«Тасөткел» телехикаясы: Мұрат Бидосов және Бақыттас Санитас сұxбаты

  Рет қаралды 8,587

Khabar TV

Khabar TV

6 жыл бұрын

«Хабар» арнасында жаңа телехикаяның тұсауы кесілмек. Көрермендерге жол тартатын «Тасөткел» телехикаясының қоюшы режиссері - Мұрат Бидосов. Отандың телеөнім өмірде болған оқиғаға негізделген. Басты кейіпкер - Ауғанстанда қалып қойған қазақ баласы Хасан. Бұралаң жол басып, балалық шағы Ауғанстанға тап келген кейіпкердің басып өткен «тасөткелі» көп. Жастайынан өмір сүрудің жолын үйреніп, жеті жұрттың тілін біліп, өнер игерген қарапайым азамат ғұмырының көп бөлігін Ыстамбұлда өткізеді. Өз еңбегімен ауқаттылар қатарына қосылады. Бірақ оның бар өкініші өзінің кім екенін білмеуі еді. Ұзақ жылдардан кейін ғана қазақтың қоңыр күйін тыңдап, жадынан өшкені қайта оралып, атажұртқа табаны тиеді. «Тағдырдың жазуымен шет жайлап, қиыр қонған қазақтың бір ұрпағы өзінің тегін ұмытуға шақ қалып, құдіретті күйдің күшімен өзін танып, атажұртты аңсап, «топырағына табаным бір тисе» деген арманымен Отанына оралып көз жұмуы арқылы Отан, егемендік ұғымын көрерменге әсерлі түрде ұғындыру», - дейді шығармашылық топ мүшелері. Жалпы «Тасөткел» телехикаясы 12 бөлімнен тұрады. Жоспарға сәйкес ол көрермен назарына қаңтар айының 16-сы күні ұсынылмақ.

