Керемет уағыз. Жүрегім таза дейтіндерге... Ризабек батталұлы ᴴᴰ

  Рет қаралды 3,592

iman nur_kz

iman nur_kz

5 ай бұрын

Алла ризалығы үшін жасалған әрбір іс пен берілген затқа - садақа дейміз. Берілетін садақаның үлкен-кішісі болмайды. Не берілседе ықыласпен Алла разылығы үшін берілуі қажет. «Оң қолың бергенді сол қолың көрмесін» хадисіне сәйкес берілген садақа мен жасалған жақсылықты жасырын жасау ең абзал амалдың бірі.
Құран Кәрімде 200 жерде Алла жолында садақа беру, мал сарп ету жайында баяндалады. Яғни Алла берген нығметті Алла жолында жұмсау сауапты амал екені айтылады. Шексіз нығмет Иесі болған Алла мақлұқаттың табиғатында өзгеге жәрдем ету, барын бөліп беру сезімін жаратқан.
Жасалатын жақсылық істің садақа болуы үшін діни тұрғыдан үш ерекшелікке ие болуы керек:
- Мұқтаж жанға беру;
- Алла разылығы үшін берілуі;
- Берілген садақа өз мүлкінен, адал табысынан болуы тиіс.
Ислам өзгеге жәрдем беруді бұйыратын дін. Адамзат тарихына үңілгенімізде, Исламға дейін бірде-бір елде жарлы мен байдың, әлсіз бен күштінің, әйел мен ердің арасындағы құқық пен теңдік болмаған. Ал ислам діні адамдар арасындағы теңдікті орнатып, бай мен жарлыны жақындатып, бір-біріне көмек қолын созуды, қарайласуды мұсылманға міндет әрі сауапты амал екенін сүйіншіледі.
Әлемдегі барлық жаратылыс адамзаттың игілігіне берілгенімен, бүкіл жаратылыстың шын мәніндегі иесі Алла. Алла қалаған құлына дәулет беріп, қаламағанына бермейтінін мына аятта баян етеді:
قُلِ اللَّهُمَّ مَالِكَ الْمُلْكِ تُؤْتِي الْمُلْكَ مَن تَشَاء وَتَنزِعُ الْمُلْكَ مِمَّن تَشَاء وَتُعِزُّ مَن تَشَاء وَتُذِلُّ مَن تَشَاء بِيَدِكَ الْخَيْرُ إِنَّكَ عَلَىَ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
«Сен айт: «Патшалықтың иесі болған ей, Алла! Қалаған адамыңа патшалық бересің, қаласаң одан тартып аласың, ықыласың түскенге үйіп-төгіп байлық бересің де қырыңа алғаныңды қор етіп қоясың. Игіліктің бәрі өз қолыңда. Сенің құдіретің бәріне толық жетеді», (3.Али Имран-26).
Алла біздерге мал-мүлік берсе, Алланың берген нығметіне шүкіршілік етіп, орнымен жұмсап, шүкіршілігі ретінде Алла разылығы үшін белгілі бір мөлшерін мұқтаждарға беру керектігін ескертеді. Бұл туралы Құранда былай дейді:
وَفِي أَمْوَالِهِمْ حَقٌّ لِّلسَّائِلِ وَالْمَحْرُومِ
«Олардың малдарында қайыршының және (сұрауға намысы жібермеген) жарлының да ақысы бар» (51.Зарият-19).
Алла берген дәулетті қайда, қалай жұмсайтынымыз жайында мына аят баян етеді:
«Сенен адамдар мал-мүліктерін қалай жұмсауы керектігі жөнінде сұрайды. Сен айт: «Оны қалай жұмсасаңдар да еріктерің. Ата-аналарыңа ма, туысқандарыңа ма, жетімдерге ме, пақырларға ма, әлде мүсәпір жолаушыға ма, бәрібір әйтеуір жасаған қайырларыңды бір Алла білмей қоймайды», (2.Бақара-215).
Алла пендесін мал-мүлікпен де сынайды. Ал шайтан болса, бізге сараң болуды үгіттеп, садақа беруден тосатын болады.
«Алла берген несібені (игілікке) жұмсамай, сараңдық жасағандар қараулығы өздеріне пайда жеткізеді деп ойламай-ақ қойсын. Ол - өздеріне зиян. Сараңдық еткен нәрселері қиямет күнінде мойындарына шынжыр болып оралады. Жер-көктегі игіліктің иесі Алла. Кімнің не істегенін бір Алла түгел көріп тұрады» (3.Али Имран-180).
Бірде Пайғамбарымыз (с.а.у.) бен сахабаларының арасында мынандай әңгіме болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.):Әрбір мұсылман садақа беруі тиіс, - деді. Сахабалардан бірі:
- Ей, Алланың Елшісі (с.а.у.), таппаған адам не істейді? Пайғамбарымыз (с.а.у.):
- Жұмыс істеп, табыс тауып садақа берер, - деді. Сахабалар:
- Істейтін жұмыс таппаса не болады? - деді. Пайғамбарымыз (с.а.у.):
- Мұқтаж болған жанға қандайда бір көмегін береді, - деді. Сахабалар:
- Жәрдем ететін адам да таппаса ше? - деп тағы сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.у.):
- Қандай да бір іс жасаса (біреуге жол көрсету, жолдағы зиян тигізетін затты алып тастау, ілім алу, үйрету т.б.), ол үшін бір садақа, - деді. (Бухари, Муслим риуаяты)
Пенде мұқтажға садақа берумен сауапқа кенеледі әрі мүлкінен ештеңе кемімейді. Керісінше Алла оның мүлкіне береке беретін болады. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Садақа мал-дүниені ешқашан кемітпейді. Пенде қолын садақа беру үшін созғанда ол садақа сұраушының қолына жетпестен бұрын Аллаға берілгендей болады» (Табарани. Кәбир. ІХ, 109 б.)
Бір хадисте: «Әр күні таңертең екі періште түседі. Бірі: «Ей, Раббым! Садақа бергенге садақасына қайтарым ретінде жаңасын нәсіп ет», - десе, екіншісі: «Ей, Раббым! Сараңдық еткенге мал-дүниесін опат ет», - деп дұға етеді», - дейді. (Бухари, Зәкат 27; Муслим, Зәкат 57).
«Адамның өмірінде берген бір дирхам садақасы, өлім сәтінде берген жүз динар садақасынан артық» (Әбу Дәуіт) хадисіне сай «Садақаны саулығыңда бер» деген бабалырымыз бес күндік тіршілікте ажал келместен, басқа бәле келместен алдын садақа беруді үрдіске айналдырған.

