Жүкті болып жатқан жасөспірімдердің арасында 13-ке енді толған оқушылар бар

  Рет қаралды 12,206

Информбюро 31

Информбюро 31

Күн бұрын

БІЗДІҢ KZbin АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Қазақстандағы жүкті әйелдер есебінде тұрған екі мыңнан астам адам кәмелет жасына да жетпеген жасөспірімдер болып шықты. Балалығы тыйылмай жатып жатырына бала біткен қаршадай қыздардың арасында 13-ке енді толған оқушылар да бар. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мұндай ерте жүктіліктің соңы бедеулікке әкелуі мүмкін екенін айтады. Өйткені бала көтерген жеткіншектің көбі қазір сәбилерін алдыртып жатыр дейді. Тақырыпты әріптесім Оразай Нұртайұлы жалғастырсын.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
Бүгінгі шығарылымда:
ОРАЗАЙ НҰРТАЙҰЛЫ, тілші:
- Бүгінде Қазақстанда бала босану жасындағы 4 жарым миллионнан астам әйел бар. Ал былтыр дүниеге сәби әкелгендердің 1500-ден астамы 15 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер екен. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерінің мәлімдеуінше, осыған дейін кәмелет жасына толмай жүкті болған жас қыздардың 400-ге жуығы баланы алдырып тастаған. Ведомство қызметкері мұндай әрекеттің соңы бедеулікке әкелетінін еске салды.
ШӘКИЗАТ ХАЛЫҚОВА, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті директорының міндетін атқарушы:
- Жасанды түсік өкінішке қарай, бедеуліктің жиі себебі болатын асқынуларға әкеледі. Сонымен қатар қазір жастардың бірнеше серіктесі бар, осылайша жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан қорғанбай, жатыр түтіктерінің өткізгіштігі бұзылады. Бұл бедеулікке әкеледі.
Министрлік өкілдері еліміздегі ерте бедеулік пен жеткіншектер арасындағы аборттың жиілеуіне, тіпті жынысқа қатысты жаман аурулардың тарауына профилактикалық жұмыстың аздығы, шалғай ауылдарда ақпараттандырудың жоқтығы себеп дейді. Ал халықтың кейбірі бұл мәселе тәрбиеге, кейбірі мектептегі білімге байланысты дейді.
Ал әлеуметтанушы аборт көрсеткішін төмендету үшін жоспарсыз жүкті болғандарға қолдау орталықтары қажет екенін айтады.
НҰРБОЛАТ АЙЕКЕШОВ, әлеуметтанушы:
- Мемлекет тарапынан және азаматтық қоғамнан жаңаша көмек керек сияқты. Яғни, туысқан да емес. Басқа мамандар қолдау керек сияқты енді. Азаматтық қоғам дегенде Үкіметтік емес ұйымдарды, әлеуметтік жұмыскерлерді айтамын.
Айта кетсек, бүгінде ерте бала көтерудің ең жоғары көрсеткіші бойынша Маңғыстау, Түркістан және Ұлықтау облыстары көш бастап тұр. Қазір еліміздегі әрбір 6-шы жүктіліктің соңы абортпен аяқталып жатыр. Денсаулық сақтау саласының өкілдері ұсынған дерекке сүйенсек, 2023 жылы Солтүстік Қазақстанда жүкті болған 13 жастағы қыз жасанды түсік жасаған.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/c...
TikTok - www.tiktok.com...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Пікірлер: 141
@ЕркеханКеримкулов-ю9х
@ЕркеханКеримкулов-ю9х 3 ай бұрын
Аллаһ сақтасын. Қайда кетіп бара жатырмыз.Өте өкінішті. Отбасындағы тәрбие!
