Рет қаралды 114,888
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 миллион қазақстандықтың бір айда табатын табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне, яғни: 36 мың 18 теңгеге жетпейді деп отыр. Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысқан Президенттің айтуынша, соңғы бес жылда тек жәрдемақы мен зейнетақыға күн көріп отырған халықтың саны артқан. Соның кесірінен кедейліктің қамытын киіп, қарызға белшесінен батқан ел көп. Бүгін Мемлекет басшысы Үкіметке халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартатын бағдарлама дайындауды тапсырды. Бұдан бөлек, Үкімет пен ұлттық компания басшыларына халық игілігі үшін атқарылатын бірнеше міндетті жүктеді. Ол туралы елордалық әріптесім Айбар Төлжанұлы айтып беруге дайын. Депутаттар мен халық қана емес, кедейшілікті Президент те айтты. Миллиондаған қазақстандықтың табысын енді жауаптылар қалай арттырмақ?
Президент соңғы он жылда елімізде кедейлердің саны күрт артса да шенеуніктердің "халықтың жалақысы мен табысы артып келеді" деп, жалған есеп беріп келгенін айтты. Қазір мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықтың табысын арттыратын бағдарлама дайындалып жатыр. Президент мемлекеттік бюджеттен бөлінетін әрбір тиынның сұрауы болатынын қайта-қайта ескертті. Өйткені, табысы 36 мыңға жетпей, миллиондаған халықтың күйі нашарлап кеткеніне бюджет қаржысының оңды-солды шашылуы себеп.
Бұл жиында баяндамалар ғана оқылмай, Президент сұрақ қойып, оған шенеуніктер жауап беруімен де ерекшеленді. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерде шағын және орта бизнестің дамымай, әбден тұралап қалғанын айтты. Өйткені, бизнесті қолдаудың орнына әкімдер керісінше: жолын кесіп, тежеп тастаған. Енді, Мемлекет басшысы әрбір аудан әкіміне жыл сайын 10 мың адамға 100 жұмыс орнын ашуды міндеттеді. Бұдан былай кәсіпкерлер әкімнің соңынан жүгірмейді, керісінше, әкімдер инвестор тартуға ұмтылуы керек.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Біз енді жұмыс тәсілін өзгертеміз. Кәсіпкерлер әкімнің соңынан жүгірмеуі керек. Керісінше әкім инвестор тартуға ұмтылуы қажет. Правительству и Счетному комитету при методологической поддержке АСПиР следует наладить систему учета таких рабочих мест. Отдельно хочу остановиться на необходимости дальнейшего повышения бюджетной независимости акимов всех уровней.
Халықтың реали өмірдегі жағдайы мен әкімдердің есебі екі түрлі бола беретін Қазақстанда тек есеп беру үшін жұмыс істейтін шенеуніктер қаптаған. Президент "былтыр еліміз бойынша 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, рекордық көрсеткішке жетті" деген жауаптылардың мәліметіне сенбейді. Өйткені, әкімдер жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін ескі үйлер мен саяжайларды да есепке қосып жіберген. Сол секілді мысал көп.
Кеденге байланысты Президент қандай тапсырма берді?
Президент кедендердің жұмысы да әбден былыққа батқанын, Қытай мен Қазақстанның кеден туралы статистикасында 5,7 миллиард доллар айырмашылық бар екенін айтты. Енді жауаптылар 10 күннің ішінде кеден жұмысын ретке келтіруге міндетті. Ашық есеп пен әділдік болуы үшін кеден және логистика жұмысына ірі халықаралық компанияларды тартуға кеңес беріп отыр. Мемлекет басшысы Алматы қаласы мен Алматы облысының халқы үшін тоқтаусыз жұмыс істеген ірі базар ¤WA10 3976
Алтын Орданы да ретке келтіруді тапсырды. Жауаптыларға екі ай ішінде базардың жұмысын ретке келтіріңдер, оған қажеттілік болса құзырлы органдарды да тартыңдар деді. Сондай-ақ, шенеуніктер қажетсіз дүниелерге қыруар қаражат бөлуді де доғаруы керек.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Қаржыны аса қажет емес шаруаларға жұмсауды доғару керек! Каждый потраченный тенге должен давать социально-экономическую отдачу как на уровне отрасли, так и в масштабах страны. Для этого должна быть четкая система оценки, однако Правительство уже более двух лет не может нормально организовать эту работу. До сих пор не сформирована соответствующая методология.
Айта кетейік, жауаптыларға бірнеше нақты тапсырма берген Президент келесі айдың ортасында Халыққа үндеу жасамақ.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informb...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#күнкөріс #реформа #Тоқаев #ЖаңаҚазақстан