Рет қаралды 16,905
Марқұм Нұртілеу Иманғалиұлының бағдарламасына сұқбат беріп үлгерген болатынмын. Сол сұқбаттан үзіндіні ұсынамын. Нұртілеу ағамыздың отбасына қайғырып көңіл айтамын.
_____________________
Жоғары оқу орнында оқып жүрген кезде президентке қолына хат ұстатып жіберді деген қауөсет бар, сол рас па?
- Ол рас, оны мен КазГУ 3 курсынан кейін сондай хат жазғанмын. Соны президент қабылдады.
- Хаттың мазмұны?
- Хаттың мазмұны қысқаша айтқанда былай болатын, менің атым осындай, мен осындай Ұлытау ауданында өскенмін, қазақ мектебін бітіргенмін, 2 жыл шопан болып істегенмін. Әскерге барып келгеннен кейін университетке оқуға түскенмін. Осы 3 жылдың ішінде ағылшын тілін жетік меңгеріп алдым. Менде бір 4 жоқ, ылғи 5 ке оқып жатқан адаммын. Маған мына КазГУдың оқуы жеңіл болып тұр, мені шетелге жіберсеңіз мен оқудың түбін түсіремін деген сөз болды.
- Шетелге жіберді ме?!
- Шетелге жіберемін деп уәде берді. Білім беру министріне тапсырма берді, содан амалсыздан мен КазГУдың 4-5 курсын 1 жылда бітіріп шықтым.
#МарғұланСейсембайдың NurTileu (НұрТілеу) бағдарламасына берген сұқбаттан үзінді.