Қытай ашылды: Бейжіңдегі ең көне мешіт, тамақтан қиналдық, мұнда көрер қызық көп

  Рет қаралды 183,095

Sayahat Time

Sayahat Time

Күн бұрын

www.aviasales.kz - арзан әуебилеттерін іздеу және саяхаттан кешбэк алу жүйесі.
/ rk_top_visa - әлемнің барлық еліне виза рәсімдейді.
Қытай Халық Республикасына жасаған сапарымыз 3 видео болып шығады. Алдымен біз ел астанасы Бейжіңді аралап, жергілікті асханадан дәм татып, қаладағы ең көне мешіт пен әйгілі қорғанды көреміз. Одан кейін елдің орталығында орналасқан Жужоу ауылына барып куң-фу өнерін меңгереміз. Ал үшінші видеода қазақтар шоғырланған Құлжа қаласымен танысамыз.
00:00 - Қазақстан азаматтары Қытайға визасыз бара алады
01:27 - Қонақ үйге қоныстана алмай, көше аралап жүрміз
03:29 - Қытайдағы алғашқы тамағымыз
05:02 - Бейжіңнің ауасы неге таза?
06:19 - Мопедтердің дауысы шықпайды. Бұл қалай?
08:27 - Қаладағы ең көне мешіт
10:40 - Мұсылмандар тұратын аудан
11:33 - Адал етке кезек
12:34 - Адал еттен дайындалған тамақ жедік
15:45 - Бейжің халқы қонақжай
17:11 - Императорлар сарайына әрең кірдік
20:29 - Қазақша киім киеміз деп жаурап қалдық
21:50 - Штативімізді қайтарыңыз! Дрон неге ұшырмадық?
23:08 - Полиция бөлімшесі, аялдамадағы қытай қыздар
25:27 - Бейжің автобусына отырдық. Адам көп!
28:56 - Қытай қорғаны!
30:04 - Бала күнгі арманымыз орындалды!
31:53 - 20 шақырым жаяу жүрдік)))
33:29 - Қытай қорғанынан сырғанап түстік
34:08 - Бейжіңге оралайық. Үйрек етін жедік.
34:40 - Кешкі Бейжіңнің қызықтары
37:40 - Қытайдың сұлу қыздары
39:21 - Қытайдан көп идея алуға болады екен
41:06 - Енді қайда барамыз?
Келесі саяхатқа ақша жинап жатырмыз. Қолдаймын десеңіз:
+7 702 580 88 77 - Ернар Алмабек
(Хатта Sayahat Time деп жазуды ұмытпаңыз)
Kaspi Bank: 5169 4931 1628 0499
Біздің сайтымыз: balbal.kz
Біздің инстаграм парақшаларымыз:
/ yernar.almabek
/ zhazira_baidaly
#Қытай #Бейжің #Пекин #саяхат

Пікірлер: 961
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
Арнаға жазылып, пікір қалдыруды ұмытпаңыздар! 00:00 - Қазақстан азаматтары Қытайға визасыз бара алады 01:27 - Қонақ үйге қоныстана алмай, көше аралап жүрміз 03:29 - Қытайдағы алғашқы тамағымыз 05:02 - Бейжіңнің ауасы неге таза? 06:19 - Мопедтердің дауысы шықпайды. Бұл қалай? 08:27 - Қаладағы ең көне мешіт 10:40 - Мұсылмандар тұратын аудан 11:33 - Адал етке кезек 12:34 - Адал еттен дайындалған тамақ жедік 15:45 - Бейжің халқы қонақжай 17:11 - Императорлар сарайына әрең кірдік 20:29 - Қазақша киім киеміз деп жаурап қалдық 21:50 - Штативімізді қайтарыңыз! Дрон неге ұшырмадық? 23:08 - Полиция бөлімшесі, аялдамадағы қытай қыздар 25:27 - Бейжің автобусына отырдық. Адам көп! 28:56 - Қытай қорғаны! 30:04 - Бала күнгі арманымыз орындалды! 31:53 - 20 шақырым жаяу жүрдік))) 33:29 - Қытай қорғанынан сырғанап түстік 34:08 - Бейжіңге оралайық. Үйрек етін жедік. 34:40 - Кешкі Бейжіңнің қызықтары 37:40 - Қытайдың сұлу қыздары 39:21 - Қытайдан көп идея алуға болады екен 41:06 - Енді қайда барамыз?
