Әке жолы | Путь Отца (реж. Асылжан Сәбитұлы, 2020)

  Рет қаралды 312,660

ALEF Production

ALEF Production

3 жыл бұрын

Режиссёр:
Асылжан Абдумуталиев
Гости:
Әмірхан Маратұлы
Аружан Еркінқызы
Анель Болатбекқызы
Сәбит Әбдімүтәліұлы
Айгүл Серікқұлқызы
Асанәлі Әшімұлы
Мейрамбек Әбіләшімұлы
Сұлтан Оңғарұлы
Бақыт Беделхан
Шәді Ата
Роза Әже
Әбдімүтәлі Ата
Оператор-постановщик:
Айбек Сатылған
Ассистент режиссера: Адлет Ыбырай
Редактор: Назима Нурмухан
Композитор:
Ғазизхан Шекербеков
========================
© ALEF Production

Пікірлер: 1 300
@user-nc5zw3nq7f
@user-nc5zw3nq7f 2 жыл бұрын
Баланың жақсы болуы нағашыдан, деген бар.Айгүлдің отбасы тәрбиелеген бала, жақсы болып өскен.
@user-ex7wf3zp6f
@user-ex7wf3zp6f 3 жыл бұрын
Әкеснің соңынан көп сөз еріп, абыройы шытынай бастаған еді, ұл - айбарлы қылышы. Қолынан келгенше мәртебесін көтеріп жатыр. Жарайсың АЗАМАТ!!!
@KitKat-hc2qj
@KitKat-hc2qj 2 жыл бұрын
Қарындастарың түрлері ұқсаиды неге қатын алғыш əкесі
@ilrm7046
@ilrm7046 2 жыл бұрын
Сәбит нашар адам ғой, қасиетсіз, мақтауға еш келмейді
@user-xb2gp7vk9m
@user-xb2gp7vk9m 3 жыл бұрын
Әкеден оза туған болып тұрсың ғой Асылжан. Аман бол.Балаң жақсы болса төрге сүйрейді деген осы.Бәрі нағашы әжеңнің арқасы ғой.Балалар жыламасыншы.
@user-gx6lh3xu6n
@user-gx6lh3xu6n 3 жыл бұрын
Айгулге рахмет осындай баланы тәрбиелеп,қазақи тәрбие,баласы үшін тұрмыста құрмай,бар махаббатын ұлына арнаған.
@user-sg9jt4cw9l
@user-sg9jt4cw9l 3 жыл бұрын
Асылжанға жақсы тәрбие берген апасына,анасына мың алғыс.
@user-uh5ih8rb8n
@user-uh5ih8rb8n 3 жыл бұрын
Балалар барынша толыкканды отбасында омир сурсе екен😔
@user-ll5ou4tc1i
@user-ll5ou4tc1i 3 жыл бұрын
Осының бари Айгулдин мыктылыгы, молодец! Баласын кандай тарбиелеген. Бай куалап журмей. Сабиттин артинан бир соз ергизбей.
@user-ue7zf9fk9g
@user-ue7zf9fk9g 3 жыл бұрын
Айгүлді қалай десеңдер де, осындай ұл тәрбиелегенінің өзі-ақ оның өте ақылды, көргенді, текті екенін көрсетіп тұр ғой
@user-xw1zv2jk7u
@user-xw1zv2jk7u 3 жыл бұрын
Керемет!!! Аттен, ажырасу деген азайса екен... Бунда Ен киыны балалар киналады екен ау😭😭😭
@user-pm5cl5cl8s
@user-pm5cl5cl8s 3 жыл бұрын
АЙГУЛЬ❗️МЫН АЛГЫС..,АСЫЛЖАНДАЙ АЗАМАТТЫ ОСИРГЕНИН УШИН❗️🙏🌹🌹🌹 БАКЫТТЫ БОЛ.❗️
@user-zq3jx5uy9u
@user-zq3jx5uy9u 3 жыл бұрын
Асылжан мына жобаң Қазақстандағы бомба жоба болды, миллиондаған көрерменнің көзіне жас келді деп ойлаймын. Сол бір 90 жылдан бері қарай замандастарымыздың көбісінің әкесі жоқ деп айтсамда болады. Біреу кімнің баласысың десе, мектепте ата анаң қайда жасайды деп мұғалімдер сұрағанда шешемізді айтып әкемізге келгенде кібіртектеп қалатынбыз көзжанарымыз төменқарап айта алмай іштей өксік келіп, тағы бірдеңе десе жылап жіберетіндей болып.... Мына жобаңды қолдаймын бұйырса келешекте Оскар сыйлығын алуыңа тілеутеспін ең үздік режиссер деген номинацияда.... 👍👍👍👍👍👍👍
@nurazen952
@nurazen952 3 жыл бұрын
Әкесіз өспесекте , жылап отырк... Әкелерімізді бағалайық. Керемет туынды , шығармашылығына Сәттілік тілеймін🙏
@xxlpit
@xxlpit 3 жыл бұрын
Айгүлге рахмет Асылжанды əкесімен табыстырған. Асылжан, алар асуларың биік болсын, аман бол қалқам.
