Достар, каналымызға жазылып қойыңыздар. Осы видеоны бөлісіп жіберейік. Апта сайын сіздерді жаңа подкастпен қуантып отырамыз. www.youtube.com/@kitapal
@aizerekenekhan6450 Жыл бұрын
Ислам тағысын тағы басқа тақырыптарды да қозғаңыздаршы,қанша дегенмен білімді,көзі ашық жігіттерсіздер ғой
@Altyn_Orda_Shagatai_Ulysy Жыл бұрын
*Аллаһтың қалауымен Гитлердің Совокға соғыс ашқаны бізге жақсы болды. Өйткені осы соғыс себепті Сталин қазақты түптамырымен қыру жоспарын аяғына дейін жеткізе алмады. 1920-1930 жылдары қазаққа қарсы қолдан жасалған ашаршылықта 5млн қазақ аштан өлді* *Гитлердің жоспары түркілерді емес, славян халықтарын жою болатын‼️*
@mp31.54 Жыл бұрын
Қай кітап аға ағылшын тілінен жақын болған айта аласызба
@КайратНысанбеков-д8й Жыл бұрын
Исламнан шошудың қажеті жоқ@@aizerekenekhan6450
@ЖансейтТастемир Жыл бұрын
Алдын көп еститінмін кітап оқы деп үлкендерден. Бірақ білмеймін оқымайтынмын, оқысамда аяақтамайтынмын. Және табысты ақшасы көп таныс ағаларға қарап кітап оқымайтынын көріп менде кітапты қажет етпейтінмін. Солай жүргенде Мешітте тұрған Қ.Жолдыбайұлының "Күдікпен күрес" кітабын көріп қалдым, басында қызық еместей көрінген. Бірақ мешітте адамдардын бары соғой кішкене иманың артып сырттағыдан қарағанда😅 құр отпай кітап оқып шариғаттан бірдене үйреніп оқып біліп көрейін намаз уақытына дейін деп ашып алып оқып бастадым. Жәй ғана басын бастап сосын қызығып кіріп кеттім ол кітапка, өзіде кішкентай парағы аз кітап еді, тез бітірдім оқып. Кітапты оқып үйге әкелгенімде достарым көріп кімнен неден күдіктеніп жүрсің күдікшілсіңба не жетпей жүр т.б әзілдеп тисіп қоятын) Бірақ мен кітаптың рахатына кіріп ешкімнің сөзіне мән бермей оқый бердім. Іштегі біраааз сұрақтарға жауап беріп тастады ол кітап. Және аз ғана беттік кітап болгасын тез бітірдім ол кітаты, ол өз кезегінде тағы бір мотивация болды, тагы кітап оқуға. Себебі бір кітапті бастан аяқ оқып бітіруде өзгеше, бір біткен істей болады екен, сосын келесі кітаптарды алып оқып кеттім. Қазір кітап сатып ала беретін адамдардын қатарынан болып кеттім😅 Бастағаныма 1 жыл болды кітап оқып, өзгерістерім өзіме білінеді (барлығы жақсы жағынан) Қаржылай сауат туралы кітап оқымадым, бірақ қаржылай сауатым біраз артып қалды. Тағы бір түйгенім Инстаграм тик ток сияқты әлеуметтік желілердегі 30-40 секундтық (біз пайдалы санайтын: уағаздар, көркем сөздер, мотивациялық т.б) видеолар көре беріп тереңінен ойлау қабылетім азайып, барлық нарсені қысқа ойлайтын халге түсіп кетіппін, шыдамым жетпейді көп нарсеге 1-2 сагаттық пайдалы видео көруге шыдамым жетпейтін, 20-30 мин кітап оқый алмайтын қалге түсіп кеткен екенмін. Оның барын осылай 1 - ақ жыл кітап оқу арқылы емдеп жаздым десем болады. Қазір ойлаймын 1 жыл бойы оқыған санаулы кітаптың өзі маған осылай көмектесті, және жақсы өзгерістер әкелсе, сонда бұданда көп оқый берсем қалай болар екем деп қуанып қаламын...
@amangulautalip24519 ай бұрын
Машаллаһ 😻
@kaussarinetoww_1 Жыл бұрын
“Кітап ал подкастын шыққаннан бері көріп жатырмын.1-інші подкасттан бастап”Робинзон Крузо”кітабын оқыдым 5күнде.Өте керемет қызық.Содан соң”Ақбілек”романын оқыдым.2 күнде бітіріп тастадым.Бұл мен үшін ең керемет бастама болды.Дәл қазір “Махаббат қызық мол жылдар “кітабын оқып жатырмын. Менің бұл кітаптарды оқуыма себепкер болған “Кітап ал”подкасты болды.Рақмет сіздерге!Әр подкасттан кітап оқуға деген керемет мотивация аламын!
