«Командир, жалынды көріп тұрып, неге шегін демедіңіз?»

  Рет қаралды 71,446

Информбюро 31

Информбюро 31

Күн бұрын

Байзақтағы әскери бөлімде болған жарылыстан бері 21 күн өтті. Бірақ өрт сөндіруге алғашқылардың бірі болып аттанған әскери бөлім қызметкері Бауыржан Дәуітбаевтан әлі хабар жоқ. Әскери бөлімнің есігін күзетіп, полицияның табалдырығын тоздырудан қажыған Бауыржанның ата-анасы, жақындары полиция әскери бөлімнен тыс жерде іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқан жоқ деп наразылық білдірді. Ал, апат кезінде бауырынан, баласынан, жақынынан айырылған жандар, «жарылыс кезінде өрт сөндіруге бұйрық беріп, жастарды қынадай қырып тастағандар өз жазасын алсын» деп талап етуде. Мына кадрларды бүгін Тараз гарнизонының баспасөз қызметі таратты. Көріп тұрғандарыңыздай, үлкен шұңқыр - жарылыс орны. Дәл осы жерден 5 жарым метр тереңдіктен - жарылыс кезінде қаза тапқан ең жас өрт сөндіруші Әліби Кеңес пен әріптестері отырған көлік қазып алынған. Оқиға орнында саперлар иісшіл иттермен жұмыс істеуде. Бейбіт күнде 17 адамның өмірін қиған жарылыс орнында шұңқырға айналған алып апаннан алынған топырақ елеуішке еленіп жатыр. Не іздеп жатқанын айтудың өзі ауыр...
Бұл - жарылыс болған күні үйінен шақыртылған әскери қызметкер Бауыржан Дәуітбаевтың ата-анасының ашуы, наразылығы. Ұлынан хабар жоқ 21 күн бойы үнсіз егіліп, өз күштерімен тау-тасты аралап, жоқ іздеген жандардың төзімі таусылды.
ТАЛҒАТ ДӘУІТБАЕВ, Бауыржан Дәуітбаевтың әкесі:
- Сұрап, не жағдай болып жатыр деп іздеп жатыр ма деген жұмыс жоқ. Көрінбейді. Кеше бір орыс қашып еді, бүкіл милиция іздеді. Ал менің балам 20 күн болды, таппай жатыр.
ФӘТИМА АҒЫБЕТОВА, Бауыржан Дәуітбаевтің анасы:
- Отаны үшін елпілдеп жүгіріп, частты қалай өшірем, халықты қалай аман алып қаламын деп.
Жарылыстан кейін 17 адамның денесі табылған апат орнынан басқа жақтан баламды іздеңдер деп жүрген кісілердің үмітін оятқан осы кісі. Жарылысқа жақын маңда орналасқан шаруашылықта мал ұстайтын отбасының адамы, «әскери киім киіп, басын төмен салбыратқан күйі жарылыс болған жерден келе жатқан бір адамды көрдім» дейді.
ГҮЛСІМ ӘБІЛДАЕВА:
- Әшейін футболка, шалбар етігін ғана көрдім. Қырынан былай кетті. Біздің үй жанында тұрды. Үйдің ішінен көріп қалдым да шықтым, алыстап кетіпті.
Ал, Жамбыл облыстық полиция департаментінің алдына келіп, басшының өздеріне шығып, жауап беруін талап еткен Бауыржанның жақындарына жарты сағаттан аса уақытта генерал шықты.
ЖАНАТ СҮЛЕЙМЕНОВ, Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы:
- Вертолет болып жатса, шешеміз. Қандай жерге баруды, қанша мәрте дрон ұшырылды. Бес күн дрон көтерілді.
ЖҰМАБЕК ХАСЕНОВ, ҚР Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының офицері:
- Толық түрде жалғастырылып жатыр. Бір метр қалған жоқ. Тау болып жиналып қалған топырақты бір жерден көтеріп алып,.. каждый топырақты илеуіштен өткізіп жатырмыз.
Жиналғандар, облыстық ТЖД бастығынан да, жарылатын жердегі өртті сөндіруге кім бұйрық берді деп тап берді.
ЕРМЕК МОМБАЕВ, Жамбыл облыстық ТЖД бастығы:
- Войсков часттың өрт сөндіру командасы бар. Біздің жеке құрам да барып өшірді. Сіз өртті, жалынды көріп тұрып, неге артқа қайтыңдар деп. Войсканың өздері айтуы керек еді.
