Қуандық Бишімбаев ісінен не түйеміз? | Абьюзердің белгілері | Ержан Мырзабаев

  Рет қаралды 36,153

Abylaikhan Omirbay

Abylaikhan Omirbay

Күн бұрын

Сұхбатымыздың кезекті спикері - танымал отбасылық психолог Ержан Мырзабаев.
Қуандық Бишімбаев ісі нені аңғартты, бұл істен не түйеміз? Марқұм Салтанат Нүкенованың оқиғасы неліктен қызу талқыға түсті? Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары нені ескеруі керек? Абьюзерлер кімдер? Олардың белгілері қандай? Кімдер абьюзер, агрессор атанады? Осы және өзге де сұрақтар төңірегінде маманмен сұхбат құрдық.
Тағы бір айта кетерлігі, сұхбат барысында түйген ойыңызды жазып, өзіңізді толғандырған мәселелер бойынша Ержан Мырзабаевтан тегін кеңес алыңыз. Кездесу онлайн немесе офлайн форматта өтеді. Іске сәт!
Абылайхан Өмірбай
khan__abyla...
Ержан Мырзабаев
yerzhan.myr...
0:00 Аңдатпа
01:07 Басы
01:47 Қуандық Бишімбаев ісін бақыламау мүмкін емес
03:54 Қуандық Бишімбаев қандай стереотиптерді жойды?
04:18 Психолог неліктен күлгін түстес киім киіп келді?
05:57 Психологқа қандай әйелдер хабарласады?
08:30 Зорлыққа көніп жүрген әйелдер енді шыдай бере ме?
09:50 Сізді мемлекет қорғауға дайын
11:07 Салтанаттың өліміне қатысты түрлі пікірлер жазылып жатыр...
13:45 Агрессордың қолынан кету оңай емес
16:44 "Стокгольм" синдромы кімдерде пайда болады?
20:36 Бір келіншектің сұмдық оқиғасы
25:04 Абьюзерлердің белгілері қандай?
30:11 Кімдер абьюзер болады?
35:54 Абьюзер әйелдер де болады екен....
41:39 Әйелді жек көретін еркектер жайлы
43:01 Бишімбаев ісінен кейін әйелдер қандай түйін жасауы керек?
47:10 Готтман институтының қызық зерттеуі бар
50:10 Елімізде отбасын құру статистикасы төмендей ме?
52:55 Әйелдерді де тиран күйеуімен бірге түрмеге қамау керек пе?
58:10 Депутат: Әйелдер тілінің ұзындығынан табады
01:01:11 Әйелдер проблема шешілгенше сөйлескісі келеді
01:05:39 Жігіт пен қыздың махаббаты қандай болу керек?
01:11:16 Ержан Мырзабаевтан тегін консультация ұтып алыңыз! Шарттары оңай!

Пікірлер: 354
@ashken_2004
@ashken_2004 26 күн бұрын
Қайтып келген қыз жаман деп, айтамыз, өйткені қыз балаға көбінесе үй әпермейміз. Үйді ұлға жазамыз. Қайда барарын білмей сондықтан шыдайды деп ойлаймын. Қызға да жеке атына үй әперу керек. Бір рет ұрды ма қаш. Бөлек тұр, Алла көмектеседі, ата-ана көмектеседі аяқтан тұрғанша. Ойым
@Jamilek
@Jamilek 24 күн бұрын
Ата ана көмектеспейді кызга, куры катын дейді! Жургиш улдарын балам, дейді, ал байдан кайткан кызды жезокше дейді, немесе ози кінәлі дейіди
@aybeksultan8541
@aybeksultan8541 22 күн бұрын
Үйленгесін қыздың атындағы үй ажырасарда ортақ болады. Егер некелесерде неке шарты жасалып сол жерде тек қыздың меншігі деп көрсетілмесе. Қазір дұрыс күйеу табу өте қиын. Ата ана көп көмектесу керек. Жас жігіттердің ішінде лудоман, наркоман, тағы басқа мандар өте көп. Және сол кемшіліктерін өте жақсы жасыра біледі. Батыстан келген романтиканы азайтып бұрынғы бабаларымыздан қалған дәстүрмен жар таңдау жағына басымдық беру керек. Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған деген сияқты.
@tat3537
@tat3537 21 күн бұрын
​@@aybeksultan8541 Сиздики таза отирик енди. Любое имущество приобретенное до брака не подлежит разделу.
@qwer38173
@qwer38173 21 күн бұрын
Қызда өз орны бар Өз Жұрты 1де, ол ТөрКүн жақ, қыздың орны бар әрдайым барлық үш жұртта: Өз Жұрты1, Өз Жұрты2, Нағашы Жұрты
@aybeksultan8541
@aybeksultan8541 21 күн бұрын
@@tat3537 Заң бойынша солай. Практикада олай өте сирек болып жатады. Романтикамен үй ортаққа айналып, залогқа қойылып жатады. Сол үшін ата анасы қыздың мүлкін өз атына аударып қояды. Мен сол мағынада айттым.
@GuliaGulia-bk8gu
@GuliaGulia-bk8gu 21 күн бұрын
Мен кеше бұрыңғы күйеуімді милиция шақыртып үйден шығардым. 15 жылда көрген психологиялық қысым, эмоционалды тербеліс газлайтинг патологиялық өтірік айтуынан әбден қажыған мына мен өмірімде бірінші рет ортадағы балалар барына қарамастан нақты шараға барғаныма қуандым. Төрт жыл бойы басқа әйелмен тұрып жатса да білгенін істеп мені меншіктеп ойына келгенін істеді. Өзімнің дұрыс жасағаныма Ержан мырзаның келтірген 40 жастағы әйелдің кейсі тағы бір дәлелдеді. Милиция келгенде ол өтірік байғұс ролінетүсеқалды. Мен сенбедім әрі өзімдікінде тұра алдым. Ал бұрын үнемі аяп кетуші едім. Құдайымау рақмет өзімді таңдадым!!!! 🥰🥳😊
@2009mAskisgeniusssssgrkd
@2009mAskisgeniusssssgrkd 21 күн бұрын
🌸 тек алға!! Барлығв жақсы болсын!🤲🏻
@akzhantolegenkizi5654
@akzhantolegenkizi5654 16 күн бұрын
Дұрыс істептіңіз 😊
@user-jv2nf4qm4z
@user-jv2nf4qm4z 12 күн бұрын
Қолыңыздан барлығы келеді. Әйел қолына қару алып соғызға да қатыса алады, 10 баласында бағады. Мақсатқа да жетеді. Екінші тынысыңыз ашылып жатқанымен құттықтаймын. Сізде барлығы жақсы болады деп тілеймін. Қорықпаңыз. Мықты болыңыз. Арманға қарай ұмтыла беріңіз. Бірнеше жылда-ақ табысы мықты әйел болып шығасыз. Өзіңізді бағалаңыз. 🫂🫂🫂
@user-hm7xl7tk9n
@user-hm7xl7tk9n 13 күн бұрын
Мен осындай білім деңгейі жоғары психологты және нағыз қазақы таза қазақ тілінде ерекше тіл байлығы бар ер адамды көріп тыңдап өте риза болып отырмын. Психолог әйел адамдардан гөрі ер адамның психология туралы ой пікірі өте салмақты көңілге қонымды екен. Өйткені білімі ақыл парасаты жоғары болғасын өте ұтымды бәрекелді.
