Рет қаралды 4,879
Коллектормыз дейтіндердің басты құралы адамдардың заң саласындағы сауатсыздығы мен содан шығатын олардың үрейі.
Коллектордың заңсыз әдістерінің бірі үйге инспектор, арнайы топ, группа жібереміз деп қорқыту.
Біз бала емеспіз, мөңіреген бұзауды аю десе қорқатын.
Сондықтан біздің басты кеңестер:
1) Олармен сөйлесуді доғару керек;
2) Олармен сөйлесіп, жеңе алмайсыздар, жағдай айтып, түсіндере алмайсыздар;
3) Олар үйге келе алмайды, үйге кіруге құқықтары жоқ;
4) Келген күннің өзінде олармен түсінісем деп шаршамаңыздар, "Сау бол" деп есік алдынан шығарып салыңыздар;
5) Шығарып салар алдында ыидеоға түсіріп, не фотоға түсіріп алыңыздар;
6) Өздерін таныстыруды: ФИО, Қай мекемеден келгенін, Мекемекенің БИНін сұрап жазып алыңыздар.
7) Жалпы осындай қоңыраулардан қобалжып, уайымдап шаршамаңыздар. Бұл мәселені шешуге көмектеспейді, Сіздің берешегіңізді уайым жеңілдетпейді, төмендетпейді.
8) Сотқа берем десе қуаныңыздар. Сотта нақты берешектің көлемін анықтап, заңсыз өсімпұлдармен айтысып, азайтуға болады.
Сонымен бір аллаға ссыйынып, кредит алмайтын күнді аңсап, мойындағы кредиттен құтылудан күш-қуат тілейік.
Аңқау елге арамза да молда болған елде өмір сүріп жатқанымызды ұмытпайыө. Қой терісін жамылған түлкісымықтарға алданып қалмаңыздар.
Өкінішке орай біздің Елдің ең осал тұсы жауапсыздардың саны көп. Осылар бізді жетектеп құрдымға тартады. Өмірді өзгертуді өзімізден бастайық.
Мен жауаптымын ба? Имандылығым қайда? - деп өзіңізді қыспаққа алыңыз.
Сөз емес, амалдарымыз біз жұмаққа апаратын!
#кредит #коллектор #арнайытоп #специальнаягруппа #банк #заңгер #адвокат #антикредит #антидолг #сайтанатқыркредит #құрыпкеткіркредит