@user-kt2kn3pr2p
@user-kt2kn3pr2p 4 ай бұрын
😊😊😊
@user-kt2kn3pr2p
@user-kt2kn3pr2p 4 ай бұрын
😊😊
@user-sg8xh7tb7p
@user-sg8xh7tb7p 4 ай бұрын
Кытайды дариптеитин бака шайян жеуден баска не дариптеиаласындар
@aruaq89
@aruaq89 4 ай бұрын
Үңгірден шықпай отырсай​@@user-sg8xh7tb7p
@user-bx3wp4el8l
@user-bx3wp4el8l 4 ай бұрын
Ернар бауырым керемет саяхаттап жүрсіңдер, жалпы қанша қаражат кетеді екен?
@GulnaraSaduova
@GulnaraSaduova 4 ай бұрын
Қазақ тілінде сауатты жасалған мықты дүние жасалып жатыр екен. Разы болып отырмын. Істеріңізге Алла береке берсін. Жарайсыңдар, бауырлар!
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
Көп рақмет!
@user-ub5wp6gs8l
@user-ub5wp6gs8l 4 ай бұрын
Керемет! Әлемді шарлаңдар қазақша өте түсінікті түсіресіңдер Ма щаа Аллаһ
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
Әумин, рақмет!
@user-yu2ym8oh5e
@user-yu2ym8oh5e 2 ай бұрын
Авторларға рақмет. Құлжадағы қандастардың көріп керемет әсер алдым. Самаурын кафесіндегі қытай келіннің қазақ тілін меңгеріп алуы таңғаларлық жағдай. Мен осы уақытқа дейін қытайдың қазаққа айналуын бірінші рет көруім. Милиардтың ішінде рухы сынаған қандас туғандардың жолдаған ыстық сәлемін қабыл алдым.
@kylelike225
@kylelike225 4 ай бұрын
Қайда жүрсеңдерде , жолдарың болсын! шығарылым ұнады, КҮШТІ ❤🎉🎉🎉🎉🎉
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
Әумин, көп рақмет!
@user-jl9du9kp5y
@user-jl9du9kp5y 3 ай бұрын
Рахмет тамаша тусырлым. Казакша жаксы соилейсындер. Екеуi конылды журсындер калжындарын оте тамаша. Машалла тiл козден....
@user-qw5sq8cb7n
@user-qw5sq8cb7n 4 ай бұрын
ҚАЗАҚ ЕЛІ ӨСІП ӨРКЕНДЕЙ БЕРСІН!!!! ❤
@user-so9qj7of4m
@user-so9qj7of4m 4 ай бұрын
Жасасын албаным
@kausarhanshaiym717
@kausarhanshaiym717 4 ай бұрын
Қазақша контентті әрдайым қолдап жүретін РК Топ визасына рақмет! Темірланның каналы арқылы бізге жақсы таныс👍🏻
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
Иә, ол кісілердің көп көмегі тиді 👍👍👍
@user-qr3wb2qe3w
@user-qr3wb2qe3w 2 ай бұрын
Керемет, сіздердің араларыңызда көптеген елдерді біліп, ақпараттарға қанығып жатырмыз. Жолдарыңыз ақ болып, саяхаттарыңызды жалғастыра беріңіздер👍🔥😍
@user-cm1en9su1j
@user-cm1en9su1j 2 ай бұрын
Өте керемет👍Жорытқанда жолдарыңыз болсын❤
@user-yl8wh4nr5q
@user-yl8wh4nr5q 3 ай бұрын
Қандай керемет сіздерге рахмет үлкен ,сіздердің осындай шет ел аралап отырып видео түсіріп бізге ол елдің тарихымен қосып айтып көрсетіп отырасыздар.Шет елге бармасам да барғандай болып мәз болып рахаттанып таңғалып отырып көремін кейде өзімен өзім көріп отырып күліп таңқалып еще сөйлеп қоям ғой мәә осындай ма деп.Менің арманым шет елге қыдыру үшін емес маған қызығы олардың тарихы және табиғаты мәдениеті олардың тұрмыс тіршілігі осындайлары қызық көріп отырып кеудем кеңінен ашылып демалып рухани дамимын кәдімгідей.Сіздерге рахмет үлкен Отбастарыңызға амандық тілеймін.Еңбектеріңіз жана берсін.Бақытты болыңыздар.Менің байқайтыным екеуіңізде сондай патриотсыздар.Қазақ тілінде керемет айтып түсіндіріп отырсыздар. Тынысым кеңейді тамаша. Сондай білікті білімді азаматсыздар мен осындай қазағымның барына қуанам мақтанам.Рахмет
@user-yl8wh4nr5q
@user-yl8wh4nr5q 3 ай бұрын
Көпті білгеннен емес көргеннен сұра деген.Барып көру өз көзіңмен соны тамашалау бұл деген адамның дамуы деп түсінемін.