«Әскерилер айтқанда, балалар сонда кірмес еді» деген жанайқайын, қаза тапқандардың ішіндегі ең жас өрт сөндіруші Әліби Кеңестің де ата-анасы айтып отыр.
БЕКСҰЛТАН ӘЗІМБАЕВ, Әлібидің әкесі:
- Складтың айналасына шағал үйіп тастаған. 200 камаз төккен дейді. Вертолетный площадка соғамыз деп айтқан дейді. 17 машина бірінші взрывтан ақ жоқ болып кеткен. Әлібилердің машинасын 5 жарым метр тереңдіктен қазып алыпты. Жарылатын жерге неге пожарныйларды жіберген.
ГҮЛМИРА БАЙДЫБЕКОВА, Әлібидің анасы:
- Қалай кіргізіп жіберген. Малды да ондай өртке кіргізбейді ғой. Мал да қашады. Соншасын кіргізіп.
5 күн бұрын жарақаты ауыр өрт сөндіруші Жәнібек Тұрманов қайтыс болды. Марқұмның бауыры соңғы сәттерінде інісімен тілдесе алған екен.
НҰРСҰЛТАН ИСМАИЛОВ, Жәнібек Тұрмановтың ағасы:
- Ол сөйлесуге басында шамасы келмеді. Мені көріп қуанды. Саған телефон соға алмадым деді. Олар өртті өшірмей тұрып, кім бұған жауапты деп сұрайды, снаряд бар ма деп сұрағанда, ол жерде химикат деген, екінші рет сұрағанда, түтіндету құтысы деген.
Жәнібектің ағасы, інімнің екі арманы болды, офицер атану, баспаналы болу. Қазір отаны үшін опат болған бауырыма офицер шені берілсе екен дейді. Келіншегі де Жәнібек өз жұмысын ерекше жақсы көрді дейді.
САЛТАНАТ ДАНАЕВА, Жәнібек Тұрмановтың әйелі:
- Арманы офицер болу еді. Биыл Санкт Петербургтегі оқуын аяқтаған еді. Өз жұмысын ерекше жақсы көретін еді. Баласы өзіне ұқсағанын қалады.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informb...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#СөздіңШыныКерек #ИринаСоветжанқызы #ЖамбылдағыЖарылыс #Тараз #жарылыс #БейбітКүнніңБоздақтары #төтенше_жағдай

Пікірлер: 223
@ГүлжайнаМұхтарова
@ГүлжайнаМұхтарова 3 жыл бұрын
31 арна. Ирина Советжанқызы рахмет осындай шындықты көрсеткендеріңіз үшін. Жазасын алуы керек бәрі. Өрт сөндіруге бұйрық берген кім. Тратил бар екенін айтпаған кім. Жазалау керек бәрін😡😡😡😡😡
@МарьяАбдикаликова
@МарьяАбдикаликова 3 жыл бұрын
Сонда өрт сөндірушілерге жалған заявка түскен болып тұрғой....🤔 Қазір заявка бергендер де айыпты , заявканы қабылдаған шенді де айыпты....себебі жоғары шенділер қай жерде не орналасқанын жəне қайсысы қауіпті екенін алдын-ала білуі шарт еді....СҰМДЫҚ. ШЕНДІЛЕРДІҢ САЛҒЫРТТЫҒЫНАН БОЛДЫ...
@АлтынЗейнуллина-ь1в
@АлтынЗейнуллина-ь1в 3 жыл бұрын
Киын жагдай жыламай карау мумкин емес.Отбасыларга сабырлык берсин
@БұлдықызКөшекбай
@БұлдықызКөшекбай 3 жыл бұрын
ИРИНА НЫҢ ТАЗА ТУА БІТКЕН ЖУРНАЛИСТ ДАУЫСЫ АНЫҚ ТЫҢДАЙ БЕРГІҢ КЕЛЕДІ..ДАУЫСЫ КЕРЕМЕТ
@АйнурСактаганова-ь9ъ
@АйнурСактаганова-ь9ъ 3 жыл бұрын
Ашу орынды. Бұл кісілерге түсіністікпен қарау керек. Алла сабыр берсін. Алла жар болсын.