@DMS85
@DMS85 3 ай бұрын
Бұған тек қыздар кінәлі емес, нәпсіқұмар еркексымақтардың көбейіп кетуінде. Қаншама қыздардың тағдырларын талқан етіп, өмірлерін құртып жүргендер көбейіп кеткен. Ата-ана бірдей жұмыс деп күн көрудің қамымен жүруге мәжбүр болған соң, балалары қараусыз қалып жатқандарының да себебінен
@GulayimAwezbaeva-fj9nu
@GulayimAwezbaeva-fj9nu 3 ай бұрын
кудай сактасин
@АйбатырСағынбаев
@АйбатырСағынбаев 3 ай бұрын
Мектепте Бир сабакты ,ер ,балдар мен кыздарга окыту керек ,от басы деген не ,келинин орны ,бала дуниеге калаи келеди ,от басы сабагы болса ,сонда дурыс болады
@Каланкараш
@Каланкараш 3 ай бұрын
Кешегі Кеңестік заманда, мектепте 10-жыл оқығанымызда бір қыз баланың аяғы ауыр болып қалыпты дегенді естіген емеспіз. Қазір алақандай ауылдың өзінде Бәленшенің қызының аяғы ауыр болып қалыпты,Түгеншенің қызы жүкті болып қалыпты дегенді ішін-ара еститін болдық.Интернет заманының "жетістігі мен жемісі" ғой.Адамзат Ұрпағы азған заман болды ғой.
@Astanabaskala
@Astanabaskala 3 ай бұрын
Ол кезде де болған шығар қазіргідей ақпарат тез тарамайды техника дәуірі
@Каланкараш
@Каланкараш 3 ай бұрын
@@Astanabaskala Мен қазақша айтып отырмын ғой,, 10-класс оқығанда өзімнің ауылымда ондай жағдай болмаған.Қазір ауылда естіп жүрміз ондай жағдайды.Оған интернеттің не қатысы бар?
@DumanErzhanov
@DumanErzhanov 3 ай бұрын
Масқара
@qazaq4035
@qazaq4035 3 ай бұрын
Ол білетініміз. Білмитініміз қанша. Масқара 😲😳
@ЖумаганымСарбасова
@ЖумаганымСарбасова 3 ай бұрын
Дурус айтасыныз акесемен анасы кнале дурус тарбие бермеген.
@СейсенкулТойымбетова
@СейсенкулТойымбетова 3 ай бұрын
Қазіргі жас мектепте төсек қатынасына түсіп жатқан жоқ. Мектептен тыс уақытта болып жатыр. Кезінде біз өте қысқа көйлек кидік. Бірақ бізге ешкім тиіскен жоқ. 22 жастан асып тұрмысқа шықсақ та, анадан қалай тудық, солай босағамызды тап-таза аттадық.
@Баха-й9л
@Баха-й9л 3 ай бұрын
Кудай сактасын ата ана кайда карайды
@kazakhkazakhstan4287
@kazakhkazakhstan4287 3 ай бұрын
Маладес Жарайсындар. Ата сы мен. Ажеси. Акеси мен анасы да. Дурыс тарбие жок сосын кайдан онсын бари. Маладес Жарайсындар. Кутты болсын. Тарбиси бар екен оте жаксы... Не деген акылды. Не деген керемет тарбие мынау.....
@follow4341
@follow4341 3 ай бұрын
Қышуың қанып жатырма😡
@Айша-п5э
@Айша-п5э 3 ай бұрын
Масқара жағдай Алла сақтасын Бесіктен белі шықпай ойбай не көрінді.😮😮😮😮
@АжарКойлыбаева
@АжарКойлыбаева 3 ай бұрын
Оте окиништи, тарбиенин аздыгы болып тур гой😢
@ГаухарКуандыкова-ф6ш
@ГаухарКуандыкова-ф6ш 3 ай бұрын
Ай дейтын аже жок кой дейтын кожо жок🌹🌹🌹🌹кыздар оздерынды жамандыктан сактандар🥀🥀🥀🥀🥀🥀🥀
@shumshum1913
@shumshum1913 3 ай бұрын
Тұмауратып қалыпсызғой тілші ханым..