@DinaraMergaliyeva-f9r4 ай бұрын
Шразаддин осы подкастта өте құнды ақпараттар айтты!👍🏼 Сөзін жүргізуші бөліп жібере бергені болмаса,бәрі тамаша! Данияр мырзаның role model-і Марғулан ағамыз екені сөздерінен байқалады 😉
@rassylkhanzhamalbek392 Жыл бұрын
Мен "махаббат қызық мол жылдар" оқып алып, жақсы көретін бірақ бата алмай жүрген қызға сөз айтқам. Себебі Ербол сияқты тормозить етіп жүрсем менің Меңтайымды басқа біреу ап кетсе ше деген ой пайда болды)
@Timur_Kurmanseytov Жыл бұрын
Ассалаумағалейкум. Сіз айтқан сезім, темекі тастауыма осыдан 2016ж, желтоқсан айында, 6 жыл бұрын қызымның дүниеге келуіне дәл осылай әсер етті. Құшағыма алайын, иіскейін десем періштеге қиянат жасағандай сезім болды. Шүкір, одан кейін тартқаным жоқ.
@СманУлан Жыл бұрын
Мен осы кітап оқу арқылы инстаграм желісінінен бас тарттым, (қазір мүлдем кірмеймін) мүмкін кейбіреулеріне басқаша көрінер(таңғалатын несі бар оның дегендей) ,бірақ мендегі желіге деген тәуелділікті кітап жеңіп берді❤️ 4 айда 11 кітап оқыппын😍 қазір кез келген жағдайда басқаша көз қараспен қарайтын болыппын,барынша жақсы жағынан, осының барлығы кітаптың әсерінен деп ойлаймын…😊
@НурисламБекет-о7н10 ай бұрын
Мә Шә Аллаһ
@МираБаядилова-ч9е Жыл бұрын
Алға, жігіттер!
@mukhamedkazakh663 Жыл бұрын
Красавчик жигиттер! Токтамандар! Менин китап окып кетуиме Данияр Жигитбек себепкер болды. Китап окуды бурын бастамаганыма окинем.
@ShOn.767 Жыл бұрын
жалғастыра беріндер жігіттер, тоқтамандар✊👍
@Isoagai_ Жыл бұрын
Ешкім де, тіпті ата-анам да, мектептегі ұстаз да кітап оқуға баули алмаған, бірақ осы подкаст менің кітап оқуға деген махаббатымды толық ашты, көзім ашылғандай болды, қазір ақша түссе бірден кітап сатып аламын. Оған бір марқайып, ерекше сезімге бөленемін.Бұл киім, тамақ сатып алғандай емес, оданда керемет сезімге бөлейді! Өйткені бұл сатып алған кітапты оқып, өмір бойына азық жинайтынымды түсінемін. Оны айтқан сіздер🫵🏻. Мен мақсат қойдым: Кітап Ал дың барлық кітаптарын оқып бітіріп ақылды, ибалы, иманды қыз боламын!
@gulnarabdilda6674 Жыл бұрын
“Кітап бізге сезім жинауға көмектеседі, ал әрекет еткізетін білім емес, әрекетке итеретін сезім” Данияр Жігітбек
@zharasaidarkhan Жыл бұрын
👍
@Symbat.koishybayeva Жыл бұрын
Сіздердің подкасттарыңызды тыңдап, кітап оқуды бастадым, клуб мүшесі болдым!
@ФаризаКемешова Жыл бұрын
Мен өмірімде кітап оқығаннан кейін бор жеуді тоқтаттым.Борда адамның қанындағы қызыл түйіршікті жеп қоятын микроптар бар екенін оқығаннан кейін бор жемей кеттім.
@makeqanat7347 Жыл бұрын
Осы подкаст ютубтан алдымнан шыға сала, түгел арасыны үзбей 1,2,3,4-бөлімдеріні корып шықтым. Себебі менде осы тақырыптағы видеоларға қатты мұқтаждық болып жүрген екен. Керемет шығарылым болыпты, осыған ұқсас тақырыптарды кеңінен талқылай берсеңіздер! Алла разы болсын.
@kadirbek.sunkar Жыл бұрын
Біздің миымыз жалқау, жеңіл жолдарды іздейді, мысалы кино көру секілді, кино көру деген алыстағы аралға дүрбімен қарау секілді, тек сыртынан көресің, ал кітап оқу сол аралдың ішінде жүрген секілді.
@БекжанТоктарбай-о5ц Жыл бұрын
Мен үшін кітап оқу бойынша ең маңызды тақырып болды🔥 Көп РАХМЕТ!!! Істеріңіз алға баса берсін🤲
@РинатДалзагазыев Жыл бұрын
Алла характеріне берек берсін!
