Көзге еріксіз жас келеді… БІЗДІҢ ҮЙ - Асан Абдралин

  Рет қаралды 642,979

Асан Абдралин

Асан Абдралин

11 ай бұрын

#асан_абдралин #втренде #2023 #қарашаңырақ
🔴БІЗДІҢ ҮЙ
сөзі: Әлімжан Әлішер
әні: Ербол Ақбасов
орындайтын: Асан Абдралин
1. Мейрімнен қаланған біздің үй,
Бақыттан жаралған біздің үй.
Әр атқан таңына шүкір деп,
Ұйқыдан оянған біздің үй.
Әкешім, анашым сағындым,
Үйімнің ауасын сағындым.
Мұрасы ол атам мен әжемнің,
Куәсі балалық шағымның.
қ а й ы р м а с ы :
Әкемнің иісі есімде,
Анамның дауысы есімде.
Алаңдап күтумен тұрғандай,
Екеуі өмірдің көшінде.
Қазаның қайнаған есімде,
Асыр сап ойнағам есімде.
Бәрі де сақтаулы тұрғандай,
Біздің үй сенің де есіңде.
2. Шаттықтың шырағы біздің үй,
Бақыттың бұлағы біздің үй.
Жүрегім жылылық табатын,
Жанымның жұмағы біздің үй.
Жұлдызы самғаған жақұт түн,
Осында ордасы бақыттың,
Әкешім ерттеген жүйріктей,
Зымырап өткені ай уақыттың.
______________________________
хабарласыңыз⤵️
D I R E C T O R
Жеңісбек Қадыров
+7778-790-11-11
✅ресми галочка бар инстаграм: @assan_abdralin

Пікірлер: 315
@user-wp1gg7jp2l
@user-wp1gg7jp2l 5 ай бұрын
Бәрі көз алдыма келді, жас кезімізде, дастархан басында тамақ ішіп отырғанымыз, пеш жанвп тұрады, үстінде шайнек қайнап тұрады,нағыз бақытты шағымыз, төрт- көзіміз түгел отыратын едік, қайда кетті сол шақ...сағым болып көз алдыма келді....😢😢😢
@user-tr5uq7qu3m
@user-tr5uq7qu3m 5 ай бұрын
Шынымен,бақытты балалық,алаңсыз сол дәурен есімізге түсті,рақмет,айналайын,өнерің өрге жүзсін,қайран уақыт...
@user-tr5uq7qu3m
@user-tr5uq7qu3m 5 ай бұрын
Сөзі де ,әні де,орындаушы да керемет
@user-gg1jm1xy2j
@user-gg1jm1xy2j 5 ай бұрын
Керемет ауылым ата анам ауылдағы өмірім бәрі де есіме түсіп жылап алдым әрине бәрі есімде қаиран балалық шақ уаиым қаиғы жоқ саираңдаған заман аи шіркін ❤❤❤
@user-gg1jm1xy2j
@user-gg1jm1xy2j 5 ай бұрын
3:46
@rakhilyanurakhmetova8129
@rakhilyanurakhmetova8129 5 ай бұрын
Балалық шағм ,есімі түсіп кетті.Әкем мен Анашымды қаты сағынып кетіп. Жатқан жерлері жайлы болсын .Әминь🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻
@user-ex2oq1lo4f
@user-ex2oq1lo4f 5 ай бұрын
Керемет, үйде, ұрыс, қағыс жоқ, ненің, қайдан келетіні білмейміз, таңертең самаурын бұрқылдпп тұрады, индйскии шәй мұрынды жарады, дөңгелек стөлдің басында бәріміз отыратыгбыз, қайран, әке,шешеміз.😪
@user-yg5ox4ls9t
@user-yg5ox4ls9t 3 ай бұрын
😢😢😢 Марқұм ата - анамның топырақтары торқа болсын!