@БахытКемелбаева
@БахытКемелбаева 3 жыл бұрын
Өте аянышты,өте кайғвлы жағдай,бейбіт кунде кім ойлапты мундай болады деп,журегің езіледі ойлағанда,жаткан жерлері жайлы болсын,жумактан орын алсын,🤲🤲🤲😔
@АмантайКатпенов-к8с
@АмантайКатпенов-к8с 3 жыл бұрын
Жандарың жәнәттә, топырақтарың торқа болсын бауырларым.
@АманУсонбай
@АманУсонбай 3 жыл бұрын
Колдарынан бок келмейтин комиссия неге кайта кайта келебереды??????????
@АйымкульНурботаева
@АйымкульНурботаева 3 жыл бұрын
Сапарбаев негып отыр орнын босатпаи Баизак ауданына комиссия болып келгиштееп жур еди
@ГалымжанБтанов-к3з
@ГалымжанБтанов-к3з 3 жыл бұрын
Кара халыктан осындаи кате кетсе салгырттыктан деп баленбаи жылга соттаиды. Оздерынен болса жауып кояды ештене болмагандаи.
@КалдыбекАлимбеков
@КалдыбекАлимбеков 3 жыл бұрын
Мен Н. Назарбаев пен О. Сүлейменовке рахмет айтамын. Неге десе, ядролық қарудан бас тартқаны үшін. Болмаса мына жауапсыз ешакбастар Қазақстан қалқын қырып жіберер ма еді.
@БектурганДлмагамбетов
@БектурганДлмагамбетов 3 жыл бұрын
Бұл халықты қырған жауыздар неге жазаланбайды
@nazarmatkarimov4066
@nazarmatkarimov4066 3 жыл бұрын
Айланганда 2 солдат камалады темеки тартты деп сонымен кино битеди жемкорлар отдуши коттери жабылып журебереди .
@alibekniazbaev931
@alibekniazbaev931 3 жыл бұрын
Али табылмады Баука кеще ауылда камыстын арасын издеп жур менттер Жибек Жолыда
@асылханберкимбаев
@асылханберкимбаев 3 жыл бұрын
Ужас әлі іздестіремізде жүр ғой мыналар
@РкТ-н7п
@РкТ-н7п 3 жыл бұрын
Буйрык берген адамды жазалау емес итше атып тастау керек
@Abuova-1950
@Abuova-1950 3 жыл бұрын
адамга сабыр берсиин
@ЖумасултанЖакибаев
@ЖумасултанЖакибаев 3 жыл бұрын
Бауыржанды екінш1 Челах қылып мойнына барлық пәлені іліп қаралап өздері судан ақ сүттен таза болып шыға келеді. Қайтыс болған азаматтардың тума туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Войсковой часттың командирі жауапқа тартылу керек 💯 пайыз.
@КалмаханБегалиев-ч9ь
@КалмаханБегалиев-ч9ь 3 жыл бұрын
Кто там был командиром и кем был назначен всех по суд 38 году их бы к стенку поставили без суда и следствия
@АманкелдиКошербаев
@АманкелдиКошербаев 2 жыл бұрын
Таулдыма бауржан
@БахытжанОрманов-о5и
@БахытжанОрманов-о5и 3 жыл бұрын
Бәріне осы әскери бөлімінің басшысы жүз паиыз кінәлі
@МусагалиКойшыманов
@МусагалиКойшыманов 3 жыл бұрын
Полиция емес карулы куш военныи издеу керек полиция жаи урлык карлык карамаса
@СерикАблахан
@СерикАблахан 3 жыл бұрын
Осындай саткын укметке... Жумыска бармау керак..!
@bekjanjumaev1651
@bekjanjumaev1651 3 жыл бұрын
Насчет эвакуации однокурсник рассказывал что была эвакуация. Все
@bekjanjumaev1651
@bekjanjumaev1651 3 жыл бұрын
все села что рядом с Сарыкемером
@ЖупарРыскулова-ш3д
@ЖупарРыскулова-ш3д 3 жыл бұрын
Бул жерде Бир шикилик бар .Юпт.
@bala1807
@bala1807 3 жыл бұрын
Өтірік соққаннан шаршамайтын болды ғой. Б. Сапарбаев
@РатбекБесбаев-в1ф
@РатбекБесбаев-в1ф 3 жыл бұрын
Өрт сөндіру мекемесінің басшыларын да жазалау керек. Бұйрық бермес бұрын зерттеу керек еді. Қанша баланың обалына қалды. Мамандар ғой олар қалай басшы болып отыр.
@altinkylymbaeva9090
@altinkylymbaeva9090 3 жыл бұрын
Ия кагаз жузынде бары жаксы обалына калып талайдын калай уйктап жур екен
@АнарКадирбекова-й2о
@АнарКадирбекова-й2о 3 жыл бұрын
Барин, жумыс тан. Шыгарукерек
@IndiSolna
@IndiSolna 3 жыл бұрын
Тупойлар басшы болатын заман гой
@НурымКенжебекулы
@НурымКенжебекулы 3 жыл бұрын
кыскасы кару жаракты сатып сатып арттарын жабу ушин жарип жибергени .белгили нарсего.
@altinkylymbaeva9090
@altinkylymbaeva9090 3 жыл бұрын
Мумкын менде солай ойлаймын
@СаматДуйсенов-ч6м
@СаматДуйсенов-ч6м 3 жыл бұрын
@@altinkylymbaeva9090 точно өте орынды ойларың
@СакенСакен-р9р
@СакенСакен-р9р 3 жыл бұрын
Отрик сапарбаевты жауапқа тарту керек
@ілеіле
@ілеіле 3 жыл бұрын
Отставкаға кеткен министрді соттау керек
@ЕлдосЕрежепов
@ЕлдосЕрежепов 3 жыл бұрын
Дұрыс айтасыз сотау керек министірді
@altinkylymbaeva9090
@altinkylymbaeva9090 3 жыл бұрын
Бары жемкорлар онай кете салды аныраган ана бала жар калды оз бастарына келмей тусынбейды жазасын тартса екен
@ГульзираИзимбетова-ю4ч
@ГульзираИзимбетова-ю4ч 3 жыл бұрын
Осы Иринаның жүргізгеніне риза болам,тәпіштеп тұрып айтады,даусы анық ,ести бергің келеді.
@АзизСейткулов
@АзизСейткулов 3 жыл бұрын
Ия оте кушти даусы
@Status-bk2td
@Status-bk2td 3 жыл бұрын
Маған олай емес сияқты🤔 Шөлдеп тұрған сияқты болып естілед
@БолатбекБоке
@БолатбекБоке 3 жыл бұрын
Ата Анасына сабыр берсин онай емес ауыр бирак ак карасы аныкталады
@ГулзияКонырбай
@ГулзияКонырбай 3 жыл бұрын
Қайран қазағымайй кор болдынау . Өз елінде өгейдин кунің кештіауу. Нуратамыздан бастап карғыс атсын. Халықтын көз жасы жибермесин.😩😭😭😭
@ТлеуИсабаева-к9ф
@ТлеуИсабаева-к9ф 3 жыл бұрын
Билыктер жауап беру керек кой Жастар тырыдей жанып кетты Бейбыт кунле осылай омыр сурып жатырмыз Креслода шалкайып отыр басшылар
@ГалымжанСагимбеков
@ГалымжанСагимбеков 3 жыл бұрын
Бауыржан аман табылса екен!Жаны қиылған батырлардың жандары жәннәтта болсын 🤲
@kulzipatoishibek8851
@kulzipatoishibek8851 3 жыл бұрын
Бундай жағдайда ОблысРОВД бастығын,ОБЛЫС АКЫМЫН сотка беру керек.ТОКАЕВка арыз беру керек..Нестеп отыр осы уакытка дейын.басшылар.
@sairangultrubkulova6561
@sairangultrubkulova6561 3 жыл бұрын
Әрине жоғалған адамға жала жабылмасын. Аман есен үйіне оралуына тілектеспін. Иншалла
@Бика-е7ы
@Бика-е7ы 3 жыл бұрын
Мынардаи қаиғы болып жатырғанда назарбаев тоқаев сапарбаев қаида қанша адамның қаны кімнің моинында
@ulbibipirqanova1956
@ulbibipirqanova1956 3 жыл бұрын
Биліктің басында отырған өңшең Құдай атқырлар Ауғаныстаннан келген дүбәрәләрды жарылқағанша өзіміздің елдің азаматтарына берген 42500ді көпсініп берерлерін беріп алып енді қайтадан соны қайтартып жатсыңдар ғой!Қаншама адамның көз жасына қалдыңдар!Алла бір түнде жазаларын берсін жоғарыда отырғандардың 🤲🤲
@ДурияКланова
@ДурияКланова 3 жыл бұрын
Әлі вертолет сөйлесеміз деп отырғой. Жаны ашымастың басы ауырмас деген осы. Біздің билік құрымай көрген күніміз осы.