@Myrzagalii_serikbay. Жыл бұрын
🎉🎉🎉🎉
@prokitchen-bm7nz Жыл бұрын
Егер сізді біреу қамшыласа сіз - құл боласыз, ал егер өзіңізді өзіңіз қамшыласаңыз - өміріңіздің қожайыны боласыз… Рамкаға салып, қабырғаға іліп қоятын сөз екен. - Шразаддин мырза топ топ топ, падам падам падам🤠
@shrazadddin Жыл бұрын
😂
@yelzhas.yertaiuly Жыл бұрын
Бұл подкасттарыңызда бір жақты пікір басымырақ болып кеткен сияқты болып көрінді. Кітапты құнды етіп көрсету үшін басқа нәрселерді құнсыздандырудың қажеті жоқ секілді. Әр нәрсенің өз артықшылығы мен кемшілігі болатынын ескере отырып, әділ бола алған жөн деп есептейиін. Иә, курстың ішінде сапасызы болатыны секілді сапалысы да болады. Кітап та дәл солай. Керемет кітаптар болатыны секілді сапасызы да толып жатыр. Егер қоғамға пайдалы өнім шығарғымыз келсе өз көзқарасымыздың шеңберінде қамалып қалмай, кеңірек ойлай алғанымыз абзал болатын шығар. Жалпы идеяларыңыз керемет, толығымен құптаймын. Ал, бұл жазғаным сын емес, жанашырлықтан туындаған пікір.
@ЖанарДаниярова-р4р Жыл бұрын
Билимди адам мен ,билимсиз тен емес!!!! Оз омиримде 5 классная бастап китап оку аркылы 50 жасымда оте улкен жетистиктерге жеттим,биздин заманда улкен кисилер биздерге тек тамак тауып беруге гана жумыс жасайды, ол кисилерди кііналай алмаймыз ,себеби ол кисилер аштык корген адамдар, ендиги жастардың заманы тек билим аркылы гана катарынан калмайды ,билимди алам уакытын унемдейди ,уакыт адамга ен кымбат нарсе!!!
@Nurbolat.Aglanbek Жыл бұрын
Жақсы КІТАП ойыңды өзгертеді Ойың әрекетіңді өзгертеді Әрекет өміріңді өзгертеді.
@ЖансаяТурешова Жыл бұрын
Бүгін ғана Шахида Арабидың "Токсичные люди" деген кітабын бітірдім. Өзіме алған және болашақта қолданатын нәрселерім: бейсаналы түрде энергияны көп алатын, тек сенен пайда алғысы келіп тұратын адамдармен қалай бір қоғамда өзіңе зиян келтірмейтіндей өмір сүру керек деген сұрақтарға жауап алдым. Рахмет подкаст үшін🔥🫶👍
@Yerlan.q Жыл бұрын
Жасап жатақан еңбектеріңізге хайырлы амал етуімізді нәсіп етсін🤲🤲🤲
Ассаляму алейкум, бауырлар Осы жигиттердин биринши шыгарылымнан бастап карап келемин. Биринши подкасттан жаксы асер алдым, китап окуга деген кулшынысым арта тусти. Кунде кеми 30мин уакытымды болетин болдым. Китапти анда-санда окитын едим, енди кунде окып журмин. Озимде коп озгеристерди байкадым. Киьап окындар барша ага-бауырлар, апа-карындасьар. Пайдалы озгеристер оте коп. Айта берсен коп. Осы жигиттерге АЛЛА разы болсын. Максаттаоына аман жеткизсин АЛЛА
@erkenazmoldagalieva9900 Жыл бұрын
11сынып окушысымын.Шукир!китапсыз кунымды откизбеуге тырысамин. Әрқашан достарыма да түрлі китаптар усынамин
@nurtilekzholamanuly7652 Жыл бұрын
Менде мынандай кейс болған еді, Атомдық әдеттер кітабынан алған. Ол кітаптың бір бөлігінде пайдалы, бірақ, жасауға ниетіңіз болмайтын әрекетті жасап, әдетке айналдыру үшін оны тартымды, өзіңіз ұнататындай етіңіз деп айтады. Яғни, мысалы сізге спортпен айналысу қиын, тартымсыз көрінсе, оны сізге ұнайтын басқа бір әрекетпен байланыстыру. Мысалы маған 1,2 сағаттың подкасттар тыңдаған ұнайды. Және спортты тартымды, қалап тұратындай әдет ету үшін осы екі нәрені біріктірдім. Яғни мен спортпен 2 сағат көлемінде айналысатын болсам, осы сәтте қарағым келіп жүрген подкасттарды қосып қоямын. Осылайша әдет тартымды дағдыға айналды.
@saginishbekishov4275 Жыл бұрын
Көп рахмет
@rusyaibrayevs161 Жыл бұрын
Әлемдегі ең мықты, ең жан жақты, ең пайдалы, ең берекелі, жүрекке шынайы тыныштық әкелетін кітап еш күмәнсіз ол Алланың сөзі ҚАСИЕТТІ ҚҰРАН кітабы. Барлық хадистер, ғылыми кітаптар сол Қасиетті кітапты ашып, түсіндіріп, оны шарықтаумен болады. Алланың сөзімен жүрген, өмір сүрген адам ешқашан бақытсыз болмайды. Дүниеде пайдасыз білім секілді пайдасыз кітаптар өте көп. Білім пайдалы, берекелі болу үшін, құнарлы тамақ ішкендей адам тек қана пайдалы кітап оқу керек. Алла Тағала бәрімізге тек пайдалы білім берсін!
