Рет қаралды 15,204
Жүргізуші: Әйгерім Асқарқызы (Instagram: / aigerimaskarkyz.. )
ТАСҚЫН - 2024
Солтүстікте судың деңгейі түскенімен, оқушылар жақын күндері мектепке орала алмайды. Өйткені, білім ошағында судан алынған сынама қорытындысы нашар.
БИШІМБАЕВ ІСІ
Бишімбаев ісіне төрағалық етіп жатқан судьяға белгісіз біреулер хабарласып, қоқан-лоққы көрсететін болған. Айжан Құлбаеваның жеке басының қауіпсіздігі үшін күзет берілді.
ҮРЕЙДІ ҰШЫРДЫ
Астанадағы мектептерді теракт ұйымдастырып, сауда орындарында ылаң саламыз деген хабарламаны таратқан кімдер? Полиция халықты сабырға шақырып, тізімдегі нысандарда тексеріс жүргізуде.
ӨРТ ҚАУПІ
Біресе көл, біресе шөл. Мамыр айынан бастап еліміздің басым бөлігінде қуаңшылық боп, далалы жерде өрт шығуы мүмкін деген болжам жасады Қазгидромет.
#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары