Қырмызы қосбасар / Тәттімбет / күй үйрену

  Рет қаралды 1,330

Әсем ән, тәтті күй

Әсем ән, тәтті күй

4 ай бұрын

Баяғыда, мына Қаракесекте бір Күшікбай деген бай болыпты. Заманында, Атымтай жомарт сияқты қолының ашықтығымен, мырзалығымен аты шыққан адам екен, - Сабыт ұйыған аяғын созып сәл отырды, - Талай адамды тізгінге жеткізіпті. Талайдың басына үй тігіп, алдына мал, қазанына ас салып беріпті. Сөйткен Күшікбайдың жалғыз ұлы өледі ғой. Сонда Күшікбай налыған дейді. Бұл Құдайға не жаздым, қаріп пен қасерге мендей шарапат қылған адам бар ма еді. Қай қылығымнан таптым. Қой, Құдайда әділет жоқ екен. Одан да өлейін депті. Ауылдың адамдары у ішіп өлмесін деп, удың бәрін тығып тастапты. Бауыздалып өлмек болыпты. Туыстары темір біткеннің бәрін тығып тастапты. Енді аштан өлем деп теріс қарап жатты дейді. Жанына қазы-қарта, жал-жая қояды. Біріне қарамапты.
Ақырында бай-екең сарғайып, шынында да өлім аузына барған дейді. Енді не істейміз деп жұрт сасады. Ақырында жөн білетін біреу, бай-екеңді бір сейілтсе, Тәттімбет сейілтеді дейді. Сонымен Тәттімбетті қос аттап алдырады. Тәттімбет, қылшылдаған жас кезі екен, табалдырыққа отыра сала домбырасын шерткен дейді. Екі күн отырып қанша күй толғаған. Жиыны алпыс екі күй болыпты. Ақырында Күшікбай, көзінің жасы бұлақтың суындай болып ағып, қайғы-шері тарқап орнынан тұрыпты.
Бұл өзі ұзақ күй. Әлденеше тарау. “Табалдырық Қосбасар”, “Зар Қосбасар”, “Жайсары Қосбасар” болып салаланып кете береді. Арқада осы алпыс екі күйді бұзбай толық тартқан шеберлер болыпты. Ал мына естігендерің, сол күйдің соңғысы - “Қырмызы Қосбасар”, - Сабыт аяғын жиып қайтадан малдас құра отырды.
Т. Әсемқұлов "Талтүс" романынан

Пікірлер: 9
@Toha2324S
@Toha2324S 26 күн бұрын
Үйреніп келе жатырмын
@Toha2324S
@Toha2324S 4 ай бұрын
Көрген сайын бірдеңе үйренемін
@Toha2324S
@Toha2324S 2 ай бұрын
Бүгін тағы бірдеңе үйренген сияқтымын
@user-eo1rg8rf3p
@user-eo1rg8rf3p 4 ай бұрын
Жазғы қар деген күйді шығарыңызшы өтініш күтіп жүрміз соны
@nurbolkerei5562
@nurbolkerei5562 4 ай бұрын
😢😭
@kui
@kui 4 ай бұрын
?
@Toha2324S
@Toha2324S 4 ай бұрын
Алдыңғы сабақтан айырмашылығы неде
@kui
@kui 4 ай бұрын
Сапа
@nurbolkerei5562
@nurbolkerei5562 4 ай бұрын
былай жазайын деп ем, жазып үлгеріпсіз, thank you! @@kui :)
Қырмызы қосбасар үйрену
8:05
Әсем ән, тәтті күй
Рет қаралды 2,4 М.
OMG 😨 Era o tênis dela 🤬
00:19
Polar em português
Рет қаралды 5 МЛН
КАХА и Джин 2
00:36
К-Media
Рет қаралды 2,4 МЛН
Follow @karina-kola please 🙏🥺
00:21
Andrey Grechka
Рет қаралды 23 МЛН
Кемеңгер (Таласбек Әсемқұлов) \ күй үйрену
10:57
Әсем ән, тәтті күй
Рет қаралды 397
күйлер жинағы
24:10
ALA002
Рет қаралды 419 М.
Әлқисса күйін үйрену | 1-бөлім
10:12
ДОМБЫРА live | Бақдаулет Арыстановпен
Рет қаралды 794
Әбди - Қосбасар (Саян Ақмолда)
2:29
Muslim Amze
Рет қаралды 21 М.
Asik - Body (Lyrics Video)
2:42
Rukh Music
Рет қаралды 504 М.
Жандос Қаржаубай - Не істедім?!
2:57
Dastan Orazbekov & Ayree - Ómir
3:06
AYREE
Рет қаралды 78 М.
POLI - Mama (Official music video)
1:18
POLI
Рет қаралды 2,8 МЛН
Artur - Erekshesyn (mood video)
2:16
Artur Davletyarov
Рет қаралды 92 М.
Xamdam Sobirov - Malohat (Official Music Video)
4:39
NevoMusic
Рет қаралды 60 МЛН