@Zhanatprimbetova
@Zhanatprimbetova Ай бұрын
КЕРЕМЕТ ӘН КЕРЕМЕТ ОРЫНДАУШЫ АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН 🤲ӘКЕ АНАМЫЗ МАРҚҰМ БОЛЫП КЕТСЕДЕ ОСЫ ӘНДІ ТЫҢДАП ӘКЕ АНАМ КӨЗ АЛДЫМА КЕЛДІ РАХМЕТ 👍
@uljanuljan6675
@uljanuljan6675 Ай бұрын
Үйімді сағындым , не берсе ата анамыз ортаға қойып бірге жейтін едік . 😢❤
@nursulubarikenova1016
@nursulubarikenova1016 5 ай бұрын
Иә еріксіз жыламау мүмкін емес.😭😭😭😭Кайтып орамас балгын балапан шагымай.😭😭😘
@user-ru1bz5ox2b
@user-ru1bz5ox2b 3 ай бұрын
Керемет ән.ата әжәмізге,әке шешемізге деген сағыныш.Балалық шағымызға деген сағыныш.
@dawletyarmirzambetov783
@dawletyarmirzambetov783 4 ай бұрын
Акемди ,анамды сагынып кеттим.Кайтып келмес сол кунлер.
@user-ee3qq6pq8l
@user-ee3qq6pq8l 5 ай бұрын
Ұлы әжем,әкем мен анам есіме түсіп кетті. Қандай бақыт пен шаттыққа толы балалық шақ еді! Әншіге тамаша ән үшін мың алғыс! Бақытты бол,айналайын!
@user-oq9ww7eg2l
@user-oq9ww7eg2l 4 ай бұрын
Шіркінаи шіркінаи балалық шағым жастық өмірім 🎉🎉🎉😢Аиналаиын авторы кім əннің Рақмет!!!Тамаша əн екен❤
@user-jf1mc3xn5u
@user-jf1mc3xn5u 5 ай бұрын
Керемет ән , әке шешеміз еске түсті, балам ,биіктен көрін. ақ жол.🎉
@user-ex1hy4jq4c
@user-ex1hy4jq4c 5 ай бұрын
Ностальгия!!! Шіркін, біздің үй! Біздің ең бақытты шағымыз өткен үй!
@user-xx3fd8rf6g
@user-xx3fd8rf6g 5 ай бұрын
Не деген керемет.ән. Бақытты балалық шағым Ата Анамның мейірімді жүздері қуанышты күндер Естен кетпейтін.
@user-kk3jw2fl5m
@user-kk3jw2fl5m 5 ай бұрын
Не деген ән,не деген дауыс!❤❤ Асан бауырым Керемет!❤❤❤
@user-fc7yl3os6f
@user-fc7yl3os6f 3 ай бұрын
Рахмет балам саған, ата анамды бауырларымды, еске салып, қайран келмеске кеткен балалық. Әже болсамда көзге еріксіз жас келді өркенің өссін! Бақытты бол қалқам.
@user-sf6yq2ts3d
@user-sf6yq2ts3d 5 ай бұрын
Жалған дүние...бәрі көз алдымнан кино боп өткендей😢😢😢 керемет ән тыңдай бергің келетін🥹🥹
@user-es3xi1pv8p
@user-es3xi1pv8p 5 ай бұрын
Айналайын баламай керемет өлең көңіліміз бұзылса да өткен шаққа барып қайтқандай болдымау
@user-kr5lu9rv8m
@user-kr5lu9rv8m 5 ай бұрын
күшті керемет өте әсерлі жылап алдым .бәрі көз алдымнан өтті .. балалық шағымызға бір оралып қайттық . рахметт бауырым. Өнеріңе Алланың нуры жаусын .Тек ғана біиктерден көрініп .халықтың ең сүікті әншілерінің бірі болып жүребер💯👍🙏✊
@user-np3du6pb5u
@user-np3du6pb5u 5 ай бұрын
😢керемет..ностальгия❤
@user-eb1wi6by1i
@user-eb1wi6by1i 5 ай бұрын
Керемет! Бәрі есімізге түсіп көзімізге жас алғызды
@user-iv2nt3ke1k
@user-iv2nt3ke1k 5 ай бұрын
Бари есимде бауырларым мен аке-шешемнин ортасында еркелеп отыратын едим...кайран балалык шак 😊😊
@user-fh4it7rt2b
@user-fh4it7rt2b 2 ай бұрын
😂😂❤❤😢​@@user-iv2nt3ke1k
@user-sf1md7tl6r
@user-sf1md7tl6r 2 ай бұрын
Керемет ан екен
@gulnarasharapatdin2818
@gulnarasharapatdin2818 4 ай бұрын
Біздің Үй ❤Әкешым Анашым ❤ Бақытты От Басы❤ Біздің бақытты балалық шағымыз !!!! Қайран зырғып өткен жылдар ай 😢 Мәңгілік Сағыныш !!!!
