«Қытаймен тартысып қалған кездер болды». Кең байтақ Қазақстанның шекарасы қалай бекітілді?

  Рет қаралды 10,775

Информбюро 31

Информбюро 31

2 жыл бұрын

Заңмен бекітілген шекарасы болмай - ешбір мемлекет өзін «тәуелсіз» дей алмайды. Егемен ел бола сала елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік шекараны бекітуге бел шеше кірісті. Көршілес қай мемлекетпен болмасын, картаға территорияны түсіру оңайға соқпады. Әсіресе, Қытай мен алып Ресеймен келіссөздер ұзаққа созылды. Кеңес үкіметі кезіндегі белгіленген Қазақстан аумағын заңмен бекітерде қазақ-қытай тарапы тартысып та қалған кездер болды. Бірақ, сол кезде келіссөз бекімесе, қырғи қабақ қақтығыстың тоқтамайтынын түсінген мемлекет басшылары ақыры шекараны шегендеуге келіседі.
Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы, 20-шы желтоқсанда Алматыда кезіндегі Кеңестік республикалардың басшыларының басын қосты. 10 елдің де Президенті «шекараны қайта қарау - дау шақырып, қанды қақтығысқа бастайтынын» жақсы білді. Сондықтан да «кеңестен кейінгі республикалардың мемлекеттік шекаралары КСРО тараған кездегі бұрынғы кеңестік республикалардың әкімшілік-аумақтық шекаралары болады» дегенге келісті. Сол жиын Солтүстігіміздегі Ресей, оңүтстігіміздегі Өзбекстан, Түркіменстан мен Қырғызстанмен арадағы шекараны ың-шыңсыз бекітудің алғашқы қадамы болды. Ал, 1783 шақырымға созылған қазақ-қытай шекарасындағы Шаған-оба мен Баймырза асуларын бөлісерде қос тарап тартысып қалады. Кейіннен бұл аймақтың 57 пайызы Қазақстанда, қалғаны Қытайда қалды. Қазақстан-Өзбекстан шекарасын бекітерде арнайы комиссияның құрамында болған қазіргі Сенат дептуаты Мұрат Бақтиярұлы шекараны шегендеу Президентімізден бастап барлығымыз үшін ең ауыр жұмыс болды дейді.
МҰРАТ БАҚҰТИЯРҰЛЫ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Мен комиссияның ішінде болдым. Қызылорда облысы Өзбекстанның екі облысымен шектеседі. Бір жағы Қарақалпақ. Сосын мына жағындағы екі облыспен шектеседі. Ол шекараға барып көрген де жайым бар. Сондықтан Өзбекстанмен, бауырлас мемлекет қой. Өзбекстан жағына да, біздің тарапымызда да ешқандай бір үлкен дау-дамайға ұласқан жоқ. Осы шекаралардың барлығы шегенделді. Біз әрине оған қуандық!
Ал, 7591 шақырымға созылып жатқан қазақ-ресей шекарасын бекітудің келіссөздері алты жылға дейін созылды. Бірнеше рет бас қосқан қос тарап ақыры ортақ келісімге келді. Шекара мәселесі сөйтіп, саяси тұрғыда толық шешілді... Ал, Тәуелсіз Қазақстанның тағы бір белесі - астананы ауыстыруы. Нұрсұлтан Назарбаевтың бас қаланы Алматыдан Ақмолаға ауыстырамыз деген ұсынысын сол жылдары қолдағандар аз болды. Алайда, бұл шешімнің стратегиялық маңызы бар екенін көп ұзамай барлығы түсінді. Не ыстық суы, не дені дұрыс қонақ үйі мен дәмханасы жоқ, аязы қатты Ақмолаға үдере көшкен шенеуніктердің еті үйрене қоймады.
АҚЫЛБЕК КҮРІШБАЕВ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- 1997 жылы өте суық жыл болды. Аязды жыл болды. Енді біздің көшіп келген жылымыз. Пәтерлердің барлығы өте суық болды. Ресторандар, кафелер адамдар көп келетін. Кезекпен тұрдық. Мен ана шетелдің ғалымдарын алып келемін Бараев атындағы институтқа келгенде. Соларға кезекке тұрамыз. Олар менен сұрайды: неге кезекке тұрмыз деп. Сол кезде мен қалжыңмен айтам енді: бұл енді өте жақсы кухнясы бар бұл ресторанның. Сондықтан адам көп келеді. Қаланың барлығы осы ресторанға келгесін, кезекке тұрамыз деп, сөйтіп күліп айтатынмын!
Ол жылдары қазіргідей елорданың сол жағалауы деген болмайтын. Кейіннен Ақорда, Парламент пен Үкімет үйі, Бәйтерек монументі бой көтерді. Мыңдаған пәтер мен ондаған мектеп, балабақша мен аурухана тұрғызылды. Спорт кешендері, демалыс орындары мен бірнеше бизнес-орталықтар мен қонақүйлер салынды. Осылайша, 1998 әлемнің жаңа картасында көрсетілген Қазақстанның астанасы 24 жылда мүлде жаңарып, қайта түрленді.
Айбар Төлжанұлы
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#Тәуелсіздік #шекара #қауіпсіздік #геосаясат