@user-gk4ku8ui5v
@user-gk4ku8ui5v 8 күн бұрын
Ержан Мырзабаев өз мамандығының нағыз майталманы. Жігін жіктеп, анығын айқындап, қарапайым тілде түсіндіріп берді. 👍👍👍🔥🔥🔥.
@sartaevaulbosyn5768
@sartaevaulbosyn5768 22 күн бұрын
Ержанды тыңдасам, өмірге ерекше көз қарасым өзгереді. Рахмет 😘
@user-pn6rg3ck8w
@user-pn6rg3ck8w 26 күн бұрын
Әттең бұл сұхбатты ерлеріміз көрмиді, қарайтын тек әйелдер. Ерлеріміз тыңдауға шыдамы жетпейді бәрібірдей болмағанмен көбі қарамайды 😊
@shaihygalitalgat
@shaihygalitalgat 24 күн бұрын
Үзбей қараймыз 😅, болашаққа дайындап жатқан база
@user-zp9yq7kr5h
@user-zp9yq7kr5h 21 күн бұрын
Манызды деген жерлерин Запись экрана жасап, куйеуиниздин вотсабына салып жибериниз, тындаиды 😊 озим солай истеимин
@Zhuldyzdynomirinen
@Zhuldyzdynomirinen 26 күн бұрын
Осы Ержан мырзаның ойлауы күшті керемет қойше бәріміздің де жарымыз осылай болса екен👍👍
@737_BAYAN
@737_BAYAN 28 күн бұрын
Отбасылық психологияны төл тілімізде дамыту жолында үлкен үлес қосып келе жатқан Ержан мырзаның "Отбасылық Психология Академиясынан" білім алу көптен бергі жоспарымда. 10-сынып қызыма да болашақ психолог болғың келсе, "Отбасылық Психология Академиясын" ұсынамын... Керемет сұқбат! Іздеген сұрағыма жауап таптым...
@rimaaisha9600
@rimaaisha9600 28 күн бұрын
Бір артық,бір бос сөз жоқ, сапалы подкаст болды. Алғыс. Тұрмыс құрмағандарғада, тұрмыстағыларғада өте пайдасы мол дүние екен.(Егер әрине терең түсініп, мағынасын ұғынғатын адам болса. Әйтпесе ақпараттарды бұрмалағыштар көп.).
@bekarysospanov_
@bekarysospanov_ 27 күн бұрын
Бүгінгі сұхбаттан түйген нәрсе: 1. Абьюзер адамнан құтылудың өзі бір олжа 2. Агрессор адам жақсы жаққа өзгерем десе өз қолында. Тек соны шынайы қалап, жүйелі жұмыс жасау керек. 3. Аппендицит болсаң, хирургке жүгінетінің сияқты; Психологиялық, эмоционалдық дертке шалдықсаңыз психологқа жүгінуің қажет. 4. Психологпен кеңесу, арнайы маманға бару бұл - норма! 5. Абьюзер әйелдер де болады. Сондай жағдайға тап болған еркектер еш ұялмай өз-өзімен, ситуациямен жұмыс жасау керек. 6. Айналаңда зорлық-зомбылық көретін болсаң, немқұрайлық танытпа. 7. Халықтың құқығын ер немесе әйел деп бөліп қарастыруға болмайды 8. Ер де, әйел де жаратылысында кемшілік болмайды. Тек отбасы құрар алдын бір-бірінің психологиясын, отбасы болудың, ата-ана болуды ертерек ұғынып соған қажет кемінде 1 курс, 1 кітап оқу керек. (Терең оқыса тіпті жақсы)
@user-hy8ti8to2m
@user-hy8ti8to2m 17 күн бұрын
Әйелде еркекте бир волнада болу керек деп ойлайм
@Arailym.uaisova
@Arailym.uaisova 25 күн бұрын
Осындай подкасттардың тыңдарманы көбейе берсін.
@molly9595
@molly9595 21 күн бұрын
Еркектер тыңдамайды бұндайларды
@molly9595
@molly9595 21 күн бұрын
Еркектер тыңдамайды бұндайларды
@totsss01
@totsss01 12 күн бұрын
Әттең,біздің ер-азаматтар осы сияқты тақырыптағы сұхбаттарды көрмейді,көргісі келмейді.Көзқарасын өзгерткісі келмейтіндер көп. Үйленбей тұрып жастарға арналған отбасылық,тұрмыстық тақырыптағы курстарға балаларымызды алдын ала жаздырып, отбасылық жағдайға ұл-қызымызды дайындағанымыз абзал. Мен жеке Ержан Мырзабаевқа алғыс айтамын!Өте сауатты ойды жеткізе білу,басқаның түйсігінің өзгеруіне септігін тигізу үлкен еңбек.Әрбір сұхбатын қалдырмай көремін.Бұйырса ұлдарымды жігіттік шағында осы кісінің курсына немесе форумдарына қатыстыруға әрекет жасаймын😊Себебі,атасы және әкесі сыра,темекі,арақ әкелуге кәмелеттік жасқа толмаған балаларымызды үйдің жанындағы дүкенге жұмсайды.Сатушыға балаға берме деп 102шақыртатынымды ескертіп зорға қойдырдым,әкесімен сол үшін қырылып та алдық,ал,атасф әлі күнге дейін жұмсайды,балаларға магазиндегілер бермейді,сол себепті маған ашуланады,балаларды жұмсай алмайтын болдым деп😢
@user-by2gm6fe9v
@user-by2gm6fe9v 25 күн бұрын
Көп жағдайда әйел адамдар түбінде күйеуім қоядыды деп өз өздерін алдап жүреді және бала үшін деп өз өздерін жертва қылып жүрген нәзік жандылар әлі де көп көп
@user-hy8ti8to2m
@user-hy8ti8to2m 17 күн бұрын
Солго бала бала деп бала осет кетет әйелдер журет мал болып,денсаулыктан денсаулык калмайт
@user-uz1jr9wc5q
@user-uz1jr9wc5q 25 күн бұрын