@Нурлы-ъ7ы9 ай бұрын
Көп Кітап оқудың нәтижесін осы ағаларымыздан көріп отырмын. Ой өрісі өте кең білімділігі аурасынан сөйлеген сөздерінен білінеді🫶🏻
@5five539 Жыл бұрын
Кітап артық білім ! Білім үлкен күш , үлен қару !
@syrman20 Жыл бұрын
Керемет подкаст жігіттер бәрін көріп отырмын!
@БагдатАбишев-з7й Жыл бұрын
Рахмет жігіттер! Азаматсыңдар! Бүгінгі тақырыпқа байланысты қосарым бар. Кітап оқып отырып,шабыттанғаннан орнымнан атып тұрғызған, дереу тәжірибе жүзінде қолданып көргім келген пайдалы білімдер болды. Қайта-қайта өміріме қолданып көргенде, іске аспаған соң депрессияға түсіп кеткен кездерде жоқ емес. Кейін ол білім естен шығып кетіп, кейбір кездейсоқ мәселердің шешімін табарда миға сап ете қалып, оң нәтижесін бергенін талай көрдім. Жәнеде оқығаным бірден өміріме әсер еткен кітаптарда болды. Ол көбінесе көркем әдебиеттен образ алуға байланысты болды. Өміріме маңызы бар шешімдер қабылдарда өте пайдасы тиіп жатты. Мысалы: -“Егер осы ситуацияда Бауыржан Момышұлы ата болса не істер еді? “ деген секілді. Содан ойлана келе кітапты оқи салып нәтиже бермесе де, алған білімдерді өзіме түртіп алып, өзімнің өмірлік қағидалар тізіміме қосып алатын болдым. Қазір “Менің қағидаларым” деген қойын дәптерім бар. Ол дәптерімде жүзге жуық өмірдің әр салаларында бір емес бірнеше рет қолданып нәтиже алып келе жатқан қағидаларым жазылған. Барлығын кітаптан алғанмын.
@anyzdar.kz.1 Жыл бұрын
👏🏻👏🏻👏🏻 тамаша
@DIROLgoi Жыл бұрын
кітап оқу арқылы кітап оқу керек екенін түсіндім және оқи түстім
@mokhiraibragimova5559 Жыл бұрын
Бір рет емес бірнеше рет көруге тұрарлық подкаст екен👍 Еңбектеріңіз үшін рахмет
@АзизбекҰзақбаев Жыл бұрын
Алла разы болсын жігіттер!!! Кітап оқуға деген желаниемді ашып жібердіңдер#1 подкасттан кейін "Таң шапағатын" алып оқып жатырмын Аллаға шүкір
@МедетВалиев Жыл бұрын
Қандай сезімде болдыңыз?
@begis_kenesbek Жыл бұрын
Брюс Лидің жаттықтырушысы Жатығу жасатып жатқанда Брюс айтады екен:”Ой мен оны білемін”-деп Тағы да жаттығу жасатады Оны да білемін Солай қайталана береді Жаттығудан кейін жаттықтырушысы екеуі Асханаға барып шай ішіп отырады Сонда жаңағы жаттықтырушысы Брюстың кесесінде шай болса да,үстінен тағы құйады Нәтижесінде тасып төгіледі Не істеп жатырсыз,әрекетіңіздің мәні неде деп сұрағанда -Саған жаңа жаттығу жасатарда тура осы толып тұрған кесеге шай құйғандай болдым Егер бір нәрсе үйренгің келсе кесеңді төгіп бос кел дейді Бұл оқиғадан түйгенім: Кітапты оқырда да дәл солай Өзіңнің білетініңнің барлығын ұмытып,жазылған нәрсені құштарлықпен қабыл алған жөн деп ойлаймын Сонда ғана бір нәрсе үйрене аламыз Ал ол үйренген нәрсе,болашақта өзінің қолданылар орнын табатынына сенімдімін😉
@karlasgyhx Жыл бұрын
43:16 Мао Цзэдун
@nazar0vagulzhanka-id9ji Жыл бұрын
Көзі қарақты көрермен үшін көптеген инсайттар болды. Алла разы болсын
@saraseralova3060 Жыл бұрын
Кітап оқып болған соң соған лайықты түрде әрекет жасауың керек.Менің өмірімді,әдеттерімді өзгерткен кітаптың бірі- "Абай жолы".Бұл кітап көркем әдеби болса да, маған берген әсері мол Абайдың өзін ұстауы,адамдарға қарым қатынасы барлығы да менің өмірімді өзгертті десем болады.Екінші "Ұшқан ұя" Бауыржан атамыздың бұл кітабын оқи отырып келешек ұрпаққа әжесі Қызтумас секілді тәрбие,өнеге бере алуды жоспарладым.Қазіргі таңда "Лайфхактар"-ды оқып жүрмін әр оқыған сайын жаңа дүниемен таныс боламын.Соның бірі мен жасап көрмеген күнделік жүргізу. Подкаст өте керемет тақырыптарды алып жатыр сіздерге рақмет!