@SayahatTime
@SayahatTime 3 ай бұрын
Пікіріңізге көп рақмет! Сіздей көрерменіміз барына қуаныштымыз! Аман болыңыз! Бұйырса, бүкіл әлемді шарлаңыз! ☺️✊
@user-wu9rt3nv8e
@user-wu9rt3nv8e 4 ай бұрын
Дәстүрді тілді насихаттап жүргеніңізге көп рақмет 👏👏👍
@user-vr2ur2qn2w
@user-vr2ur2qn2w 4 ай бұрын
Маған ашылғаны түк те жақсылық болмайтын сықылды!!
@user-wu9rt3nv8e
@user-wu9rt3nv8e 4 ай бұрын
@@user-vr2ur2qn2w біздің болашағымыз қытаймен!
@user-dv2hv5bj1f
@user-dv2hv5bj1f 2 ай бұрын
күшті. тағы барғым келеді. Рақмет сіздерге!
@user-pd1qi7nl8t
@user-pd1qi7nl8t 2 ай бұрын
Рахмет. Өте жақсы жасалған ,қарапаиымдылық ,өзім жүргендеи болдым.Бәрі шынаиылық..
@user-qv3mh5ie8v
@user-qv3mh5ie8v 3 ай бұрын
Сіздерге ырза болатыным таза қазақ тілінде жүргізеді екенсіздер біреулер барғой жер ел араласа казакша билмим деп
@user-br3ro5rs4f
@user-br3ro5rs4f 4 ай бұрын
жолдарың болсын! адал тамақ іздеп,шошқа етін жемегендерің үшін мың алғыс!!!!
@aaakingfish
@aaakingfish 4 ай бұрын
Айтпаңыз , риза болып қаласың
@ericlai1659
@ericlai1659 3 ай бұрын
@@aaakingfish Негізі Бейжіңде дунгандықтардың ашқан халал мейрамханалары көп.
@user-tf8sj1kc7s
@user-tf8sj1kc7s 2 ай бұрын
Боб би
@bagi8217
@bagi8217 2 ай бұрын
Қайдан жесін шошқа етін?! Үйренбеген асты жемейміз ғой!
@user-xm6iu1mh1q
@user-xm6iu1mh1q 4 ай бұрын
Жарайсың дар, үнады бәрі. Отбасыларына Алланың нүры жаусын. Жолдарын болсын. Швецарияга саяхатка баруга Алла нәсіп етсін.
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
Әумин! Рақмет!
@Adinakobentai
@Adinakobentai 4 ай бұрын
Жақсы көремін осы отбасыны❤❤❤❤
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
Рақмееет! ☺️
@Adinakobentai
@Adinakobentai 4 ай бұрын
Малайзияға барыңыздаршы өтінемін🙏
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
@@Adinakobentai бұйырса 👌👍
@Adinakobentai
@Adinakobentai 4 ай бұрын
Ернат аға сіздерге және қыздарыңыздың арнасына тіркелдім,әр елге барып тіпті Қытайға барыпта үлгердіңіздер. Сіздерді үзбей көретінмін. Ерекше арнасыздар
@ERKINQAZAQ
@ERKINQAZAQ 4 ай бұрын
Енді қытайға бару керек. Желанияны ашып жібердіңіз🔥
@nooneisnotgay
@nooneisnotgay 3 ай бұрын
Өте тамаша ел
@user-id8xh6cv7l
@user-id8xh6cv7l 4 ай бұрын
Керемет, Сіздермен бірге саяхаттаған маған ұнады. Аман-сау болыңыздар!!!
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
Рақмет! 🤭
@serjanahmet8230
@serjanahmet8230 4 ай бұрын
Қаида барсаң жол болсын. Қазақ тілді қауымға ерекше пайдалы . рахмет
@user-uf4jh1he3v
@user-uf4jh1he3v 4 ай бұрын
Жаніңыз саұ болсын Қарақалпақстан Қазағынан ассалумағалікум еліңізге аман есен оралаліңыз
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
Уағалейкумассалам! Қарақалпақстандағы бауырларымыз әрдайым қолдап отырады. Көп рақмет!