@ГулнарАкшалова-л3с
@ГулнарАкшалова-л3с 3 жыл бұрын
Осы елдын жан айкайын, мунын естыр билык бар ма екен??? Жок алде бары сокыр мылкау танымас тыры жанды ма!
@ШыңғысОмаров-ж8э
@ШыңғысОмаров-ж8э 3 жыл бұрын
Біздің үкіметке өтірік сөйлеп, жалған ақпар беру әдет болған.
@ДаметкенДаметкен-с9п
@ДаметкенДаметкен-с9п 3 жыл бұрын
Ана военный командирі баласы солай табылмайтын жатса спокойно солай айтып тұрарма екен. Қарабеттерғой.
@Janibek.484
@Janibek.484 3 жыл бұрын
Батыр бауырларымыздың жаны ЖӘННӘТТА болсын аумин
@ЕдилгалиАйбулатов
@ЕдилгалиАйбулатов 3 жыл бұрын
Мұнай саласында бұрғылау компанияда жұмыс жасаймын біздеде бұрғылау кезіңде газовый пачька атқылау кездері болады жаңадан келген жігіттерге өмірлеріне қауіп төнсе қашындар деймін басшыларды тыңдамаңдар деп айтам олар ертен секіріп кетеді деп мен жұмсаған жоқпын деп желге карсы қашындар деп темір орнына келед денсаулық жоқ деп талай сорақы жағдайлар болды жасырады
@РашидБержан
@РашидБержан 3 жыл бұрын
Алкаш акимди соттау керек отрик акпарат ушин
@ardakalimbaeva9424
@ardakalimbaeva9424 3 жыл бұрын
Жүрегім езіліп кеттті.Шынайы сол жерде бұйрық бергендер жазасын алсын.
@СаятИскакбаев
@СаятИскакбаев 3 жыл бұрын
Жарылыста. Кьм..Каналы. ? Ең. Бьрьншь. Кауыпты Кенеш..Басшышы. Калмак. НасАМжор..Кналь..!Бункрде..!!!
@СаятИскакбаев
@СаятИскакбаев 3 жыл бұрын
Реихстакта. .Оотырсада. Кналь..!
@Анжелика-м3л
@Анжелика-м3л 3 жыл бұрын
Алла алдынан жарылкагай жайы жаннеттен болсын биздин Озбекстан жаксы екен Жардем береди сразу Сардоба да болган хаммесине жай акша берди
@ТуребекИсмайлов
@ТуребекИсмайлов 3 жыл бұрын
Бул чиновниктер масылдар тек халтын мазасын алганан баска еш нарсе истеп журген жок,
@ardakalimbaeva9424
@ardakalimbaeva9424 3 жыл бұрын
Оған билік кінәлі.Балық басынан шіриді.
@brawlbrawl4194
@brawlbrawl4194 3 жыл бұрын
Сапарбаев Назарбаевка не утирик акпарат берген бе?
@amberandertson513
@amberandertson513 3 жыл бұрын
Олар кашан рас акпарат берип еди
@nursultanmeiranbek1554
@nursultanmeiranbek1554 3 жыл бұрын
Біздің елге Россияның (Мечь) деген киносындағыдай адамдар керек сияқты а то біздікілер не ойлайды соны жасап бітті
@aizadabaimbetova5146
@aizadabaimbetova5146 3 жыл бұрын
Эвакуацияланды деп Арыстағы жарылыста да өтірік айтып еді,бет-бетіммен тус ауғанша жаяу қашқанбыз...
@инкогнито-э7н
@инкогнито-э7н 3 жыл бұрын
Иманды болсын. Бауыржан аман есен табылса екен. 31 каналга рахмет, әрқашанда шын ақпарат береді. Жүрегім кысылады, қайда бара жатырмыз деп ойлағанда.....