@madina_love01
@madina_love01 3 ай бұрын
*Қатаң заң шықпайынша, мұның түбі жақсылыққа апармайды!*
@ВВС-э6ы
@ВВС-э6ы 3 ай бұрын
Тәрбие сабақтарын өткізу керек және ата аналары қарау керек
@nazgulnauryzova1795
@nazgulnauryzova1795 2 ай бұрын
Мектеп мектеп дей бермеңіздер. Отбасында көрген тәрбие ғой бәрі. Алла саналы ұрпақ нәсіп етсін. Сонымен қатар, зорланған да бары анық қой. Еркектер өз нәпсісін тыйса, бұндай болсас та еді. Жас буыны қатпаған қыз баланы құрыққа түсіру оңай ғой, жігіттер соны пайдаланады. Сол жеткіншек қыздарды жүкті қылып жатқан жеткіншек ұлдар емес ау, есейген жігіттер ау сол. Қыздар бүйтті, қыздар сүйітті дей бергенше, сол қыздарды жүкті қылған жігіттердің статистикасын неге шығармайсыздар. Түсік тастауға келген жеткіншек қыздардан баланың әкесі неше жаста деп сұрау керек, днк тест арқылы болса да әкесін анықтап, зорлау факті бойынша түрмеге қамау керек, міне сол кезде мәселе орнынан қозғалады. Байғұс қыз баланы жігіт бір, қоғам мың рет зорлауда ғой сонда. Бәленің бәрін қыздан емес, сол жағдайға жеткізген еркексымақтан неге сұрамайсыздар. Жаңалық қып шығарғасын, толық аяқтамайсыздар ма?
@Balzhan-sm5ht
@Balzhan-sm5ht 3 ай бұрын
Отбасы Отбасы жж әне отбасының тәрбиесінің нәтижесі
@СаулеКалмашева-р4з
@СаулеКалмашева-р4з 2 ай бұрын
Алла сактасын не болып жатыр
@иброш-ц5й
@иброш-ц5й 3 ай бұрын
СССР дин кезинде мундай маскараны естимеушиедик,назарбаев 30 жылда казак елин аздырып жиберди
@follow4341
@follow4341 3 ай бұрын
Енді осыған Назарбаевты кінәламайтын шығарсыздар🤦🏻‍♀️басқасы басқа
@Лаура-ю7и
@Лаура-ю7и 3 ай бұрын
Н.Назарбаевтің қатысы қанша?Түсінбеймін. Әр адам өзі шешеді аза ма,өсе ме... СССР да болған талай сұмдық. Ауылда отырып түк естімейтінбіз. ТВ дан ондай көрсетпейтін. Интернет жоқ.
@limu3407
@limu3407 3 ай бұрын
сумдық өте дурыс аитады
@ЭльвираМуратбекова-е7з
@ЭльвираМуратбекова-е7з 3 ай бұрын
Раньше в ссср за совращение малолетних(13,14,15,16,17 летних) сажали в тюрьму парней.Поэтому такого не было.А кто захочет в тюрьму на 20лет?Только так можно остановить парней.
@madina_love01
@madina_love01 3 ай бұрын
Не болды соншама асығып, байға тиіп те, туып та үлгереді ғой 😢.
@ЭльвираМуратбекова-е7з
@ЭльвираМуратбекова-е7з 3 ай бұрын
А зачем аборт делают,с ума сошли.Ваша дочь беременная, потом повзрослеет и поймет , что вы навредили ей и возненавидит такую мать и бросит.
@фибаначифокус
@фибаначифокус 3 ай бұрын
Сұмдық 13 жас қыздар бірнеше адаммен қарым қатнас ұстауы 😮
@Mansur715
@Mansur715 3 ай бұрын
Телефон да телевизор да ұятсыз нәрселер көбейіп кеткен қайтеді жүкті болмағанда
@СымбатАбилда-р4н
@СымбатАбилда-р4н 3 ай бұрын
Педофил қаптап жатыр соларды кінәламай телефон көре саламыз ба???
@ДосанКошмуратов
@ДосанКошмуратов 3 ай бұрын
Орамалмен болса бармайма ондайға санасында болса өзін ұстайды ал біреулерін екіншісі жолдан шығарады Құдай ешкімді жаман істерге жолықтырмасын
@Заманбек-л4з
@Заманбек-л4з 3 ай бұрын
Қыз балдарды бөлек үл балдарды бөлек окыту керек үл мен қызды қосып оқытпау керек шариғаттада солай делінген
@КлараТулемисова-о1о
@КлараТулемисова-о1о 3 ай бұрын
Дұрыс айтасыз
@follow4341
@follow4341 3 ай бұрын
Басты ауыртпа шариғатыңжы Ауғанстанға көшкенде айтасын.Біз Светский Зайырлы елміз мұсылман емес.
