Қызылордалық диқаншылардың бүкіл еңбегі зая кетейін деп тұр

  Рет қаралды 3,341

Информбюро 31

Информбюро 31

9 ай бұрын

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында биыл диқандар дән сепкен мың гектар жерден мүлдем өнім ала алмай қалуы мүмкін. Өйткені егінге орақ салу мерзімі бір апта бұрын басталғанымен күріш егілген алқап әлі де су астында тұр. Шаруалардың айтуынша біреулер тіршілік нәрі өтетін қашыртқы арнаны әдейі бітеп тастаған. Кесірінен суда қалған күрішіміз көгеріп, жарамсыз болып барады деп ашынып отыр.
АБАЙ НҰРЖАНҰЛЫ, тілші:
- Жаз бойы тіршілік нәрінен тарыққан Ақтөбе ауылының шаруалары егінге орақ салар сәтте қиындыққа тап болған. Өйткені мың гектар алқаптағы піскен өнім суға бастырылып тұр. Бұған егістікке келген суды кері жіберетін қашыртқы арнаның жабылғаны себеп болған. Соның кесірінен ала жаздай төккен тер мен еткен еңбек зая кетіп, биыл өнімсіз қалатын болдық деп күйініп отыр күріш еккендер. Ал ауылдағы жұрттың басым бөлігі осы шаруа қожалығында жұмыс істеп, нәпақасын табады.
ҚАЛАБЕК ШАБАҚОВ, ауыл тұрғыны:
- Бұл жерде бір ұйымдасқан қылмыстың ізі бар. Бұл күрішке 3-4 күн бұрын орақ түсетін жер. Енді бұл 20-25 күнсіз орақ түспейді. Биыл сентябрь жаңбырлы болады деп тұр. Егер октябрьге ұласса, ешқандай өнім ала алмайды.
Бұл мәселені тұрғындар аудан басшыларына бірнеше рет айтып барған екен. Алайда шенеуніктер дер кезінде іске кірісудің орнына, уақытты созып жүріп алды деп ашынады көпшілік. Ал әкімдік өкілдері қашыртқы арнаны көрші ауылдың шаруа қожалық иелері жауып тастағанын растады.
ӘСЕТ ОМАРОВ, Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы:
- Колектор қазір ашылған. Енді уақыт керек те. Аудан әкімі біледі. Ана шаруашылықпен де сөйлестік. Ол жақты да аштыруға жұмыс істедік. Оны жаптырып тастағаннан кейін облыстан комиссия келіп, экология департаментінен, земельный инспекциядан келді. Ол кісіге қазір тиісті заңды шарасын көріп жатыр.
Бөлім басшысы Ақтөбе ауылының егіншілері 3-4 күнде күрішке орақ салады деп сенімді. Бірақ шаруалар мұнымен келіспейді. Өйткені алқаптың кебуіне де ұзақ уақыт кетеді. Сондықтан биыл шығынымыз ақталмаса, жауаптылардың үстінен құзырлы органдарға арыз жазамыз деп отыр.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Пікірлер: 10
@user-he8gu3mc5k
@user-he8gu3mc5k 9 ай бұрын
Нағып біздің басшылықтың желеуі көп
@user-nt4ug7qb4g
@user-nt4ug7qb4g 8 ай бұрын
Колдап.корлау.артында.биреулер.бар.гой. Билик.окилдерине.катысты.аким.депутат.полясы.болды.гой. Алла.жазасын.берсин.аумин.
@user-bg5oc4yp1s
@user-bg5oc4yp1s 8 ай бұрын
Окімет нагып комек бермейсіндер
@user-rz8ht2rl9b
@user-rz8ht2rl9b 8 ай бұрын
су бар болсада проблема жок болсада солай
@user-yq6vy8mp1r
@user-yq6vy8mp1r 8 ай бұрын
Соттау.соттау. Шенеуликпен. Косып. Алла. Жазасын. Берсин. Канша. Енбек. Зая.кетти. Обалы.урсын.
@user-fp5yl5ll1g
@user-fp5yl5ll1g 8 ай бұрын
Қарасаңдаршы обалғой
@user-eh6rm4es4k
@user-eh6rm4es4k 9 ай бұрын
Оьалай обплсыздар .Аллах карап тур гой
@user-xq6xq5qy4b
@user-xq6xq5qy4b 8 ай бұрын
Бемарал Орыб Алады .Ещ Коркыныш Жок .
@olzhassarikul8181
@olzhassarikul8181 8 ай бұрын
Ей сауатсыздар. Қазақ тілінде диқаншы деген сөз жоқ. Диқан деген сөз бар. Диқаншылар емес диқандар деп жазыңдар.
Жаңара түскен Жосалы
3:03
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 2,2 М.
格斗裁判暴力执法!#fighting #shorts
00:15
武林之巅
Рет қаралды 72 МЛН
NO NO NO YES! (50 MLN SUBSCRIBERS CHALLENGE!) #shorts
00:26
PANDA BOI
Рет қаралды 101 МЛН
1❤️
00:20
すしらーめん《りく》
Рет қаралды 28 МЛН
Қазақтың тойы қадірін жоғалтып алған жоқ па?
3:29
ТҮРКІСТАНДАҒЫ ТЫЛСЫМ КҮШ
3:25
OŃTÚSTIK TV
Рет қаралды 401 М.
Мұғалім санақшы, сылақшы, сыпырушы ма?
8:28
Телеканал Астана / Astana TV
Рет қаралды 96 М.
Елу жылдан кейінгі ерекше кездесу
3:47
MANGYSTAU TV / Маңғыстау телеарнасы
Рет қаралды 136 М.
Бауыржан ашуына ерік беріп Ілиясқа қарсы шықты! Қалаулым! 29.03.2019ж.
14:59
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 444 М.
Әкім І Жетісай
10:13
Телеканал 24kz
Рет қаралды 121 М.
格斗裁判暴力执法!#fighting #shorts
00:15
武林之巅
Рет қаралды 72 МЛН