@user-nx1ed6sr5t
@user-nx1ed6sr5t 4 ай бұрын
​@@SayahatTimeқытай жақсы ма,Үндістан жақсы ма?
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
@@user-nx1ed6sr5t мамаң жақсы ма, папаң жақсы ма дегендей болды ғой 😅 Әр елдің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бірақ Үндістанда эмоция көбірек болды.
@almatyalmaty320
@almatyalmaty320 4 ай бұрын
Екеуі де кәпір қытайлардан аұмайды екен.😂​@@SayahatTime
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
@@almatyalmaty320 фейк ашып алып батыр болған оңай, иә? 😅
@rabigamirzakhmetova8480
@rabigamirzakhmetova8480 4 ай бұрын
Керемееет👏👏👏, мен 15 - 16 жыл бұрын Бейжин қаласында болғанмыз, қытай қамалына жаяу көтерілгенміз😁✊. Қайта көріп, керемет әсер алып отырмын🙏. Рахмет Сіздерге🙏
@user-se2nc2vz7g
@user-se2nc2vz7g 4 ай бұрын
Рахмет,сіздерге.Қазақ тілінде өте жатық,әдеби,мәдениетті әңгімелеп бересіз дер.Саяхаттайтын елдер көбейе берсін.Жарайсыздар❤
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
Әумин! Рақмет!
@Universal.Oshxona
@Universal.Oshxona 4 ай бұрын
Керемет 😊
@user-ks8sw5mv1b
@user-ks8sw5mv1b 4 ай бұрын
Керемет маған қатты ұнады, ұнағаны сіздердің жалпы мәлімет мен тарихына тоқталуы жайлы нақты ақпараттарыңыз, Жалғасы барма тағыда Қытай елі жайлы мәліметтер білгім келеді, сәтті сапар тілеймін
@user-wm8hj1bk4k
@user-wm8hj1bk4k 4 ай бұрын
Ассалаумагаликум Алла жар болсын сиздерге
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
Уағалейкумассалам! Әумин, рақмет!
@serikkazy
@serikkazy 4 ай бұрын
Мықты!!! Көп рақмет! Өте жақсы видеоматериал шыққан!
@muai_thai_warrior
@muai_thai_warrior 4 ай бұрын
Бисмиллаһсыз сойылса тауықтың еті де, сиырдың еті де арам. Тек балық қана адал болады... Сосын шөп шалаң, көк өніс, жеміс жейдекпен қоректенген дұрыс ау... Керемет көңіл күй сыйладыңыңыздар. Көп көп рахмет. Сіздермен бірге саяхаттағандай болдым... Шымкенттен жалынды сәлем!
@temirhan0748
@temirhan0748 4 ай бұрын
Тамаша видео болды.Сіздердей қазақтілді блогерлер көп болса екен.Рахмет бауырларым қазақ тілімен салт-дәстүрді дәріптеп жүргендерінізге.Сәттілік тілеймің!
@TilekOzat
@TilekOzat 4 ай бұрын
Керемет ! мен қытайда30жыл өмір сүрсемде қытайдың дәмханасынан тамақ жеген емеспін, шошқаның етін қоспағанмен тамақты шошқаның майымен қурады. Сіздер алдын ала дайындық көрулерің керек еді, пекиің де мұсылман дәмхана өте көп, оларды дүнген, ұйғыр, қазақ, басқада мұсылмандар ашады. Негізі жақсылап іздеу керек. Енді қытайдың дәмханасынан тамақ жемеңдер.