@user-nx4uu6my4i
@user-nx4uu6my4i 5 ай бұрын
Керемет ән,ауылдағы балалық шақ , сағынамын, ❤ Рахмет ән үшін! Орындау шеберлігіңізбен жүрекке жетті. 😊🎉🎉🎉❤
@user-dy2im9fp2t
@user-dy2im9fp2t 4 ай бұрын
Керемет орындау! Бәрі көз алдым келді. Қайнап жатқан қазан, шәйнек! Әке-шешем , қайтып айланып келмейтін балалық шақ...😢
@user-rg1go6rj6x
@user-rg1go6rj6x 5 ай бұрын
Ен бакытты кундеримиз, бауырларымыз, аке анамызбен бирге откизген шак
@user-yg3pt4zw3w
@user-yg3pt4zw3w 5 ай бұрын
😢Қайран әке-шешем-ай,ол кісілер өмірден озғанына көп болды.Қатты сағынамын сол тамаша кездерді. Жатқан жерлерінің торқа болсын! Ән керемет!Сізге рахмет!
@user-hj2yh4nv2t
@user-hj2yh4nv2t 5 ай бұрын
Ішім астан кестен болып кетті, шіркін өмір 70ке таяп кал сақта әке, ана, ата әже бауырлар алыста қалған ауылым, сол дас тар хан,
@zholdybaykaliakbarov9947
@zholdybaykaliakbarov9947 4 ай бұрын
🎉🎉🎉🎉🎉🎉😢❤❤❤😊
@user-xg6cf1bo5h
@user-xg6cf1bo5h 3 ай бұрын
Кайран Ол заман кайтып келмедыгойдын, тек гана , журекке жететын эн екен, окынешке орай, Рахмет. оте керемет олен
@user-gp9sz3hx9v
@user-gp9sz3hx9v 5 ай бұрын
Еске түсірдің біздің үйде.Рахмет осындай ән жазғаныңа.
@user-xm8cb7wc9b
@user-xm8cb7wc9b 5 ай бұрын
Қайран балалық шағым...сол кезге бір сәтке оралсам...керемет кездер-ай...әкешім, анашым бар кездер ең бақытты күндер екен-ау😢😢😢
@user-oq9up3qp9b
@user-oq9up3qp9b 2 ай бұрын
Ата Анамыздын Жаткан.жеры Жилых Болсын
@user-oq9up3qp9b
@user-oq9up3qp9b 2 ай бұрын
😊😊😊
@luizanurlybekova2656
@luizanurlybekova2656 5 ай бұрын
Балалық шақ әкем,анам жас кездері өзіміздің жас кезіміз анамның жүгіріп тірлік істеп жүрген кездерін әкем бау бақшада жүргені ❤❤❤❤❤❤❤😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢 Рахмет саған бауырым просмотырың миллионнан асаберсін сүйікті әншілердің бірі бол тілектеспін Әумин Аллаһу Акбар 🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🙏🏻🙏🏻🙏🏻
@user-db7me8zz3f
@user-db7me8zz3f 5 ай бұрын
Арбир адамнын есинен ешуакытта кетпейди туган уйи кулын тайдай шапкылап еш уайымсыз саттеримиз арбир казактын кара шанырагынын оты ошпесин бизди осы кунге дейин жеткизген ата анамызга Алла Тагала разы болсын
@user-tt4gy6ty9i
@user-tt4gy6ty9i 5 ай бұрын
Анамның дауысы, әкемнің иісі шіркін-ай. Өкіріп бір жылап алдым. Қайран қамсыз күндер-ай.Дастархан басына сыймай шәйді екі бөлініп ішетін кездер-ай .Қайран анам сары майын әлсін әлсін таситын. Бәрі сағым.