Пікірлер: 38
@adairuslan
@adairuslan 5 жыл бұрын
Өте керемет жұмыс, өткен тарихымыз көз алдымызға келді, шығармашылық ұжымға рахмет. Кәзіргі жастарға керек шығармашылық жұмыс. Алғысым шексіз.
@user-mp5zv9yu5l
@user-mp5zv9yu5l 5 жыл бұрын
Жарайсңдар жігіттер..Осындай филмдерді көбірек түсірсеңдер екен..
@user-qy3zy7vv4d
@user-qy3zy7vv4d 4 жыл бұрын
Алла разы болсын тамаша тусырген асерлы шынаиы жане шын тариық қазақ халқының қасыретты зулмат жылдарын тамаша көрсеткен
@bekabeknur2161
@bekabeknur2161 5 жыл бұрын
Алла разы болсын сиздерге,оте жаксы тусирилим,осындай туындыларыныз коп болсын!
@user-sf1wy6yb3q
@user-sf1wy6yb3q 3 жыл бұрын
Алла тағалла разы болсын, осы мықты ағалармызға.Сіздерге творчествалық шығармашылықтарыңызға сәтілік тілеймін.Қазақ еліне үлкен жұмыс жасадыңыздар.Қуанышты күндеріңіз көп болсын дегім келеді.
@zheniskalbanov7072
@zheniskalbanov7072 5 жыл бұрын
Ассаламаликум осындай кинолар коп болса тарихи
@user-ym1ru4hg9u
@user-ym1ru4hg9u Жыл бұрын
Сиздерге коп рахмет, тарихи кино шығарған ушін
@user-qc3hh5cv4m
@user-qc3hh5cv4m 4 жыл бұрын
Өте керемет тұсірілім.Шынайы бейнеленген.Актёрлар керемет шынайы сезіммен сомдаған.Əсіресе қасымның бес жасар одан 12-13-жастағ кезеңдерін ең жоғарғы дəрежеде ойнап ішкі сезімін көрерменге жетеізе білді.Осы туындыны жасауға жарыққ шығуына атсалысқан барлықтарыңыза үлкен жеміс,отбастарыңызға отбасылық бақыт тілеймін.
@user-ym1ru4hg9u
@user-ym1ru4hg9u Жыл бұрын
Рахмет сиздерге шығарған киноларынызга. Тарих туралы жаным жаксы кореди билуге
@dackedftl6891
@dackedftl6891 6 жыл бұрын
қасымның рольіндегы бала мықты екен! Қандай талантты бала, көзінде оты бар нағыз көшпендіның баласының ролін сомдады, 7 жасар Кемелханды айтамын!
@user-ks7bv7yg3c
@user-ks7bv7yg3c 6 жыл бұрын
Aibyn Saken ойыыцуйццур Ттььбджххдллллщллллдщщщщщдллакавсвыуьолвацыыыыыыывввввввкквкееаыуй
@user-ly5cq3nd6x
@user-ly5cq3nd6x 6 жыл бұрын
жақсы шығыпты рахмет көзіме жас алып отырып соткымнен көрдім
@user-sk9kr8gw2i
@user-sk9kr8gw2i 5 жыл бұрын
өте жаксы кино
@kazakznzn8537
@kazakznzn8537 4 жыл бұрын
қытайдағы қазақтардың тағдырыда өте қиян кесті болған нағыз жазылмаған тарихды білетін адамдар жылдан жылға азаюда .керемет кино.
@user-zk2yf7pk2s
@user-zk2yf7pk2s 5 жыл бұрын
Осындай кинолар коп болса екен
@user-ef2hg4uc3i
@user-ef2hg4uc3i Жыл бұрын
🙏🙏👍
@nurtayelemes3849
@nurtayelemes3849 5 жыл бұрын
музіка ән керемет
@korkemamanbaeva6714
@korkemamanbaeva6714 6 жыл бұрын
ҮЛКЕН рахмет, сіздерге! ОСЫ СЕРИЯНЫҢ АРКАСЫНДА КОП НӘРСЕНИ БИЛДИК АЛЛА ЖАР БОЛСЫН!
@nurlanhoshamuratov4833
@nurlanhoshamuratov4833 5 жыл бұрын
Ассалауиағалейкум. Ағаларымызға үлкен алғысымды айтамын,фильм өте шынайы .Ценариы,актёрлар,кейіпкерлердің ішінде супермен жоқ түфə-түфə маған күшті ұнады.Алдағы істеріңізде сəттілік тілеймін.
@nurtayelemes3849
@nurtayelemes3849 5 жыл бұрын
керемет жақсі тусірібсіздер,,, бул кіно біткенше 20рет жіладім,, уте айанішті 😭😭😭
@a8tv350
@a8tv350 6 жыл бұрын
Керемет хикая 👍👍👍
@gulmiraanuarbekkyzy3423
@gulmiraanuarbekkyzy3423 5 жыл бұрын
Ұшқын Жамалбек туралы айтсаңыздар
@user-yl3hv8gm8u
@user-yl3hv8gm8u 6 жыл бұрын
Істеріңізге берекелі болсын! Жылап отырып көрдім....! Оралмандар - қашқындар дейтін біраз жұрттың аузы жабылатын болды деп ойлаймын!
@zhanokt5560
@zhanokt5560 6 жыл бұрын
Гүлмекен Тікебаева енді тау асып қаштығой, елін жерін тастап Ауғанстанға
@user-vc7st8ub3j
@user-vc7st8ub3j 6 жыл бұрын
Сіздерге көп рахмет біздің ата бабамыздың басынан өткен уақиғасын кино қып түсірген
@ruslanbalguhzin3537
@ruslanbalguhzin3537 6 жыл бұрын
Енді соңғы бөлімі қайда оны қайдан көреміз?
@user-xi4vc9pw4j
@user-xi4vc9pw4j 6 жыл бұрын
Коп рахмет режисерга,сценариске.Осы фильм ушин.Тамаша фильм актёры супер исполнение.
@user-em1bl9lt3b
@user-em1bl9lt3b 5 жыл бұрын
