Рет қаралды 416,041
Бәріңізге Ассалаумағалейкум!
Әлқисса, европадағы бірінші алып ел, әлемнің 4-ші ірі экономикасы - Германияны 18 жыл билеген, саяси әнші - биші емес, білімді де, білікті маман - періште кемпір Ангела Меркель, журналисттерге сұхбат беріпті. Сұхбатты тыңдағын адам жылайды. Баспасөз мәслихатында, бір журналист Ангела Меркельден: Сіздің киіп жүрген киімдеріңіз қайталанады, сонда сізде басқа киім жоқ па»?
- «Мен модель емес, мемлекеттік қызметкермін» деп, жауап беріпті. Сұхбатты жалғасты тыңдайық? Өте керемет!
- «Үй тазалайтын, тамақ пісіретін қызметші қыздарыңыз бар ма»?
- «Менде жұмысшылар жоқ және олар, маған қажет емес. Бұл жұмысты күйеуім екеуміз, күнде үйде өзіміз жасаймыз».
- «Киімді кім жуады, сіз бе, әлде күйеуіңіз бе»?
- «Мен киім-кешек жинаймын. Ал менің күйеуім, кір жуғыш машинаны басқарады, бұл жұмыс түнде болады, өйткені электр қуаты әлсіремейді. Ең бастысы көршілерді қолайсыздықтардан қорғау. Бізді, көршілерден бөліп тұратын қарапайым қабырға» депті.
Біздегі басшылардан мұндай қарапайымдылықты көрмегісін, «осындайда қарапайым басшы болады екен-ау» деп, таңырқап қалады екенсің! Германияда ешбір сарайларды, яхталарды және ұшақтарды, билігін пайдаланып тартып немесе меншіктеп алмады. Мамандығы физик-химик болсада, сарабдал саясат жүргізді.
Елдің есінде осылай қалу керек қой, басшы деген. 80 миллион немісті адалдықпен, шеберлікпен және шын жүректен басқара білді.
Осы 18 жыл басшылық еткен уақытта, немістерде ешқандай жемқорлық болған жоқ. Ол, алдымен халықты ойлап, өзінің туыстарын ойламады. Ол «Ұлт Көшбасшысы» боламын деп, тырмысқан жоқ. Ол мұны қаламады да, жасамады. Ол тапсырыстар алған жоқ және мемлекеттің миллиондарын алған жоқ. Қарсыластарын түрмеге тығып, көзін жойған жоқ. Ол, «екі сиыр» туралы ақымақ сөздер айтқан жоқ. Оның туыстары ақшаларын, оффшорға жасырмады. Ол 18 жыл ішінде, әйгілі маркадағы қымбат киімдер кимек түгілі, киімін ауыстырған да жоқ.
Меркель ханым көптеген немістер сияқты, қарапайым пәтерде тұрады. Ол, Германияда премьер-министр болып сайланғанға дейін, осы пәтерде тұрды. Оның виллалары, қызметшілері, бассейндері болған жоқ.
Меркельді «Әлем ханымы» деп атап, оны «джентльменнің баламасы» ретінде сипаттады.
Қой Германияға тамсанып қайтеміз. Кезінде, немістің бәрін жау санап, «жер бетінің жауыздары» деп, айқайладық қой. Өзіміздің ұйқышылдар, анау сайланған депутаттарымыз не бітіріп жатыр, соған біраз тоқтала кетейік? Журналистің қойған сұрағына, «мен жаңадан сайланған депутатпын. Ештеңеден хабарым жоқ. Ештеңе білмеймін» деп, жауап берген депутаттардың ішінде, «ұлтты ойлайтын, тілі үшін күресуге дайын», азаматтар бар екен. Кеше ғана, ӘЖ біткен, ойбай анау, Қазыбек Иса деген иманды депутат болама десек, жұмысының бірінші күнін арақпен бастады. Әй осы «адам болмайды» деп жүрсек, нағыз патриот - осы кісі екен. Үкіметке, жиналыс мемлекеттік тілде өткізу туралы нақты ұсыныс тастады. Оның ойынша: «мемлекеттік тілдің мәртебесін, жеке дара анықтайтын уақыт жетті. Ал “суға түспей жүзуді үйрену - қандай мүмкін болмаса, мемлекеттік тілді міндеттемей, оны үйрену де - сондай мүмкін емес. Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, мемлекеттік тіл мәртебесін анықтауды, барлық мемлекеттік қызметші үшін, қазақ тілін білу міндетін енгізуді талап етемін” деді.
Мемлекеттік тіл демекші, Украинада, Ұлттық Қауіпсіздік және Қорғаныс Кеңесінің шешімімен, ресейшіл негізгі телеканалдарға санкция салынды. Ол Зеленскийдің жарлығымен қуатталды. Жарлық бойынша: «түнгі сағат 12-00-ден бастап, барлық ресейшіл кабельді каналдар, өз трансяцияларын тоқтатты. Өйткені жарлық жарияланған сәттен бастап күшіне енеді» делінген.
Бұған АҚШ-тың реакциясы көп күттірмеді. Олар Украиндердің бұл қадамын, барынша қолдайтындарын жеткізді. Егер Қазақстанда да, халқымызды әбден улап біткен, орыстың каналдары жабылса, ең алдымен АҚШ қос қолдап, қолдайтыны көрініп тұр. Алайда, ол Тоқаевтың қолынан келе қоймас, ал анау біреулерге керегі де сол. Оларға керегі елдің іріп-шірігені.
Қалай болғанда да бұл жерде, Зеленский дұрыс жасады, ештен кеш жақсы деген, «баяғыда-ақ жауып тастауы керек еді» негізі. Украинада да мақтабастар жеткілікті. Кезінде Порошенко, «сөз бостандығына қысым жасап жатыр деп» айта ма деп, босқа қорықты. Соның салдарынан президенттіктен айырылып қалды. Әрі қарай не болады - оны көрерміз. Бірақ қазіргі таңда, Ресей ештеңе де жасай алмайды, өз басында мәселесі жеткілікті.
Сонымен қатар, АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Байден мырза, департемент алдында сөз сөйледі: "Ресеймен арамызда бұзылмай қалған жалғыз ғана Келісім бар. Ол, ядролық қаруларды шектеу. Біз оны әрі қарай созуға мүдделіміз, басқа жағдайдың бәрінде де, өзінің қастандық әрекеттері үшін, Ресей тиісті эффектілі жазасын алатын болады. Қытайда адам құқы өрескел бұзылуда, оны көріп отырмыз. Сондай-ақ, Қытай экономикалық қитұрқылықтарға барғысы келеді. Оның бәріне тиісті жауаптар беріледі» - деді Байден мырза.
Әзірге қош, дей тұрайық. Толығырақ Видеода...