@СадуакасАбжантаев
@СадуакасАбжантаев 3 жыл бұрын
Обал болды жігіттерге жас кои барі де алла алдынан жарылкасын иманы жолдасы болсын казалы от басына каиырлы болсын жәні жәнта болсын, кыин болды гои
@СаматДуйсенов-ч6м
@СаматДуйсенов-ч6м 3 жыл бұрын
Жандары жаннат болсын марқұмдардың оңай емес бәріне 40милион тенгеден берсін бір бір үйден берсін
@ЕрекеЕреке-д9п
@ЕрекеЕреке-д9п 3 жыл бұрын
Журналистин устинен ис козгаганша буйрык Бергендерди эвакуация жасамагандарды жазаламайды ма
@zoiatleubaeva3028
@zoiatleubaeva3028 3 жыл бұрын
Жаны куип турган АКЕСИ ДУРЫС БАЛАСЫ ЖОК БОЛСА КОРЕР ЕДИМ СОЛ ШЕНДИЛЕРДИ АНА ЖАЛГЫЗ ТУЯГЫНШЕ ОНБАГАНДАР АИУАНДАР ЖАУАП БЕРСИН
@РаймовСейсенбай
@РаймовСейсенбай 3 жыл бұрын
Обл тжд бастыгын орнынан алу керекбилимсиз адам куткарушыларды окытпайма тусинбедим
@ЖандосТуржанов-с5ы
@ЖандосТуржанов-с5ы 3 жыл бұрын
Вертолет көтереміз десей келесі жылы бірақ көтермедің ба әлде керосин жоқ сатып жібердіңдер ма
@КошербайТасабаев
@КошербайТасабаев 3 жыл бұрын
Пожарныи Воиенныида өлген адамда сұрау болмаиды Екеуіда өлім деген жұмыс Сұрауы жоқ
@БахытжанТастемирова
@БахытжанТастемирова 3 жыл бұрын
Мына жақта адам жоғалып азан қазан болып жатса ол жақта әкімді марапаттап жатыр не ушын жарылып адам шығыны ушынба марапат алып жатқаны оданда тауып берсін жөғалған азаматты сосын алсын марапатты әкісымақ
@ЖандосЗайнолдина
@ЖандосЗайнолдина 3 жыл бұрын
Генералдын сози шешемиз. Осы сози ушин сотталсын абден акшамен шешип уйренген паракорлар
@Бббка
@Бббка 3 жыл бұрын
Аскерге снарятты өшіруге есі дұрыс пажар бармайды
@МейрамкулКуттыбаева
@МейрамкулКуттыбаева 3 жыл бұрын
Киын, тас тускен жерине ауыр. Командир кери кайтындар жарылгыш зат бар десе бари аман болар еди.Бари жас кыршын кетти. Бул дуниенин кысасы ана дуниеге жибермейди. Киналилер адамнын жазасынан кутылсада алланын жазасынан кутылмайды.Оримдей жастарды жанып жаткан отка айдап жиберди.Бауыржан от басына аман есен кауышса екен. Алладан соны тилеп журмин.
@МаратИсмагилов-г6щ
@МаратИсмагилов-г6щ 3 жыл бұрын
Масаган.бырдеме уйдын касында курылыс болады.барын акиматтан келеды кызметкелер..ал мында ешкым жок
@АйкоАбу
@АйкоАбу 3 жыл бұрын
Бауыржанды явны тығып қойды или көзін құртып жіберуі мүмкін.Өйткені оны жарылған әскери қоймада өрт қауіпсізгініне жауыпты тұлға сияқтығо .Солай түсіндім.Онда ол өрттің жануын общым бәрін болып тұрғо Бауыржан.Аман есен табылғай балалары,әке шешесі үшін.
@ТалгаТикет
@ТалгаТикет 3 жыл бұрын
Қыйын жағдай,қайтыс болған марқұмдар иманды болсын.Атан ана туыстарына сабырлық .Ирина ханым халыққа тәптіштеп мән жәйін айтып жатырсыз солай тәптіштеп басшылардан сұрақ қойып көрсетпейсізбе.
@ҚарашашҒабдоллақызы
@ҚарашашҒабдоллақызы 3 жыл бұрын
Мына жерде Сапарбаевты жауапқа тарту керек дейді, әй ол өзі неге кетпейді, биліктегі адамсымақтар не деген ұятсыздар, ұрлаудан басқа қолдарыңнан келмейді, кетсеңші Сапарбаев!
