ҚЫЗ ҚАНДАЙ БОЛУ КЕРЕК

  Рет қаралды 50,930

Dinim Islam

Dinim Islam

Күн бұрын

Ислам діні келмес бұрын, әйел затының намысы тапталып, адам құрлы көрмей, кемсітілгенін білеміз. Алланың хақ діні ислам келісімен әйелдің қоғамдағы құқығы белгіленіп, ар-намысы мен абыройы қорғалып, еңсесі көтерілді. Бұл жайында Омар (р.а): «Біз, әйел баласының да жеке құқықтары болатынын Ислам келуімен біле бастадық», деген.
Дініміздің әйелдерге жасаған қамқорлығы барлық әйелдер үшін тарихтағы теңдессіз оқиға болды. Рас, исламның көзқарасымен қарайтын болсақ, әйел заты ол - аяулы ана, сүікті жар, сүйкімді қыз, жанашыр әпке болумен қатар, ұрпақтың таралуына септігін тигізетін қоғамдағы орны ерекше. Сондай-ақ, хадистерде: «Жәннат ананың табанының астында», «Сендердің ең жақсыларың, әйелдеріңе жақсы қарым-қатынаста болғандарың», деп текке айтылмаған.
Ислам тарихындағы Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кейін алғаш исламды қабылдап, дін жолында бүкіл мал-мүлкін сарп ете білген әйел кісі Хадиша анамыз (р.а.) болатын. Сол себепті, Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ел менен теріс айналған кезде Хадиша маған сенді. Айтқандарымды ешкім қабылдамағанда, мені алғашқы болып растаған сол еді» - деп, оны өмір бойы ұмытпай, әркез жақсылықтарын еске алып отыратын. Тірі кезінде жәннаттағы үйімен сүйіншіленген әйел кісі еді. Дәлірек айтқанда, бірде Жебірейіл періште (а.с.) Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Раббым Хадишаға сәлем айтты. Менен де сәлем айта бар. Оған жәннатта шаршамайтын, шалдықпайтын үй тұрғызылды», дейді. Бұл қуанышты Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Хадиша анамызға (р.а.) келіп: «Уа Хадиша! Саған Алла мен Жебрейіл сәлем айтты», деп хабарды жеткізген кезде, Хадиша (р.а.) анамыз: «Алланың Өзі Сәлем, ал, Жебірейілге сәлем болсын» - деп, үлкен зеректік танытады.
Сонымен қатар, исламда ең алғаш Алла жолында құрбан (шаһид) болған да әйел кісі Сумәийә болғандығын білеміз. Сондай-ақ, Айша (р.а.) секілді Алла елшісінен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) біздерге көптеген хадистерді жеткізген аналарымыз болатын.
Бір күні Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Қағбада намаз оқып тұрған кезінде мүшріктердің бірі келіп, үстіне түйенің ішек-қарынын тастап жібереді. Сонда, мұны көрген Фатима (р.а.) анамыз әлгілерді ұрысып, әкесінің үстін сүртіп, демеу көрсетеді.
Дін жолындағы осындай табанды ерліктері мен қажырлы еңбектерін бағалап, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Осы дүниеде және ақыретте құрметке бөленетін төрт әйел бар: Имранның қызы Мәриям, перғауынның жары Әсия, Хуайлидтің қызы Хадиша, Мұхаммедтің қызы Фатима», деген.
Ислам тарихшыларының сөзіне сүйенсек, әйелдер дін үшін Исламдағы соғыстарда айтарлықтай белсенділік танытқан. Қолдарына қару алып, соғысумен қатар, керек кезінде түрлі қызметтер атқарған. Қазақ халқында: «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», деген ұлағатты сөз бар.
Қорыта келгенде, Исламда әйелдің орны ерекше. Ислам діні әйелге Алланың аманаты ретінде қарауға бұйырған. Сондықтан, әйелге деген құрмет зор болуы тиіс.