Пікірлер: 21
@user-ko2fo5xq1m
@user-ko2fo5xq1m 2 жыл бұрын
Нұрсултан Әбішұлын осы үшін құрмет тұтамын шекараны бекітіп кетті 👏👏👏
@user-yb1ie6xi9o
@user-yb1ie6xi9o 2 жыл бұрын
Зато жерді сатып біттіда
@user-cs3tb1ln6d
@user-cs3tb1ln6d 2 жыл бұрын
Елбасы осы мәселені шешкені рас дауыз.Астананы көшіргені үлкен еңбек..
@jibekapak7249
@jibekapak7249 2 жыл бұрын
Ия,шекараны мықтап устау керек
@user-wq2sv6qd8r
@user-wq2sv6qd8r 2 жыл бұрын
Ия шекараны мықтап бекітіп үлкен жумыс жасады еңбегін жоққа шығармаиық жамандаи бермеңдер
@lg1750
@lg1750 2 жыл бұрын
Кытаиды мыктап кузет карусыз Адаммен кырылмаи
@user-nr2gs4gb5n
@user-nr2gs4gb5n Жыл бұрын
Узбекистан кытайга орыска канша жер кеты
@user-do5bw8ps4c
@user-do5bw8ps4c 2 жыл бұрын
Сондада талай жер кетті ҚАЗАҚ жері кетті
@user-nr2gs4gb5n
@user-nr2gs4gb5n Жыл бұрын
Өзбекке канша жер отып кеты
@user-yb4xb5xq5w
@user-yb4xb5xq5w 2 жыл бұрын
Накеннин енбеги барго
@qwertyuqwer7442
@qwertyuqwer7442 2 жыл бұрын
Киали казахстан ертеги казахстан жай казахстан
@user-hx5co2lm3m
@user-hx5co2lm3m 2 жыл бұрын
Шегараны бекітіп алып қазақстан жерін шетінен сатпақшы
@user-br8si7ol5t
@user-br8si7ol5t 2 жыл бұрын
Қытайдың бұл бітім гершлігі ол уақытша, себебі қытай мен ресей өзге елдің ішкі саясатына арласуда, Казахстан да, бір қытайға қолыңның ұшын тигізсең соталасын. Елдегі шетелдіктер ойына келгенін істеуде, шекараны туралап алғаның жаксы, байлығың сол қытайға ағуда, ел жұрт аш жалаңаш, үисіз куисіз. Бұл саясатының шалдың арты жақсылықа әкемесі айқын.
@user-pr2fr1sv9g
@user-pr2fr1sv9g Жыл бұрын
Тупой қытайдан бізге киім кешек келеді 3:14
@AzizAbdurakhman
@AzizAbdurakhman 8 ай бұрын
Бүгін Тоқаев Германияға барды.Оған сол жерде журналист сұрақ қойды.Ол жауабында Рессеймен белгіленбеген шекара бар екенін мойындады.Енді 30 жыл бойы қотқтыда тындырмапты
@AzizAbdurakhman
@AzizAbdurakhman 8 ай бұрын
Бүгін 29.09.23ж
@akram1042
@akram1042 2 жыл бұрын
Казах менен Кыргызды Кытай Армиясы 1 айда алып кою мумкун
@user-yb1ie6xi9o
@user-yb1ie6xi9o 2 жыл бұрын
Қойше айдалада отырып қорықпай.мен тұрғанда ешкімге бермеспін
@user-yb1ie6xi9o
@user-yb1ie6xi9o 2 жыл бұрын
Және менің ұрпағым тұрғанда
Did you find it?! 🤔✨✍️ #funnyart
00:11
Artistomg
Рет қаралды 119 МЛН
¡Puaj! No comas piruleta sucia, usa un gadget 😱 #herramienta
00:30
JOON Spanish
Рет қаралды 22 МЛН
Қазақстан - Қытай арасындағы екіжақты визасыз режимнен ұтамыз ба?
3:29
«AQSAÝYT». Қазақ-түркімен шекарасын күзететін  «Үстірт» заставасына сапар
20:27
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 262 М.
Лауазымды тұлғалар заңсыз жер сатқан
4:18
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 59 М.
«Әкімнің туыстары өмірімізді тозаққа айналдырды»
4:18
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 167 М.
Қытай өзіне қарсыларды қалай сатып алады?!
19:09
ATAJURT KAZAKH HUMAN RIGHTS Serikzhan Bilash
Рет қаралды 636 М.