@user-lo5gs6bu8z
@user-lo5gs6bu8z 3 жыл бұрын
Айғулге рахмет,баласын әкесине жакын кылган ,бәрі әйелге байланысты әке мен баланың жакын болуы баланы тәрбиелейтін ана ғой...
@user-my3wm6vs5d
@user-my3wm6vs5d 3 жыл бұрын
Біріншіден,тамырынан айырмаған,әкесін айыптамай,баласымен қатынасын үздірмеген Айгүлге және Айгүлдің анасына мың да бір РАХМЕТ АЙТАМЫН!!!Әкенің орны бір бөлек ,қандай болса да,балаға әке,тума-туыс,ата-жұрты керек!!! Баланың ықыласына қалмай,қолын қақпай,осындай дүние түсіруіне келіскен әкесі Сәбитке де мың Рахмет!!! Кино өте тартымды,тұшымды,тұжырымды шыққан.Асылжан -өзінің есіміне лайық Асыл Жан болып,тәрбиелі,заманауй,білімді екенін дәлелдеді.Ең бастысы,Әке туралы жақсы ойын әкесінің бар ,тірі кезінде осылай түсіргені өте керемет!!!Қазақта мақал бар ғой:"Тіріде сыйласпасаң,өлгенде жыласпай-ақ қой!"-деген. Айналайын,ұмытшақ әкелерге де,өзімшіл аналарға да,өкпешіл балаларға да ой салдың!!!Алла тағала денсаулық беріп,ата-анаңа қуаныш сыйлап,еліңе қызмет етіп жүре бер,айналайын!!!
@user-pl8lu2ft8h
@user-pl8lu2ft8h 3 жыл бұрын
Аигул ханым сізге мың алғыс,🙏🏼.Асылжан керемет туынды👍.Талабыңа нур жаусын.🤲
@user-vh9jx3zy5h
@user-vh9jx3zy5h 3 жыл бұрын
Бұл сан жылдар бойғы Айгүлдің еңбегінің жемісі, Асылжан өмірде де, өнерде де бағың жансын.
@user-xj5sm5em3w
@user-xj5sm5em3w 3 жыл бұрын
Асылжан өсе бер жаным ❤. Биіктен көрейік әлі. Мықты режиссер бол
@user-ko7th6sm2f
@user-ko7th6sm2f 3 жыл бұрын
Осындай киноларды неге телевидениеден корсетпейды екен ? Нагыз казыргы заменга сай, философия жагынан оте магыналы , катты ойландырды ...Жарайсын ! 👍👍👍Сен сиакты жастардан умытым бар ! Жалпы осып келе жаткан балапандар оте жаксы ! ♥️♥️♥️Тусыре бершы ! Жулдызын биыктен корынсын ! Значит , не все потеряно , когда растет такая молодежь ! 👍👍👍
@aigerimaldiyarova353
@aigerimaldiyarova353 3 жыл бұрын
Жаным Асылжан, не деген ақылды баласың. Әкеңе кінә тақпай, тануға жол тауып бару үлкен батылдық. Жақсы әке болуға Жаратқан нәсіп етсін, бақытты бол.
@anelyakaripova5005
@anelyakaripova5005 3 жыл бұрын
Жарайсың! Ажырасудың бар ауыртпалығы ортадағы балаға түсетінін көрсеткің келгенін түсіндік. Енді осыны ажырасу ойларындп жүргендер түсінсе екен.
@user-gf8il1yx4b
@user-gf8il1yx4b 3 жыл бұрын
Нағашы әжесіне тәрбиелегені үшін Аллаһ разы болғай. Айгүл ханымның ақылдылығының арқасында. Сәбиттің де естілігін қосып қоюға болады
@zhanylsyntanatarova
@zhanylsyntanatarova 3 жыл бұрын
Барлық пікірді оқыдым, толыққанды отбасыдан шыққандардың ойы бөлек, әкесіз өскендердің ойы бөлек...Көбісі әйел адамдар жазыпты, ер азамат жауапкершілікті сезінсе қателіктер болмас еді,АЛЛА баршаңызға бақ берсін!Өте әсерлі ата-анасының мейіріміне шомылып өскен жандар бастарыңыздағы алтын тәжді бағалаңыздар!Ал әкенің мейірімін көрмеген жандар ата аналарыңыздың қателігіне сіздер кінәлі емессіздер,ата-ана не айтсада,не жасада ПЕРІШТЕ! БАРША ЖАНҒА ОТБАСЫ БАҚЫТЫН ТІЛЕЙМІН!Бұл менің өз ойым!
@user-kb4go1zo5f
@user-kb4go1zo5f 3 жыл бұрын
сізбен келісемін
@user-jc4qm4ov8v
@user-jc4qm4ov8v 3 жыл бұрын
Асылжан өте мейірімді ақылды жігіт.Айгүл анасы да ,әжесі де тамаша адамдар,осындай ұлды тәрбиелеген.Қарындастарына қамқорлық жасап құшағына алып бауырмалдығын көрсетіп,Алла тіл көзден сақтасын!Меніңде көңілім босап кетті.Балалардың кінәсі жоқ,олар бақытты болулары тиіс
@zhuldyzadilkhan904
@zhuldyzadilkhan904 3 жыл бұрын
Әке қандай болмасын, оның қаны сенің бойыңда. Ол сенің тамырың. Ешқандай ағаш тамырсыз өсіп жетілмейді. Улкен бәйтерек болмайды. Анель Болатбекқызы, если ты читаешь, запомни кто бы что не говорил, хоть это родная мать имеешь право любить его. Представь и запомни отца таким как ты хочешь. Прими его таким как хочешь, уважай, и желай ему добра, молись за него. Не может быть что он был плохим человеком, потому что ТЫ прекрасна. Ты безумно красивая, нежная, умная девочка, раз твоё сердце плачет, от одного слово Папа. Значит тебе не всё равно. Береги его в своём сердце хорошим человеком, у тебя будет яркое будущее. И молись за маму, чтоб и она это поняла. Фильм отличный. Асылжан, ты очень мудро поступил. Желаю процветания!