@user-bf2de3co4n
@user-bf2de3co4n 2 ай бұрын
Ия козди ашып жумганша отеди екен омир деген алдамшы . Бир жылап алдым
@user-gr9zy1ij7z
@user-gr9zy1ij7z 3 ай бұрын
Қайта оралмас қамсыз,қайғысыз сол шақтарымыз ай😢😢,шынымен тек көзге ерік бересің,өте тамаша орындауы, жарайсың, өркенің өсе берсін❤
@user-kl3cj9ii4x
@user-kl3cj9ii4x 5 ай бұрын
Өте куші ән,жылап еске алдым ата әжем әкем анам уйім шіркін өмір солай.біз телевизор алған ең бірінші уй болатынын,кешке көршілер толып отырып кино көретін біз.атам марқұм нанды аз жесеңдер әперем деп айтатын😢бар жастық шағым есіме түсіп жылап алдым сағынып кеттім ауылымды.өнерің өрге жүзссін.рахмет көптен көп🥰
@user-um1hi4qs3k
@user-um1hi4qs3k 5 ай бұрын
Әкем мен анам көз алдымнан өтіп жатыр мына әнді тыңдап бауырларым мен бір отбасында ойнағанымыз бәрі бәрі есіме түсіп көз жасымды тыйа алмадым бір бауырым өмірден өтіп кетті Аллаға не шара күшті жүректен шыққан ән Алла риза болсын балам өнерің өрге жүзсін
@user-bd4hv1mo9t
@user-bd4hv1mo9t 2 ай бұрын
Әкеміз бен,анамыздың жатқан жері жайлы болсың.Сол біздің балалық шағымыз,ең бақытты кез екен гой,енді ондай заманды қайдан іздесекте таба алмаймыз.Жаратқан иеміз жар болғай.Еш қорқашық,еш нәрсеге алаңдау жоқ еді гой.Шіркін, ай!
@user-ec6ps2ls6b
@user-ec6ps2ls6b 5 ай бұрын
қандай керемет ән,рақмет,жастық,балалық шағым есіме түсты
@user-so6my8op4e
@user-so6my8op4e 5 ай бұрын
Балалық шақ Әкем мен Анам қасымызда болғанда қандай бақытты болдық шіркін ай десейші бауырларым қасымда болғанда Әкем мен Анамнын үйінде қайтып келмес естелік естен кетпес амал қанша жатқан жерлері жайлы болсын!
@user-sz8ql9jo1s
@user-sz8ql9jo1s 2 ай бұрын
Көзімнің алдында тұрады үйіміз көке жеже.көріп кіреалмаймын қандай аянышты😢Сіздер жоқсыңдар жатқан жерін оқыған Құрандарымыз шапағаты тиіп жарық қылғай
@raushanbakirova
@raushanbakirova 5 ай бұрын
Әкемди сағындым😢 арманым әкемди көрсем
@zhuanyshbaevameyramgul2165
@zhuanyshbaevameyramgul2165 5 ай бұрын
Жаныңа қуат беретін мағыналы әндерін көп болсын
@elmiraermekbaeva7980
@elmiraermekbaeva7980 4 ай бұрын
Кандай бакытты балалык шак! Узын улкен дастархан басында сыймай отыратынбыз. Мамам етти адемилеп асып бесбармак жасаушы еди. Неткен керемет кездер. Ериксиз кара шанырагымыз ораллтыныз керемет анмен. АЛЛА разы болсын!
