Рет қаралды 172
#саумал #саумалвкапсулах #BBPartners #ислам #ҚМДБ
Алматы қаласы өкілдігінің бастамасымен Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төл басылымдары «Мұнара» газеті мен «Иман» журналы арқылы дініміздің құндылықтарын бұқара халыққа насихаттау мақсатында конкурс ұйымдастырылыған болатын. Алматы қаласының тұрғындары муфтияттың төл басылымдарына Қазпошта арқылы жазылып, бас жүлде Ұмра қажылығына жолдама мен қаржылай және бағалы сыйлықтар ұтып алды.
Конкурс қорытындысына ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб муфти Кенжеәли Қоңыратбайұлы, «Мұнара» газеті мен «Иман» журналының бас редакторы Серікбол Хасан және қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы, отандық «NEO Saumal» өнімін өндіруші «BB Partners» ЖШС директоры Болат Бейсенғалиұлы қатысты.
Газет пен журналға жазылушы оқырмандар қатысуымен ашық әрі әділ өткен конкурстың жеңімпазы анықталып, Алматы қаласының тұрғыны Қонысбекова Гүлнар Мұратқызы Ұмра қажылығына жолдама ұтып алды. Сонымен қатар қаржылай жүлделер, атап айтқанда:
100 мың теңге - 1 адамға,
30 мың теңге - 4 адамға,
ҚМДБ халал сертификатын алған «NEO Saumal» ұлттық өнімдерінің 2 айлық емделу курсы - 10 адамға,
Қасиетті Құран Кәрім - 4 адамға конкурс жеңімпаздарына үлестірілді.
Айта кетейік, барлық сыйлықтар демеушілер тарапынан ұйымдастырылды. «BB Partners» ЖШС директоры Болат Бейсенғалиұлы конкурсқа демеушілік көрсеткені үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.
Алматы, 20 желтоқсан, 2022 жыл.