мен 5 ай тұрып ажырастым.Мені ешкім қолдамады.Шыда бәрі жақсы болады ажыраспа деді.Бывший күйеу тиран жұмыссыз ұрып соқты болмайтын нарсеге ,психологиялық әр түрлі қысым көрсетті.Азып кеттім салмағым 44 кг болды сүйек болып қалдым.Мемлекеттік қызметте істеймін,айлығымды енем алады,бермеймін десем жанжал қылып күйеу ұрады,түрлі зорлық зомбылық жасады.Измена жасады күйеуім.Ешжерге жібермейді тіпті төркінге жібермеді.Әке шеше туысқан қоршаған ортамен араластырмай қойды.Мемлекеттік жұмысты істеп үйге келіп бар тірлік істеймін шаршаймын.Бірақ сонда да маған тисе берді.Қайната ене қайнаға абысын олардың 3 баласы,қайын әпшем 2 баласы мен күйеуім 3 бөлмелі кішкентай үйде тұрамыз.Қайын әпшем біздің көшенің басында тұрады сол үшін 2 күннің бірінде біздің үйде келе беретін кішкентай үйде.Жалпы айтқанда құл болдым .Енеме санаторияға жолдама алып бердім да үйден әрең қашып кеттім ,себебі 1 ай ажырасуға кетуге көнбеді.Көрмеген нәрсем жоқ.5 ай ұрсада ата енем шәй ішіп отырды ажыратпады ұрма демеді.Үй киіммен қашып кеттім.6 сағат жолда жылап келдім.Ажырасып кеткен соң да мені ұрмақшы болды мені іздеп тауып алып мен сотқа беремін деп едім қашып кетті.2019 ж 24 жастамын
@user-fz4lw1uo4j
@user-fz4lw1uo4j 23 күн бұрын
Аллаһ бағыңызды ашсын!Алдағы өміріңіз жарқын болсын💗Құтылғаныңыз рас болсын💖
@Dr_Aiida
@Dr_Aiida 22 күн бұрын
дер кезінде қабылданған шешім болған екен. алдағы өміріңіз жарық болсын. жарайсыз. мықтысыз,🫶🏻
@user-ug1vu2fu8r
@user-ug1vu2fu8r 21 күн бұрын
Кетіп жақсы еткен екенсіз. Бақытты болыныз алдағы өмірінізде
@user-hy8ti8to2m
@user-hy8ti8to2m 17 күн бұрын
Дурыс жасаған екенсіз.жаман үйренген казир адамдар
@MegaMiraBai
@MegaMiraBai 7 күн бұрын
Бағың ашылсын, батылдық жасапсың дер кезінде. Құдай сақтасын !
@moldiramankhan2509
@moldiramankhan2509 7 күн бұрын
Өте керемет сұхбат!👆🏻 Әркім өзіне керегін алды деп ойлаймын😊 Рахмет Ержан мырза👏🏻👏🏻👏🏻
@user-vh4id6de7q
@user-vh4id6de7q 9 күн бұрын
Керемет подкаст👏 қарым-қатынас жайлы👍 Рахмет Ержан мырза!
@zubairaabidin3762
@zubairaabidin3762 22 күн бұрын
Ержан мырзаға ризалығымды айтқым келеді, біздің қазақ жігітінің осындай сауатты психолог болғанына мың да шүкір! Қазақ жігіттері масылдықтан арылса екен дегім келеді. Әйелі мен отбасын асырау былай тұрсын, осыдан біраз жыл бұрын, балаларымен бірге әйелінің мойнында отыратын еркектер көбейіп кетіп еді, қазір жағдай түзеліп келе жатқан сияқты. Жігіттер де үй шаруасы мен балалар тәрбиесіне әйелімен бірдей жауапкершілікті сезінуі керек, отбасының арбасын сүйреуге физикалық тұрғыдан күшті ер азаматтардың да үлесі басым болуы керек!! Иәә, әйелдің қырық жаны бар, дегенмен жігіттер, ОТБАСЫНЫҢ БАХЫТЫНА жауапты болуды мойындарыңа ала білсеңдер,жарларыңа қамқор болсаңдар екен!! Нағыз азаматтарын әйел қауымы қашан да қадірлей біледі -деп ойлаймын. Әйелдердің тілін ұзартуға жеткізетін де еркектер болады, өкінішке орай, олар дың абьюзерлер екенін енді танып-біліп жатырмыз. Мархұм Салтанат өзінің қайғылы өмірімен қазақ қоғамын оятып, ой салып кетті.. Алды жарық болсын!
@user-kf5yj3xt3j
@user-kf5yj3xt3j 21 күн бұрын
Әйелдің бір ғана жаны бар өте нәзік сыртқа мықты болғанымен.
@mans2020
@mans2020 27 күн бұрын
Өте түсінікті подкаст болды! Жолдасым үй тірлігіне көмектеседі, бала қарасады мен как должное сияқты отношение жасайды екенмін, рахмет деп айтуды білмеппін😢 Негізі приятно ғой күйеуің өзіңмен бірдей үй тірлігінде қызмет етіп жүрген, үш жерде жұмыс істеп балдарын ойнатып еще дастархан жинасып посуда жуысу дегенге мен алғыс айтпақ түгілі күліп қарамаппын😢 Рахмет Ержан мырза! Сіз Астана қаласында отбасылық тренингте спикер болған едіңіз ғой, сол кезде сізді келеді дегеннен күйеуімнің миын жегенмін барайық барайықшы деп, сол кезде күйеуім сізге сұрақ қойды, екі жерде жұмыс істеймін үйге шаршап келемін, әйелім үйге көмектеспейсің деп ренжиді деп, сонда сіз үйге демаламын деп барма екінші сменге бара жатырмын деп бар дегенсіз, содан бері күйеуім дәл солай екінші сменге келгендей жүреді😊
@user-fk6pj9ih2t
@user-fk6pj9ih2t 27 күн бұрын
Үш жерде жұмыс істеп, еще сізге көмектесіп жүрсе таңнан кешке шүкіріңізді айтып отыру керек ғой сізге, бастағы бақытты уақытылы бағалай алмай қаламыз кейде, хоть сізде сондай жолдас болғанына қуаныштымын
@gulnarimasheva5464
@gulnarimasheva5464 25 күн бұрын
😂
@mans2020
@mans2020 24 күн бұрын
@@user-fk6pj9ih2t соғой шүкірімізді ұмытып кетеміз
@minakazakhstan3712
@minakazakhstan3712 22 күн бұрын
Бакытты Жан екенсиз Багалыз
@JennieKim-hd5ei
@JennieKim-hd5ei 20 күн бұрын
Қарапайым рахмет деген сөздің өзі осыншалықты мотивацияға толы екеніне ойланым қарап таң қалдым. “Рахмет-жақсылық жасаудың бензині, берекенің негізі”. Как красиво и точно сказано 👍🏻
@user-iu3cw9pr3t
@user-iu3cw9pr3t 27 күн бұрын