@user-it3rt8mz6v
@user-it3rt8mz6v 5 ай бұрын
Қандай әсерлі ән,балалық шағымыз,ата анамызбен бірге өткен қызықты күндеріміз
@user-mx6yb8kq5r
@user-mx6yb8kq5r 3 ай бұрын
Қандай керемет ән ,жылап алдым гой 😢❤
@user-ki5re6cc2j
@user-ki5re6cc2j 5 ай бұрын
Тамаша ән өткенге бір оралып әке шешеміз тай құлындай тебіскен бауырларымыз еске түсіп бір толқып алдым рахмет балам әніңе керемет ббиіктен көріне бер
@user-it3rt8mz6v
@user-it3rt8mz6v 5 ай бұрын
Қандай ән,еске түсіреді,әкенің,анамның құшағы,сипаған алақандары,дәмді тағамдары,ел болып жиі айтылады
@user-qm9gw5xq2g
@user-qm9gw5xq2g 5 ай бұрын
Биздин уи орталыкта болатын. Барлыгы үйге келіп кетіп жататын. Сол күндер керемет барин берип апам маркум букил ауылына жете алмай калган мангытайларга дастарханын жайып. Отты жагып кутетин еди. Апам жарыктыктын жаны жанаттык болсын. Шаганын балдары жаурамасын кун суык екен деп жүрген . апау сен өзің , жаурап жургенжоксынба
@ronfoza385
@ronfoza385 5 ай бұрын
Керемет жаксы ән. Козге жас келеди.оте ерте кайтыс болды. Мен жети жасымда болдым.
@user-xb5rg1lq8h
@user-xb5rg1lq8h 5 ай бұрын
Я,өте керемет орындау.Балалақ шағымызға оралдық.Біздің ең бақытты балалық өткен үй.❤
@user-pc8xr2lz6q
@user-pc8xr2lz6q 5 ай бұрын
Бауырым,ак жол,онерде жолын болсын!!!Анин де,озинде тамашасын!!! Керемет! Омир жасын узак,бакытты бол!Балалык шакка саяхат жасап кайттым,козиме ериксиз жас келди!!!Жасай бер,Асан балам!!!
@user-ud3hs7cz6y
@user-ud3hs7cz6y 5 ай бұрын
Балалық шақ ең керемет кезі екен ғой 😢😢
@user-rx6cj3dm4h
@user-rx6cj3dm4h 5 ай бұрын
Бәріде,бәріде есімде.Керемет.
@user-jq3vn4gf4w
@user-jq3vn4gf4w 5 ай бұрын
Рахмет айналайын әніңе! Тыңдармандарыңның да бақытты балалық шағын естеріне түсірдің! Өркенің оссін балам,еңбегің жанаберсін!🎉
@user-nq3db8qc1v
@user-nq3db8qc1v 5 ай бұрын
Керемет Асын балам 70тен ассамда атаанамызды шыккан жеримиз ди сагынамыз
@user-gn1ki4xs1d
@user-gn1ki4xs1d 3 ай бұрын
Жаным акешим мен анашым 😢😢😢жандарыныз жаннатта болсын
@user-pg5ui1nc8x
@user-pg5ui1nc8x 3 ай бұрын
Бақытты бол, балам, жүрегімді елжіретті әнді айтқан даусың👍❤️Шіркін, қайтып келмес , балалық шақ.....😓😖😖
@user-jc8lp3sq6s
@user-jc8lp3sq6s 5 ай бұрын
Дал казир осы ан коп отбасынын сакталып тату болуына себеп болатын...керемет жкректен шыгып, журекке жететин ан екен😢❤ рахмет!
@user-ki1fn1mf5k
@user-ki1fn1mf5k 16 күн бұрын
Осы әннің авторына мың алғыс,әнді тыңдаған сайын балалығым көз алдыма тізбектеліп келеді,келмеске кеткенн ата-анам,әжелерімді сағынып көзіме жас келеді,жүрек түбіндегі сағыныш қозғалады,осы ән біздің замандастарға арналған сияқты Совет үкіметі кезінде бақытты балалықтары өткен
@MikaMika-zh1ee
@MikaMika-zh1ee 4 ай бұрын
Анашымды сагындым 3жылболады быйыл жаткан жери жарык болсын Керемет жаксы орындау рахмет ❤
@user-du3mu3bj9q
@user-du3mu3bj9q 3 ай бұрын
Көзіміз ге еріксіз жас келді өте мағанасы кушті екен өмірден кеткен әкемді анамды бауырымды сағындым ,балалык шағымды еске тусірді рахмет осындай әнмен талабың өркендей берсін,
@user-jj8rl5wt9e
@user-jj8rl5wt9e 5 ай бұрын
Балалық шақ өмір бойы есте қалады! Бақыт Ордасы- біздің Үй!