@elmiraaltynbekusa
@elmiraaltynbekusa 4 ай бұрын
Керемет, сіздердің әр сапарларыңыздан мотивация алып өз блогымды бастадым. Қазақ тілінде. Казір сойлеу мәнеріммен жұмыс жасап жатырсын🙏🏻 Маған сәттілік тілеп, баталарыңызды беріп жіберіңіздерші🫠🥰🙏🏻
@user-yd2wf7ms7p
@user-yd2wf7ms7p 2 ай бұрын
Мыктысындар, еки кун сендермен бирге саяхат жасап жүрмін ❤
@SayahatTime
@SayahatTime 2 ай бұрын
☺️✊
@user-ze5yz7mg5r
@user-ze5yz7mg5r 4 ай бұрын
Адаттагыдай сонун, жыргап эле көрдүм. Жазирага жоолук аябай сонун жарашат экен дайым салынып жүргөнгө аракет кыл. Каналыңар өркүндөй берсин, күйөрмандарыңар көп болсун, үйбүлөөлүк бакыт каалайм
@mauletkanipakyr7724
@mauletkanipakyr7724 4 ай бұрын
Бәрекелді, тек алға👍
@user-hl5sq6sc8s
@user-hl5sq6sc8s 3 ай бұрын
Әр қазағыма Алла жар болсын 🙏
@user-dh9ge2lb5f
@user-dh9ge2lb5f 2 ай бұрын
Керемет, шынайы түсірілім,Жазира ағылшынша жақсы сөилеиді екен
@user-qh8re9vh1r
@user-qh8re9vh1r 4 ай бұрын
Керемет жолдарыңыз болсын
@Universal.Oshxona
@Universal.Oshxona 4 ай бұрын
Дами беріңіздер😊 Қазақстанда сіздердің каналдарыңыздай пайдалы ақпарат дами берсін😊
@burkenskat2742
@burkenskat2742 4 ай бұрын
Жаңа жылыңызбен құттықтаймын, жаңа жылда көп саяхат болсын ,қытай жағы қызықтырып тұр ..Аман болыңыздар ,бүкіл әлемді саяхаттануға шабыт азаймайсын ..Әрқашанда жол ашық болсын , ал біз тамашалап ,қолдаймыз ..Өте қызықты болды , бейнелеріңіз үшін мың алғыс !!!!
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
Көп рақмет! Сізге де бар жақсылықты тілейміз. Бұйырса, біздің видеоларды дүниені аралап жүріп көріңіз!
@avgus9639
@avgus9639 4 ай бұрын
Салом алейкум зор сизларни видеони кориб мазза киламан. Казакча органиб алдим уже😊
@eldoszqazsytegi4937
@eldoszqazsytegi4937 4 ай бұрын
@SayahatTime, Осындай сапалы контент қазақ тілінде өте аз, сондықтан блогерлік ісіңіз тек ілгері бассын, шаршамаңыздар. Құдай сізді тіл-көзден, әр пәледен, жамандықтан сақтасын. Аман, сау-саламат болыңыздар.
@user-pu2sh7fy9k
@user-pu2sh7fy9k 4 ай бұрын
Керемет. Ютуб Қытай туралы деректер тек орыс тілінде еді. Бірін түсініп, бірін түсінбейсің. Қашан қазақша деректер көбірек шығады екен саяхатшылар қашан барады екен деп жүр едім. Менің арманым қытай қорғанын көру. Қытай тариы өте бай және қызықты бөдек әлем деседе болады
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
Рақмет! Біздің мақсат ютубтағы қазақша контенттің санын көбейту. Жоспарымыз жүзеге асып, көрерменнің көңілінен шығып жатқанына қуаныштымыз!
@nooneisnotgay
@nooneisnotgay 3 ай бұрын
Ия!)
@user-nf1br6xy8o
@user-nf1br6xy8o 4 ай бұрын
❤Оте тусиникти корнистер, жасым 76 да сендер журген жерге баргым келип, коргим келди. Ойткени кала тыныш коликтер даусынан дединдер гой.
@user-ng1uz8ic6z
@user-ng1uz8ic6z 4 ай бұрын
Екеуіңде қытай азаматынан айнымайсыңдар
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
@@user-ng1uz8ic6z 😅😅
@Universal.Oshxona
@Universal.Oshxona 4 ай бұрын
Видео качествосы керемет😊
@user-rg7ik9pm5y
@user-rg7ik9pm5y 4 ай бұрын
керемет саяхат. рақмет сіздерге. Тағыда көп елдерді көрулеріңізді тілеймін
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
Әумин! Рақмет!
@user-jz5wh8ho7s
@user-jz5wh8ho7s 4 ай бұрын
Көрер қызықтарыңыз көп болсын,алға қазақ елі дамиберіңіздер.
@Alinapink25
@Alinapink25 4 ай бұрын
Қызығып күтемын Өте көб ақпараттар бар❤ рахмет Жарасымды жұпсыздар
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
Рақмет! Сіздей көрерменіміз барына қуаныштымыз!
@user-xs1jw3bk1d
@user-xs1jw3bk1d 2 ай бұрын
Керемет 🇰🇿👍💯🇰🇿
@avekazakstan4173
@avekazakstan4173 4 ай бұрын
Дұнгендер мұсылман өте еңбекқор халық. Милард қытайдың арасында жүріп өздерінің дінін сақтап отыр. Сосын олар тамақты жақсы жасайды.