@follow4341
@follow4341 3 ай бұрын
Оларды бөлек оқыт сосын көшеде қалай жүреді олар бөлек көшелермен жүредәма арнайы😂или сосын қыздар мүлдем үйден шықпасын деп шығасыңдар ма ұлдар мен бір жерде жүрмеуі үшін🤦🏻‍♀️
@Заманбек-л4з
@Заманбек-л4з 3 ай бұрын
@@follow4341 бұны өзім ойлап тапқаным жоқ шариғат соны талап етеді қашанда ермен әйел жалғыз қалса олардың үшінші серігі шайтан деген хадисте
@Каланкараш
@Каланкараш 3 ай бұрын
@@Заманбек-л4з Кешегі Кеңестік заманда мектепте ұл-қыз болып 10-жыл бірге оқысақ та ,ауылда бір қыз баланың аяғы ауыр болып қалыпты дегенді естіген емеспіз.Қазір сол алақандай ауылда неше түрлі осындай қылықтар шығып жатыр. Интернет заманының жетістігі мен жемісі ғой.Адамзат Ұрпағы азған заман қазір.
@gulka331
@gulka331 3 ай бұрын
ТЫНДААМАЙДЫ КАЗЫРГЫ КЫЗДАРЫН
@ЖазираСабекова-х9х
@ЖазираСабекова-х9х 3 ай бұрын
Сауап мыисыздар сөз жоқ өмірін құртты деген осы еркектерге бәрі бір қыз көп. Жалаңаш жүрмендер хиджаб киіп жүрсе солай болмас еді
@Лаура-ю7и
@Лаура-ю7и 3 ай бұрын
Хиджаптың қатысы қанша?
@galagala-fp5uz
@galagala-fp5uz 3 ай бұрын
Казір ұстаздар балага ештеңе айта алмайды бала ұстаздан қорықпайтын заманға айналгалы қашан баріне үйдегі ата ана кіналі дұрыс тарбие бермеген қадагаламаган түнде қангыртып қояды соңы осы
@Balzhan-sm5ht
@Balzhan-sm5ht 3 ай бұрын
Мектепті кіналауді доғарыңдар..Түрің қисық болса айнаның кінәсі не.
@dinarab8899
@dinarab8899 3 ай бұрын
Соны айтам
@ЖанатСмаханова-щ8ю
@ЖанатСмаханова-щ8ю 3 ай бұрын
Мундай нарсе бурыннан бар.Генколог кабылдауында болганымда студент кыз аборт жасатты.
@Astanabaskala
@Astanabaskala 3 ай бұрын
Сол орамалға қарсы шығу Алланың дініне қарсы шығу Жас қыздар көз жасын сығу Жетімдер көбейіп ел Еш көңіл бөлмей қалдыру
@Лаура-ю7и
@Лаура-ю7и 3 ай бұрын
Мәселе орамалда емес.
@Astanabaskala
@Astanabaskala 3 ай бұрын
@@Лаура-ю7и енді не мәселе
@NurlibekMusayev
@NurlibekMusayev 3 ай бұрын
Кудай сактасын не болып кетты
@Миша-л7ж1ф
@Миша-л7ж1ф 3 ай бұрын
Баланы Алдыртпаи туып алындар
@BakytOrinbai
@BakytOrinbai 3 ай бұрын
Бәймен алысып ютуптагы каншыктарга комментарий жазып отырғанша үйіндегі баланың тәрбиесін қараса мұндай нәрсе болмас еді бізде қыз болғанбыз анамыз әкеміз ағаларымыз әр қадамызды біліп отыратын студент болсақ та хабар біліп сабақтан қайтың ба не істеп жатсың деп қадағалайтын соның арқасында абыройымызды алып жүрдік
@фаравотблиц
@фаравотблиц 3 ай бұрын
Ғаламторға еге бола алмасаңдар көрген күндерің сол ,әр ата- ана өз қызының телефонына бақылау жасасын
@ЖумаганымСарбасова
@ЖумаганымСарбасова 3 ай бұрын
Кошмар какой
@Фатима-ъ3ю
@Фатима-ъ3ю 3 ай бұрын
Не болсада боп жатыр
@NurlibekMusayev
@NurlibekMusayev 3 ай бұрын
Негз телефон дегенди курту керек и бала мектепте айтканди истемедима мугалым уру керек сол кезде бала кишкене болсада ойланади
@follow4341
@follow4341 3 ай бұрын
Хиджап туралы жазып жатқандан НАДАН екенсіңдер.Хиджаб киген қыздардың да оңып тұрғаны шамалы көріп жүрміз.Мәселе киімде емес.И сосын кез келген ыңғайлы ыңғайсыз сәтте ДІН деріңді тықпылац бермеңдер.13 жаста жүкті болса аңқаулықпен алданып қалған баланы жоспарлап туайын деп жатқан жоқ🤦🏻‍♀️13 жастан бастан тұрмысқа беру керек деп жазып жатқан НАДАНдарға біз шариғи ел емеспіз болмаймыз да!Миларың уланған арам ниғтті немелер.Осындай қиын кездеде діндерін тықпылап өлесіңдер ма қайтесіңдер
@massmass3000
@massmass3000 3 ай бұрын
@@follow4341 Дұрыс айтасыз!