@user-ph6ze6he8w
@user-ph6ze6he8w 2 ай бұрын
Керемет дауыс ,балалық шаққа бір барып келгендей Әке шешенің иірі кезі қандай бақытты өмір ай
@user-up5bv8hj3w
@user-up5bv8hj3w 5 ай бұрын
ЖАНЫМ,ЖАНЫМ РАХМЕТ РАХМЕТ ОМИР ЖАСЫН УЗАК БОЛСУН
@user-be5fh3ru9r
@user-be5fh3ru9r 2 ай бұрын
Ернар балам саган мын да бир Рахмет осы а́нди орындауын о́те керемет тамаша 👍👏❤💯💐🌞
@user-qm9gw5xq2g
@user-qm9gw5xq2g 5 ай бұрын
Керемет ининм өнерің өрлей берсін. Дауысың мамырлай берсин.. Аталарыннын даусын берсин коп жаса улым
@okaoka2239
@okaoka2239 4 ай бұрын
Шаттықтың шырағы біздің үй,марқұм Анашым иісіңде дауысыңда есімде...жаның пейіште шалқысын әмин🤲🙏
@user-ut4os1nb9m
@user-ut4os1nb9m 5 ай бұрын
😢😢😢😢🙏бәрі есімде. Әттең ай кайта оралар ма еді сол жаққа😢
@khatimaberestenova9885
@khatimaberestenova9885 3 ай бұрын
Менде, өзімнің әкемен, анашымның, біздер үшін, шаршамастан, ауыр жұмыс істеп, ұлың ұяға, қыздарын қияға, берседе, демалуды білмейтін жандар еді. Қайран жастық шақты еске түсіруге, себепші болған, әншіге, алғысым шексіз!
@user-wc5sz7yk1y
@user-wc5sz7yk1y 3 ай бұрын
Керемет ән қайран уайымсыз қайғысыз балалық шақ жүрекке жететін ән көп рахмет әкем мен шешемді бауырларымды қатты сағындым нағыз бақытты кезім сол кез екен ғой
@rakhilyanurakhmetova8129
@rakhilyanurakhmetova8129 5 ай бұрын
Асан ,Баурым әңі қадай керемет !Бақытты бол .!🙏👍👍👍
@user-ez1bb5rm2r
@user-ez1bb5rm2r 5 ай бұрын
Керемет айтылған өлең , жастық шақ есіңе түсірді😢
@user-cm8og6cj5k
@user-cm8og6cj5k 4 ай бұрын
Керемет ән, жүрекке жетті, еріксіз көзге жас келеді. Керемет орындау, бақытты бол, айналайын
@user-xj6eu5zw7h
@user-xj6eu5zw7h 5 ай бұрын
Керемет ән екен ❤
@user-wn2cn7rj8y
@user-wn2cn7rj8y 5 күн бұрын
Менің де Әжемнің Атамның да Анамның и Әкемнің сағынышымды жүрегімнен оянып шығып кетті ғой!Әттең тонның келтесі ай!❤😢😢❤❤❤❤❤❤❤❤
@user-zx2yh9bj4c
@user-zx2yh9bj4c 3 ай бұрын
Қандай тамаша ән! Сөзі де, сазы да әсерлі. Жүректі тербейтін ән екен.
@user-uv4xp6qo6i
@user-uv4xp6qo6i 4 ай бұрын
Қайран балалық бал дәурен,уайымсыз,қайғысыз күндер! Әке шешең жаныңда проблема жоқ мәңгі сағыныш балалық шақ, Әжем , Анам,Әкем еске түсіп бір жылап алдым. Аллаға шүкір өзімде әжемін бірақ неше жаста болсаңда анаң ме әкең мәңгі сағынышың!
@user-cn2wb1vn8y
@user-cn2wb1vn8y 4 ай бұрын
Қайран күндер әке анамның солкүндері дарқандығы,шіркін бір көру арман.Менде сағындым.
