ШҚО-ның Күршім ауданындағы Ақсуат ауылын су шайып кету қаупі төніп тұр

  Рет қаралды 19,550

Khabar NEWS

Khabar NEWS

Күн бұрын

Соңғы 3-4 жылда Зайсан көлі күрт көтеріліп, ауылдың бір шеті түгел суға кеткен.
Қазір кейбір үйлердің іргетасын дүлей толқын соғып жатыр. 2015 жылы аудан әкімдігі қауіп төнгенде, 4 отбасыға ауыл шетінен жаңа баспана салып берген.
Бірақ жағадағы басқа үйлерді көшіруге қаржы жетпей қалған. Сондықтан Күршім ауданының әкімдігі бұл мәселе облыстық деңгейде шешілуі тиіс екенін айтады.
Ақсуат ауылында тұрғанына 30 жыл болған Гүлнар Қанағатованың үйі бұрын ауылдың дәл ортасында болған. Соңғы жылдарда көлдің жағасы іргесіне жеткен. Былтыр көктемде қорасы мен қоймасын шайып кеткен. Енді үйіне қауіп төніп тұр.
Гүлнар Қанағатова, Ақсуат ауылының тұрғыны:
- Үш төрт жыл болды. Судың тасқынынан қаншама адам зардап шегіп отыр. 5-6 үй суға кетіп қалды. Өскеменнен де, әкім тарапынан да келіп, барлығын жазды. Құжатын жинап алды. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ.
Атқарушы билік комиссияның нәтижесін күтіп жүргенде, ауыл тұрғындары толқынның күшін қайтару үшін жағаға ескі көліктердің қаңқасы мен темір үйіп, бөгет жасап жүр.
Советхан Егізбаев, Ақсуат ауылының тұрғыны:
- Толқын қатты соққанда, осындай темірлермен қоршаймыз. Түнде тасқынның дауысы үйге естіледі.
Бүгінге дейін қанша үйді су шайып кеткені туралы нақты дерек жоқ. Ақсуаттың байырғы тұрғындарының айтуынша, ауыл жағадан бірнеше рет көшірілген.
1950 жылдары ең алғаш ауыл құрылғанда, жаға шамамен 3 шақырымдай алыста болған. Орталық көшеде электр сымдары орнатылған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, соңғы 15-20 жылда жиырмаға жуық үй суға кеткен. Қазір кейбір үйлер жағаға 2 метрдей жақындықта қалған.
2014 жылы Күршім ауданы әкімдігі жағадағы қауіп төнген 6 үйді көшіріп, баспана салу туралы шешім қабылдайды. Дегенмен қаржы 4 отбасыға ғана жетеді.
Айман Қайыржанова, Ақсуат ауылының тұрғыны:
- Осы үйді берді. Қораны ескі үйді бұзып, өзіміз салып алдық. Қалған отбасыларға да үй салып берсе, жақсы болушы еді.
Бастапқыда 6 үй салынуы тиіс болған. Бірақ 2 үйге қаржы жетпей, құрылысы аяқсыз қалды. Ал бүгінде жардың жағасында тағы 6 отбасы отыр. Облыстан құрылған комиссия бірнеше рет келгенімен, әзірше нақты шешім қыбалдамаған.
Сейсенғазы Шоқаев, Күршім ауданының әкімі:
- Бүгінгі уақытта тек Ақсуат ауылының өзіне 22 үй салу қажет. Егер 22 үйді қалпына келтірсе, онда мектеп те жабылмайды. Облыстық төтенше жағдай да мұны біледі. Облыс әкімінің орынбасарлары да бұл жағдайдан хабардар. Өз тарапынан тиісті шара қолданар деген ойдамын.
Тиісті шара қолдану үшін Күршім ауданының әкімі облыстағы барлық құзырлы органдарға хат жазған. Екі жыл бұрын 22 үйді салуға 51 миллион теңге қаржат қажет екенін есептеп, жобасын дайындаған. Алайда аудан қазынасының қалтасы бұл қаржыны көтермейтіндіктен, бүгінге дейін тек қағаз жүзінде қалып отыр.
Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Пікірлер: 3
@user-bf1rm6ff5j
@user-bf1rm6ff5j Жыл бұрын
Алла жар болсын!
@user-di7cf8oj2q
@user-di7cf8oj2q 5 жыл бұрын
Акымдер айтып жаткан сыздер уайымдаманыздар олар көл суымен сойлесып енды шаймасын деп айтыпты
@ainuradaulbekova5764
@ainuradaulbekova5764 3 жыл бұрын
Йя КАЛЫКТЫ КОШРЫП АЛУ ЖЕНЫЛГОЙ . ШЕГНЕ БЕРСЕК ЖЕРЫМЗДЫ СУ БАСЫП КЕТЕДГОЙ. КЫТАЙ СУ БЕРМЕЙ КОЙГАН ЕРТЫШКЕ ЕНДЫ СУ АСТЫНДА ГАЛЫП МОЛ СУ БЫЗГЕ ЖБЕРП ЖАТЫР. МЕН СОЛАЙ ОЙЛАЙБЫН. МУНКЫМ КАТЕЛЕСЕМБА.
Көлге жұтылған ауыл
13:55
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 752 М.
«АУЫЛДАСТАР». ШҚО, Күршім ауылы
26:47
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 76 М.
Magic or …? 😱 reveal video on profile 🫢
00:14
Andrey Grechka
Рет қаралды 61 МЛН
Running With Bigger And Bigger Feastables
00:17
MrBeast
Рет қаралды 205 МЛН
English or Spanish 🤣
00:16
GL Show
Рет қаралды 16 МЛН
Аксуат. Уходящее под воду село
13:43
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 21 М.
В Это Невозможно Поверить, но в Этих Домах Живут Люди
30:04
Мастерская Настроения
Рет қаралды 6 МЛН
Айдаркен. Ртутная шахта | АЗИЯ 360°
24:31
Настоящее Время. Док
Рет қаралды 3,9 МЛН
«АУЫЛДАСТАР». Шығыс Қазақстан облысы, Сарыөлең ауылы
27:45
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 23 М.
Алматы облысында 15 жасар бала қасқырды итке айналдырмақ (31.03.17)
2:53
Magic or …? 😱 reveal video on profile 🫢
00:14
Andrey Grechka
Рет қаралды 61 МЛН