@mrat200
@mrat200 3 жыл бұрын
ДИВЕРСИЯ ЕМЕС ПЕ, НЕПРЕДСТАВЛЯЮ КАКИЕ ОХРАНА И СТЕПЕНИ ЗАЩИТНЫЕ БЕЗОПАСНОСТИ...!🤔 Болгариядағы украйнаға дайн тұрған оқ дəрі қоиманы кімдер жарды, 2014ж ресей укр соғысының алдында да укр оқ дəрі қома жарылған... Арыстағы оқ дəрі коима жарылысы...
@МуратСкендиров
@МуратСкендиров 3 жыл бұрын
ТЖ бастыгынын айтып турганы анау, кауыпты болса неге бизге айтпайды деп басын алып кашкан коркак, надандар!
@ДаниярТурегелдиев
@ДаниярТурегелдиев 3 жыл бұрын
Әкімшілік малдарғои өтірік ақпарат береді. Өлсең дер өліп кетіңдер Тек Шындықты аитыңдар Алланың алдында ақ боласың
@armanahmetov6537
@armanahmetov6537 3 жыл бұрын
жас жандар қыршын өліп кетті артында кім тұр не мақсатпен олай жасады екен өзі ол өлген адамдардың қаны қоймайды ғой . Алла жазаларыңды берсін
@НурланАманбаев-ъ4в
@НурланАманбаев-ъ4в 3 жыл бұрын
Аман-есен табылса екен е Аллам, киналилер еки дуниеде де жауабын тартады барибир
@РысУштаева-ш8л
@РысУштаева-ш8л 2 жыл бұрын
Комментатр калдырганнан не паида дурыстык болмагасын аке шеше ушин баланын каигысы кандаи ауыр екенин бари бледи умирден озган жап жас балдардын иманы жолдас жаткан жери жарык болгаи жандарын жанатта болсын кыршын кеткен боздактар
@diefainaxefun6772
@diefainaxefun6772 3 жыл бұрын
Қоймандар.Үндемесендер күн өтіп, арасын суытып бәрін мойындамай жауып тастайды.Тауып өлтіре салудан тайынбайды.Полиция мен ,билікке сенім баяғыда қалған.
@Hi-ff5sk
@Hi-ff5sk 3 жыл бұрын
неге орт оширетин жас оримдей жас жигиттерди онын ишинде жарылатын бомба жок деп алдап олимге итермеледи екен онын ошпейтинин бари биледи гоц ол жарылгыш зат кой баланын акеси айткандай ол шоп емес кой жазага тартылсын дегим келеди
@БолатбекБоке
@БолатбекБоке 3 жыл бұрын
Кашып кетпедиме екен биринши ак карасын ашып алу керек палиция причем осы халыкты билмейм бишараларды туте береди
@abakill5609
@abakill5609 3 жыл бұрын
Наз да кінəлі. Қарулы күштерді басқаратын сол ғой
@ҚарашашҒабдоллақызы
@ҚарашашҒабдоллақызы 3 жыл бұрын
Әрине, сол бәледен бәрі, сылдырлаған су, осы ұры- қарыны билікке отырғызған, сол Нұрсұлтанның кесірі, ақиқат сөйлегенді қудалап, өлтіріп, жағымраздарды жинап жан- жағына
@РысУштаева-ш8л
@РысУштаева-ш8л 2 жыл бұрын
Тугел жазаларвн алсын малгундар уздеринин балдары сол жерде болса не истер еди онбагандар
@ЖаканКарибаев-й3т
@ЖаканКарибаев-й3т 3 жыл бұрын
Бұлар халықты емес,өз көттерінің тесілмеуін ойлайды.
@tursinbekseitbekov4584
@tursinbekseitbekov4584 3 жыл бұрын
Кудай сактасын уш булакты көшыру керек анау сестерена жарылса ол жаман болады
@БобирНасыров-и7х
@БобирНасыров-и7х 3 жыл бұрын
есеп берген малдар беттерин коттеримен бирдей екенин халык далелдеди позор
@НургалиТурганбаев-у8т
@НургалиТурганбаев-у8т 3 жыл бұрын
Жалпы осы жагдайга катысы барлардын барин жауапка тартылуы керек шыгар.
@УлугбекСавранов
@УлугбекСавранов 3 жыл бұрын
Мынаулардын. Ко́тi столга жабысып калган.