Маған сұхбат өте ұнады, жүргізуші өзін керемет ұстайды. Мен танымдық бағдарламаларды жақсы көрем. Мир наизнанку, Орел и решка, Тимурды көрем саяхатшы. Сол бір бағдарламаны көргенде таң қалдым қазақтың еркектері ғой мынау деп. Жабайы дамымаған қара нәсілді тайпаға барады. Сол кезде күн жанып тұр, әйелдер жұмыс істейді, бала туады, ал еркектер күні бойы көлеңкеде жиналып алып жатады екен. Әйелдер жапырақ тереді соған орап банан пісіреді, баланы арқасына байлап алып жүреді үнемі. Тура біздің еркектер ғой. Бізде бала туғызады, бірақ алимент төлемей қашып кетеді. Негізі жер бетінде еркектер үшін жұмақ ол дамымаған елдерде екен. Соны түсіндім. Дамымаған надандық көп елдерде заң да, қоғам да еркектерге өте ыңғайлы, жайлы екен
@user-iu3cw9pr3t
@user-iu3cw9pr3t 27 күн бұрын
Айтқым келгені, сонда қатты таң қалғам біз сонда соншалықты өткен ғасырларда қалып қалғанбыз ба деп. Еркектердің санасы сол жабайы адамдармен бірдей, айтып отырған сөздері, таң қалдым
@KundyzErlibaevna
@KundyzErlibaevna 26 күн бұрын
Недеген сұхбат! Ер азаматқа да, әйел адамға да пайдалы ақпарат көп болды! Көргеніме қуаныштымын! 😍👏👍
@user-ct1ce2xb9n
@user-ct1ce2xb9n 28 күн бұрын
Ержан Мырзабаев сияқты саналы, көкірегі ояу ер азаматтар, және шынмәнінде осындай нағыз маман психологтар көп болса, қазақ қоғамыздың жақсы жаққа өзгеруіне үміт бар! Алла разы болсын сізге! Сіздің подкасттарды үзбей тыңдаймын! Алған кейісім, Роза Аширбаева айтқан сияқты менің күйеуім нормальный күйеу, ұрмайтынын это норма деп төбеме көтермейді екенмін, и үйде бір шаруа істесе, саған көмектестім дегенде , сен маған көмектескен жоқсын, осы үйде екеуіміз отбасы болып тұрып жатқан соң, сенде міндеттісің жасауға деп істеген ісіне рахмет айтпайды екенмін, ал жолдасым менен рахмет айтқанды күтеді екен, алған кейісім - енді рахмет айтып жүремін. ))
@MegaMiraBai
@MegaMiraBai 7 күн бұрын
Құдай сақтасын. Психологиялық абьюзерлер болады. 30 жыл тұрып, күйеуінің әрекетін сөзін дұрыс деп қабылдайды. Ұрмайды, бірақ әрбір сөзінде ылғи унижать еткісі келіп тұрады, құнсыздандырады. Психологиялық абьюздің соңы , денсаулығын жоғалтады.
@esma_gau
@esma_gau 25 күн бұрын
Инсайт❤ « Рахмет айту әр істеген күнделікті ісіне, как должное не воспринимать.. а ценить каждое действие ради семьи” ❤ Күшті болды🙌🏻 күнде бір бірінмен жарысып кім көп жасайды сол дұрыс деген ойды тастау керек😢 Вроде элементарно, но эго жибермей бір-біріне рахмет айтуды төмен санайтын адамдар да бар 🙌🏻
@bagdatsibanbaeva2561
@bagdatsibanbaeva2561 10 күн бұрын
Тамаша сұхбат болды! Қанша пайдалы кеңес айтылды. Тіл қандай!👍🏻🌟
@user-iy5uo1gq7n
@user-iy5uo1gq7n 2 күн бұрын
Керемет психолог екен👍
@jazira1124
@jazira1124 28 күн бұрын
Мен 30 дан аскам турмыс куруга коркамын осы жасыма келип тындау баска есту баска , карау баска кору баска , құн баска бага баска екенын тусындым Менын турсыс куруга коркатын себебим мен рамкага симаймын да казагымнын айел еркегинин разылыгын алу кк деп шектеулерге киргизип кояды мен сенемин саналы жигиттер бар екеныне мен тен дарежеде болганын калаймын бирак одан еркек кемип калмайдыгой неге соны кейбир азаматтар тусынбейды Мен озым катарлы бир жигитпен сойлесетинмин ол намаз окитын жаксы жигит деп карастырып жургем бир ангимелесу барысында сен мусылман емессын демеси барма мамаааа алды артыма карамай барлык жерден блокка салдым байсыз калсамда деп мини шок алдым
@minakazakhstan3712
@minakazakhstan3712 22 күн бұрын
Кездесесиз адамынызды, ози жолыктырады Алла Жар тандау онай емес, мамандык болса окып аласын баска дипломды. Ал куйеуди олай онай ауыстырып журе алмайсын Сондыктан асыкпаныз
@user-lq4ln4it4p
@user-lq4ln4it4p 27 күн бұрын
Осындай отбасылық, ана тілімізде сөйлейтін психологтарымыз көбейе берсін.Бұл сұхбаттан да басқа подакастарынан да алар ақпараттарымызбен ойға түйеріміз көп. Қазақстанымызда отбасылы азаматтар мен азаматшаларға бір бірін түсінсе және көбірек сөйлессе екен дер едім.
@user-cn6ix8uz1f
@user-cn6ix8uz1f 2 күн бұрын
Қазақ қоғамындағы әйелге төмен қарау, кемсітушілік әлі күнге дейін орын алып келеді. Отбасындағы жағдайлар бірлесіп шешуде ер адамдарға өте күшті,тамаша ақыл ,кеңес беріп отырсыз.Мен Ютобтан бірінші рет тыңдап .отырмын мұндай әңгімені. Жастарға жақсы үлгі беріп отырсыз. Рахмет! Сізді тыңдап отырған адам дұрыс отбасы болады. Қаншама адамға тамаша ой салып отырсыз! Мен әлі күнге ұлы үйленбей жүрген анамын. Балам үйленетін қызына дұрыс жар бола ала ма, оған тірек бола ала ма деген ой жиі мазалайды. . Мына Бишембаевтың ісі тіпті ойландырып жібберді. Сіздің подкаст , сұхбатыңыз жақсы,кім-кіімге де ой саларлық болды. Өз кәсібіңізден береке табыңыз. Әр сөзіңіз, ойыңыз қазақ жастарына ой салып ,ақылдарына ақыл қоссын!*
@user-rq1si5vc3t
@user-rq1si5vc3t 2 күн бұрын
Қыздар,әйелдер тұрмыс құрады,үйленбейді. Дұрыс сөйлеиік.