@alash_555
@alash_555 4 ай бұрын
Керемет видео екен 👍👍
@Universal.Oshxona
@Universal.Oshxona 4 ай бұрын
Барлық видеоларды көріп шықтым 😊керемет профессионалды түсірілген сіздердің сөйлеген сөздеріңіз қандай тамаша😊
@guldanakoshekeeva2543
@guldanakoshekeeva2543 4 ай бұрын
Керемет! Рахмет сіздерге!👍👍❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥
@user-ji7co5kz4c
@user-ji7co5kz4c 4 ай бұрын
Керемет
@et4653
@et4653 4 ай бұрын
Кыргызстандан Салам , азаматсынар силердин беруулорду коп кором, ийгилик
@ulyhan2046
@ulyhan2046 4 ай бұрын
Жалғыз Бейжің қаласы, адам саны бойынша Қазақстаннан асып кетеді. Бізге тез арада көбейіп, 100 млн. асу керек. Ол үшін әрбір Қазақ отбасында кемінде 10 бала болу керек.
@ErkhatAkhanov
@ErkhatAkhanov 4 ай бұрын
Кедейлердің тобырын жасайсын ба сосын ?😅
@LLMTokenizer
@LLMTokenizer 4 ай бұрын
Сен секілділер ұлтты ойламайды. Әсіредіншіл еврейлер нағыз еврейлер. Олар әскерге бармайды, Израйль еліне қарсы, оқымайды. Тек Тауратты оқиды. Бар білетіні бала тудырғыштығы. Ультраортодоксаль (харедим қауымы)​. Ұлтты ойламайсың. Әр нағыз қазақ үйінде 50 бала болу керек. Басқа ұлт көбеймейді сонда @@ErkhatAkhanov
@person4305
@person4305 4 ай бұрын
Экономика тұрғысынан қарағанда, адам көп болған сайын, еңбек көзі де көбейед, әрине, егер билік жұмыс істесе. Істемесе, қанша адам коп болса да, жемқорлар жегенін қоймайды.і​@@ErkhatAkhanov
@tajimukandosamanov7098
@tajimukandosamanov7098 4 ай бұрын
20миллион халықтың жағдайын жасамаған өкімет көбейіп кетсек қалай болады елімізде завод фабрика жоқ келешекте қалай болады
@user-ui9fm6ou6d
@user-ui9fm6ou6d 4 ай бұрын
Сенде 15 не 20 бала болуы керек осылай улги корсетесин
@user-bo1hd7dj8e
@user-bo1hd7dj8e 4 ай бұрын
Түнгі сағат 03:12 де толық көріп біттім, дауыстарыңыз сондай жағымды, көре бергің келеді. Рахмет сіздерге, дами беріңіздер! Туризмди дамытуға үлес қоса беріңіздер! Енді қалған 2 бөлімді асыға күтемін! Рахмееет! 👏❤
@mbappekilyan7720
@mbappekilyan7720 4 ай бұрын
керемет контент, қазақша өте сауатты риза болдым, Алла Тағала кәсіптеріңізге береке берсін!
@zhaniyatanasheva2093
@zhaniyatanasheva2093 4 ай бұрын
мааа күштіііі, Қытайды бағаламаппын😂 барып көру керек екен
@user-ul7zm8jx1d
@user-ul7zm8jx1d 4 ай бұрын
Керемет,сапарларың сәтті боосын. Егер саяхатқа шығар болсам. Өздеріңнен кеңес сұраймыз.
@user-wp6iy9sh1e
@user-wp6iy9sh1e Ай бұрын
Ассаламуалейкум бауырларым саяхатшылар тамаз өміржастарың ұзақ болсын
@tileumurat
@tileumurat 4 ай бұрын
Каракалпакстаннан Казакстанга Салем иске сат Тилеумурат
@diasb_7
@diasb_7 4 ай бұрын
Тағы бір керемет шығарылым 😍🔥
@user-hp8hu4jt4x
@user-hp8hu4jt4x 4 ай бұрын
Абдан сонун рахмат чоон Кыргызстандан салам ❤😍Ийгилик каалаймын 😊
@user-tz3wk3rp9s
@user-tz3wk3rp9s 2 ай бұрын
Жазира қызыма орамал тартқан жарасады екен. Жолдарың болсын, Алла қолдасын, керемет білімді түсірілім
@user-ep3lp2zt2j
@user-ep3lp2zt2j 2 ай бұрын
Оте куаныштымын бары казакша жалпак тылде болганына❤🎉
@user-lv2oq5xo2x
@user-lv2oq5xo2x 4 ай бұрын
Мен сондай сендерге өте риза болдым! Рахмет сендерге сондай бір ашық-жарқын рахаттанып бүкіл Қытай елін шарлап қайттым.Бәрінен де риза болғаным екеуің де қазақтың жалпақ тілінде керемет өз ойларыңды ұғымды жеткізе білдіңдер.білдіңдер.Осындай қазақ тілінде ауқымды жұмыстарыңды,саяхаттарыңды күтеміз жарықтарым! Істеріңе сәттілік тілеймін! Тағыда күтеміз саяхаттарыңды!