@gulnarkuatova4098
@gulnarkuatova4098 2 ай бұрын
Керемет өлең ,керемет орандау рахмет,бәрі өткен шақ ауылымыз ,ата анамызды еске түсірдің рахмет
@user-fd8yo6ui9s
@user-fd8yo6ui9s 5 ай бұрын
Мыкты орындау, ерекше ан, журектен журекке жетты.... коп коп рахмет... Бауырым барын жылатты.....
@user-sn8rr4bf5i
@user-sn8rr4bf5i 4 ай бұрын
Қандай тамаша өлең сізге көп рахмет жасай беріңіз
@jibekturgynbaeva3388
@jibekturgynbaeva3388 5 ай бұрын
Керемет ән! Тамаша орындау! Ауылымыз, үйіміз, бауырларым...бәрі-бәрі сырғып көз алдымнан өте шықты.Ата-Анамыздың жандары жәннатта болсын! Бізді өмірге әкеліп,бар жағдайымызды жасап,өсіріп.немере-шөберелерін көріп, өмірден өтті.Аллаға шүкір дейміз!.Бірге тумақ болсада, бірге жүрмек жоқ екен.Әркім өз отбасын құрып,тіршілік етуде...Өз қолдарымен,таза еңбектерімен жасаған үйіміз- ақ ордамызды жиі еске аламыз.Әттеген-айымызда жоқ емес!...
@user-ri6zg2wo4e
@user-ri6zg2wo4e 5 ай бұрын
Керемет екен! Бахытты ғұмыр тілеймін Айналайын!
@user-se1he1nn8k
@user-se1he1nn8k 3 ай бұрын
Керемет ән әкемен анамды еске алып жылап алдым бала кезімді бәрін сағындым
@user-fi6yy2ng6y
@user-fi6yy2ng6y 3 ай бұрын
КЫМБАТТЫМ ЖАНЫМ АСЫЛЫМ ОЗИНЕ ЫХЛАССЫМЕН СЭТТИЛИК ТИЛЕЙМИН ОСИП ОНГЕЙСИН КЫМБАТТЫМ АНСАГАН АРМАНЫНА ЖЕТЕБЕРГЕЙСИН АЛЛАМ КОЗ КЫРЫН САЛСЫН АТАЛАРЫМ БАБАЛАРЫМ КОЛДАСЫН ДЕП ЫХЛАССЫМЕН ТИЛЕЙМИН Базаргуль Эжен Алматыдан
@GulbanuSadykbek
@GulbanuSadykbek 3 ай бұрын
Керемет өлең екен балық шығым есіме түсіп көңілім босап кетті
@user-ji4kc5wx3n
@user-ji4kc5wx3n 3 ай бұрын
🤝👍👍👍✊✊✊ бәрі бәрінде есімде, ауырым керемет.
@botagozsaynova7167
@botagozsaynova7167 5 ай бұрын
Керемет күшти ән үшін рақымет балам алланың нұры жаусын
@user-ul4qy4ir4l
@user-ul4qy4ir4l Ай бұрын
каиран.балалык.шак.ата.анамыз.биз.ушиннекормеди.жандары.жаннатта.болсын.анди.орындаган.балама.мын.слгыс
@user-iy1vl1rn5t
@user-iy1vl1rn5t 4 ай бұрын
Әкемнің иісі , анамның дауысы❤
@user-wm1wk7cu3p
@user-wm1wk7cu3p 2 ай бұрын
Керемет ән
@user-ez6sf7ix3x
@user-ez6sf7ix3x Ай бұрын
Жастық шағым ата анам бауырларым көз алдыма елестеді Әкемсіз Анам сегіз баланы өсіріп жетілдірген жетілдірген
@user-iz2yt6yh5t
@user-iz2yt6yh5t 3 ай бұрын
Недеген керемет ән екен айтыуы да жақсы жарайсың балам .
