Ерекше күтімнің арқасында шала туылған сәбилердің 75 пайызы аман қалады

  Рет қаралды 28,435

Khabar TANYM

Khabar TANYM

7 жыл бұрын

Мерзімінен бұрын дүниеге келген шақалақты қалай күтіп, баптайды? Салмағы 500 грамм баланы адам қылу мүмкін бе?
Жадыра Төлепованың тұңғышы салмағы 700 граммға жетер-жетпес, яғни шала туылған. Уақытынан 3 ай ерте туған сәбидің қазір денсаулығы оңалып келеді.
Жадыра Төлепова, ата-ана
-Біз келгенде сезеді. Сөйлеген сайын баламыз жыбырлап, қол-аяғын қимылдатады. Туылғанда 32 сантиметр болды. Қазір кішкене өсті. 500 грамм салмақ қосты.
Елімізде 2008 жылға дейін 1 келіге жетпей туған мұндай нәрестелерді түсік деп есептеп, мүлде күтіп, баптамаған. Бүгінде заманауи медициналық құрал-жабдықтар мен ерекше күтімнің көмегімен ондай сәбилердің 75 пайызы аман қалады.
Тамара Чувакова, медицина ғылымдарының докторы
-Қазір 22 аптада туған, салмағы небәрі 500 грамм болатын сәбилердің өмірлерін сақтап қалуға мүмкіндік бар. Шалабайларға бірінші жылы күтім ерекше қажет. Әсіресе ата-аналар көп көңіл бөлуі керек.
Дәрігерлер денсаулығында кінәраты бар аналарға бала көтеруге тыйым салғанымен, оған құлақ асатындар сирек. Шақалақтардың жетілмей жатып, дүние есігін ашуының басты себебі осы.
Бибігүл Шәріпова, дәрігер-неонотолог
-Өмір сүруге дағдыланбаған, шала туылғандарға кез келген фактор қауіпті. Сондықтан еміп, дене жылуын дұрыс сақтауды үйреніп, салмағы 2 келіге жеткеннен кейін, шамамен 3 айдан соң, үйге шығарамыз.
Алақанға сыйып кететін шақалақтарды күтіп, баптап, адам қылатын абзал жандар - дәрігер-неонотологтар. Күн-түн демей еңбек ететін олардың жұмысы зергерлік іспен тең десек, қателеспеспіз.
Жадыра Жәдігерова, нәрестелер реанимациясы және қарқынды терапия бөлімінің медбикесі
-Өз баламызға қалай қарасақ, бұларды солай қабылдаймыз. Жұмыс жасап жатқан кезде: «Балақай, тезірек емделіп шықшы. Сенің отбасың күтіп жатыр», - деп сөйлесеміз.
Түсірілім кезінде жүннен тоқылған шұлық киген сәбилерге көзіміз түсті. Табиғи бұйымның қайдан келгенін сұрасақ, жылы киімдерді 4 жыл бұрын ашылған клуб мүшелері тоқып береді екен.
Қарлығаш Нұржанова, клубтың негізін қалаушы
-Дәрігерлер жүннен тоқуды сұрайды. Себебі сәбилер ұйқылы-ояу жатады. Ал тоқыма киім теріге тиіп, қышытып, бала қимылдай бастайды. Неғұрлым көп қозғалса, соғұрлым тез өседі.
Зайнұр Байжігіт, тілші
-Клубқа қолы бос кез келген адам келе алады. Сауапты іс жасау үшін шебер болу да міндетті емес. Клуб мүшелері тоқуды өздері үйретеді. Мысалы, мынадай бармақтай шұлықты 28 қатар іліп, тоқиды. Клубтың атауы да осыдан шыққан екен.
Осы күнге дейін клуб мүшелері перзентханаларға 14 мыңнан аса тоқыма киім сыйлап үлгерген. Бұл - 14 мың сәбидің өмір сүруіне септігін тигізді деген сөз.
Авторлары: Зайнұр Байжігіт, Ернар Сайлаубаев