Пікірлер: 25
@ТурсынайОрикбаева
@ТурсынайОрикбаева 3 жыл бұрын
Аллаға мыңда бір шүкір
@gulzarkz7990
@gulzarkz7990 4 жыл бұрын
мен тырысам енді қысқа кимейм кеудем жабық етегім ұзін кием енді жаман сөз айтпайм ешкімді өсек қылмайм тыныш жүрем енді жақсы қыз болам жана өмір бастайм🙏😥
@Airi_kz
@Airi_kz 4 жыл бұрын
Менде
@НураКамесхан
@НураКамесхан 4 жыл бұрын
Ассалаумағалейкүм Аллам ниетінді қабыл етсін
@ГулнарТумабаева
@ГулнарТумабаева 3 жыл бұрын
Мендн
@ДжауровНуртлеу
@ДжауровНуртлеу 3 жыл бұрын
Иә Аллах ниетіңді қабыл етсін әмин болсын менде сондай қыз болуға тырысам АЛЛАХТЫҢ өзі қаласа.Иә Алла осы күнге шейін жасап келген қателіктерім немесе күнәләрім болса мені озің кешіре гөр озің ғана бізге дұрыс жолды нәсіп ете гөр, Иә Алла озің ғана көмектесе гөр. Аллаһу әкбар!
@hadishakarimova1299
@hadishakarimova1299 3 жыл бұрын
Рахмет Алла разы болсын!
@ГулсараСаттарова-ю6п
@ГулсараСаттарова-ю6п 3 жыл бұрын
алла РАЗЫ болсын
@alhamdulillahbismillahasta727
@alhamdulillahbismillahasta727 4 жыл бұрын
Алла разы болсын
@АйнурБаймагамбетова-ч1ш
@АйнурБаймагамбетова-ч1ш 3 жыл бұрын
Менім өз сұлуғым қалдым, инабатты болсаң, сенең асқан сұлу, бетінізге қанық боянуға жолама, көп боянбаңыз, уйде көше қонақ. Қыз бала бетіңіз қалып, тұрмысқа, өз әдемі куй әжім жоқ. Тез қайтаймаймыз, жас куйінде.
@АружанАбдикеримова-т9ь
@АружанАбдикеримова-т9ь Жыл бұрын
Не жаздн өзі
@АсылайАмантай-п1р
@АсылайАмантай-п1р 4 жыл бұрын
Осы айтқандарды жасауға тырысып көремін
@МобиллПлюс-я9н
@МобиллПлюс-я9н 2 жыл бұрын
Істеп көр
@orkonaiakonaituis327
@orkonaiakonaituis327 4 жыл бұрын
Рахмет мен тырысамын
@tokyma.saya.
@tokyma.saya. Жыл бұрын
ӘЛХАМДУЛИЛЛӘҺ!🕌🥀🌸🌹💐🌷🌺🌻🕋☀️🌙⭐🌄🌌🌏⛲🌳
@АлмагульОспанбаева
@АлмагульОспанбаева 3 жыл бұрын
Керемет
@akzerqajyallabelhodja6548
@akzerqajyallabelhodja6548 3 жыл бұрын
Alladan habar. Dinim Islam jana jaye ARQALYQ Арқалық aeroporty Qazaq Eli Kazak halyk ortalygy.Prezident OOH Akzer Qajy Alla Bekzatova OOH АРҚАЛЫҚ ARQALYQ
@АружанМуса-я5ь
@АружанМуса-я5ь 4 жыл бұрын
Əрине
@СветаС-п5л
@СветаС-п5л 4 жыл бұрын
Рахмет
@КусарТұрсынбай
@КусарТұрсынбай 4 жыл бұрын
Аламмағана сенем
@kazybekseitov9589
@kazybekseitov9589 3 жыл бұрын
Осы омирдеги кыздардын минези оиы отирикшилиги канагаттандырмайды ,кор кызга Калай уйленсек болады осы жерге каштан туседи
@АлимбетоваАзира
@АлимбетоваАзира 3 жыл бұрын
Ким охиган оленди
@didar9241
@didar9241 4 жыл бұрын
Қазақтың қызы туралы айтсай! Барша қыздарды айта бермей
@maishatastemirova1592
@maishatastemirova1592 Жыл бұрын
Авторы тим екен
@kurw402mn
@kurw402mn Жыл бұрын
Алла разы болсын
ҚЫЗДАР ЖАЙЛЫ КЕРЕМЕТ УАҒЫЗ
33:55
УАҒЫЗДАР ЖИНАҒЫ
Рет қаралды 41 М.
when you have plan B 😂
00:11
Andrey Grechka
Рет қаралды 66 МЛН
Пришёл к другу на ночёвку 😂
01:00
Cadrol&Fatich
Рет қаралды 11 МЛН
Поветкин заставил себя уважать!
01:00
МИНУС БАЛЛ
Рет қаралды 6 МЛН
ҚАТТЫ ҚИНАЛҒАНДА ОҚЫЛАТЫН ДҰҒА
8:21
Dinim Islam
Рет қаралды 2,8 МЛН
НӘЗІК БОЛА БІЛУ ҚҰПИЯСЫ
9:07
Құралай Калиева
Рет қаралды 35 М.
4 минуттық мықты мотивация
3:59
Айя Әжібек
Рет қаралды 349 М.
Қыз баланың тәрбиесі
20:29
Әзірет Сұлтан мешіті
Рет қаралды 125 М.
Тәкаппарлық туралы / Уағыз 2023
42:06
УАҒЫЗ
Рет қаралды 27 М.
Арман Куанышбаев  ЖАННЫҢ ШЫҒУЫ
26:22
ASYL DIN
Рет қаралды 107 М.
when you have plan B 😂
00:11
Andrey Grechka
Рет қаралды 66 МЛН