@ЖанабайАлланазаров-р3з
@ЖанабайАлланазаров-р3з 3 ай бұрын
Өтірік ақпарат
@МаксатОмаров-ц4п
@МаксатОмаров-ц4п 3 ай бұрын
Хиджабпен алысындар. Бұл басы әлі көресіндер.
@gk7826
@gk7826 3 ай бұрын
Хиджабтың ішінде не бәле боп жатқанын білесін бе. Ауғанда 8-9жасар қыздарды әйелдікке сатады. Ал мусылман елі
@massmass3000
@massmass3000 3 ай бұрын
Хиджаб киіп те талай нəрсе істеп жатыр. Ол тəрбиеге байланысты.
@ЖумаганымСарбасова
@ЖумаганымСарбасова 3 ай бұрын
Хиджап киетиндер де калыспайде. Ким айтте олар паенки деп , богауз айтып темеке тарта де .
@ЭльвираМуратбекова-е7з
@ЭльвираМуратбекова-е7з 3 ай бұрын
Мы не слышали ,что в хиджабе в 13 лет беременна.
@massmass3000
@massmass3000 3 ай бұрын
@@ЭльвираМуратбекова-е7з Дело в воспитании. С подростком родители должны разговаривать , обьяснять что делать можно а что нельзя. Мы выросли и без хиджабов. Я работала с мужиками , кондуктором, много лет и знаю, что ведёшь себя серьёзно то даже мужики будут только уважать тебя.
@limu3407
@limu3407 3 ай бұрын
қазақстанда тәртіпсіз бетімен кеткен тәрбие жоқ…
@РиммаАскар
@РиммаАскар 3 ай бұрын
Заңмен жазалау керек қызды да ұлдыда, ұл балалар құтылып кетеді қыздар көбіне зардап шегеді заңды қүшейту керек
@СейсенкулТоймбетова
@СейсенкулТоймбетова 2 ай бұрын
Алдағы уақытта бедеу әйелдер көп болады десейші. Ұл-қыз ауынан қағынып тұр. Ауынан қағынған әкелерді аямау керек.
@УммАтика-я5к
@УммАтика-я5к 3 ай бұрын
Имандылык сабагын мектепке киргизу керек кои
@ЗульфияКубеева-з8ь
@ЗульфияКубеева-з8ь 3 ай бұрын
Мектепте кыздар жиналысы отилу керек.Улкен апайлардын катысуымен.. Ер балага болек жиналыс откеру керек. Ата ананы тындамайтын. ер бала.кыз бала каншама. Ата аналар жумыс деп.караусыз калады. Ер
@rozakassymbaeva8031
@rozakassymbaeva8031 3 ай бұрын
Иә,жетпісінші жылдары ауылдағы мектептерде сондай жиналыстар болатын.Ұлдар:-не айтты сендерге-деп сұрай беруші еді.Мектеп сегіз жылдық болатын.Мұғалімдер өте силы еді.
@gulnar1509
@gulnar1509 3 ай бұрын
Отбасы тәрбиесі төмен, тіпті төмен. Ата-анасын жауапқа тарту керек. Мектепке итере салатындар көбейіп барады, жауапкершілікті алғысы келмейді аналар.