@shain1494 Жыл бұрын
Подкастқа жиналған пікірімді қалдырып кетейін. Подкаст жақсы дамып келе жатыр әр жаңа шығарылым сайын картина ( немесе пазл) толық құралып, салынып жатқан секілді. Тағыда көрермен ретінде кеңес айтсам ойларыңызды толық жеткізесіңдер, яғни тереңінен толықтырып, осы уақытқа дейін жиналған пәлсапассаларыңызды ортаға салсаңыздар жақсы болар еді. Жаңа инсайттар жаңа ойлар рухани азық күтеміз!!! Қазақстан кітап оқитын елдер қатарынан көрінсін!!
@АйгерімҚадырбай-с7э Жыл бұрын
Алла разы болсын барлығыңызға жалғастыра беріңіздер
@саулемурсалимова Жыл бұрын
Жургизуши шакенин созин боле бермензши ойын толыктай жеткизсин
@НазираКисадилова Жыл бұрын
Осы подкаст мен ушин оте пайдалы болды, китап окып арекет ету керек деп журетин едим, енді китап оку жеңіл болатын шыгар Алла каласа деп ойлаимын😊
@АбылайБердимуратулы Жыл бұрын
Кітаптан алған білімді өмірде қолдану сапалы жеңіс деп есептеймін.Адамға кітаптағы білімде, және сол білімді сіңдіретін еңбек-әрекетте керек!!! -Бағдарлама өте керемет 🫶🔥
@РусланМуратов-е7о Жыл бұрын
Берекетін берсін қазіргі заманның Алаш ұрпақтары
@iamaltynaiii Жыл бұрын
подкасттың әр шығарылымы алдыңғысынан күштірек бола түсуде, көп рақмет!
@ualikhan249510 ай бұрын
Рахмет жігіттер,жақсы сұхбат болды.Тақырыпты толық аштыңыздар.Сәттілік тілеймін! Кітәп оқу,жақсы амал.
@ДильназУрустимова10 ай бұрын
рақмет! бұл тақырыпқа подкаст бар екенің де білмеппін. Кеше ғана бір жерден "оқыған нәрсеңді іс жүзінде асыр,болмаса оқығаның білмегенмен тең болады" деген ойды оқыдым. Содан кейін ол ой маған маза бермей қойды. Бір кезде жай ғана ютубқа кірген едім. дәл осы 9 ай бұрынғы подкаст өзі-ақ алдымнан шығып тұр екен. Қатты қуанып қалдым, көп сұрақтың жауабын алдым. Әсіресе Шразаддин мырза бұл ойдың сейіліп кетуіне жақсы әсер етті .Рақмеееет!!!
@АйшолпанЖетписбаева Жыл бұрын
Көп көп рахмет өте керемет болды . Жалпы осы тақырыпта менің өз практикамда мен кітап оқып жүрем кейін сол кітапта алған ақпараттарым көп көмектеседі , сұрақ болып қойылады немесе басқалай ал мен оқыдым оның жауабын біліп тұрам және сол оқып білгенім үшін өзіме рахмет айтып кітап оқуды тоқтатпаймын. Айтпағым кітаптан алған білімің ақпараттың міндетті түрде көмектеседі бір күні болмаса бір күні амал ету керек жағдай болғанда амал етем .
@amangulautalip24519 ай бұрын
Жақсы,хайырлы кеңестер алып жатырмын Ин Ша Аллаһ жалғаса беріңіздер. Алла разы болсын
@НурболБургембаев Жыл бұрын
Мен тренингке бардым 800000тг мың төлеп, бір-ақ сол тренингте айтылган сөздер, жаттығулар Дейл Карнегидің бір ғана кітабынан оқыдым, мен ол кітапты бар болғаны 2500тг алдым 😊
@СалтанатЕскермес Жыл бұрын
Қазақстан кітап оқитын елге айналсын дейтіндер біргеміз✊🏻
@АйбатКенес-у7э Жыл бұрын
Сіздендің подкастарыңызды асыға күтіп жүрем, өте қызықты әрі пайдалы! Жеке «кітап» туралы осылай неше түрлі мәселелерді көтергендеріңіз өте дұрыс қабылданған шешім, бұл өте маңызды өзекті мәселе! Сіздердің айтқан әр бір сөздеріңіз маған кітап оқуға құштарлығымды одан сайын оятады! Подкастарыңыз тоқтамай жалғаса берсін! Біз көруден, тыңдаудан жалықпаймыз! Еңбектеріңізді өте қатты бағалаймын! Алла жұмыстарыңыздың берекесін арттыра берсін!
