Әндер керемет. Мейрамбектің даусы ерекше ғой! Сізге тілек, тоқтамай тек алға!
@sultanova_akosya9308 ай бұрын
Сен болмасаң бұл жалған Күнде уайым, күнде арман Айналайын, гүлiм бол Жүрегiмдi бiр жарған Сен болмасаң серiгiм Аялайды менi кiм Ертелi кеш сен жаққа Елеңдейдi көңiлiм Сен болмасаң тiрегiм Кiмге жылап күлемiн Жүрегiмде тiлегiм Алақанда жүрегiм Сенсiз мынау жалғанда Өтер ме едiм арманда Елжiрейсiң, балқисың Мен әнiме салғанда Сен арқылы жарығым Бақытымды таныдым Екеумiзге бiр ғұмыр Бере көршi Таңiрiм Сен болмасаң тiрегiм Кiмге жылап күлемiн Жүрегiмде тiлегiм Алақанда жүрегiм
@sultanova_akosya9308 ай бұрын
Сен болмасаң аяулым Кiмге құшақ жаярмын Сағынышты сазыңмен Жүрегiмнен жай алдың Сен болмасаң жанымда Жайқалмайды бағым да Менiң ғазиз тағдырым Сенiң ғана қолыңда...
@sultanova_akosya9308 ай бұрын
Аңсаған аппақ арманым, Орманым менің бол, жаным. Тек саған мені апарар Әлемнің барлық жолдары. Көктем құлпырса керемет Жанымды жырға бөлемек. Өзіңе мені шақырар, Алдымнан ұшқан көбелек Алдымнан ұшқан көбелек. Көгімді менің биіктетші, Кеудеден кетсін күйік-мұң. Мына әлемді сүйікті етші, Сүйікті етші, сүйікті етші, сүйіктім. Күз келсе қалқып таза мұң, Көремін бояу ғажабын. Сезімімді жапыраққа, Хат қылып тағы жазамын. Хат қылып тағы жазамын. Көгімді менің биіктетші, Кеудеден кетсін күйік-мұң. Мына әлемді сүйікті етші, Сүйікті етші...
@sultanova_akosya9308 ай бұрын
Оранды өзiңдi ойлап жан алауға, Сан қырды сағынышым аралауда. Теңiзiн тауекелдiң кешсем бе екен? Сен жүрген жету ушiн жағалауға. Қайырмасы: Табайын жолын қалай, Ұмытам бәрiн де оңай. Жаным қалай? Жүректiң бағынамын қалауына, Бұйрығын ақылымның орындамай, орындамай. Ұмытам жаным қалай Мың күмән, бiр үмiтпен күн кешермiн, Сағыныш самалымен бiрге есермiн. Кездесiп қалсақ егер бiр күндерi, Үндемей жанарыммен тiлдесермiн. Көз жұмып ерiксiзден бәрiне бiз, Алдамшы бақыт келер әлi де жуз. Бәрiбiр боп қаламыз сен екеуiмiз, Ғашыктар әнi де егiз, жаны да егiз.
@sultanova_akosya9308 ай бұрын
Жете алмай саған тіл қатып, Жүректің мұңын тыңдатып, Сағыныш болып кеудемде, Таба алмай емін бұл уақыт. Өртеңген сезім бойымда, Қанымды қызу тулатып. Жаныңнан бір сәт табылсам, Мен үшін сол да бір бақыт. Қайырмасы: Жанымды тербеп балдай мұң, Әнімді саған арнаймын. Жалт еткен жарық жалғанда Сен үшін жаралғандаймын. Құс болып ұшып самғаймын, Іздеуден сені талмаймын. Мүлт еткен мөлдір ғаламда Сен үшін жаралғандаймын. Теңіздей тулап тамырым, Таусылды төзім, сабырым. Жанымды менің шөлдетпе, Нұрыңды төкші, жарығым. Жабырқап жүрген көңілді Жазатын сенсің, дәруім. Сүйумен өтсем өмірден, Арманым бар ма, аруым Жанымды тербеп балдай мұң, Әнімді саған арнаймын. Жалт еткен жарық жалғанда Сен үшін жаралғандаймын. Құс болып ұшып самғаймын, Іздеуден сені талмаймын. Мүлт еткен мөлдір ғаламда Сен үшін жаралғандаймын. Зырғумен өтер сағым жыл. Оралмас қайта шағың бұл. Жылуын аңсап сезімнің, Жаураған менің жаным жүр. Еліктей сұлу бейнеңмен Еріксіз мені бағындыр. Сарғайтып менің жанымды Сағындыр сәулем, сағындыр. Қайырмасы: Жанымды тербеп балдай мұң, Әнімді саған арнаймын. Жалт еткен жарық жалғанда Сен үшін жаралғандаймын Құс болып ұшып самғаймын, Іздеуден сені талмаймын. Мүлт еткен мөлдір ғаламда Сен үшін жаралғандаймын