Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды

  Рет қаралды 8,395

Информбюро 31

Информбюро 31

Күн бұрын

БІЗДІҢ KZbin АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шықты. Экс-министр ендігі 24 жылын темір тордың ар жағында өткізетін болады. Қоғамда резонанс тудырған іс екі ай қаралып, Бишімбаев азаматтық некедегі әйелін асқан қатігездікпен өлтірді және азаптады деген екі баппен кінәлі деп танылды. Ал, осы қылмысты жасырды деген айып тағылған "Гастро" орталықтың директоры Бақытжан Байжанов төрт жыл жаза арқалады. Киноға бергісіз соттың соңғы отырысы қалай өтті? Жәбірленуші тарап бұл шешіммен келісе ме? Толығырақ әріптесім айтып берсін.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
Бүгінгі шығарылымда:
Қазақстандықтардан бөлек алыс-жақын шетелдіктердің назарында болған Қуандық Бишімбаевтың ісіне ақыры нүкте қойылды. Екі ай бойы дүйім жұрт әр процесін қалт жібермей бақылаған соттың соңғы отырысы ұзаққа созылмады.Алқабилермен ақылдасып шыққан судья Айжан Құлбаева бірден үкімді оқыды.
АЙЖАН ҚҰЛБАЕВА, судья:
- Қуандық Бишімбаев Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Бұл бап бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қуандық Бишімбаев Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Бұл бап бойынша 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Осылайша, Бишімбаевқа түпкілікті 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.
Яғни, экс-министр азаматтық некедегі әйелін асқан қатыгездікпен өлтірді және азаптады деген екі баппен 24 жылын қатаң режимдегі түрмеде өткізетін болды. Ал, осы қанды қылмысты жасырғаны үшін "Гастро" орталықтың директоры Бақытжан Байжанов төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімді тік тұрып тыңдаған Бишімбаев судьяға сұрағы жоғын айтып, «түсінікті» деп қысқа қайырды. Ал, Байжанов болса мұндай жазаны күтпеген сыңайлы.
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді үкім оқылған кезде көз жасын тия алмады. Ол соттың шешіміне қанағаттанатынын жеткізді. Адвокаттарға алғысын айтқан Айтбек бұл нәтижеге жету үшін көп күш жұмсалғанын жасырмады.
АЙТБЕК АМАНГЕЛДІ, Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы:
- Біз шамамен осы мерзімді болжадық. Ол түрмеден шыққан кезде 68 жаста болады. Бұл өмір бойына сотталғанмен бірдей. Түрмедегі жағдайды ескерсек, ол бұл жасына дейін өмір сүре ме, жоқ па белгісіз. Адвокаттар да - Жанна, Әлия, Дамир, Игорь бәрі бірінші күннен жанымызда. Бұл жұмыс көп уақыт алды. Біз жарты жыл жұмыс істедік.
Қуандық Бишімбаевқа өмір бақи бас бостандығынан айыру жазасы не үшін тағайындалмады деген сұрақ көпті мазалайтыны жасырын емес. Бұл сауалға прокурор Айжан Аймағанова жауап берді. Мемлекеттік айыптаушылар судья сұраған жазамызды тағайындады деп отыр.
АЙЖАН АЙМАҒАНОВА, мемлекеттік айыптаушы:
- Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің санкциясына сәйкес біз ең көп дегенде 20 жыл , ал 110-бап бойынша 7 жыл бас бостандығынан айыруды сұрадық. Бұл максималды жаза. Бүгін сот та дәл осындай жаза тағайындады. Тәжірибеге сүйенсек, соңғы 5 жылда алқабилер қатысқан сот мұндай істердің санаттары бойынша өмір бойына жаза тағайындаған жоқ.
Соттың мәліметінше, шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті жазаның екіден үш бөлігін өтегеннен кейін бере алады. Бұл шамамен 15 жыл. Ал жәбірленуші тарапты сот залының сыртында көпшілік қошаметпен күтіп алып, жеңіспен құттықтады.
Еске салайық, қайғылы оқиға өткен жылдың 9 қарашасында Астанадағы BAU мейрамханасында болған еді. Қуандық Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы соққыға жықаны бейнебақылау камерасына жазылып қалған болатын. Соған қарамастан сотталушы өз нұсқасын айтып, жұбайымды асқан қатігездікпен ажал құштырмадым деген болатын. Бірақ оның кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, аудио және бейнематериалдармен, сараптама қорытындыларымен толық дәлелденді.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/c...
TikTok - www.tiktok.com...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Пікірлер: 40
Дау-дамайсыз: Айсқа алданғандар
22:55
Players vs Corner Flags 🤯
00:28
LE FOOT EN VIDÉO
Рет қаралды 46 МЛН
АЗАРТНИК 4 |СЕЗОН 3 Серия
30:50
Inter Production
Рет қаралды 964 М.
Новый уровень твоей сосиски
00:33
Кушать Хочу
Рет қаралды 4,3 МЛН
Это не только ВОЗБУЖДАЕТ мужчину , он еще сойдёт с ума по тебе
18:14
Отношения, Любовь, Самооценка
Рет қаралды 1,8 МЛН
Как она была права 1990 год
9:52
Ринат Шарифуллин
Рет қаралды 2,1 МЛН
Айласын асырмақ болған екі полицейдің масқарасы шықты
1:51
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 768 М.
Бишімбаев тарапы үкіммен келіспеді
5:39
Басты жаңалықтар / Новости Казахстана
Рет қаралды 56 М.
Тоқтар Төлешов тағы да сотталды
2:56
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 376 М.
Айгүлден айналып қашқан Сәтдәулет!
24:34
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 133 М.
Полковникті "қарабет" дегендер сотқа тартылып жатыр
15:31
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 149 М.
АЛАЯҚ ӘЙЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ
3:48
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 210 М.