@sizushin4938
@sizushin4938 3 жыл бұрын
Арыста көргенбіз дұрыс айтып отыр бәрі
@zhassinzhassin3229
@zhassinzhassin3229 3 жыл бұрын
Сапарбаевтын отириги таучылмайды ол онбаган уры халык жауы оны́ соттау керек олген онжети адамнан онын даны артык емес,онын журген жерине Бари олиммен аякталады.
@берикберик-с5ю
@берикберик-с5ю 3 жыл бұрын
токай назарбай когда ответите перед НАРОДОМ ответе!!!!! это горе НАРОДА...как ходите.. ....МАСКАРА МАСКАРА МАСКАРА.!!!!!!..
@АбылхаирБактияров
@АбылхаирБактияров 3 жыл бұрын
Парахорлар акша жегеннен баска ештенке билмейды
@ДосболЮсупов-л3ь
@ДосболЮсупов-л3ь 3 жыл бұрын
сасып қалғанда бұйып үйеніп қалғанда ондай кезде ақыл кеткен оның мойнында сол ок турда солдатдада сол ок турда
@КошербайТасабаев
@КошербайТасабаев 3 жыл бұрын
Өлмеген болса қаида Басқа жақтан қарап не керек Басқа жақтан іздеп не керек
@ardakalimbaeva9424
@ardakalimbaeva9424 3 жыл бұрын
Біздің елімізде өтірік айтудан шаршамайма.
@serikablaev334
@serikablaev334 3 жыл бұрын
Эвокуация қағаз жүзінде белгілі ғой
@ҒазизаКултаева
@ҒазизаКултаева 3 жыл бұрын
Александровскиййге жүгінбей ме, ол дәл айтады, Бауыржан туралы Үлкен лауазымды адам айтса Александровский айтып берер еді!
@БобирНасыров-и7х
@БобирНасыров-и7х 3 жыл бұрын
биздин басшылар отирик айтканда кожанасыр жолда калады
@МуратСкендиров
@МуратСкендиров 3 жыл бұрын
Талибандар гой кырып жаткан, биздики коркактар
@ДианаКайыпова
@ДианаКайыпова 3 жыл бұрын
Анык американын комесиясы келсе вот нагыз котеры ашылат
@ЧИНГИЗХАН-в5г
@ЧИНГИЗХАН-в5г 3 жыл бұрын
ЖАРЫЛЫСТАН ТАРАЗ АКЫМШЫЛЫГЫ ЧИНОВНИКТЕР БАЙЫП КАЛГАН ШЫГАР
@aktauaktau9276
@aktauaktau9276 3 жыл бұрын
осы адамдардың сұрауын Сапарбаев жауап берге екен
@халмузамаманжаиев
@халмузамаманжаиев 3 жыл бұрын
АТАҢА НƏЛЕТ НЕГЕ ЖАСТАРДЫ ӨЛІМГЕ ИТЕРМЕЛЕГЕН АДАМЕМЕС ХАЙУАН ЕКЕН
@АсылзатШахабай
@АсылзатШахабай 2 ай бұрын
Батыр бауырларымыздың жаны жәннаттә болсын
Ашынған әйелдердің бірі білдей шенеунікті сүйрете жөнелді
3:46
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 470 М.
How To Get Married:   #short
00:22
Jin and Hattie
Рет қаралды 22 МЛН
Incredible: Teacher builds airplane to teach kids behavior! #shorts
00:32
Fabiosa Stories
Рет қаралды 11 МЛН
LIFEHACK😳 Rate our backpacks 1-10 😜🔥🎒
00:13
Diana Belitskay
Рет қаралды 3,9 МЛН
Он жыл бұрын алапат жарылыс болатыны ескертілген еді...
8:25
Телеканал Астана / Astana TV
Рет қаралды 185 М.
7 признаков того, что вам лгут  | Стоицизм
28:03
Байзақтағы жарылыс: 2 сарбаз сотталды
4:23
Главные новости Казахстана / Басты жаңалықтар
Рет қаралды 12 М.
Кентаудағы оқушы өлімі
3:06
Turkistan TV
Рет қаралды 93 М.
Қазақстан жаңалықтары | 13.10.2023
9:17
Басты жаңалықтар / Новости Казахстана
Рет қаралды 6 М.
How To Get Married:   #short
00:22
Jin and Hattie
Рет қаралды 22 МЛН