Менің есімім Айдар тегім Иманғалиев Сағидоллаұлымын. Бұрынғы Гурьев қазіргі Атырау облысында тұрамын. Кезінде кеңес одағы мезгілінде атағы Қазақстанға кең тараған осы аталмыш облыстың Индер ауданының Ленин орденді Передовик колхозында кейіннен совхозында механизатор болып еңбек еттім. Қара жердің кемесі атанған алып трактор К-700-дің жүргізушісі болып еңбек еттім. Сол алыптың рулінде жүріп аздап ән,терме, жыр айтатынмын. Дәл қай жылы екені есімде жоқ. Жаңылмасам 1985 пен1990 -шы жылдардың арасы болуы керек. Бір күні Атырау қаласында тұратын құдам Талиғаттың үйінде болдым. Содан енді кейін ауылыма қайтарда құдам Талиғат: "құда Айдар мендей емес өнерге бейім, өнерлі, өнердің адамысыз ғой, мына бір пластинкаларды сізге берем, бір қадеңізге жаратарсыз"- деп, төрт үлкен күй табақ берді. Содан ауылға үйге келіп ашып көрсем Құлагер жыры екен. Орындаушы Нағашыбай Алпысов деп жазылыпты. Содан әлгі күй табақтарды радиолаға салып тыңдамаймынба. Әке-шешем, бауырларым бәріміз тыңдаймыз жырды. Керемет жыр. Әуені сазы қандай, тіпті енді айтарға сөз жоқ. Әуені домбырамен үндескенде тіптен керемет. Содан не керек сол Құлагер жырын осы Нағашыбай Алпысов ағаның орындауында жаттап алдым. Оны сол кезде сахнада орындамаппын. Ол мезгілде ондай ұзақ көлемді шығармалар аудан, ауыл көлемінде орындалмайды. Тек бір кейде отырыстарда үлкен қарттардың ортасында қысқалау етіп үзінді үзінді түрінде орындап жүрдім. Ондада көп емес, тек анда-санда ғана. Көбіне сол алып трактордың рулінде отырып айтатынмын өзіммен өзім. Күй табақтар тыңдай тыңдай, жібере жібере тозды. Ақыр соңында әбден тозып жоқ болды. Қазіргідей емес Нағашыбай ағаның сол күй табақтағы үні, сазы, орындауы өте керемет еді. Әттең сол күй табақтарды сақтай алмадым. Өте өкінішті-ақ. Сол өте әдемі үн тамаша саз және домбыраның қоңыр даусы мәңгіге құлағымда қалып қойған ғой. Көкіректе солай жатталып қалған ғой. Осы 10 күндей болды интернеттен сол Нағашыбай ағаны қайта көріп мың жасап қалдым. Аға үлкейіпте қалған екен. Уақыт өз дегенін алады екен. Баяғы әсем үнін әсем сазын кәдімгідей жоқтадым. Бірақ ағаның барына, аман есен жүріп жатқанына өте қатты қуандым. Сол жаттаған керемет жырым 2015 жылы инсулт соғып өте қатты ауырғанымда ұмыт болды. Еске сақтау қабілеттің жоқ болуына байланысты. Бәрі сүртіліп қалыпты. Кейіннен трактордан қалып бір жола өнерге соның ішінде ән, терме, жырға толықтай бет бұрып өнерге кеттім. Әншілікке термеге баулыған ұстазым Қазақ халқының бір туар ұлы үлкен өнер иесі Қатимолла Бердіғалиев. Батыс Қазақстанның дәстүрлі ән мектебінің насихаттаушыларының бірімін. Қазір енді денсаулыққа байланысты сол өнер қалды. Бәрі инсулттің кесірі ғой. Міне, Нағашыбай аға бір кездегі тарих. Сізді, сіздің ұрпағыңыз біле жүрсін деп жазып отырғаным.
@АлпысовСерік-1233 жыл бұрын
Алла разы болсын, ғұмыр берсін
@АбиловаАсь3 жыл бұрын
Керемет 👍🏻
@ДанабекШадияров-ы6е3 жыл бұрын
Недеген керемет👍👍👍👍👍👍👍👍🙋♂️👏👏
@АбдрахманАлпыс4 жыл бұрын
Акемизге узак гумыр берсин Алла. Жыр-жырлап ортамызда аман есен журе берсин.
@АбзалАлпыс4 жыл бұрын
Алла тағала әркімге әртүрлі қасиет береді. Әкемізге жыршылық қасиетті бергеніне тәубе!
@ОралБей3 жыл бұрын
Барлыгыңда да бар ғой, сол қасиет, Абеке 😅.👍
@ДанабекШадияров-ы6е3 жыл бұрын
Өте тамаша👍👍
@БахтиярАман-м7ю4 жыл бұрын
Ой жарайсын Нағашыбай аға.
@tgk751024 жыл бұрын
Ілия Жансүгіровтың "Құлагер" поэмасына ән жазып, өзінің орындауында халыққа паш етіп жүрген торғайлық ақын, жыршы-термеші Нағашыбай Алпысов ағамызға ұзақ ғұмыр тілеймін. Әлі де талай жыр-термелеріңіздің куәгері болайық! Таспаға түсіріп, болашақ ұрпаққа өшпестей видео-мұрағат жасаған авторға мың алғыс!
@БауыржанСарипжанов8 ай бұрын
Керемет
@ОралБей4 жыл бұрын
Ой бәрекелді!Нагашыбай Сері ақын ғой бұл бізді.👍,
@АстанаБаскала-о4б2 жыл бұрын
РАХМЕТ Сізге
@ГабитБоканов-б1ю4 жыл бұрын
Керемет! Өте жақсы орындау, аға!
@БауыржанСарипжанов8 ай бұрын
Мактанышым
@АЙДАРИМАНҒАЛИЕВ3 жыл бұрын
Осы Ақанның құлакерін қастандықпен әдейі өлтірген Батыраштың ұрпақтары барма екен Қазақ елінде?
@БауыржанСарипжанов8 ай бұрын
Куренбай корип турып алдын алдын
@БауыржанСарипжанов8 ай бұрын
Нагашым шап
@АйназарБалапандарым7 ай бұрын
Бұл тарихи таспа келер ұрпаққа
@БауыржанСарипжанов8 ай бұрын
Кулагер акен тулпар шешен сункар согыып ен доненинде сегиз аркар кайда