@МолдрЖоланова
@МолдрЖоланова 3 ай бұрын
Арине корыкпайды.мугалим сойлесе ата аналар мугалимды киналы кылады...Баягы еты сеныкы 'суйегы меныкы деген ескынин созы дурыско
@Balzhan-sm5ht
@Balzhan-sm5ht 3 ай бұрын
Өте орынды қит етсе шауып келеді ата ана мектепке
@ЖамигаЕгизекова
@ЖамигаЕгизекова 3 ай бұрын
Санасында болмаса айт не айтпа не бәрібір тыңдамайды. Не әке шешеге, не мұғалімдерге бағынбай, тыңдамайдыда. Өзім білемге салады, бетімен кетеді.13жас МАСҚАРА. ӨЗІ БАЛА ҒО.Бесіктен белі шықпай жатып махабатшыл боқ мұрындар, әуел сабақтарын оқып алсын, сосында үлгереді бәріне. Жарып бара жатса, жұмыс жасасын, ата анасына көмектессін. Спортқа қатыссын.
@gulka331
@gulka331 3 ай бұрын
БАЛЕНЫН БАРЫ КЫЗДАРДАН ШЫГАДЫ НЕ БОЛСАДА
@ЕрмаханМухамбетжан
@ЕрмаханМухамбетжан 3 ай бұрын
Алла сақтасың шмкенте азербайжаң өізбектер балдарың әскерге жібермейміз деп ерте. Үлегдіреді. Мектепте. Білім жоқ.
@Balzhan-sm5ht
@Balzhan-sm5ht 3 ай бұрын
Мектепте тиісті тәрбие өз деңгейінде беріліп,қыздар жиналысы да өтіп жатр.Ұйдегі,отбасынлағы тәрбиенің жоқтығы
@АйгульНұрымбетова
@АйгульНұрымбетова 3 ай бұрын
жүкті қылған еркектіда қызды да заңмен штраф салып медицина түсік тастауға рұқсат етпесе сол туралы көп мәлімет шықса ондайға бармаспеді
@СейсенкулТоймбетова
@СейсенкулТоймбетова 2 ай бұрын
Бір жеріне ие бола алмаса, көрген күні сол. Қызды жүкті еткен еркекті қалай да тауып, нәрестеге 2 есе әлимент төлету керек. Нәрестені жетімдер үйіне өткізген жағдайда бір жеріне ие бола алмаған қызға да әлимент төлету керек. Кәмілеттік жасқа толмаған болса, олардың ата-анасына төлету керек. Соны көрген жастар өзі үшін тыйылады.
@Gul.2020
@Gul.2020 3 ай бұрын
Ойбу не деген сұмдық
@Goodhighyahoojohnson
@Goodhighyahoojohnson 3 ай бұрын
Тарбие отбасынан басталады сол жүкті қыздар өздері шешесі әкесі жеңіл жүрісті лерден тұады тастанды әйелден қашқын еркектерден түад баска түк емес отбасы солай болғандықтан қыздары ұлдары кайталап отыр ады👈
@Balzhan-sm5ht
@Balzhan-sm5ht 3 ай бұрын
Ата -аналар тарапынан қадағалаудың аздығы
@ЗульфияКубеева-з8ь
@ЗульфияКубеева-з8ь 3 ай бұрын
Телефонда барлык нарсе корсетиледи.Соны токтату керек.сонын лажы жокпа. Ата аналар айта алмайды.уялады. Мектепте айына еки.уш рет кыздар жиналысы болу керек. Кыздарга еки кабат болып.калып.киналган кыздарды корсету керек. Не деген сумдык. Отырспаларга тиым салу керек.Тунде кангыртпау керек.Бул жерде сынып жетекши еринбей.ата анамен байланыста болу керек.Осындай жумыстар колга алынса.жаксы болады
@БолатБертлеуов-т2ы
@БолатБертлеуов-т2ы 3 ай бұрын
Астағфируллах
@follow4341
@follow4341 3 ай бұрын
Мектепке АНАТОМИЯ пәнін енгізу керек ҰЛ да ҚЫЗ да өз организмдерін ің ерекшеліктерін,бала қалай пайда болады,алдын алу жолдарын үйренуі керек ерте жастан деп ойлаймын.Себебі көп баланың үйде ата анасы ашық сөйлеспейді осы тақырыптарға сол баяғы ҰЯТ деп.Соның кесірінен осылай аборт көбеюде
@ЕрмаханМухамбетжан
@ЕрмаханМухамбетжан 3 ай бұрын
Өля енді. Қаршадай қыздарды. Туғызып. Отырама тәртіп жоқ. Тәртіп. Болу керек.