Пікірлер: 31
@kumisaiduisenova9388
@kumisaiduisenova9388 5 жыл бұрын
Жандары аман болсын.балдарымыз.
@user-fo2yo2dq5y
@user-fo2yo2dq5y Жыл бұрын
Оте жаксы
@user-uk3ov3fr8g
@user-uk3ov3fr8g 8 ай бұрын
Ақтауда ана мен бала орталығы босандым 25.аптада ешқандай ақша берген жоқпын жақсы қарады бөпеңди 3айдан кейін алланың қалауымен қолыма құшақтап шығу бұйырыпты әуелі алла сосын ләригерлер алғысым шексіз
@user-fl1mf8rq3p
@user-fl1mf8rq3p 4 жыл бұрын
Ия дурыс Актау каласында бурынгы 1 мкр роддом казирги 26 мкр роддомдагы медиктерге алгысым шексиз,ауыр босандым бир емес 2 баламды кушти карап берди сонгы кызымды аман сактап калды аппаратка косып. Кушти карайды врачтарынан бастап,медбикелери даже санитаркилериде адамгершиликтери мол! Табыс тілеймін! Бакыт тилеймин!
@user-kl4ze9zi3f
@user-kl4ze9zi3f 6 жыл бұрын
Дәрігерлер аман болсын осында жумыс атқарып журген...баска жердің дәрігерлері болса балага булай карауы аяктандыруы екіталай еді
@abilayasqarov8547
@abilayasqarov8547 3 жыл бұрын
Менде шала тугам Аллага шукир казир 3 жастан астык! Даригерлерге мын алгыс!!!
@user-gq3jg3tw8v
@user-gq3jg3tw8v 5 жыл бұрын
Әрине болады адамғылуға бірақ өте қиын мен өзім шала тудым бірінші күні тіпті қиын
@user-ox6uw6xb4i
@user-ox6uw6xb4i 4 жыл бұрын
Улкени 7 айында босандым
@user-vn4eo9vp3r
@user-vn4eo9vp3r 4 жыл бұрын
Қызылорда облысындағы Ана мен бала қарамайды өте нашар дәрігерлер жұмыс жасамайды осындай киім берет дейді бірақ оныда таныса берет менің ұлымды өлтіріп берді алла жазасын берсін бір аллага тапсырам
@user-ln4vq2id4h
@user-ln4vq2id4h Жыл бұрын
Салеметсизба Мен Ана мен балада жатырмын шала тугылган жаксы болады дейді егиз кызбосандым екіншісі ауырып жатыр
@user-ts1ln7wg6u
@user-ts1ln7wg6u 5 жыл бұрын
бул сабилер оте ерекше.уайымы коп.бирак кип кишкентай тап татти.озим кызымды 32аптасында босандым 1500гр мен ушин естен кетпес бакытты кундер.2аптада шыгарды бизди.Аллама шукир тауба.Токыма токитын уйымга алгысым шексиз.киимдери унады
@user-wk1on2zr7b
@user-wk1on2zr7b 2 жыл бұрын
Қалай баптадыңыз менде 30аптада қыз босандым 1500г
@ayimismaylova3323
@ayimismaylova3323 3 жыл бұрын
Менің қайын сіңлім 500гр босанды қыз бала каз шүкір 2жарымда 😊
@user-zr7ru3qi5l
@user-zr7ru3qi5l 3 жыл бұрын
Улкен улымды тоже шала туылды, шукир казир 7жаста Аллага шукир ми Бари жаксы дамыган жаксы окиды . Сол ушин Аллага шукир, Бари Бир АЛЛАМНЫН колында.
@user-fn8ti1uj7j
@user-fn8ti1uj7j 5 жыл бұрын
мен 26 апта 1040 грам болган бала тугам.окынышты
@akerkeadulbek5831
@akerkeadulbek5831 6 жыл бұрын
20 желтоқсан күні егіз босандым.Бірінші жүктілігім 24апта 2күндік қылып босанып қойдым.Салмағы 600грамм 30см. Бірақ өмірлері ұзаққа бармады.Үлкенім 22 желтоқсан күні таң ертең шетінеді.Екіншісі 23 желтоқсан кешке шетінеп кетті.
