Рет қаралды 3,423
Қызылорда облысының шенділері жылда мемлекеттің миллиондарын жұмсап Сырдария өзенін қанша бекітіп жатса да, биыл тағы тасқынға тосқауыл қоя алмады. Соның салдарынан Қармақшы ауданындағы мал бағып күнелткен бірнеше шаруа қожалығы арнасынан асқан судың ортасында қалды. 200 гектар жерге жайылған өзен суы тіпті халықаралық Батыс Қытай-Батыс Еуропа тас жолының жиегіне дейін келген.