@rozakassymbaeva8031
@rozakassymbaeva8031 3 ай бұрын
Сол қыздар тусын да асырасын балаларын.Он үште болса да.
@БахытАкбиева
@БахытАкбиева 3 ай бұрын
Жукти кылган еркекти тарпайсындар ма Ауылда оздеринин туыстары , коршилер , акелери . Камелетке толмагандар. Мектептен бастап , жауапка Тарту Керек.
@Balzhan-sm5ht
@Balzhan-sm5ht 3 ай бұрын
Айналайын,мектепті тыныш қойшы,өз балдарыңды өздерің тәрбиелеңдер,ата анадай тәрбие бере алмайды мектеп
@Nazsisen1983
@Nazsisen1983 3 ай бұрын
Менің 13 жасымда етеккір де болмаған,тек 15те келді.😢 13жаста,бала ғой
@КаншайымШылмурзина-р1ю
@КаншайымШылмурзина-р1ю 3 ай бұрын
16 жаста жас деп отсак енди 13 жас оте жас олар уже бетимен кеткен аке шешени тындау керек
@Галым-у6ш
@Галым-у6ш 3 ай бұрын
Надо учить предохранятся
@almagulbaimenova1761
@almagulbaimenova1761 3 ай бұрын
13-жастан бастап үйленуге рұқсат беріп,шеше болу, әке болу қандай екенін білсін.Өздері сұрап алған ауруға дауа жоқ екеніне көздерін жеткізу керек.
@Лаура-ю7и
@Лаура-ю7и 3 ай бұрын
Он үш жас бала ғой. Не біледі дейсіз?
@ЕркебуланБекишев
@ЕркебуланБекишев 3 ай бұрын
Казыр ештемеге тангалмайтын болдыккой кыз келиншектер кутырган ажырасса жалғыз басты ана деп үй береди Кари кыздар көп уйленгилери келмейди жолдан бала туып аласалады ондай өте көп ажырасу мода заңды айелдерге беребергенше аатал заң керек Түркменстан мен Шешенстан сиякты намыстан журдай казыр
@gk7826
@gk7826 3 ай бұрын
Сол Түрікменстан мен шешенстаныңда қыздарды тым ерте күйеуге беретінін білесін бе
@ЕркебуланБекишев
@ЕркебуланБекишев 3 ай бұрын
@@gk7826 тым ерте бермейди 17 ,18 жас зато екабат болып журмейди абыройлы
@Лаура-ю7и
@Лаура-ю7и 3 ай бұрын
Әйтеуір, бәріне қыз, келіншектер кінәлі.
@Goodmorning-oj5mn
@Goodmorning-oj5mn 3 ай бұрын
Обычно ранние браки распространены у молящихсч
@unknown-vx1mz
@unknown-vx1mz 3 ай бұрын
Байға шықпай туып жатқан мектеп оқушыларынын саны ерте байға шыққан намазхан қыздардан көп. Әрине мен бұл сөзіммен ерте жастан неке қиуды қолдап жатқам жоқ.
@ЭльвираМуратбекова-е7з
@ЭльвираМуратбекова-е7з 3 ай бұрын
Молятся девочки , но не беременеют без брака в 13 лет. И вообще в первую очередь виноват парень,который совратил девочку а потом родители, которые не разговаривают с ней.Девочек скорее насилуют ,обманывая что влюблен.
@Goodmorning-oj5mn
@Goodmorning-oj5mn 3 ай бұрын
@@ЭльвираМуратбекова-е7з кпкая разница в браке или гуляет если уже занимается сексом в школьном возрастп. Нам не надо как в афганистане
@ЭльвираМуратбекова-е7з
@ЭльвираМуратбекова-е7з 2 ай бұрын
Верующие девочки в 13 лет не выходят замужь у нас и тем более не беременеют и не гуляют.Афганистаном не надо сравнивать, у нас ведь светское государство .