@user-bs5lx3bb9h
@user-bs5lx3bb9h 3 жыл бұрын
Дұрыс айтасыз. 👍🏻👍🏻
@sarkytbayakhmetova973
@sarkytbayakhmetova973 3 жыл бұрын
Осындай жастар барда Казак ели ешкашан жойылмайды.Кремет туынды!!
@KarlygashAbdal
@KarlygashAbdal 3 жыл бұрын
Алланың нұры жаусын Асылжанға. Бұл фильмнен кейін әрбір адамға терең ой келеді деп ойлаймын. Әрине фильмнің философиясы өте жоғары деңгейде. Мейрам Бесбаевтык берген акылы өте орынды. 🤝🤝🤝👍👍
@user-dm9py3yx5k
@user-dm9py3yx5k 3 жыл бұрын
Керемет туынды. Автор өз басындағы мәселені басқа кейіркерлер арқылы айшықты жеткізе білген. Негізі біз ата ананы таңдамаймыз. Әр бала алланың бізге берген аманаты . Сондықтан бұл фильм өз мақсатына жетті. Әке мен бала табысты.Балаға өз әкесіне апарар жолын тапты. Осы орайда осындай кең жүректі,таза ниетті ұл тәрбиелеген анасына мың алғыс
@user-zl8uc2ol9w
@user-zl8uc2ol9w 3 жыл бұрын
Керемет дүние. Ата-ананың ҚАТЕЛІГІ үшін БАЛА жауап бермеуі керек. Жүректі елжіретіп, көзге еріксіз жас алдырды. Жарайсың, Асылжан. Сенен бұдан әрі керемет дүниелерді күтетін боламыз
@user-js3lk4md9n
@user-js3lk4md9n 3 жыл бұрын
Дүниеге әкелткен Сабитке әкелген Айгүлге түн ұйқысын төрт бөліп бағып қаққан Айгүлдің анасына мың РАХМЕТ.
@appleapple2240
@appleapple2240 3 жыл бұрын
Айгуль сына правильно воспитала, что сделала все возможное для общения с отцом.....Какая песня душевная, хорошо спела Айгуль, аж слезы наворачиваются....
@user-ft2ns4zb5i
@user-ft2ns4zb5i 3 жыл бұрын
Өте керемет, ой саларлық туынды .Әке-асқар тау деп бекер айтылмаған.Фильмді басынан аяғына дейін көз жасым токтамай көріп шықтым.Керісінше туғанымыздан бастап әкеміздің мейірімі мен қамқорлығында өскенімізге Аллаға сансыз шүкір айтамын.Екі жыл бұрын дүниеден өтсе де, сағынышым басылар емес.
@user-rf9bs8tp2g
@user-rf9bs8tp2g 3 жыл бұрын
Кандай асерли фильм.Жылап алдым ,озимнин бакытты ,бай адам екенимди сезиндим себеби акем де анамда,бауырларым,куйеуим жане тап татти улым жанымда.Лайым ардайым солай болсын.Аллам осы бакытымнан айыра кормесе екен
@user-bi9nj6nl8u
@user-bi9nj6nl8u 3 жыл бұрын
Айгул ханым мықты айел ұзақ өмір жасаныз ,Асылжан жақсы жігіт болып өсіпсін Апана ,Анана рахмет😘
@armanamina9864
@armanamina9864 3 жыл бұрын
Əкесіз өскен балаларға жүрегім әрдайым ауырады.Оның қаншалықты ауыр соғатынын түсінсе екен аналар.
@user-ru1jo7ci3v
@user-ru1jo7ci3v 3 жыл бұрын
Жарайсын керемет тусирилген. Анан Айгул Иманбаева оте керемет адам. Жаксы тарбие берген саган.
@user-ox9nr8qe8u
@user-ox9nr8qe8u 3 жыл бұрын
Керемет туынды! Асылжан әрқашанда жолың ашық болсын! Айгүл ханым ақылына көркі сай қазақтың ерке қызы, Асылжанға дұрыс бағыт беріп отырсыз! Өте әсерлі шығыпты.