@caised2737
@caised2737 28 күн бұрын
Психолог жақсы кеңестер береді екен🙌
@user-cn6ix8uz1f
@user-cn6ix8uz1f 2 күн бұрын
Ержан,ісіңе береке берсін! Тамаша подкаст болды. ! Жүргізушіге де рахмет! Қаызақ қоғамындағы
@klarakabzhanova
@klarakabzhanova 21 күн бұрын
Рахмет. Коп казык алдым. Жолдасыма да тиндатам, коп ой салдыныз. Рахмет.
@QezzZxc
@QezzZxc 25 күн бұрын
Бұл сұхбатты доканца тыңдап жұмысымды ысырып қойып беріліп кетіппін енді қайта тыңдап пауза жасап отырып керек жерлерін дәптеріме жазып алуым керек қайта көрсемде жалықпайтындай сұхбат екен риза болып отырмынше бос сөз жоқ бәрі ғылыми зеріттелген дәлелі мысалын күшті түсінікті факт пен жеткіздіңіздер рақмет сіздерге!❤🎉
@togzhantursynali9224
@togzhantursynali9224 13 күн бұрын
Көптеген инсайд алдым өзім үшін. Түсінгенім: осы уақытқа дейін күйеу көзге шөп салмау үшін әйелге көп жүк артылатын еді: әйел әрдайым әдемі болып жүру керек, күйеуін қанағаттандыру керек тб деген сияқты. Соңғы уақыттарда әйел не істесе де, қалай киінсе де, не айтса бұл оған шөп салуға немесе оны ұруға болады деген сөз емес деген пікір қалыптасып келеді. Осыны түсіндіргеніңізге рахмет. Нағыз маман иесі✨✨🫶
@aruzhan7411
@aruzhan7411 27 күн бұрын
Былғары креслода отырып сайрайтындар жайлы дөп айтылды. Ойланбай айтылған сөзден хейтқа ұшырап, сынға қалып жүргендерге көп куә боп жүрміз. "Әйелдің тілінің ұзындығынан"-мыс. Сол әйелдің тілін шығаратын кім? "Тілі ұзын" әйелдің артында ақылы қысқа еркек бар ғой. Оның тілін табыс таппайтың жатып ішер еркек сымақ, бар тапқанын ставкаға қоятын лудоман, арты тесік болса да туысын,досын жарылқай беретін күйеу шығарады. Тұрмыстың, одан қалды қоғамның қыспағымен жалғыз қалған әйелдің тілі шықпағанда...
@user-cn6ix8uz1f
@user-cn6ix8uz1f 2 күн бұрын
Өте дұрыс айттыңыз. Ойланбай сөйлейтін депутаттар туралы. Екінші, әйелдер алдымен сезеді. Алдын ала айтады. Әйелге қарсы көп мақал-мәтелдер қазіргі өмір, қооғамдық жағдайларға сәйкес келмейді. Соны біле тұра, намысқа тию үшін бе, әдейі қолданып айтамыз.Мыс.: "тастай батып, судай сің!",; " Жақсы әйел жаман еркекті адам қылады" , - деген сөздерді қыз балаға,.онсызда барған жерінде
@user-cn6ix8uz1f
@user-cn6ix8uz1f 2 күн бұрын
Бағы төмен болып жүрген кыз балаға айтылмауы тиіс.
@shahri_mamajusupova
@shahri_mamajusupova Күн бұрын
Ото соонун сухбат👍🏻❤️💜
@lauraonerhan4472
@lauraonerhan4472 12 күн бұрын
Абьюзерлердің белгілерін нақты айтта. Өте керемет ақпараттар алдым. Мен кәдімгі психологиялық тұрғыдан көп сурақтарға жауап алды. Бұл подкаст бір жағынан терапиялық болды. Рахмет
@Zhonsss_88
@Zhonsss_88 26 күн бұрын
Ержан мырзадай болса ғой әр отбасы бақытты болар еді, бақытты жануяда бақытты балалар өседі
@SauleKOS
@SauleKOS 27 күн бұрын
Өте керемет сұхбат, бәрі орынды.Жақсы, бәрін түсіндім, өзімді таныдым,бірақ елу жасты еңсерген әйел адам қандай әрекет жасау керек, қандай шешім қабылдау керек , сол үлкен мәселе. Шынымен біліп жүрген өмірімді өзім тыңдап басымды шайқап отырмын. Роза Әшірбаева айтпақшы, ия білдім сондай адаммен өмір сүріп жатқаныңюмды, көзім ашылды, дальше что ???? Үлкен шешім қабылдап, үлкен қадам жасау үшін үлкен мінез керек екен.Отыз жыл бойы ,күнде күнде эмоцмялық качели жағдайда өмір сүріп, қай жағыма шығарымды білмей, жаңа өмірге бел байласам далада өліп қалатындай қорқынышты жеңу қиын екен. Бірақ- өмірім өз қолымда, таңдау өз қолымда .
@B.M.Sandugash
@B.M.Sandugash 27 күн бұрын
Абьюзермен бірге тұрсаң оған әлсіздігіңді көрсетуге қорқасың себебі, сразу оған қару бергенмен тең, оның қасында всегда начеку жүруге тырысасың. Соңында өзін жоғалтқан, қорғансыз адамға айналасың, былайша айтқанда *Ержан мырза айтқандай өзін қорғау иммунитетіңді өлтіріп тастайды* екен😢 И қазақ қоғамында тек күйеу ғана емес, абьюзердің атасы-енелер. Сол үшін ене болуға, қарттыққа саналы түрде дайындалу керек екен. Абьюзермен қарым-қатынастан қалай шығуға болады, тағдырымда не үшін осындай адам, не сабақ алуым керек? Сұрағым көп жауабын табу қиын.
@luenaautumn1013
@luenaautumn1013 21 күн бұрын
Бұл өмір бізге айна, деген пікір естідіңіз бе!? Төребек Бекпаевты тыңдап көрсеңіз болады
@daurenmukhametsharov6557
@daurenmukhametsharov6557 19 күн бұрын
Әйел босанғансоң біраз өзгереді деп айттыңыңыз, бірақ ер азамат шетте өзімен өзі қалып кететіні бар деп, бірақ ер азамат өзіне жауапкершілік алып жарына көмек қылып түнде бір жағына шығып жатса, сол дағдарыстан дұрыс өтіп кетуге болады деген мәселені жақсы талдап бердіңіз! 🙌
@LazzatMizambaeva
@LazzatMizambaeva 28 күн бұрын
Өте жақсы тақырып болды рахмет Алла разы болсын Менің де куйеуім абезер екен Абезер белгілерінен білдім
@user-kt4sf3fn2p
@user-kt4sf3fn2p 28 күн бұрын
Ержан мырзаға мың алғыс айтамын. Көкірегімде жүрген көптеген сұрақтарға жауап алдым. Ісіңізге сәттілік
@user-ob6nt4vv4c
@user-ob6nt4vv4c 28 күн бұрын
Керемет сұрақ қойылып, Ержан мырзада шынайы нақты жауап берді
@user-dq7bn9hw6q
@user-dq7bn9hw6q 26 күн бұрын
Осындай жағдай менің бауырымның басында болған. Бишимбаев тура сол жағдайды қайталап отырғандықтан,оның озбырлығына кешіріммен қарағандармен келіспеймін!!! БАСТАРЫҢА БЕРМЕСІН!ЯМарқұм Салтанат.қызым, топырағың торқа болсын!Ата-анаңа,бауырыңа сабыр берсін!!ЕРЖАН мырза, сізге қызметініңізде обыройыңыздың арта беруіне тілектеспін.