@ЕрдаулетСадыков-ц5г
@ЕрдаулетСадыков-ц5г 3 ай бұрын
Орамалға қарсы болыңдар тағыда
@daraboz64
@daraboz64 3 ай бұрын
Орамалға байланысты емес. Тәрбиеге байланысты. Хиджабтағы қыздарда оңып тұрған жоқ
@ЕрдаулетСадыков-ц5г
@ЕрдаулетСадыков-ц5г 3 ай бұрын
@@daraboz64 Дін бәрін қамтыйды тәрбие болсын, ал сен айтып тұрған қыздар қой терісін жамылған қасқырлар ғой
@ЭльвираМуратбекова-е7з
@ЭльвираМуратбекова-е7з 3 ай бұрын
Это наказание за то ,что вы против Аллаха,против хиджаба и др.Жаль, что ваши дети получают расплата за грехи родителей.
@Goodmorning-oj5mn
@Goodmorning-oj5mn 3 ай бұрын
Наверно это малолетние вторые жены . Они рано дочерей выдают
@ҚаламқасНұрмағанбетова
@ҚаламқасНұрмағанбетова 3 ай бұрын
Казактар тек Гана орамал таккан .Биз Казакпыз араб емеспиз☝️🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@ЖандыбаеваРахима
@ЖандыбаеваРахима 3 ай бұрын
Босандырып ,балаларын баласы жок отбасыларға беру керек
@gk7826
@gk7826 3 ай бұрын
Шешуін тез таптың ба
@ЖандыбаеваРахима
@ЖандыбаеваРахима 3 ай бұрын
Қаншама отбасылар осындайдың салдарынан сәби сүйе алмай отыр,алдырғаннан осы дүрыс емес пе,әрине ол отбасылар да толыкқанды отбасы болу керек
@ЭльвираМуратбекова-е7з
@ЭльвираМуратбекова-е7з 3 ай бұрын
Какое предательство ,чтобы взять и так легко отдать ребенка другим людям, ужас.Это же ваша кровиночка,а зло ваше вернется вам бумерангом.Вас тоже в старости тогда отдать надо в дом престарелых чужим людям.Девочке надо самой воспитать даже если без мужа, а вам родителям помочь.Весь грех ляжет на насильника, она вообще не виновата.Ведь их в таком возрасте насилуют, не ляжет ведь она сама в 13,14,15,16,17,18 лет без брака.С ума наверное не сошла чтобы на такое пойти.
@ГульмираИскакова-с1ц
@ГульмираИскакова-с1ц 3 ай бұрын
Хиджабпен алысканша,осындайлармен алыссын
@madimadiar6895
@madimadiar6895 3 ай бұрын
Это пророчество
ПОЛНЫЙ ВЫПУСК ИНФОРМБЮРО ОТ 27.09.2024
24:43
Информбюро 31
Рет қаралды 8 М.
The day of the sea 😂 #shorts by Leisi Crazy
00:22
Leisi Crazy
Рет қаралды 1,7 МЛН
OYUNCAK MİKROFON İLE TRAFİK LAMBASINI DEĞİŞTİRDİ 😱
00:17
Melih Taşçı
Рет қаралды 12 МЛН
Amazing Parenting Hacks! 👶✨ #ParentingTips #LifeHacks
00:18
Snack Chat
Рет қаралды 22 МЛН
iPhone or Chocolate??
00:16
Hungry FAM
Рет қаралды 38 МЛН
Кербез қыз кімді іздеп келді!
15:09
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 332 М.
Наурыз тойында 7 жігіт жабылып сабаған, арасында әкім бар
2:11
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 465 М.
ИНФОРМБЮРО 27.09.2024 ТОЛЫҚ ШЫҒАРЫЛЫМ!
24:59
Информбюро 31
Рет қаралды 33 М.
Қосағыңмен қоса ағар | Алдараспан 2024 | Жаңа бағдарлама | 🔥🔥🔥
27:07
Алдараспан театры-Нуржан Толендиев
Рет қаралды 759 М.
ТУҒАН ЖЕРІМ -АРҚАЛЫҚ, ТУҒАН АНАМ КІМ? / KOREMIZ
47:17
Көреміз / «KÖREMIZ»
Рет қаралды 2,1 МЛН
Информбюро 25.06.2024 Толық шығарылым!
24:43
Информбюро 31
Рет қаралды 65 М.
The day of the sea 😂 #shorts by Leisi Crazy
00:22
Leisi Crazy
Рет қаралды 1,7 МЛН