@user-dc8tj3tx2g
@user-dc8tj3tx2g 6 жыл бұрын
Akerke Adulbek 😭
@user-xk1nj5sn7v
@user-xk1nj5sn7v 6 жыл бұрын
Akerke Adulbek , Алла сабыр бергей саған.Жарығы жоқ та періштелердің.Ана дүниеге барғанда сол шетінеген сəбилерің сені жұмаққа қастарына кіргізуді сұрайды Аллахтан.Аллах əрине қабыл етеді.
@amankulamankul8412
@amankulamankul8412 Жыл бұрын
@@user-xk1nj5sn7v сабыр берсин баршаға.шала туған аналарға.мен бугун 32 апта кесрвамен босандым.иншаллах аман болсын
@user-uo7hh7ts8n
@user-uo7hh7ts8n 6 жыл бұрын
йа менде акша бермедим даригерлерге коп коп рахмет жаксы карады озимеде баламада шукир 28 аптада босандым 900 грамм болды сол даригерлердин аркасында жаксы болды 1 айдай жаттык балнитсада Аллага шукир казир 9 айга карадык тез тезден барып касына емренебердим тфай тфай Аллага шукирмиз
@user-ki2bv4kl4l
@user-ki2bv4kl4l 4 жыл бұрын
87077104343 ватсаптан жаза аласыз ба сурактарым бар еди менде 800граммен босанганмын
@user-uw6et1ng2i
@user-uw6et1ng2i 4 жыл бұрын
Салеметсизбе Сенин сурагым бар еди .ватсапен жазынызшы
@user-uw6et1ng2i
@user-uw6et1ng2i 4 жыл бұрын
Баян Урумбаева
@user-ox6uw6xb4i
@user-ox6uw6xb4i 4 жыл бұрын
7 айында адам боладыго
@user-uz9wx7td2e
@user-uz9wx7td2e 6 жыл бұрын
Алматыда жақсы перзентхана қайсы? Грэстен көңілім қалды
@user-ni3yd3yc6f
@user-ni3yd3yc6f 5 жыл бұрын
Каратпандар гресске .
@user-qn1ky7ci7p
@user-qn1ky7ci7p 4 жыл бұрын
Акыл есi кандай болады соны ойлап кординдерма?
@user-hy8po7qb7o
@user-hy8po7qb7o 6 жыл бұрын
Мумкин мен 600г болып туылгам
@user-xm5bm3fq2l
@user-xm5bm3fq2l 7 жыл бұрын
биздин атырауда олтирип тастап журе беред акша берсен гана козгалад 790 грамм кызым 2 омир сурип шетинеди тусиниксиз жагдаи болп калды
@user-ti2dr2zm3g
@user-ti2dr2zm3g 7 жыл бұрын
мен олай дей алмаймын око обл перенталдык болницанын барлык дарыгерлеры мен медбикелерыне алгыс айтамын .менде де шала .акша берген жокпын
Shipager (Шипагер) - Мерзімнен бұрын (шала) туылған балалардың жетілуі
44:11
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 3,3 М.
Joven bailarín noquea a ladrón de un golpe #nmas #shorts
00:17
where is the ball to play this?😳⚽
00:13
LOL
Рет қаралды 14 МЛН
Sigma Girl Education #sigma #viral #comedy
00:16
CRAZY GREAPA
Рет қаралды 11 МЛН
Шала туған балалар күтімі
3:07
Таңшолпан бағдарламасы
Рет қаралды 2,8 М.
Шала туылған сәбилерге қандай күтім керек?
3:08
JAMBYL TV / Жамбыл телеарнасы
Рет қаралды 349
Шала туған балаға қандай күтім жасау керек? І Таңшолпан
3:06
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 1,2 М.
«Ұлы дала жорығы». Күнделік 21.05.24
6:48
Үміткер әйелін жасырып жүр ме?😳 Бір Болайық! 22.05.24
37:21
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 82 М.
Joven bailarín noquea a ladrón de un golpe #nmas #shorts
00:17