Пікірлер: 14
@musulmandar
@musulmandar 5 ай бұрын
Ұстаздарымыз аман болсын. Әмин 🤲🤲🤲
@Akan801
@Akan801 5 ай бұрын
Жүрегім таза ғой намаз окып қайтем дегендер де бар ғой, Алла сақтасын!
@user-tm9se9ic6q
@user-tm9se9ic6q 5 ай бұрын
Алла разы болсын
@user-vp7mw4ef3l
@user-vp7mw4ef3l 5 ай бұрын
Әлһәмдулилләһ.
@user-wo3vz4yk2y
@user-wo3vz4yk2y 5 ай бұрын
Аллаһу Акбар!!!
@zzz-han01000
@zzz-han01000 5 ай бұрын
АсСаламуалейкум! Ма ша Алла керемет айттыңыз ұстаз! Ғибратты пайдаға асырушылардан болайық 🤲✊🏽✊🏽✊🏽 Ілімді таратып жатқан каналдар дами беріңіздер,сауап өзі табады💪🏾🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@user-nt5ub6ym2m
@user-nt5ub6ym2m 5 ай бұрын
❤❤❤
@user-os7wy3bg2k
@user-os7wy3bg2k 5 ай бұрын
Алла разы болсын Устазга👍👍👍👍
@user-eq3yj2cw6i
@user-eq3yj2cw6i 5 ай бұрын
Аллаһ разы болғай.Керемет айттыңыз
@user-ze7wz6nt2v
@user-ze7wz6nt2v 5 ай бұрын
Алла разы болсын,Ризабек ұстаз!Керемет уағыз болды!Алла тағала екі дүниенің бақытын берсін,екі дүниеде де абырой берсін!
@user-gf2nf4ew1e
@user-gf2nf4ew1e 5 ай бұрын
Алла менім жүрегіме тақуалық бере көр! Әмин
@proandhero2754
@proandhero2754 5 ай бұрын
✊🕌✊☝️🤝
@user-jj2ti4dr6u
@user-jj2ti4dr6u 5 ай бұрын
Керемет уағыз!Аллаһу Акбар!!!
@user-xt3tu8lu2g
@user-xt3tu8lu2g 5 ай бұрын
Біз Қазақ ата бабамыздың жақсы ійгілікті батырлық намысты болғанын мақтан тұтуымыз керек. О дүние сұрақтың ол мақтанға тіпті қатысы жоқ.
ЖАҢА УАҒЫЗ. Ұстаз Нұралы Бақытұлы.
1:07:18
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 7 СЕРИЯ ФИНАЛ
21:37
Inter Production
Рет қаралды 530 М.
He sees meat everywhere 😄🥩
00:11
AngLova
Рет қаралды 11 МЛН
Did you believe it was real? #tiktok
00:25
Анастасия Тарасова
Рет қаралды 52 МЛН
Дарын Мубаров Аллахтың мейірімі
10:30
БІЛІМГЕ ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫҚ | ҒАЗИЗ АХМЕТ
59:02
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 7 СЕРИЯ ФИНАЛ
21:37
Inter Production
Рет қаралды 530 М.