@user-jt7sc9qs3q
@user-jt7sc9qs3q 3 жыл бұрын
Мен ушин ауыр такырып, ойткени жан жолдасымнын баласы бар екенин 25 жылдан кейин бир билдим.Улы бар екен. Оз отбасымызда еки кызымыз бар.Ол бала дуниеге келгенде улкен кызым 5- те екен.Казир жолдасым алимент толеп турады. Бирак ажыраспадым,отбасымды сактап калдым. Акеси кыздарын,кыздары акелерин жаксы кореди. Бирак ол баланы мен уайымдап журем, акесинен аумайды. Ишимнен жаксы коремин, неге екенин билмеймин мумкин жолдасымды жаксы коргеннен болар) Бир биримизге подписанамыз,фотоларын карап отырамын. Акеси мен анасынын исине бала жауапты емес.Соны ойлап кыздарыма руксат бердим кездесуге. Ишимнен еки турли куйдемин. Бир жагынан мен ушин саткындык, бир жагынан кимастык! Бала анасынын фамилиясында. Сол маган батады. Акесинин тегин беру керек деп айтып журмин. Теги бузылмау керек.Жолдасым баласы туралы айтпайды, биздин алдымызда киналы санайды ау озин,бирак ол кезде жас болатын.Ойланып журген маган мына видео жаксы асер етти! Рахмет!🙏❤️
@Tru_tru_1
@Tru_tru_1 3 жыл бұрын
Сізге Алла разы болсын🤲🤲🤲
@anaralibek2200
@anaralibek2200 3 жыл бұрын
Өте дұрыс шешім. Әкесінің атын алуы керек. Бауырлар бір-бірімен араласып тұрғаны қандай жақсы болар еді. Ата-ананың арасында болатын дүниелерге балалардың ешқандай кінәсі жоқ қой. Сізде ақылды жан болып тұрсыз. Сізді танымасамда мына жазбаңызды оқып риза болып отырмын. Алла разы болсын!
@user-ty7fc3lj6t
@user-ty7fc3lj6t 3 жыл бұрын
Какая вы умная
@user-hx3tn7rm7p
@user-hx3tn7rm7p 3 жыл бұрын
Әкесін баламен кездестірсеңіз, үлкен сауапқа кенелер едіңіз. Талайдан бергі тоңды жібітіп, қыздарыңызға аға тауып беріп, жолдасыңызға ұл тауып беріп, қандай тамаша болар еді!!!
@user-wx1li6wd9x
@user-wx1li6wd9x 3 жыл бұрын
Сізбен общаться еткім келеді
@user-bl8eg9ot6h
@user-bl8eg9ot6h 3 жыл бұрын
Айгуль ханым нииизкий поклон Вашей маме, Вам за Вашего сына.Только у таких мудрых женщин может вырасти такой классный сын.Очень воспитанный,умный не по годам,скромный,.Асылжана бабушка поистине может гордиться своим внуком.ПУСТЬ БУДЕТ МНОГО РАДОСТИ В ВАШЕЙ СЕМЬЕ.Ажесинин мактанышы,халкынын сыйлы улы болып оссын.Сабитке уксамасын.)))
@user-df8ks6yc7k
@user-df8ks6yc7k 3 жыл бұрын
Жастарға ой салатын туынды екен.Қазақстанда ажырасу заңы жойылса екен.Балалар жыламасын.Жолың ашық болсын айналайын.
@user-mw5eb3xt1p
@user-mw5eb3xt1p 3 жыл бұрын
адам қашан кешірімді болса жүрегі тыныш болады. кешіре алмау, жаман ойлау тәкаппарлық! бұл Аллаға ұнамайды! себебі кезіккен қиыншылықтың барлығы Алланың берген сынағы, уақытша!!! Аллах уақытша сынақ береді, сынақтың алғашқы соққысында сабыр ете алған кешірімді бола білген адам үлкен үлкен жақсылықтарға, ең бастысы Жаратушымыздың разылығына жетеді🌷
@gulsimkuandikoda493
@gulsimkuandikoda493 3 жыл бұрын
Отте керемет Айгул әпке, Гулсим әже, отте кушти тәрбие берген Асылжанга. Бала болса осындай болсын. 😘
@user-xz2si5el7i
@user-xz2si5el7i 3 жыл бұрын
Өте ақылды саналы ұлды тәрбиелеп өсірген екен Айгүл ханым, жарайсың өте жақсы жұмыс жасапсың Асылжан. Жарайсың!Әкесін отырып алып жамандай берудің қажеті жоқ, әкенің орны бөлек, әке деген сенің ата-бабаң,әке деген сенің қаның,әке деген сенің келбетің.
@canera_dulugu1109
@canera_dulugu1109 3 жыл бұрын
Мына фильмді ұлттық арнадан көрсету керек деп ойлаймын. Ой салатын фильм!
@user-gz4pt6rg6m
@user-gz4pt6rg6m 2 жыл бұрын
Жаным сол Жылама көкем Құдайдың құдіреті есімде қызылорда зубенко картаға әйілін салып жібергені Алла өзіңе өмір берсін Сәбит адамнан емес Алладан кешірім сұра
@user-ue7zf9fk9g
@user-ue7zf9fk9g 3 жыл бұрын
Асылжан, балам, саған көп рахмет! Басынан осы жағдай өткендер қазір көп болып кетті ғой, соларға сабақ бола деп ойлаймын. Ата-ананы бала таңдамайды, құдай береді. Ал өзің келешекте мықты режиссёр болуыңа шын жүректен тілектеспін. Осы қалпыңнан тайма, балам!
