Жылқының мінсіз қара төбеліндей, Аузың бар шыны аяқтың кемеріндей. Шашыңды он екіден талдап өрген, Базардың кезі алпыс сом жібегіндей. Ақ бетің жарқырайды жұмыртқадай, Тұлымың сылбырайды шыбыртқыдай. Боз үйден сен шығасың керіліп-ау, Аяқты бір басуға ерініп-ай. Аққудай көлден ұшқан көтеріліп, Жігінен қанатының сөгіліп-ай... Саламат, сау жүрмісің, асыл данам, Сен үшін ән салуға домбыра алам. Құрбы едің бағаң қымбат ғаламдағы Аз күнгі қасіретіңе болдым алаң. Білер деп сөз қадірін сізге айтамын, Білмейді сөз қадірін кейбір надан. Жолдасым пұлың қымбат ғаламдағы, Құрбыңа көзіңді сал панаңдағы. Сөйлеймін еркін күнде еске келген, Сөзімді айтпай қалман қиялдағы. Сипатың сәулеленген туған айдай, Жаһанда қолға түспес сен бір дағы Ұлағат бар ата-анаңның салған жолы. Әркімге өзіне ыстық сүйген жары, Қосылса, екі жақсы адаспайды, Біріксе, жас жүректің ынтымағы.
@lailimsarsenova9572 Жыл бұрын
Беу де, бұдан артық артық орындау болмас,керемет, қолтығыңның астына қанат бітіреді👏👏👏👏👍😍
@КожахметРахимов9 ай бұрын
Аигүл нағыз күміс көмеи,жезтаңдаи әнші!!!
@Бейбит-р7в Жыл бұрын
Керемет ән
@КурбанбайЖарылкапов-ч3й2 жыл бұрын
Рахмет айналайын. Керемет тамаша өте жақсы орындау. Көп жаса бақытты болыңыз.
@Ғибрат-д8п3 жыл бұрын
Керемет браво
@МадинаМолдагалиевах7ш705 жыл бұрын
Керемет!!!!!
@UserUser-fq1op4 жыл бұрын
Казактын мыкты кызи
@ОрыншаИманкулова-й3щ2 жыл бұрын
Күшті
@НуркожаКалмухан4 жыл бұрын
Керемет Жарайсың
@АзаматТанирбергенов-п9ф4 жыл бұрын
Керемет
@БиртаеваГулмира9 ай бұрын
❤❤❤❤❤
@ВалиханТуймебеков2 жыл бұрын
Баларымыздың бәрі домбыра тартып білуі тиіс.
@nurbeqtlektessov5 жыл бұрын
👍👍👍
@АйгерімКүзембаева4 жыл бұрын
😍👍
@НурхатМендигали4 ай бұрын
К
@assylabilzhanova76425 жыл бұрын
😍👍🏻
@janasulsultanbek16435 жыл бұрын
Сөзін жібересіздер ме
@ramirami-m3g Жыл бұрын
Динара Султан анимен кушти , домбырада чуть-чуть не интересно