Құрыметті Мұрат Бақыттас бұл түсірілімдерің өте - өте шындыққа келіп тұр. Сонау қызыл қырғынның кезінде ұлтымызға қандай көзсіз қианаттар жасалмады. Бекерден бекер халық жауы болып қазақтың қаншама текті ұлдары жер жастанды. Шет елге бас сауғалауға барып өлгендері қаншама. Елімізде қызыл қырғын болмағанда халқымыздың саны 60 - 70 миллиондай болар еді. Қазіргі таңда хандастарымыз Қытайдың жасап жатқан қырғынын көрмес еді. Ұрпақ көбеймейінше 2 - кі қызыл империяның тепкісінен шыға алмаймыз. Осы көргенің көрген. Өсіп келе жатқан ұрпақтардың саны өте аз. Бала туғызбаудың сылтауы өте көп. Ұрпағымыз құлдықтан құтылу жолы, ол бар мүмкіншілікті пайдаланып өсімді тез арада көбейту. Абхаз елінде қолдан түсік жасаған әйелдерді қылмыстық жазаға тартады. 28 - гіз жылдан бері ұрпақ өсімі туралы тақырып қозғалған жоқ. Басқа елден көшіп келген қандастарымызға рахмет, өсімге үлкен үлес қосып жатқанына. Осы тасөткел теле хикаясыны түсіріп жарыққа шығарғандарына үлкен рахыметімді айтамын. Өмірден қянаттың салдрынан кеткен боздақтардың аруақтары бір аунап түсіп жатқан шығар. Ендігі кезде жеріміз, еліміз халқымыз аман болсын. Ғайыперен шылауымызда болып таратқан мем қолдансын.
@user-cr1ds3gg8p
@user-cr1ds3gg8p 5 жыл бұрын
Өте дұрыс қазақ түсірілген талайдың тағдыры орыстың құйтырғы тірлігіндегі үзінді əліде құтылып кеткен қазақ жоқ іске сəт жалғастыруға насіп етсін
@user-vp5bx7go1i
@user-vp5bx7go1i 6 жыл бұрын
керемет тарихи оқиғаларды, қазақ халқының сан қилы өзгенің тусинде кормеген тағдыр тартысы, омір соқпақтарын бізге қысқа болсада кино өнермен жеткізіп отыр, осындай ұлттық туындылар коп болсын, дал сол замандағы қытай тибет гималай ды асып түркия жеткен қазақ тағдырлар туралы да кіно кутемын, 87766289993.коп рақмет, оте жаксы, маган унады
@user-zs3jg6xf5p
@user-zs3jg6xf5p 6 жыл бұрын
Луиза Жумаханова озиме унадыосы кино жаксы тусирилген ракмет сиздерге
@x6496
@x6496 6 жыл бұрын
Ағалар істееріңізге сəттілік!!! Мынау тарихты сомдаған көріністеріңіз өтірік,Барсакелмес сіз ойлағандай ел іргесінде тұрған жер емес , лайықты етіп түсіріңіздерші , Барсакелмеске анадай жаман қайықпен жетпейсіз біліңіз , теңізде бар болғаны 5-6 км жүре аласыз болды Мен Барсакелмеске 100 км жерде тұрам əкем теңіздің жағасында туып өскен мынау киноларыңыз үшін мына көріністі көріп өскен халық ренжиді ғой
@user-ly5cq3nd6x
@user-ly5cq3nd6x 6 жыл бұрын
Менің ата бабамның тəжікстанға дейін барып өткені амударя өзенінен өтіп ауғанстаға кеткен өтеалмағаны кері елге қарай тынышталған соң қайтыпты ауған жеріне өтіп кеткендерден осы уаққа дейін хабар жоқ екен
@user-th9wj7jo9b
@user-th9wj7jo9b 6 жыл бұрын
Енди кайта оралган кандастарымыз жайлы олардын турмыс тиршилиги жайлы халыктын арасына синуи жергиликти халыктын кандастарымызга деген коз каркасы жайлы тусирсениздер деймин
@kanatkerimbayev305
@kanatkerimbayev305 6 жыл бұрын
Бақыттас Синотас-ұлты латыш па,қалай?
@kanatkerimbayev305
@kanatkerimbayev305 6 жыл бұрын
Санитос
@amanguladilbek9049
@amanguladilbek9049 5 жыл бұрын
Өте жақсы телехикая, баска елдің сериалдарын көргенше осындай мағыналы туындыларды көру маңызды. Тусірілім тобына мың алғыс, еңбектеріңіз жансын. Халқымыздың көрмегені жоқ, қиындықты жеңе білген шыдамды, қайсар халқымыз аман болса екен! Осындай керемет дуниелерді ұрпак бойына сіңірейік, қандай елдің ұрпагы екенін білсін жастарымыз.
@user-tx5zf3oh6u
@user-tx5zf3oh6u 5 жыл бұрын
Керемет туынды агалар, енбектериниз жансын
«Тасөткел» 2-бөлім
44:09
Khabar TV
Рет қаралды 74 М.
WHY DOES SHE HAVE A REWARD? #youtubecreatorawards
00:41
Levsob
Рет қаралды 36 МЛН
How many pencils can hold me up?
00:40
A4
Рет қаралды 18 МЛН
«Тасөткел» 9-бөлім
43:11
Khabar TV
Рет қаралды 61 М.
Айтқабылова Диляра Шәмші Қалдаяқовтың өмірбаяны.
2:48
Встречаем Наурыз! 14 марта - Көрісу күні - День приветствия!
1:38
РУССКИЙ ДРАМАТИЧЕСКИЙ ТЕАТР г. Шымкент
Рет қаралды 2,7 М.
小女孩偷水只是为了给自己生病的妈妈#海贼王  #路飞
0:57
路飞与唐舞桐
Рет қаралды 28 МЛН