@Janka9291 Жыл бұрын
Мундай подкаст ешқашан болмаған го.тек кітап туралы.өте қуаныштымын❤❤❤❤❤❤❤❤
@nurbolzhambylov794 Жыл бұрын
Қай нәрсеніде адам өзінің топ қабілеттеріне қарай ақтап алатынын байқадым😅 Мысалы Данияр аға кітап оқу, ойландырады десе, Шыраз аға кітап адамның шашырамауына, әрекеттерді рет-ретімен жасауға септігін тигізеді дегенді жеткізгісі келсе, Мирас көкеміз жәй кайф үшін оқу керек дегісі келетін сияқты😂 соған қарағанда Lerner топтағой деймін. Сосын осылай керемет мысал келтірілсе, онымен келісе беру керектігін білдірмейтінін байқадым Сіздерді үзбей тыңдаймын👏 Келесі шығарылымды асыға күтеміз❤
@user-no-name12 Жыл бұрын
Ең алғашқы подкастты тыңдай сала кітап оқуға желанием ашылып, сразу 2 кітап сатып алып оқыдым👍 оның алдында ертең, ақша түскенде деп жүр едім😅
@Ukosyia Жыл бұрын
Кітап оқуды әдетке айналдырғалы біраз болды, бірақ түсінгенім кітапханадан алып оқыған кітаптарым есімнен тез шығып кетеді. Сол үшін әр степендиядан бір кітап алуды әдетке айналдырдым💕
@МирашМира-с1г Жыл бұрын
Саттилик тилеймин жандарым
@maryiaalseitova1014 Жыл бұрын
Алла разы болсын!Керемет бастама! Бала кезимнен китап оку адетим.
@КамшатКурматаева Жыл бұрын
Мен Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқи отырып, өзімді тәрбиеледім. Қазір оқушыларымды Абайша тәрбиелеудемін. Нәтижесі керемет!
@xo_vallee Жыл бұрын
Аз уақыт өтседе, сүйікті подкастыма айналып үлгерді )
@ЗаринаШакир-р2ю Жыл бұрын
Кітап оқудың пайдасы өте көп. Кітап оқыған адаммен оқымаған адамның айырмашылығы көрініп тұрады, мейлі ол успешный тұлға болсада. Кітап оқып алған білім, ол өз уақында адамға пайдасын береді, бір жағдайлар болған кезде адамның ойына бірден сол кітаптан оқыған керек деген ақпарат түседі. Даналыққа жеткізеді, адам ойлана бастайды, бұл өмірде айқын көрінеді.
@oserbai Жыл бұрын
Керемет жігіттер👍👍
@НурТур-с4ж Жыл бұрын
Сөздің басын сәлемнен бастасам. Ассалаумағалейкум ағалар. Бастап жатқан істеріңіз берекелі болсын,ұзағынан болсын мен сіздер бастаған 1 подкасттан 4 подкаст аралығында кітәппен жақсы достастым ұнады, керемет сезім. Осы уақыт аралығында азды-көпті 4 кітәп оқыппын. Осы тақырыпқа келетін болсақ Төлен Әбдік ағамыздың деген шығарма бар. Сол жерде жындыханаға 17 жасар Алма есімді қыз түседі. Ол өте ақылды, білімді кітәптә көп оқыйтын қыз. Алманың бұл жерге түсу себебі- қыз ұйқыға кеткенде оң қолы өзіне шабуыл жасайды, тұншықтырады. Солай бұл қызға сол жердегі дәрігер жігіт күнде түнде қыздың қасында болып оң қолын қарауылдап жататын еді. Солай- солай жігіт қызды ұнатып қалады Оң қол күн сайын қыз ұйқыға кеткенде шабуыл жасауын тоқтатпайды. Күдердің күні жігіт бас дәрігерімен сөйлесіп Алманың оң қолын кесіп тастауға көдіреді де сол күні ұйқтай алмай ойланып шығады. Әрі қарай кітәптән үзінді: деген шешімге келеді. Тура осы шешім менің өмірдегі әрекеттерімнің шешімі сияқты үлкен әсер етті.
@Haidarileo-seA Жыл бұрын
ассаламу алайкүм ағалар рахмет береке берсін
@men6377 Жыл бұрын
Бұл да бір жақсылыққа шақырудың жақсы амалы ғой, тек 👍
@СултанЖорабек Жыл бұрын
Подкасттың ең керемет бөлімі осы болды 🔥🔥🔥. Тоқтамаңыздар, біз әрдайым күтіп, қолдап отырамыз. Қазір санымыз аз шығар, бірақ уақыт өте келе подкастты көрушілер мен кітап оқушылардың саны артуына сенемін. Және оған сіздер себепші боласыздар деп ойлаймын!
@anyzdar.kz.1 Жыл бұрын
👏🏻👏🏻
@ZhadigerBopilikov Жыл бұрын
Ісіңізге береке берсін!!
@Giper_edgar Жыл бұрын
Пайдалы подкаст болды👍🏻 Менің алғашқы кітабым Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт деген кітап болған казір есімде жоқ қанша бет оқығаным бірақ шамамен 50 бет оқып Луиза Хей ді естіп бірден сол кісіге қызығып сол кісінің кітабын алып Аффирмация туралы психологияның шет жағасын түсініп бастадым және өзім сол кітапты бітіргенде керемет сезіндім білмеген заттарымды білгеніме қуанып бақытты сезіндім. Яғни 1 кітап мені 2 ші кітапты оқуыма итермеледі.