@user-jr5rc6lz8f
@user-jr5rc6lz8f 5 ай бұрын
Ең бақытты шағымыз анашым тірі кезде өтіп кетті, 9 бала , әке шешем пештің жанында анашым жүретін , біздер сабақтан , ойыннан келеміз улап шулап,екі бөлмелі үй соған ың шыңсыз сиюшы едік . Радио қосылып тұрады, бәріміз де бақытты едік …
@guldaryuldashova1968
@guldaryuldashova1968 5 ай бұрын
Жарайсың күші ерекше дауыс
@user-kh2yq7lj3q
@user-kh2yq7lj3q 5 ай бұрын
Керемет ән екен орындау тамаша
@GulbanuSadykbek
@GulbanuSadykbek 3 ай бұрын
Атамды сағынып кеттім аттең сол шаққа қайта орала алсақ әттең
@nadekaforever961
@nadekaforever961 4 ай бұрын
Керемет денем муздап кеттi гой журеке тез жетедi жарайсын жылагым келiп кеттi жанымай журегiм сыздап кеттi ❤️❤️❤️🕋📿🙏
@anaraanara4423
@anaraanara4423 4 ай бұрын
Кайран балалык шагым ай биз дин уй уайым кайгысыз асыр салып ойнайтын кез анашым далада ошака бауырсак писиреди букил ауыл баласы жугирип келеди баримизге талдын шыбыгын сындырып жиберип ыстык бауырсак береди аламызда жугирип кетемиз кайран 😢😢 Ешкандай арам ой жок барды букил ауылмен болисип жейтин кез агародтан жугирип барып жулып жейтин ен бакытты шагымыз еди ❤️❤️ Анашым мен Акешим ди сагындым балалык шакты
@user-rc2it9yk5j
@user-rc2it9yk5j 3 ай бұрын
Алла разы болсын, Әк жол тілеймін,өркенің өсе берсін
@user-fu1ri3sh5d
@user-fu1ri3sh5d 3 ай бұрын
Неше жаска келсекте, аке мен шешенин орны болек, мәңгилик сагынышым 😢
@user-mq2ph8so7z
@user-mq2ph8so7z 5 ай бұрын
Керемет ән, қара шаңырақ сағынышта қалды ғой
@user-eh6mi5cx1b
@user-eh6mi5cx1b 4 ай бұрын
Бақытты бол, өркенің өсін. Биік шыңнан жарқырап көріне бер.
@user-mj1gt6wt4o
@user-mj1gt6wt4o 3 ай бұрын
Біздің үй барша қазақтың үйі ия әр қазақ менің бауырым деген осы екен ау.Рахмет.еске алдық
@samsungs10lite6
@samsungs10lite6 3 ай бұрын
😢әкешімді сағындым мына әнді енді естуім
@user-vc2xm9xg9x
@user-vc2xm9xg9x 4 ай бұрын
Ширкинай камсыз кез ай анашымды сагындым 😢 каймак каткан шайын сагындым
@SamsungId-qv4ft
@SamsungId-qv4ft 4 ай бұрын
Қайран балалық шағымай😢Ата мен әжем, әкемм 😢😢😢есімде бәріі
@aikoserik8775
@aikoserik8775 3 ай бұрын
Бауырларымыз аман болсын
@user-xo5sw9fz4p
@user-xo5sw9fz4p 2 ай бұрын
Сол кезді сағындым, Акеммен сабаққа баратын кезім😢
Олшеули омир
4:00
Erbolat Daniar
Рет қаралды 3,8 МЛН
😱СНЯЛ СУПЕР КОТА НА КАМЕРУ⁉
00:37
OMG DEN
Рет қаралды 1,7 МЛН
小路飞第二集:小路飞很听话#海贼王  #路飞
00:48
路飞与唐舞桐
Рет қаралды 18 МЛН
Бейбіт Қорған, Қарақат - Егіз лебіз | Жұлдызды караоке
6:54
Телеканал Алматы / Almaty TV
Рет қаралды 178 М.
Барып қайтайық ауылға
3:35
Марат Кузембаев
Рет қаралды 2,6 М.
Қызыл көйлек - Мөлдір Ибраимова
4:58
Мөлдір Ибраимова
Рет қаралды 3,8 МЛН
Жұбаныш Жексенұлы - Өкінбе сен | LIVE
5:09
Жұбаныш Жексенұлы
Рет қаралды 9 М.
Ake
4:59
YEGENOV SATTAR - Topic
Рет қаралды 14 М.
😱СНЯЛ СУПЕР КОТА НА КАМЕРУ⁉
00:37
OMG DEN
Рет қаралды 1,7 МЛН