммен көрдім 🫶 Рақмет, жігіттер! 🤝
@quannyshuly7 ай бұрын
Қазір біздер оқуға ерінетін шығарманы бір сағаттың көлемінде түсінікті етіп жеткізген Хамекеге мың алғыс!
@mustafakhamazhay28974 ай бұрын
Мен бұл шығарманы оқымаппын, алдыңғы екеуін оқыған едім. Өте қызық болды жалғасын таба берсін 👍👍👍
@АктореЖумаханулы7 ай бұрын
Хамеке қамшы әкеліп қойееп әңгімені жбермедңзба. Еркебұланды бір сабап алып😂. Сол кезде дұрыс сұрақтар қойылатын болады 😅. Ал кітап үшін рахмет. Көп өнеге алдым. Сол үшін өз атымнан бір лайк,👍
@Lion_Brown7 ай бұрын
Бәрі күшті, керемет! Сіздерге рахмет✊✊✊✊
@Raim5297 ай бұрын
Керемет соз жок, әзілде бар әңгімеде бар Ереке өте тамаша жоба
@janewi24317 ай бұрын
Бұл жобаның тоқтамауын ғана тілейміз енді! Лайк, қоңырауша бәрін бастым 😅 Еркебұланның хейтерлерін елемеңіздер, жобаның шырайын келтіріп отыр әрбір жүргізуші!
@qazcartoon29917 ай бұрын
Менің жылап оқыған, спектальін көрген Адамзаттың Айтматовның мен үшін ең ерекше және аянышты шығармасы.
@steverogers30574 ай бұрын
Мяяяяя, бир туйини ауыр повесть екен, кушти асер алдым, шынымен сабырлык кандай кушти минез, Рахмет сиздерге осындай бир магыналы подкаст шыгаргандарынызга, Хамекеннин тил байлыгына, осыншама китап окыганына ризамын