Керемет айтылған екен. Заман ешбір өзгермес, бар кемшілік адамда!

  Рет қаралды 8,489

Айгуль Кизатова

Айгуль Кизатова

10 ай бұрын

Ашуланып арамға,
жас үйірме жанарға.
Түсінбесін, түсінсін,
ақылыңды айт наданға.
Қайтарымын ойламай,
жақсылық қыл жаманға.
Қайтпайды деп қайғырма,
Жомарттық қыл сараңға.
Ілесем деп тұлпарға,
қамшы салма шабанға.
Жоққа жүйрік жетпейді,
барыңменен амалда.
Өзгерді деп орынсыз,
тіл тигізбе заманға.
Заман ешбір өзгермес,
бар кемшілік адамда.
Кім келіп, кім кетпеген,
он сегіз мың ғаламға.
Ерте, кеш пе келеді,
Ажал маған, саған да.
Мұрның барда бір сіңгір,
деген ойды-ау тәмамда.
Өмір екі келмес деп,
қалыптасқан санаңда.
Ғұмырың бар өлшеулі,
сауап жинап қаларға.
Мейірімді пәк АЛЛА,
екі өмір берген адамға!

Пікірлер: 17
@user-jb3oo9di8i
@user-jb3oo9di8i 9 ай бұрын
Әдемі терең мағыналы ән екен. Жарайсыңдар
@ibaevkanat
@ibaevkanat 9 ай бұрын
Ербол Бәтенов казакка насихат
@zhaskoopop3606
@zhaskoopop3606 10 ай бұрын
😌👍🏻👍🏻
@user-bx7or9or5g
@user-bx7or9or5g 3 ай бұрын
Майлы Қожаның толғауы ма бұл?
@user-ip9cm9je7z
@user-ip9cm9je7z 17 күн бұрын
Кашаннан бери жаксы Адам болдын жаксы Адам баласын жетим айелин жесир кылмайды катыннан катыннын айырмашылы жок
@Aigul1.3.74
@Aigul1.3.74 16 күн бұрын
@user-ip9cm9je7z Бұл Ербол Батеновтың орындауында жалпыға насихат ретінде орындалған терме, маған немесе сізге тікелей айтылып тұрған жоқ, түсінбедім сізді
@user-bf6hv1ds9p
@user-bf6hv1ds9p 10 ай бұрын
Терменің аты қалай
@user-oo6nw6xn8c
@user-oo6nw6xn8c 10 ай бұрын
Атын тапсаныз аитынызшы
@Aigul1.3.74
@Aigul1.3.74 10 ай бұрын
Кешіресіз, таба алмай қойдым, сөздері қатты ұнады мағанда, осы терменің атауын кім бірінші тапса, осында қалдыратын болайық
@nurcultandjumma193
@nurcultandjumma193 10 ай бұрын
Ербол Бәтенов деген жігіт айтады бұл термені. Сөз. Оразбек Қиынбаев жазған.
@nurcultandjumma193
@nurcultandjumma193 10 ай бұрын
Қариялар кешегі Шежірешіл деседі. Бүгінгілер жас қызды Әңгімелеп бөседі. Қызың шықты қылықсыз Тоздыратын көшені, Ұлың шықты сұрықсыз Сыйламайтын шешені, Адамдар-ай жаманнан Қайтпайтұғын меселі, Аңдығаны әйелдің Ауыл-елдің өсегі, Аңдығаны еркектің Арулардың төсегі, Адалдардың жолдарын Арамзалар кеседі. Тұлпарлары сүрініп, Бәйге алады есегі, Бір өмірдің тағдырын Бір оқпенен шешеді. Шіритіндер түрмеде Шалқып өмір кешеді. Бүйте берсек бір күні, Бастан бақыт көшеді. Болам деген бала да, Жанбай жатып өшеді. Ақылыңнан адассаң Жетер жерің осы елім. Көп адамның жыл сайын Жасы ғана өседі. Ашуланып арамға Жас үйірме жанарға, Түсінбесін түсін сен Ақылыңды айт наданға, Қайтарымын ойламай Жақсылық қыл жаманға, Қайтпайды деп қайғырмай Жомарттық қыл сараңға, Ілесем деп тұлпарға Шамшы салма шабанға, Жоққа жүйрік жетпейді, Барыңменен амалда, Өзгерді деп орынсыз Тіл тигізбе заманға, Заман ешбір өзгермес, Бар кемшілік адамда, Кім келіп,кім кетпеген Он сегіз мың ғаламға, Ерте кеш пе келеді, Ажал маған саған да, Мұрның барда бір сіңбір Деген ойды тәмамда, Өмір екі келмес деп, Қалыптасқан санаңда, Ғұмырың бар өлшеулі Сауап жинап қаларға, Мейірімді пәк Алла Екі өмір берген адамға! Ұмытылса тіл,дінің Тоз-тоз болар тірлігің Бодан болдық өзгеге, Біз бірнеше жыл бұрын Тоқсан бірде түргенбіз, Тәуелсіздік түндігін Жаратқанға мың да бір Шүкір етер күн бе екен Таусылғанда сабар-ау Жазғырмайды кімді-кім, Ел қолдауы болмаса, Шаба алмайды ділдігің Өз бағыңда ешқашан Сайрамайды бұлбұлың Ойланып ап жан-жақты, Әр адамның біл құнын Екі түрлі көрсетер, Екі басы дүрбінің Өтірік бар әркімнің Жасыратын шындығын Ақиқат бар жалғанның Бетке басар сұмдығын Жеткізбейді пендеге Дүние деген құрғырың Ауыз бірлік бар жерде Төне қоймас мұңды күн Қазақ болмас бір адам Көп болғанмен тұрғының Оралмайды өткен күн Жоғалмаса бірлігің!
@Aigul1.3.74
@Aigul1.3.74 10 ай бұрын
көп рақмет! Видеоның төменгі түсіндірмесіне жазып қоямын👍🏼
Терме - Наркенже
21:13
Nursultan Myrzakulov
Рет қаралды 1,2 МЛН
OMG 😨 Era o tênis dela 🤬
00:19
Polar em português
Рет қаралды 7 МЛН
Разбудила маму🙀@KOTVITSKY TG:👉🏼great_hustle
00:11
МишАня
Рет қаралды 3,9 МЛН
Follow @karina-kola please 🙏🥺
00:21
Andrey Grechka
Рет қаралды 24 МЛН
Терме - БІРЕУГЕ КҮНІҢ ТҮСКЕН ЖАМАН
3:22
Nursultan Myrzakulov
Рет қаралды 105 М.
💌Откениме айтарым бар..
1:31
Хабарлар!🔥
Рет қаралды 7 М.
Ким келип , ким кетпеген 18мын ғаламға.
1:26
Карлыгаш Сарсенова
Рет қаралды 3,3 М.
Ата-ана батасы әрқашан қабыл болады  🤲
3:05
Ой салар ӘҢГІМЕЛЕР
Рет қаралды 226 М.
18 МЫҢ ҒАЛАМҒА ДАҢҚЫ ШЫҚҚАН МҰХАММЕД
2:15
Діндар Жырау
Рет қаралды 9 М.
Терме өсиет керемет екен👏👏👏👏
5:22
Мақсат Андешбаев
Рет қаралды 635 М.