Қызылорда-Семей пойызы жайлы вагондармен жабдықталды

  Рет қаралды 1,143

QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы

QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы

22 күн бұрын

Бүгін №21/22 Қызылорда-Семей бағытындағы пойыздың жолаушылары жайлы вагондармен діттеген жеріне жетеді. Тамбурларда бейнебақылау, купелерде ауа тазартқыш, мүгедек жандарға арналған орын, тағы басқа да комфортты мүмкіндіктер қарастырылған. Осылайша жолаушылар қауіпсіз әрі жайлы жағдайда діттеген жеріне жетпек.
Облыстың жол, тасымал, логистика саласында айтулы өзгерістер орын алуда. Бүгінде мәселен, қаладағы 3 шақырымға жуық Яссауи көшесінің бойында қарқынды құрылыс жүріп жатыр. Бұл жерде 4 жолақты автожол, жарық бағаналары, суағарлар, веложолақтар орналастырылып, гүлзарлар бой көтермек. Облыс орталығында 53 көше жөндеуден өтпек. Осы аптада сол жағалаудағы автовокзал ел игілігіне беріледі. Әуежайдың жаңа терминалы мамыр айында есік ашпақ. Тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін теміржол өткелдері салынды. Ал, ірі әрі стратегиялық маңызы бар тасымал артерияларының құрылысы өз алдына бөлек әңгіме.
Қызылорда теміржол вокзалы күніне 7 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді. Жол мұраты - жету деген, сапар сәтті, көлік жайлы болғаны ғанибет емес пе?! Теміржол қызметін жақсарту, жолаушылар талабын ескеру - басты стратегиямз деді өз кезегінде сөз алған теміржол саласының өкілі.
ЖӘНІБЕК ТАЙЖАНОВ - «ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ //Қызылорда облысы тұрғындарының ұсыныс, сұраныстарын ескердік. Аталмыш пойызды 44 жаңа вагонмен қамтамасыз еттік. Кондиционер, ауа тазартқыш құрал, бейнебақылау жүйесі іске қосылған. Вагондардың кепілдік мерзімі 40 жыл/
Тарихы том-том болатын Қызылорда вокзалының ажары да айшықталып, Қызылорда-Семей пойызының жаңа вагондарымен үйлесім таба кеткені көз қуантады.
Сайт - qyzylordatv.kz/ru/live
Facebook - / qyzylordatv
Instagram - / qyzylordatv
Telegram - t.me/qyzylords_tv
Tiktok - / qyzylorda_tv

Пікірлер: 3
@user-dv6oh4qf4y
@user-dv6oh4qf4y 19 күн бұрын
Қазақша сөйле Жәнібек
@user-xk3vf8gl4p
@user-xk3vf8gl4p 20 күн бұрын
Енді сол вагондарды шұқвлап жыртып билгегдеріңді жасамай жабайы лық жасамаңдар
@samsungj-wl8bs
@samsungj-wl8bs 20 күн бұрын
Басе багана вокзалда не мейрам болып жатыр деп едим😀
Әкім І Жетісай
10:13
Телеканал 24kz
Рет қаралды 120 М.
Енді көлік құжаттары кімдерден талап етілмейді?
2:37
Телеканал Астана / Astana TV
Рет қаралды 70 М.
ВИРУСНЫЕ ВИДЕО / Виноградинка 😅
00:34
Светлый Voiceover
Рет қаралды 7 МЛН
Китайка и Хеликоптер😂😆
00:18
KITAYKA
Рет қаралды 1,3 МЛН
"Құдайы қонақ" Кәукей ауылында #8 ТОЛЫҚ НҰСҚА!
32:02
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 3,4 М.