@user-sl3zl4zj6m
@user-sl3zl4zj6m 3 жыл бұрын
Қазіргі таңда әкесіз өсіп келе жатқан ұл-қыздарымызға обал. Ажырасып жақтан көп жан ұя бар. Баланың тағдырын ойлау керек. Менің әкем де шешемде бар аллаға шүкір 🙏Әкем әр кез жанымда болғандықтан әкесіз өсіп жатқан балаларды түсінбейтін шығармын толық қанды. Бірақ әкенің орны бөлек. Ерекше әсер алдым.Әкеме телефон шалып мен сені жақсы көрем папа дедім. Рахмет фильм жақсы. Айгүл ханым ұлынызға жақсы тәрбие беріпсіз мың алғыс 🙏🙏🙏😘😘😘😘😘😘😘😘
@user-tz8oz4on1l
@user-tz8oz4on1l 3 жыл бұрын
Кандай акылды един Асылжан! Анана нагашы апана ракмет!
@banunur6002
@banunur6002 3 жыл бұрын
Айгуль Иманбаева оте акылды бала тарбиелепти,,, куаныштымыз,, Балдар Бакытты болсын, ешкашан жыламасын🙏🙏🙏🙏
@nona097
@nona097 3 жыл бұрын
Аллаға шүкір дейін ӘКЕ деп мактанып айтар әкем болгынына🙏🙏🙏Әрдайым жанымызда болды,казір де колдауыңызды сеземін😣Жаткан жеріңіз жайлы болсын ПАПА!Әкесіз өскендерге,осіп жаткандарга Алла куш куат берсін!Әкенің бір ауыз сөзінің өзі жанга демеу ғой
@user-hd4xj8ky4c
@user-hd4xj8ky4c 3 жыл бұрын
Керемет Асылжан анана мың алғыс сендей балаға осындай тәлім,тәрбие берген🙌🏻
@user-rq6os3cx1r
@user-rq6os3cx1r 2 жыл бұрын
Сабит сенен. Асылжан артык болып тур гой. Жарайсын. Айгул сенин тарбиен
@user-cj1ee8iv1r
@user-cj1ee8iv1r 3 жыл бұрын
Қазақша аудиторияға осындай таза формат керек, рахмет
@user-hk9pd7kk7g
@user-hk9pd7kk7g 3 жыл бұрын
Маған өте ұнады.. Әкелері жайлы айтқан кейіпкерлеріңді көріп жылап алдым.. Олардың қасында сен бақыттысың деп ойладым.. Әкеңді сөге алмаймын.. Ол тағдыр.. Бірақ сенің әкең халықпен жүмыс істеген соң, сенімен жақсы сөйлесіп, сұхбаттасты.. Барлық әке Сабит сияқты емес..Кейбір бала өздері әкесін іздеп, бірінші қадам жасайды.. Бірақ әкелер қабылдамайды. Ондайда қорқақ әкелер бар.. Асылжан сен өте ақылды бала екенсің.. Еңбегің жана берсін айналайын..
@user-xy9fw3ls9v
@user-xy9fw3ls9v 3 жыл бұрын
Асылжан жаным адамға ой салар дүниені халыққа сыйлағаныңа саған мың алғыс, Асыл тұяқтыдан шыққан арғымақсың ғой. Өмірдің бар жақсылығын тілеймін.Қанатың талмасын самғай бер.Мен сендей ұлды тәрбиелеген анаңа,әжеңе Аллатағалам ғұмыр берсін.Бақытты бол жаным!!!!!
@user-xs7ji6nt3o
@user-xs7ji6nt3o 3 жыл бұрын
Бакытты болыныздар!Акенин орны болек ,тусине білген жастарга ой саларлык дуние болды. Осы сюжеттеги жастарга жаркын болашак тиледим!
@user-kk5ih4qg3m
@user-kk5ih4qg3m 3 жыл бұрын
Маған да ұнады, мына қыз жігіттермен қосыла жыладым, неткен қиын, өте жақсы тусірілген, жарайсык
@rayazhumadillaeva527
@rayazhumadillaeva527 3 жыл бұрын
Айгул ханымнын сауаттылыгы билимине ризамын. Тил байлыгы таза казаки ангимесин тындап отыра бергин келеди. Осиниз оркендениз Айгул ханым.
@user-gr7oy2on1v
@user-gr7oy2on1v 3 жыл бұрын
Қандай шынайы сезім.Толық отбасында тәрбиеленіп ,өскеніме Құдайыма мың тәубә.Ешқашан сәбилер ата -анасыз қалмаса екен.Құдайым отбасын құрған жұптарға сабырлық,сүйіспеншілік,береке берсінші
@weter3694
@weter3694 3 жыл бұрын
Асылжан әкесінен ақылды болды. Сәбит ақымақ болды, ұлын сегіз жасына дейін көрмей, одан кейін орта жасқа келсе де төрт қызын іздемеу. Экранда жәй әдемі сөздер айтып отыр.
