КИНОМДЫ КӨРЕ АЛМАЙ КЕТТІ | ДАРИҒА БАДЫҚОВА ӨМІРДЕГІ ӨКІНІШІН АЙТТЫ

  Рет қаралды 5,175

JETPISBAI KZ

JETPISBAI KZ

Жыл бұрын

Актриса Дариға Бадықова өнерге 5 жасынан келген. Ән айтып сахнаға шыққан ол оқу орнынан дайын күйде келдім дейді. Театр әртісі бірден кино саласына кетті. Бүгінде бақытты жар, аяулы ана. Кейде өз кейіпкеріне қарама қарсы келетін тұстары бар. Түсірілім кезінде кино редакторымен санаса бермейді. Өмірдегі бір өкініші - әкесінің мезгілсіз қазасы.
Дариға Бадықова бірнеше образымен көпке танылып келе жатқан актриса. Әсіресе “Келінжан” сериалындағы Айсара рөлімен етене таныс. Барынша шынайылықты қолдайтын актриса театр әртістеріне сенбейтінін айтады. Сондықтан болар театрға жиі бас сұқпайды.
"Мен шынайылықты жақсы көремін. Ең алғаш "Ақсарай" театрында ойнадым. Театр жабылған соң бірден киноға келдім. Кинода жолым болып кеткен соң театрға бармадым. Мүмкін өзімді таба алмай, жұмыс таппай жүрсем барар ма едім. Егер мен үшін арнайы рөл болса, шақырса баруға болады. Ал өзім театр әртістеріне сенбеймін. Сендіре алмайды. Олардың ойнағаны жасанды көрінеді. Негізі оқыған актермен серіктес болған жеңіл. Ол саған жол беріп ойнайды. Себебі теорияны біледі. Жүйені біледі. Кей сырттан келген өнерге қатысы жоқ актерлермен ойнаған тіпті қиын. Саған жол бермей қояды. Өзін ғана көрсеткісі келеді. Себебі білімсіздік. Оқыған актерлердің де тым жасанды сөйлеп, әдемі сөз айтып, лирикаға кетіп қалатын кезі болады. Ал оқымаған болса да кей актер шынайы ойнайды. Ол жағын да білемін", - деді актриса.
Бадықованың айтуынша, 5 жасынан бастап сахнаға шығып, өнерге келуге талпынған. Ата-анасы қарсы болса да актриса болуды армандаған.
"Бала кезімде ән айтамын деп жүретін едім. Әке-шешем "айтпа, қой, ақша алма" деп ұрсатын. Сондай шектеулер болды. Егер балада талант болса, оны тоқтатпау керек. Керісінше, дамыту керек. Сонда саған жеңіс әкеледі. Егер дарыны жоқ болса, оны өнерге әкеліп сүйрелеудің керегі жоқ. Одан түк шықпайды. Өнер деген ауыр нәрсе. Ол бар болса, жарып шықпай қоймайды. Маған ата-анам ұрсушы еді. Бірақ мен өзім қаладым. Жүргеновке келгенде, дайын болып келдім десем болады. Шыңдалған шағымда келдім. Не бар, бәріне дайынмын деп келдім", - деді Бадықова.
ШОУ БИЗНЕС ҚАЗАҚСТАН, ҚАЗАҚ ШОУ БИЗНЕСІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ, ШОУ БИЗНЕС СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР, ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ ШОУ БИЗНЕС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ, ӨНЕРДЕГІ СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР, ӘНШІЛЕРДІҢ ӨМІРІ, ҚЫЗЫҚТЫ СӘТТЕР, ӘНШІЛЕР ЖАЙЫНДА ТОЛЫҚ, АКТЕРЛАРДЫҢ ӨМІРІ

Пікірлер
From Small To Giant Pop Corn #katebrush #funny #shorts
00:17
Kate Brush
Рет қаралды 67 МЛН
LIFEHACK😳 Rate our backpacks 1-10 😜🔥🎒
00:13
Diana Belitskay
Рет қаралды 3,6 МЛН
Will A Guitar Boat Hold My Weight?
00:20
MrBeast
Рет қаралды 223 МЛН
Дархан-Дариға
4:31
Махаббат әлемі
Рет қаралды 1 М.
Атақты кісінің қызы болған соң үндеген жоқпын…
2:19
Биография әнші ,актриса Жанар  Айжанова
2:34
Қазақ жұлдыздары
Рет қаралды 5 М.
Этот Завораживающий Голос Впечатляет Каждого - Стамбульская Невеста
22:48
Стамбульская невеста - İstanbullu Gelin
Рет қаралды 1,2 МЛН
"Qilpillama" / Жұбаныш Жексен, Дариға Бадықова / Екі жұлдыз. 8-бағдарлама
9:15
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 49 М.