Рет қаралды 120
Білім берудегі кинесиалогия жаттығулары арқылы жұмыс және оқу барысындағы стресс жағдайын болдырмау.
«Кинесиология» ұғымы - грек тілінен алынған,
«кинесис» - қимыл-қозғалыс деген ұғымды білдіреді.
Қимыл-қозғалысты білу, зерделеу болып табылады
Бұл бағыт - бала мен ересек адамның табиғи дене қимыл-қозғалысы арқылы дамуын көрсететін ілім.
Білім берудегі кинесиология - «интеллект-дене» арақатынасын зерттейді. Белгілі-бір жаттығулар арқылы денедегі барлық процестер теңгеріледі (баланс), оң және сол жақ ми жартышарлары қызметі өзара ортақ үйлесімділікке келіп байланыстырылады, осының негізінде дене мен интеллекттің өзара әрекеті кіріктіріледі.