@ennaxixi8147
@ennaxixi8147 3 жыл бұрын
Я воспитывалась достойным отцом, спасибо ему за все))) он никогда нас не бросал и никогда не обижал мою маму и моего брата, моя мама сделала правильный выбор для своего сына и моего брата выбрав нашего любимого папу. Не многие могут принять чужого ребёнка и воспитать с любовью как к родного, тут от своих родных кровей отказываются
@user-rq4bz5xi2v
@user-rq4bz5xi2v 3 жыл бұрын
Осы передачалар осындай Асылжандай жігітті неге көрсетпейді. Басқалар үлгі алар еді. Қайдағы жоқ ішіп тышқанын айтып отыратындарды көрсеткенше
@mobilplus6756
@mobilplus6756 3 жыл бұрын
Асылжан бауырым талабыңа нұр жаусын, биіктерден көріне бер айналайын!! Қазіргі ер азаматтарымыз ұсақталып бара жатқан сияқты. Жауапкершілік, перзент алдындағы міндетін атқармайды, Аналарына мың алғыс. Мына балаларға қарап жүрегім ауырды, көкірегіінде ыза, өкпе, сағыныш, қапалық, өксік ...
@user-dk7gz5bh1v
@user-dk7gz5bh1v 3 жыл бұрын
Асылжан красавчик, жарайсын, көзіме жас келді, биіктен көріне бер әрқашан! Айгульдің Анасына және Айгульге Рахмет, осындай ақылды қылып тәрбиелеген үшін!!!
@chukenaevag5484
@chukenaevag5484 3 жыл бұрын
Қоғамдағы өзекті тақырып көтерілген жан тебірентерлік жоба екен. Көп жасқа сабақ болатын нәрсе айтылды. Сәттілік тілейміз!
@user-nb1em3se5i
@user-nb1em3se5i 3 жыл бұрын
Алғашқы туындының құтты болсын.Еңбегіңе шығармашылық табыс тілеймін.Айгульдің,апасының тәрбиесі дұрыс болып тұр деп ойлаймын.
@user-pe4kz9no9v
@user-pe4kz9no9v 3 жыл бұрын
Керемет . Асылжандай ұл тәрбиелеп отырған анаңа рахмет. Сендей ұрпағы бар әкеде арман жок. Әкеңмен араластырып сені өз жұртыңмен араларыңды алшақтатқызбаған, анаңның қадірін біл . Қазір ондай аналар жоқтың қасы
@zhaidarys8102
@zhaidarys8102 3 жыл бұрын
Балалардың еш кінәсі жоқ қой. Бірақ сол сәбидің әкеге деген құрметі тікелей анасына байланысты. Өкпе ренішпен қарсы тәрбиелеуі әбден мүмкін.. Толық жанұя болғанға не жетсін. Киноның шығуына себепкер болған азаматтарға үлкен алғыс! 🙏🙏🙏 Осы фильм бәріне сабақ болады деген ойдамын.
@user-lg7wi4cc3w
@user-lg7wi4cc3w 3 жыл бұрын
Бүгінгі қоғамға қажетті өмір қозғалысы. Өте керемет. Ризамын. Өз балам да әкесіз өсті
@alibek9891
@alibek9891 3 жыл бұрын
Асылжан бауырым, жарайсын, жастар тилиммен айтканда Красавчик! Азамматтык жасадын! Акемен араласу анага да байланысты гой, Айгуль ханымга мын алгыс. Аман бол бауырым
@anoyout6739
@anoyout6739 3 жыл бұрын
Әке деген асқар тауың баланы акеден акені баладан айырмасын алла аке деген атқа лайық акелер аман болсын балаларыңыздың арқашан қасынан кетпеңіздер бірге болыңыздар
@nurlykyzaidosova2643
@nurlykyzaidosova2643 3 жыл бұрын
Асылжан, Асылжан, Асылжан жаным Казактын Асыл АЗАМАТТАРЫНАН бол, узын гумырлы акылды, парасатты болшы!
@user-qj6xr7su9k
@user-qj6xr7su9k 3 жыл бұрын
АСЫЛЖАН ЖАРАЙСЫҢ! БАРЛЫҒЫ СЫНЫҚ ӨМІР ТАҒДЫР СОНДЫҚТАН Әкеніде Ананыда кешірдім Аллажан маған балаларыма дұрыс бақытты өмір сүру жазсын! 👍
@user-yl1hb6qn9m
@user-yl1hb6qn9m 3 жыл бұрын
Жарайсың!Әкеңді кешіргенің, оны құрмет тұтқаның нағыз мақтауға лайық. Кімде қателік болмайды дейсің, пендеміз ғой. Анаңа рахмет!Аман есен бол,Әкеңнің, анаңның үмітін ақта,сенімен мақтансын, өс, өн, ұзақ ғұмыр кеш!