@Duman_Khalilulla99. Жыл бұрын
Мысалдарыңыз өте керемет.Әсіресе параллель сызықтар туралы айтқан мысалдарыңыз қатты ұнады.👍
@ЛаураҚұдайберген10 ай бұрын
Пайдалы подкаст үшін рақмет! Ендігі менің мақсатым өз авторлық кітабымды жазу. Өзім психология саласын зерттеп жүрмін, бірақ Логопедияда оқыған соң жинақтаған білімімді қағаз бетіне түсіргім келеді.
@enderbro7911 Жыл бұрын
Мен кітап оқығаннан кейін өзімді басқа қырынан тани бастаймын бұрын уайым болып жүрген істер қарапайым болып көрінеді
@gulton Жыл бұрын
Кітап оқуға деген қызығушылығым көтерілді. Көп пайдалы ақпарат алдым
@КаракатМунайтпас Жыл бұрын
Кітап оқуды 2022 нің соңында нақты қолға алдым.Себебі менде соған бөлінетін нақты қаражат болды.Шраз ағай дұрыс айтады өмірдің бір саласын дұрыстасаң барлық салаға сол техника жүреді.Оқу үлгерімімде дұрысталды,миымда жаңа установкалар пайда болды.Ол әрекетті мидың ішінде де көре алатын сияқтымыз мида жаман мен жақсы ой қатар келіп қалса ми барлығын сараптап,әрекет етіп дұрысын таңдап бере алады.Ал оның солай қозғалып сортировка жасауына қажетті шаблондар дайын тұруы керек,ол шаблонда жаңарып,үлкен көлемде болуы керек қажет кезде ми әрекет етіп,яғни ойлану арқылы дұрыс шешімді тауып бере алады.
@КаракатМунайтпас Жыл бұрын
Ал ол шаблондар түрлі жағдайдағы кітаптар оқу арқылы пайда болады
@gleich6537 Жыл бұрын
Просто Супер какие полезные информации )))❤🔥🔥🔥🔥
@ЗулфияСахиева Жыл бұрын
Рахмет ағалар құнды ақпараттар ұшын
@Erdaulett Жыл бұрын
Керемет шығарылым болды көптеген инсайттар алдым
@ЛаураҚұдайберген10 ай бұрын
100 кітап оқы, біреуі өміріңді өзгертеді. Жалпы мен 2021 жылдан бастап психологиялық, мотивациялық, бизнес бағытындағы кітаптарды оқып бастадым. Қазір сөздік қорым көбейді, дебат өнерін меңгердім, тіпті ортаға шығып көпшіліктің алдында ойымды көрнекі, әдемі жеткізе алатын болдым. Кейде бір өмірімде проблема пайда бола қалса, кітаптан оқығаным маған шешім болып миыма келіп тұрады. Кітап оқу керек, бүгін керек болмаса да, түптің түбінде кез келген сұраққа жауап таба аласың.
@ArmWek Жыл бұрын
Жақсы жігіттер жалғастыра беріңдер керемет 👍
@Azura0000 Жыл бұрын
Көлікті оталдырмастан газды қанша бассанда жылдам тықты көбейте алмайсың. Сол секілді адам өзі өзін оталдырмайынша кітапты қанша оқысада әрекеттің ең жылдам әрі тиімді түріне жете алмайды.
@elitnyi9296 Жыл бұрын
он жактагы баланы сол жактагы бала созын болып жыбере береды, жалко как то
@ТемірланҚАСЫМ-ч2д Жыл бұрын
Тамаша!👏🏻👏🏻👏🏻👍🏻🙏🏻
@АйгульУлукбанова Жыл бұрын
коп ракмет сиздерге оте жаксы подкаст болды👏🙌❤
@IM_DI22 Жыл бұрын
Установка жайлы күшті айтылды. Бұған дейін кітапты амал ету керек деп оқитынмын. Оның өзі аяғына жетпей қалатын. Жабылып сол күйінше ашылмай. Енді бүгіннен бастап кітапты амал етем деген ниетпен оқымаймын.😊
@5five539 Жыл бұрын
Жарайсыздар тоқтамаңыздар ! Осы подкасты қарап Бақыт формуласы кітабын алдырттым !
@bakitzhanaltinbekyli6860 Жыл бұрын
Жақсы ой! Кітап оқу шынға көтерлу. Қазаққа керек дүние. Алла разы болсын сіздерге. Сіздерге 1000 алғыс.
@Zhumashev_Aidos Жыл бұрын
🔥🔥🔥🔥
@aikastudyenglish Жыл бұрын
Өте тамаша подкаст😍✨ Кітап оқудың құндылығы мен маңызын одан əрі ашқан тақырып болды. Сіздердің подкастарыңызды тыңдағаннан кейін менде кітап оқуға деген қызығушылық одан сайын арта түсті. Қазір "Лайфхактар" кітабын оқып бастадым, өзімдегі жаман əдеттерді көріп, жақсы жаққа өзгертуге көңіл бөліп жүрмін, кітап жеңіл тілмен, өмірдегі мысалдармен жазылған, маған қатты ұнағаны жолда подкаст тыңдау туралы жазылғаны, шынымды айтсам, менде оқуға барып қайту үшін 1 сағаттай уақыт кетеді, сол кезде музыка тыңдамай, подкаст тыңдаймын деген шешімге келдім, шынымен бізде уақыт жоқ деп өзімізді алдап жатамыз, шынайы жасаймын деген адам қашанда сол əрекетті жасауға, білім алуға уақыт таба алатынына көзім жетті. Сіздердің осы жобаларыңыз өте қатты ұнады, өте құнды ақпараттар беріп жатырсыздар, сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін, дами беріңіздер!