@zhazira3925
@zhazira3925 10 күн бұрын
Рахмет Ержан мырза😘
@moldiryeleshova846
@moldiryeleshova846 26 күн бұрын
Керемет подкаст!!! Барлық тұрмыс құрмаған жас қыздарға қарауға керек видео. Барлық сөз шындық, абьюзерден құтылу кейде өте қиын!
@togzhantursynali9224
@togzhantursynali9224 13 күн бұрын
Осындай өз ісінің маманын шақырып, нақты ақпарат бергендеріңізге рахмет❤
@minakazakhstan3712
@minakazakhstan3712 20 күн бұрын
Керемет сухбат Эсиресе эйел адамга конил болу мэселеси Жургизушиге де рахмет, психолог созин болмей аягына дейин тындаганына
@user-pn6rg3ck8w
@user-pn6rg3ck8w 26 күн бұрын
Өте сауатты әңгіме болды 👏
@bibiq1935
@bibiq1935 23 күн бұрын
Ержан ағаны өте сыйлаймын! Білімді кісі, керемет психолог!
@user-uc1ud8so6z
@user-uc1ud8so6z 28 күн бұрын
Ең алдымен алғыс айтамын Ержан мырзаға! Оқыған, тоқыған, көзі ашық, көкірегі ояу, өз ісінің нағыз маманы екенін көрсетіп, тыңдатып, дәлелдеп келе жатыр. Өзіме алған инсайт жайлы айтатын болсам ол күнделікті күйбең тірлік пен бала шағаның ортасында жүріп бір біріңе рахмет айтудың, жылы жүзбен қараудың өзі қаншалықты маңызды екенін одан сайын түсіндім. Арадағы махаббатты және құштарлықты сақтап қалудың мүмкіндігі әрқашан өз қолымызда. Адамды жақсы көріп, сол адаммен бақытты болуға екі жақта ат салысу керек. Ара қатынаста сыйластықты ұмытпау. Сөйлесуді ұмытпау! Әрқашан ізденіп, талпынып, тырысып сол қарым қатынасты өмірдің соңына дейін жеткізу. ( Егер ешқандай абьюздық, зорлық зомбылық болмаса, әрине)
@videomv9284
@videomv9284 26 күн бұрын
Өте сауатты психолог!!! Рахмет шақырғандарыңызға!!!!
@SKD19595
@SKD19595 28 күн бұрын
, Өте керемет сұхбат.Ерекеңе мың алғыс.
@mairanicanbaeva224
@mairanicanbaeva224 26 күн бұрын
Өте керемет 🤘 психолог Ержан мырза Жақсы түсіндіреді Көп пайдалы кеңестер алдым🎉🎉🎉🎉🎉❤❤❤❤❤
@akmaraltenlesbai6606
@akmaraltenlesbai6606 17 күн бұрын
прям от подкаст Ержан Мырзабаев🔥рахмеет үлкен , түйгенім өте көп!әсіресе абьюзерства агрессор тақырыптарын жүйелі түсіндім.былай қарап тұрсан өмірді сүру оңай ғой өзіміз қиындатып аламыз.еркек пен әйел бір бірін түсіне алса бір бірінің ойларын түсініп ашық сөйлессе шешілмейтін проблема жоқ.әдемі подкаст болды, тағыда күтеміз сізбен!
@user-wl4eg9pn4v
@user-wl4eg9pn4v 27 күн бұрын
Өте сапалы, керемет,жүйелі подкаст. Алға дами беріңіздер.
@Termofit_br
@Termofit_br 27 күн бұрын
Абьюзерлер әйелдерін өлтіремін деп қорқытады. Қайда кетсең де жердің түбіне түсіп кетсең де тауып аламын деп қорқытады. Не өзі өлемін дейді.
@user-xe2mo5to9i
@user-xe2mo5to9i 25 күн бұрын
Керемет пайдалы сұқбат болыпты. Сіздерге көп рақмет! 👍👍👍
@rayxanaxmetqizi
@rayxanaxmetqizi 25 күн бұрын
Барлық ер азаматтар былсе екен осындай отбасылық құндылықтарды
@Z-A-J
@Z-A-J 17 күн бұрын
Керемет бәрін дұрыс айттыңыз👍 Осындай Психологтар көп болсын, нақты нақты айтып түсіндіріп отсыз бірақ мұны сол Абьюзер ер адамдар көрсе олар бәрібір тек өздерінікін дұрыс деп отырар. Өз басым 4 жыл тұрдым күйеуім Абьюзер болды бірақ мен басында түсінбейтінмін өзімнен кінә іздеп себебі ол кісі мені кінәлі қылатын 4 жыл өте көзім ашқан бір Юрист кісіге рахмет. Ол кісінің сөзі қол көтерген еркек Неуровновешанный адам деген. Мен ажрасып кетсемде күйеуім мені қаралап жала жауып мені кінәлі етіп мені жерге ұрып кемсіткісі келеді ажрасқанымызға 5 жыл болды бірақ ол кісі мені балдарды алып қоям деп қорқытып келді, әр түрлі аур сөздер айтып ақр телефон номерін блокқа салдым. Ол кісі маған ажрасып жатқанда алимент төлемеймін сені псих больница тығып балдарды тартып алам деген сосын Я тебя сломаю скручу сама вернешься деген. Бірақ мен бір нәрсені анық түсіндім ондай Абьюзер адамдар өзгермейді өкінішке орай.
@user-wl4gx8pn1y
@user-wl4gx8pn1y 28 күн бұрын
Өте пайдалы, әсерлі сұхбат. Сұрақтарға толық жауап алуға болады. ❤❤❤❤
@aiymserikbai108
@aiymserikbai108 26 күн бұрын
Ержан мырзаның әрбір подкастын ұйып тыңдайсың. Одан бөлек каждый инстадан прямойын қарайсыңғо👍👍👍👏👏👏
@barca_1993
@barca_1993 27 күн бұрын
Ержан аға сіздің көмегіңіз керек. Әйтпесе келіншегіммен ажырасып кетуім мүмкін. Сізге инстаграмға дайректке де жаздым. Бүгінгі сұхбаттан алған ең пайдалы басты ақпарат ол қиыншылықтардан бірге өту. Сосын әр ер адам сіздің курстарыңызды қажет етеді екен.