@kaysarinju4401
@kaysarinju4401 3 жыл бұрын
Сәбитті қаралаудан бізге не пайды Алла солай тағдыр жазса барлығы бақытты болсын қыздары ұлдары өзі
@nursulu7530
@nursulu7530 2 жыл бұрын
Тамаша,талабына нур жаусын! Тектилиги анкып тур,ол канмен,тарбиемен,озиндеги АЛЛА берген болмысымен келген! Тил-козден сактасын баламды АЛЛА! Айгуль,бакытты анасын!Бас ием алдында
@user-vf9fr6vu1e
@user-vf9fr6vu1e 3 жыл бұрын
Өте әсерлі.Асылжан жарайсың.Айгүл әпкеміздің тәрбиесі ғой
@user-qy3xn8fp2q
@user-qy3xn8fp2q 3 жыл бұрын
Өте әсерлі туынды. Менің ойымша осы азғантай ғана 51 минуттық видеоның өзі түсінген жанға кереметтей ой салады. Ең алдымен жастар, болашақ аналар мен әкелер көріп, түйсігімен астарында жатқан мән мен мағынаны ұққан болса, болашақта біздің елде балалардың барлығы бақытты болатын еді. Тек қана дұрыс шешімдер қабылдап, алға қадам жасауымыз қажет. Бұл жалған 5 күндік өмірде аналар мен балалар жыламасыншы деп тілеймін. Сіздерге шексіз алғыс. Алға қарай дами беріңіздер. Осындай туындыларымыз көп болсын.
@user-hk8pe7uw5b
@user-hk8pe7uw5b 3 жыл бұрын
Керемет режиссёр 👍👍👍Керек емес жамандамаңыздар әркімнің өз шындығы бар.Әкесін не анасын жамандағаны ауыр тиеді балаға.
@user-jb4in7lh2u
@user-jb4in7lh2u 3 жыл бұрын
Анаңның ақылдылығы деп білемін бауырымм,менде Әкеме қатысты шешім қабылдай алмай жургенмін,Азаматсың талай адамға керемет ой салдың деп ойлаймын Аллаа разы болсынн
@user-fp5hu9ki9t
@user-fp5hu9ki9t 3 жыл бұрын
Асылжан фильм шынайы болыпты мен ырза болдым сенен мықты режисёр шығатынына сенемін. Молодец. Филімді ары қарай жалғастыруға қалай қарайсың? Бізде неше түрлі тағдырлар бар.Сенің филімің арқылы неше адамның жүрегінде сезім,сенім әке мен бала арасында махаббат ұйанады. Алдында жүріп әке боламаған әке сезімін бере алмаған әкәлер туралы, өзінің баласы болмаған өзге балаға өз әкесінен артық әке бола алған әкелер тұралы.фильм арқылы екі-үш ажырасып жүрген жанұйяны қоса алсаң жылдың ең үздік филіміне айналатынына мен сенемін. Сенің қолыңнан ол келеді....
@user-lp1vm8ss9k
@user-lp1vm8ss9k 3 жыл бұрын
Асылжанды осындай үлкен жүректі қылып тəрбиелеген əжесімен анасы Айгүлге рахмет.Бірақ Сəбит соған лайықты болса. Балалары тағдырын қайталамаса екен.
@user-dg4rs9uj1i
@user-dg4rs9uj1i 3 жыл бұрын
Жарайсың, Айналайын
@erkejansiezd6704
@erkejansiezd6704 3 жыл бұрын
Асылжан жарайсың!!! Ақылыңа сөз жоқ,осылай тəрбиелеген апаңа,анаңа мың алғыс! Апаңа басымды иемін..Əкеңе еш ренжімей жақсы қабылдауыңның өзі көргенділіктің белгісі..
@user-ri7sm4ef1x
@user-ri7sm4ef1x 3 жыл бұрын
Айгул апкемиз оте акылды,байсалды,рухани байлыгы мол оте керемет айел екенизге халыкта куа,мен айел хауымына акелерди жамандамаса екен деймин сиз сиякты, сизден улги алса екен деймин тарбиениз оте керемет соз жок
@user-qs9sp3xo2l
@user-qs9sp3xo2l 3 жыл бұрын
Қарындастарыма арналады деген кезде өз-өзімді ұстай алмадым. Егілдім. Өркеннің өссін, Асылжан!
@user-tm9nx7wc6i
@user-tm9nx7wc6i 3 жыл бұрын
"ӘКЕ" деген сөздің қадірін тағы бір ұғындырған сюжет болды! Аллам алдағы уақытта бұданда ғажап дүниелерді жасауыңа жәрдем берсін! Керемет! Жыламай көру мүмкін емес!👍
@user-tu4zs1sq3l
@user-tu4zs1sq3l 3 жыл бұрын
Эх, калай жеткизеримди билмей отырмын, Ерли зайыптылар ажырасканда , баланын журеги калай ауыратынын билсендер гой😭😭😭
@user-et7nv4jm3r
@user-et7nv4jm3r 3 жыл бұрын
Көзіме еріксіз жас келді😪, барлық балалар ата аналарының жанында болып, солардың жылулығын, қамқорлығын, махаббатын сезініп өссінші🤲
@user-cz8dh3ip1d
@user-cz8dh3ip1d 3 жыл бұрын
Аке мен бала арасы ажырамаган дұрыс, Сабит коз жасын корсеткісі келмесе де корініп тұр жанарынан. Айгул мыкты кайсар куйеуге шықпастан баласын ешкімге каратпай ер жеткізіп
@dinarabolat011
@dinarabolat011 3 жыл бұрын
Бәрекелді, Асылжан! Бір жақты көзқарастың емес, әр тараптың ойын жеткізген жоба болды. Толқытты, жылатты. Ой салды. Мүмкін көп қазаққа осы астарлы фильмді жүрекке жеткізу үшін өзіңнің тағдырың осылай басталған шығар. Анаңның даналығына тәнтімін. Жолың ашық болсын!🙏🏻
@user-fz7ty1cf6f
@user-fz7ty1cf6f 3 жыл бұрын
Жүрегіне кек емес мейрімділік ұялатып,қыздарға қызғанышпен қарамай ағалық мейріммен қарағаны қандай керемет.Үлгі аларлықтай қәсиет.