@РайсаСултанова-ц8ю Жыл бұрын
Мен сіздермен танысқаныма қуаныштымын 🎉
@АйгерімНұрбек-п7ь Жыл бұрын
Рахмет көп сіздерге❤
@meruert.rahymhan6 Жыл бұрын
Данияр ағаның "Кітап оқуда - әрекетті ойламау" деген ойыңыз қатты ойландырды.Себебі менің қазіргі "әрекет ету керек,кітап оқи беру онша пайдасын бермей жатыр "-,деген ойыма қарсы шығып,установкамды өзгертті.Жалпы өзімнің миым да оқығансоң - әрекетте айналдыру керек деп ойлағанда қиналып,уайымдап кететінім бар,әрі сол қолдану керек уақытта ол білімді кеңесті орындауға дайын болмағанда өзімді кәнәлай бастаймын. Кітапты жәй ұнағаны үшін оқудың нәтижесі әркез болып жатады ,байқап үйрену керек екен.Мысалы мен `думай как математик` деген кітапты оқу арқылы ҰБТ ға дайындық барысында өте жақсы өміріме ене бастады.Нәтижеге қарағанда процесске еніп кетіп оқу онымен қоса Шразаддин ағаның талантыңды таныңдағы біраз таланттарымның(умственный) тану арқылы сол жақтарымды сәтті қолдану нәтижеге көп үлес қосты.Сыныптастарым ұбт да жоғарғы балл алу тек менің ақылдылығымнан деп ойлайды бірақ оған қосымша осындай кітаптар,психологиялық ақпарттар,кеңестер қосылмаса нәтиже азырақ болар еді.Соның арқасында пробный қаңтар ұбт да 130баллға жеттім.Жалпы мен кітап әлеміне келгеніме,2+жылда оқылған кітаптарна кеткен уақытқа еш өкінбеймін,керісінше жеке өміріме өте көп пайдасын тигізіп жатыр. Осы шағарлымдарыңыз үшін рахмет🥰🥰👍❤❤
@Kazakh_motivation Жыл бұрын
Менің кітапқа деген құштарлығым артты. Және сіздерді көрсетіп достарымды да шақырдым.
@perizatorazbai Жыл бұрын
Керемет, өте пайдалы! Әр шығарылымнан соң , кітап оқуға деген ынтам одан сайын артуда🔥 Әлһәмдулилләһ
@GulnarNakipbekova Жыл бұрын
Рахмет жандарым.Үлкен сауапты іс бастадыңдар.Жастарға үлгі өнеге көрсетіп жатырсыңдар.Жолдарың жарқын болсын.
@qazplay9112 Жыл бұрын
Мені әрекетке итермелеген кітап ол Рубинзон Крузо киіпкердің қалай мақсатына ата анасы қарсы болсада тайсалмады содан кәдімгідей әсер алдым ертесіне өмірімді 180 градусқа өзгерттім алға дамуға деген құлшынысым ашылды кітаптың арқасы және ол менің алғашқы кітабым болатын кітаптың әсері күшті
@ЖансейтТастемир Жыл бұрын
Гантель, брусия турник біздің денемізге арналған физический тренировка болса, әр түрлі КІТАПТАР біздің миымызға арналған тренировкагой. Менің түсінігімше😉
@АкимбайПердехан Жыл бұрын
Ассалаумуағалейкум. Өте пайдалы жоба👍 “Кітап оқу ма әлде әрекет ету ме?” Өз басым, менің әрекеттерім кітаппен тікелей байланысты. Қаржы жайлы кітаптарды оқимын, қаржылай проблемаларым шешіле бастайды.Сол сияқты іштегі жай-күйімді психологиялық кітаптар оқу арқылы басқара аламын т.б. Яғни, кез-келген кітап әрекеттерге ұласып отырады. Тіпті, кейбір адамдарға кітап оқу арқылы көмектесуге болады. Ол қалай? Мысалы, депрессияда жүрген немесе белгілі бір проблемаға тап болған адамдардың мәселесін кітапта айтылған тәсілдерді қолдана отырып тиімді жолды көрсетуге болады.
@aidanakhalidolda2143 Жыл бұрын
Менің кітап оқу арқылы келген жасайтын әрекетім -ол 1айға жоспар құру,кейіннен оны апталарға бөлу, сол апталарды күндерге бөлу
@ГуляемБеркутова Жыл бұрын
Маған кітап оқу қатты әсер етті! Мысалы,мен Робинзон Крузо оқыған кезде,тағдырға мойынсұну керек екенін түсіндім. Осындай подкасттар шыға берсін😁🙌