@minakazakhstan3712
@minakazakhstan3712 20 күн бұрын
Келиншегиниз емес, сиз психологтан комек сураганынызга караганда сизге отбасы керек, жэне сактап калгыныз келеди эйелининзди жаксы кореди екенсиз Сизге сабырлык пен акылдылык, данышпандылык тилеймин Ажыраспаудын амалын карастырыныз Сэттилик тилеймин!!!
@barca_1993
@barca_1993 20 күн бұрын
@@minakazakhstan3712 амин
@Saya_Aitbayevna
@Saya_Aitbayevna 21 күн бұрын
Психикасы бұзылған адам мен! Менің әкем де анам да абьюзер, әлі тірі! Бірақ бала кезімде әкемнің шешемді абьюзить етіп, шешем бізден өшін алатын күнделікті айғай-шу ұрыс, төбелесін көрген, талай тепкінің астында қалған мен қазіргі күнде 31 ге келсем де қанша психологпен жұмыс жасап келе жатсам да әлі күнге дейін сол көрген қорлықтардың зардабын тартып келе жатырмын!!! Соңғы кездері өлім туралы көп ойлаймын.
@minakazakhstan3712
@minakazakhstan3712 20 күн бұрын
Китап окыныз омирге мативация беретин. Сиздей эке шеше коюисинде болды, бирак оздери осип отбасылы болып жатыр. Алга жылжыныз, артка бурылманыз. Турмыс курмасаныз турмыска шыгыныз, сиздин отбасыда ондай мулдем болмауы мумкин. Отбасынызга, жумысынызга конил болсениз бэрин умытып кетесиз бала шага мен.
@wizard950
@wizard950 25 күн бұрын
Неше түрлі подкасттар көп каралым жинайды екен. Ал осындай қажетті білім көпшілікті қызықтырмайды екен
@asyltasesilbekkyzy1925
@asyltasesilbekkyzy1925 27 күн бұрын
оте озекти керемет сухбат
@Alimbekovasa
@Alimbekovasa 11 күн бұрын
1сагат болсада, маған аз болып қалды🙏🙏🙏өте маңызды, керек ақпараттар болды!!! Өзіме көп инсайт алдым!!! Дәл осындай подкасттар көп болса екен
@trxtrxtrxtrxtrxrrx
@trxtrxtrxtrxtrxrrx 28 күн бұрын
өте керемет сұхбат👏, журналисттын сұрақтары нақты, адамды тындау біледі, психолологтын сұрақтарға жауап беруі өте керемет , квалифицированный психолог екені көрініп тұр👏👏👏
@baurzhanovna.n
@baurzhanovna.n 25 күн бұрын
❤❤❤ осындай видео жасап жатқан сәздерге рахмет)) дамуларыңызға тілектеспін🎉 +1 подписка
@themollykidbb607
@themollykidbb607 27 күн бұрын
Даже журип журген жигити абьюзер подругам болган. Айтуга онай, бирак коркынышты еди. Оте коркынышты, арен кутылганымен коймай, адамды жынды кылып кояды, будто бы ешким сени коргай алмайды, тауып алып олтирип кетемгой деп айтатын. Бирак сырттан отырып акыл айту онай, онын орнында болсам менде катты коркушы едим.
@user-og6lb5en3t
@user-og6lb5en3t 19 күн бұрын
Импонирует данный психолог! Не первый слышу его эфиры, очень толковый 👏😍
@user-ne9xc9tz6h
@user-ne9xc9tz6h 27 күн бұрын
Өте керемет сұхбат болды.Тұрмыс құрмас бұрын блоктармен жұмыс жасау керек.Отбасы болған соң әр адам осознный ойлану керек.Бірге дамып,бірге алға қарай жылжуы керек.Түсіну керек бір біріне алғыс айтып отыру керек.Ержан Мырзабаевты 1 айдан асты сұхбаттарын тыңдап жүрмін.Өте керемет білімді адамдар көбейе берсін👏🏻👏🏻
@user-ix2mk7zm8t
@user-ix2mk7zm8t 28 күн бұрын
Интересно советую до конца слушать 👂
@user-fl4sr1vp5f
@user-fl4sr1vp5f 17 күн бұрын
Ержан Мырза Алла Қолдасын. Керемет Азаматымыз.
@gulnasuums
@gulnasuums 18 күн бұрын
Салеметсизбе, оте керемет подкаст, я получила много инстайтов, болашакта окинип калмайтындай адам кездестиргим келеди))
@user-lq5bw6bz1g
@user-lq5bw6bz1g 12 күн бұрын
Өте қарапайым түрде ,түсінікті тілде түсіндіреді.Маған өте ұнады. Алла разы болсын!
@malina286
@malina286 27 күн бұрын
Өте керемет подкаст болды. Абьюзде өмір сүріп жүрген әйелдерді қалай құтқару керек деген тақырыпты жақсы ашып бердіңіз. Алып қашып кеткен әйелдің ағалары жігіт екен, әйелдің айтқан сөзінен “жаман емес па, жарайды” деп жауып қоя салмай түбіне дейін жеткізіп жазасын бергізген. 12 жыл отырып келген күйеуін солай ақтап жатса, күйеуін представляю қандай манипулятор екені🤦🏻‍♀️
@mairagoooi2516
@mairagoooi2516 23 күн бұрын
Тұрымсқа шығудан қатты қорқыныш бар еді ,бәрінің жаман жағын ойлап болмаған өмірден қорқып бірақ нақты оны қалай шешуге болатынын білмейтін содан қорыққан екем ғой ,ауыруымның диягнозын білгендей болдым ,махаббат отын жаныдырып отыру шынымен керек екен ,и қиындықтардың ара қатынасты жақындатуға көмегі болатынын түсінгенде жүрегімдегі қорқыныш басылғандай болды ,көп рахмет ❤
@user-rd5uq4kw2x
@user-rd5uq4kw2x 17 күн бұрын
Жаксы түсіндірдіңіз
@klarakabzhanova
@klarakabzhanova 21 күн бұрын
Ержан мырзага коп коп размет. Озиниздин псхологиядан кандай терен маман екениниздге козим жетти. Сиздин консультациянызды баримиз алумыз керек сияты. консультация
@user-cs5ni3fc1s
@user-cs5ni3fc1s 24 күн бұрын
Мықты отбасылық психолог екен,абьюзер адамды керемет суреттеп берді,шынымен бұндай адамнан кету қиын,ал сырттан айту ,бақылау оңай,бізде әйел адамға ұят ,болмайды деген миымызға сіңдіріп тастағанғой,сол жағынан қиын,осындай отбасында қиын жағдай туындағанда,ер және әйел адамға психологиялық көмектің өте қажеттілігі көрінеді😢,әйел таяқ жесе соңында я көнеді, я өледі,нәзік жанды әйелге қол көтеру өте тәрбиесіздік деп ойлаймын!