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
Пікіріңізге көп рақмет!
@user-gq1ws9vj5t
@user-gq1ws9vj5t 2 ай бұрын
Жалпақ тіл?!
@Inamatovva
@Inamatovva 4 ай бұрын
Сәттілік!Дами беріңіздер😍
@user-zc4ko9qu5u
@user-zc4ko9qu5u 3 ай бұрын
Жарайсындар бакытты болындар!! Балаларынды да апарсандар болады екен 👍✊
@erikadilxan4925
@erikadilxan4925 4 ай бұрын
Керемет кұшті саияхат🥰👍👍👍қазақша саияхат көп болсын шаршамаңыздар бастарыңыз аман болсын ұлкен рахмет бұкіл әлемді саияхаттап жұре беріңіздер жараисыздар рахмет👍👍👍
@user-tt9yw3ot7l
@user-tt9yw3ot7l 4 ай бұрын
Кушти видео болды ! Жараисындар ,Аман сау болындар !Саяхаттарын сатти , кызыкты отсин ! Денспулыктарынды кутиндер ! 👍👏Тазагул апа 🎄
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
Көп рақмет! ☺️👍
@user-mw4nw6ev3j
@user-mw4nw6ev3j 4 ай бұрын
Жаны жылыныздар мн куттуктайм ден соолукта болгула бактылуу болгула Жазира Эрнар азаматсынар❤❤❤❤❤
@user-wl8vc8tc6k
@user-wl8vc8tc6k 2 ай бұрын
Сапарларыныз сәтті болсын!
@assemgalymova9686
@assemgalymova9686 Ай бұрын
Өте сауатты түсіндірдіңіздер, рахмет
@user-eh5ge4ek5w
@user-eh5ge4ek5w 4 ай бұрын
😊 ұнады 🎉 тамаша
@AynuraUrazbaeva
@AynuraUrazbaeva 4 ай бұрын
Кушти ❤
@user-ju4vi7ux8d
@user-ju4vi7ux8d 4 ай бұрын
Ассалаумағелейкум❤ Моңғолиядағы қандасыңыздан сәлем🇲🇳🇰🇿 контенттеріңіз қатты ұнады🤸 сәттілік.
@dobro88dobro85
@dobro88dobro85 2 ай бұрын
Тамаша саяхат көріп көзіміз тойды 👍
@user-cq4dn3je2y
@user-cq4dn3je2y 4 ай бұрын
Казагым кайда Болсон Аман бол. Туруу Бир, Дини Бир Казагым
@Ernur0108
@Ernur0108 4 ай бұрын
Асыға күттік ❤
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
Рақмет! Сіздей көрерменіміз барына қуаныштымыз 🙂
@Aldiyr-nj3bn
@Aldiyr-nj3bn Күн бұрын
Рахмет көп көп кушти
@user-rd5sk7dq6p
@user-rd5sk7dq6p Ай бұрын
Сәтті саяхат болсын 🙌🙌🙌
@user-gi5dp8wf6k
@user-gi5dp8wf6k 4 ай бұрын
Осы кісілердің сөйлеу мәнері ұнайды😍 Ұзақ болса да көру күшті шызықты🤗
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
Көп рақмет! ☺️👍
@user-ik7rp3ib7f
@user-ik7rp3ib7f 4 ай бұрын
Жарайсыздар тек алга ардайым сиздердин блок тусурулкринизди карап отырам😊
@nurjannurjan1142
@nurjannurjan1142 4 ай бұрын
Әдеттегідей, керемет! Өзіміздің тілде ақпаратты жеткізуіңізге һәм насихаттауыңызға ризамын. Контентты дәуәм ете беруіңізге тілектеспін, сәттілік!
