Рет қаралды 1,876
• Алла Тағала сөзінде: {Мейірімді аршыға көтерілді} (Тоһа, 5). Құранның жеті жерінде келеді.
Пайғамбарымыздың ﷺ сөзінде: «Алла Тағала жаратылыстың бәрін жаратқан кезде, Өзінде, аршысының үстіне «Расында, мейірімім ашуымды озады», - деген сөзін жазып қойды». Хадисті Бухари жеткізген.
Басқа сөзіндеﷺ: «Аршы судың үстінде, ал Алла Тағала аршының үстінде, және Ол сендер турасында бәрін біледі». Хадисті Әбу Дәуіт және басқасы риуаят еткен.
Имам ӘбуХани́фа: «Раббым аспанда ма әлде жерде ме, білмеймін», - деген кісі турасында: «Кәпір болды, өйткені Алла Тағала: {Мейірімді аршыға көтерілді}, - деді. Ал аршысы жет қат аспанның жоғарысында», - деп айтқан.
Имам Мә́лик айтты: «Көтерілуі - мәлім, қалай екендігі - беймәлім, оған иман келтіру - уәжіп, ал ол турасында сұрақ қою -бидағат».