@avtobotzov2402
@avtobotzov2402 2 жыл бұрын
Хорошего сына и гражданина воспитала Айгуль Иманбаева.
@gulsanaparmanova5474
@gulsanaparmanova5474 3 жыл бұрын
Ата-анасының мақтанышы!Жарайсың Асылжан!Ерсің
@user-lw6cw7oh9k
@user-lw6cw7oh9k 3 жыл бұрын
Асылжан жарайсыз буданда улкен белестерден корине бериниз
@user-yt7rf9iq1q
@user-yt7rf9iq1q 3 жыл бұрын
керемет дуние Сәбиттей әкеден Айгулдей қыздай тегін бала шықпайды өмірің ұзақ болсын балам бауырларыңа қарайлап жур
@gulziramamadiyarova7125
@gulziramamadiyarova7125 3 жыл бұрын
Басымды иемін рақмет! Тәрбиелеп өсірген нағашы әжеңіз бен анаңыз аман болсын!
@user-zc2dc9ic2i
@user-zc2dc9ic2i 3 жыл бұрын
9
@user-ri6os9pn5r
@user-ri6os9pn5r 3 жыл бұрын
Парасатты да дана әжесі мен ақылды ананың тәрбиесінің нәтижесінде саналы ұл тәрбиеленіп әкемен табысудың жолдарын ашып көрсетті.Алла жар болсын.шығармашылығын шыңдала берсін!
@user-sw9jk1zi6p
@user-sw9jk1zi6p 3 жыл бұрын
Қандай бақытты ана сенің Анашың Асылжан өмірің ұзақ болсын🤲
@ainagulmuratvna2125
@ainagulmuratvna2125 3 жыл бұрын
Сәлем,бұл өте әсерлі ой салады екен, меніңде ата-анам ажырасқан (өкінішке орай) мен әкемді сағынамын көріп бір дастархан басында отырғым келеді, анам әкемді ешқашан жамандаған емес, Аллахқа шүкір анамның анасы (нағашы әжемнің бауырында болдым,)қатарымнан қалдырмай бағып қақты, Қазір Алланың қалауымен менде анамын жолдасым балаларымыз бар, бізде де қиын кездер болды ренжістік,бар болды жоқ болды жағдайымыз яғни,бірақ мен ажыраспауға тырысамын и Алла айырмай ажыраспаймыз, өйткені мен ата-анамның қателігін қайталағым келмейді,мейлі қандай жағдай болмасын ортадағы бала толыққанды отбасында өмір сүру керек, мейлі аш болсын тоқ болсын ең бастысы бірге,тағдыр деген сылтау сияқты, әрине бәрі Алланың құзырында........ Алладан отбасымның амандығын тілеймін, және әр бала бақытты болуға лайықты.......
@Sonic-vq8mr
@Sonic-vq8mr 2 жыл бұрын
Асылжан әжесіне яғни Айгүлдің анасына ұқсайды түрі,кім өсірсе сол адамға тартады деген рас екен
@user-gt1kg5ct7t
@user-gt1kg5ct7t 4 ай бұрын
Айгүл де Сәбит те кереемет кісілер. Отбасылық өмірлері тағдыр. Ең бастысы тәрбиелі бала өсірген.
@user-ww6he6sh5z
@user-ww6he6sh5z 3 жыл бұрын
Айгулге Алла разы болсын!осындай ул осирген тарбие талим отте жаксы.
ДҰРЫС НИЕТ ЕТІП ЖҮРСІЗ БЕ? // Балқия Балтабай
54:53
Балқия Балтабай
Рет қаралды 457 М.
ТАКОГО НЕ МОЖЕТ БЫТЬ😲😲😲
00:18
Chapitosiki
Рет қаралды 12 МЛН
مقلب الكأس الضخم للغاية 😅
00:15
One More Arabic
Рет қаралды 77 МЛН
3 НОЧИ в Замке с привидениями | GhostBuster
1:03:33
Дима Масленников
Рет қаралды 9 МЛН
YOU WILL GET 100 STARR DROPS! #100StarrDrops
01:43
Brawl Stars
Рет қаралды 21 МЛН
Новелла. Әке (14.04.2021)
40:34
Телеканал Астана / Astana TV
Рет қаралды 59 М.
Как выжимать из книг МАКСИМУМ? | LifeHacқs
21:17
МАРГУЛАН СЕЙСЕМБАЙ
Рет қаралды 1,4 МЛН
«Менің мектебім». Телехикая. 1-бөлім / ТҰСАУКЕСЕР
45:12
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 358 М.
Жазушы, аудармашы Бақытжан Момышұлының сәулелі ғұмыры (02.10.21)
49:35
Типы 1 и 11 классов в школе 😂 #shorts
0:46
Владислав Шудейко
Рет қаралды 1,6 МЛН
Tenge -  Tenge - 💃🕺#shorts
0:14
Minaz & Amayra
Рет қаралды 13 МЛН