@user-fo2yr9qk5x
@user-fo2yr9qk5x 4 ай бұрын
Сіздерге рақмет жақсы контент түсірілім ұнады Әсіресе мешітті түсіріп, адал ас іздегендеріңіз қуантты. Саяхаттарыңыз тек бір бағыт емес, әртүрлі танымдық ақпараттарды қазақ тілінде бересіздер сол үшін❤
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
Рақмет! Еңбекті бағалайтын сіздей көрермен көп болсын! ☺️👍
@user-yh4gf3yz2n
@user-yh4gf3yz2n 2 ай бұрын
Рахмет сіздерге , жемісті болсын істеріңіз , жақсы түсіндііп көрсеттіңіздер , Қаақ тілі дамысын❤❤❤
@medetad768
@medetad768 2 ай бұрын
Кытай елінде мен де болдым.кермет асер алдым.ар каласы әр турлі
@LochinbekYernazarov
@LochinbekYernazarov 4 ай бұрын
Каракалпагстанан салем
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
Қарақалпақстан халқына сәлем! Сіздерді жақсы көреміз 😉👍
@user-vx6ii8od7u
@user-vx6ii8od7u 4 ай бұрын
Каракалпакстанга саяхатка кашан келесиз?
@citygroup2262
@citygroup2262 4 ай бұрын
Автобусқа кірген кездеріңіз қызық болды, "Жазира, мен жаяу бара берейінші" 😂
@user-yj7bz2nj8h
@user-yj7bz2nj8h 4 ай бұрын
Керемет! Сәтті сапар болсын! Қарақалпақстаннан жалынды сәлем!!!!
@user-re2nd2on1i
@user-re2nd2on1i 4 ай бұрын
Керемет.
@user-ed7wg4kx7k
@user-ed7wg4kx7k 4 ай бұрын
Биринши таза ана тилинде сойлейсиндер Алла разы болсын. Екинше кай мемлекетке барсанда конак уйге орналасу саг.14те басталады бул есте болсын. Ак жол жастар кызык саяхат болатынына куман жок.
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
Рақмет! Иә, біз әдетте қонақ үймен алдын ала келісіп барамыз. Сол себепті қоныстану жағынан қиындық туындамайтын. Бұл жолы қонақ үй қызметкері бізді дұрыс түсінбей, түсте келіңдер деп қайтарып жіберді. Әйтеуір, сағат 10-ның кезінде мәселені шешіп, бөлмемізді дайындап берді.
@gaukharalmabekova4109
@gaukharalmabekova4109 4 ай бұрын
Видео әдеттегідей күшті шыққан 🎉🎉🎉 еңбектеріңнің жемісін көріңдер 😊
@user-cf1rg9dv6y
@user-cf1rg9dv6y 2 ай бұрын
МашАлла әдемі жүп 👍дауыстарыда жағымды керемет аман болыңдар🤲🤲😍
@user-lp5iy4bp9e
@user-lp5iy4bp9e Ай бұрын
Керемет жанымдарым.
@Dfjvkcdndfkx
@Dfjvkcdndfkx 4 ай бұрын
Осындай қазақша контент түсіріп, саяхат жасағандарыңызды көріп қаншама қазақтың саяхатқа деген ынтасын аштыңыздар, жарайсыздар!!!
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
☺️👍👍👍
@dinmuhammadkhudaibergenov6898
@dinmuhammadkhudaibergenov6898 4 ай бұрын
Ассалаумағалейкум қалайсыздар сіздердің әр шығарылымдарыңызды асыға асыға күтеміз
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
Уағалейкумассалам! Рақмет! Сіздей көрерменіміз барына қуаныштымыз ☺️👍
@user-ig5ix5ii3l
@user-ig5ix5ii3l 3 ай бұрын
Керемет❤❤, тек алға
@user-rt6kh8th4v
@user-rt6kh8th4v 4 ай бұрын
Кызыкты коп рахмет 🎉
@user-gc5or3tu4q
@user-gc5or3tu4q 4 ай бұрын
Жарайсыздар,текалға аман болыңыздар.
@SayahatTime
@SayahatTime 4 ай бұрын
Көп рақмет!
Зомби Апокалипсис  часть 1 🤯#shorts
00:29
INNA SERG
Рет қаралды 6 МЛН
Did you find it?! 🤔✨✍️ #funnyart
00:11
Artistomg
Рет қаралды 97 МЛН
Can You Draw The PERFECT Circle?
00:57
Stokes Twins
Рет қаралды 64 МЛН
India: spicy food, poverty, hospitable people
34:05
Sayahat Time
Рет қаралды 491 М.