@user-jh9xg6qg3y
@user-jh9xg6qg3y 26 күн бұрын
Тамаша сұхбат журналист жігіт мықты екен
@no15-15
@no15-15 27 күн бұрын
Керемет сұхбат
@user-wx3ur3pu5f
@user-wx3ur3pu5f 26 күн бұрын
12.04 Біздің отау құрғанымызға 26 жыл! Сіздің сұбхаттарыңызды көріп, пайдасы мол ақыл-кеңестеріңізбен балаларыммен де бөлісемін. Әліде білмейтінім көп екен сұрақтарым көп Сізге!
@user-jj7io1zd3k
@user-jj7io1zd3k 24 күн бұрын
Инсайт болған жері ер адамның әйелге тыныштық беруінің 2 түрі, сосын абьюзер ар адамды анықтаудың жолын білдім, сосын рахмет айту жақсылық жасаудың бензині екенін түсіндім, қарым-қатынаста бағалау, мақтау, түсіну маңызды нәрселер екен арада жылулық беретінін білдім
@user-fe8zp9ey9s
@user-fe8zp9ey9s 27 күн бұрын
Ержан мырза,өте керемет подкаст болды.Мен абюьзердан кутылганыма куанып отырмын сіздің айткан керемет дуниелеринизден,Рахмет сізге ❤ Бұл өмірде өзің өмірің қымбат деген сөзіңіз жүрекке жетті
@nazhon
@nazhon 26 күн бұрын
Негизинде маган катты откени депутаттын сауатсыз болуы деген соз Биз сыртқы факторга карап бағалап уйренгенбиз Костюм кигенине алданып каламыз Сол сиякты омирде де жар тандаудан кателесип жатады
@dimongames2481
@dimongames2481 26 күн бұрын
Керемет сухбат болды! Коп нәрсені уктым
@user-rn1mw5ri3v
@user-rn1mw5ri3v 17 күн бұрын
Ержан мырзаның сұхбаттары әрқашан қызықты, на одном дыхании көремін, өзіме көп пайдалы инсайттар алдым, мысалы абьюзерлерден жертвасы кете салу оңай емес, нешетүрлі манипуляциялар жасайтыны, мен абьюзерден заңды түрде айырылысқаныма 3жыл болды арамызда 3 бала бар, маған қолда көтерген, эмоциональный да экономический де насилие көрсеткен , қаншама рет көңілімді қалдырған, бірақ біраз уақыт өткеннен кейін қайта қосылу ойыма келеді қайта көрейін деп сөйлесіп бастасам түк тартпайды, ойым мың-сан өзгере беретін, ақтап ала берем, эмоциональный качели жасайтын сол жақсы болған кездерді ойлайсың, шынымен вроде жаман болған жоқ қой деп, бірақ ренжітіп жылатқан кездері өте көп, қабылдай алмаймын оны. Арада Бала болған соң қиын екен араны үзіп тастаған түрін көрмейтіндей, олар шынымен нағыз актер өзгергендей көрінеді балаларға келгенде, бірақ қалай ашуландыра бастаймын өз айтқанымнан қайтпай маскасы шешіле бастайды. Қосылу дегенді мүлде ойдан алып тастап ондай ой келмейтіндей нестеу керек?!
@zhazirasauirbayeva8538
@zhazirasauirbayeva8538 27 күн бұрын
Инсайт: әйел адам сезімтал болғандықтан алдына ал мәселені сезіп, айта бастайды, ер адам әбден болғанда ғана басына тиеді
@user-fz8ll1ey9z
@user-fz8ll1ey9z 25 күн бұрын
Өте керемет! Әсіресе ер азаматтар көрсе екен дейсің. Әйелдерін түсініп, қарым-қатынастары өзгерер еді. Шынымен ер азаматтардың көруге шыдамы жетпейді ау. Ер адамдарға қайдан кітап оқуға кеңес берер едіңіз. Осы сіз айтқан дүниелерді түсініп, әйелге деген көз қарасы өзгеру үшін.
@BotaKazieva-lj6cu
@BotaKazieva-lj6cu 22 күн бұрын
Барлық сөзі пайдалы болды.
@Altayeva0210
@Altayeva0210 22 күн бұрын
Ердан мырзанын арбир подкасты терапия гой! Коптеген сурактарым жауап алдым! Коп рахмет!
@zhansauleqanatova7864
@zhansauleqanatova7864 27 күн бұрын
Сіздегі дағдарыс және мүмкіндік деген мен үшін жаңалық болды. Қазір өмірімізде кризис орын алып жатыр. Соған өзім декретте отырмын ақша таба алмаә деп өзімді кінәлайтын едім. Бізге берілген мүмкінлік екенін түсіндім. Рахмет
@user-ru9ey3it9z
@user-ru9ey3it9z 28 күн бұрын
Erzhan myrzany tyndap otyra bergin keledi👍
@user-rd5uq4kw2x
@user-rd5uq4kw2x 17 күн бұрын
Керемет ❤
@femmefatale162
@femmefatale162 22 күн бұрын
Керемет сухбат! Осындай контент дами берсин❤
@user-sj4mw1kd3y
@user-sj4mw1kd3y 20 күн бұрын
Өте керемет! Ержан мырза, еңбегіңіз жансын! Қоғамның шіріп-іріп тұрған нәрсесін нақты айттыңыз. Маған подкасттан ұнаған бірнеге тұсы болды. Мысалы, депутаттың тілі ұзын дегенді түсіндірненіңіз, әйелдің табиғаты туралы еркекткрдің зерттеу керекті. Ерлі-зайыптыны қиындықтар біріктіреді. Маған инсайт болды. Бітпесе екен деп отырдым
@Aliyaanarkulova
@Aliyaanarkulova 19 күн бұрын
Өте керемет пайдалы болды
@user-py6ty4hq6n
@user-py6ty4hq6n 26 күн бұрын
Өте керемет,маңызды сұқбат болды,көп рахмет.Екеуі бір біріне керек екенін сезіну,қолдау көрсету,бір біріне рақмет айту,ашық сөйлесу керек екен.
ORTA - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ РАЗБОР!
17:35
Yerzhan Myrzabayev | Ержан Мырзабаев
Рет қаралды 17 М.
How To Choose Ramen Date Night 🍜
00:58
Jojo Sim
Рет қаралды 32 МЛН
CAN FOXY TRICK HIM?! 🤣 #shorts *FOXY AND NUGGET!*
00:17
LankyBox
Рет қаралды 18 МЛН
Неге ажырасу көп? | Ержан Мырзабаев
59:29